жатқан жас ұрпақ тәрбиесі оларды салауатты өмір
салтына әзірлеуден басталады. Сондықтан, халық
арасында, оқу және тәрбие орындарында салауатты өмір
салтын насихаттайтын пәрменді іс-шаралар жүргізілуі
тиіс» деп нақтыланған және бұл іс-шаралардың:
нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен
алкагольді тұтынуды қысқарту, әйел мен баланың
денсаулығын жақсарту сияқты негізгі бағыттарын жүзеге
асыру ұсынылған.
Бұл мәселелер, Қазақстанның әр аймағындағы мектеп
оқушылары арасында орын алып отырған келеңсіз
құбылыстар
мен
жағымсыз
мінез-құлықтарды
ауыздықтауды, мектептегі тәрбие іс-шаралары мен
тәлімдік насихатты істердің, қоғамдық талаптарға сай,
ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік
құндылықтарды жасөспірім бойына сіңіру мәнінде
жүргізілуін қамтамассыз ететін дәрежеде болуын талап
етеді.
Ұсынылған әдебиеттер
1. Мудрик А.В. Социальная педагогика. – М., 2002.
2. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная
педагогика. – М., 2000.
3. Малер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей
с отклонениями в развитии. – М., 2002.
5 - тақырып Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер.
Әлеуметтік жұмыстағы психология білімінің рөлі мен мәні. Әлеуметтік
жұмыс технологиясындағы психологиялық қолдану әдісі. Психодинамикалық
теория. Әлеуметтік жұмыстағы бихевиористіқ бағыттар. Когнитивті
психология. Гуманистік бағыт.
Психологиялық әдістерге сипаттама; әлеуметтік жұмыстағы қолдану
ерекшеліктері.
Психодиагностика.
Психологиялық
коррекция.
Психологиялық қенес беру. Адамның өзін-өзі дамуындағы психологиялық
жұмыс жүргізу әдістері.
6 –тақырып Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс.
Әлеуметтік жұмыстағы педагогика мәні мен мазмұны. әлеуметтік жұмыс
жүйесіндегі андрогогика. Әдістер. Сендіру әдісі;сендірудегі үлгерім
технологиясы. Іс-әрекетке қозғау туғызу әдісі. әлеуметтік жұмыстыңғ
клиентпен қатынас жасаудағы әдісі. Іс-әрекеттегі ынталандыру әдісі(баға
беру, мадақтау, жазалау т.б.)
Әлеуметтік қызметкер білім саласында.
Білім саласындағы технология.
Дүние жүзінде
әлеуметтік
жұмыстың
көптеген
тәжірибелері
жинақталған. Бүгінде ол тұрақты әлекметтік даму үшін
қажетті гуманитарлық мамандықтарының бірі болып
табылады. Әлеуметтік жұмыс - өмірлік қиын жағдайға
ұшырағандарға көмек, қолдау, үйлестіру және
реабилитация, сол сияқты әлеуметтік қалыптасуда
қиындықтарға
ұшыраған
адам
топтарымен
қауымдастықтарға, жекелеген индивидтерге тұлғалық
және қоғамдық қатынастар арқылы көмек көрсетуге
бағыттылған, әлеуметтік қызмет түрі ретінде
қарастырылады. Әлеуметтік жұмыстың халыққа
әлеуметтік көмек спекторы өте кең.
Білуімізше, «Әлеуметтік жұмыс» (social work) түсінігін
мамандық ретінде тану алғаш рет ХХ ғасырдың басында
АҚШ-та пайда болды. «Әлеуметтік» сөзі адам өмірін
қалыптастыратын әлеуметтік күштердің қатысуын
көрсетеді. Адамдарға кәсіби көмек көрсетудің
инициаторлары, яғни адам өзі шеше алмайтын
проблемалар әлеуметтік себептермен байланыстырылады.
Қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ресми емес түрде
қолдау көрсететін дәстүрлі әлеуметтік институттар
(отбасы, қайырымдылық бірлестіктері, шіркеу) өмірлік
шешімі қиын проблемаларды өз бетінше шеше алмайтын
адамдар саны көбейген сайын, олардың барлығына бірдей
көмек көрсетуге шамасы келмеді. «Жұмыс» сөзі көптеген
филантропиялық, қайырымдылық ұйымдарының түсінігі
ретінде: нақтылық, міндеттілік, ұжымдылық салдары
жағынан қамқоршылық қызметінің әлсіздігін көрсетеді.
Бұл қамқоршылардың өз қызметін толық еңбек қызметі
деп санамауымен байланысты. Сондықтан болашақ
мамандықтың атауындағы «жұмыс» сөзі тек бұл іспен
айналысып, өз ісін кәсіптік деңгейге көтере алатындарға
лайық. Мамандықтың негізін салушылардың ойларынша,
көмек көрсетудің жауапкершілікті жағы қоғамға пайдалы
еңбек ету, адамның қиын сәттерінде өзге өмірге
араласуға ұмтылуы болып табылады. Бүгінде бәрі бірдей
болмаса да, яғни адамдарға көмек көрсетуде әлеуметтік
жұмысты кәсіптік ретінде танығандардың кейбіреулері
мамандықтың атауына келіспеушілік білдіруде. Сонда да
«әлеуметтік жұмыс» түсінігі дүниежүзінің көптеген
елдерінің қоғамдық санасынан өтті. Бұл термин ғылыми
білімге сүйенген әлеуметтік көмектің маңыздылығын
көрсететін мамандықты сипаттайды. Уақыт өте келе
«әлеуметтік жұмыс» атауын қабылдау әлеуметтік
жұмысшының қызметінің бір анық бағытын бекітеді. Оның
мақсаты, міндеті, қызметі мамандардың осыған деген
қызметін негіздеп оның басты көмектесетін
мамандықтарының ерекшелігін айқындайды.
Әлеуметтік жұмыс - жан-жақты әлеуметтік қызметтің бір түрі.
Әлеуметтік жұмыстың бас категориясы - көмекті түсіну. Әлеуметтік
жұмыс тез арада экономикалық, психологиялық қызмет көрсстуге зәру
адамдарға қолдау көрсетеді. Сондықтан санада «Әлеуметтік жұмыс» кез-
келген көмек (қайырымдылық, көңіл-күй, діни мағлұмат) ретінде
бейнеленген. Алайда кез-келген көмек әлеуметтік жұмыспен
сипатталмайды. Әлеуметтік жұмыстағы көмек өзіндік мақсатқа
жұмсалмайды. Ол индивид, тек қауымға мақсатты бағытталған жұмыс.
Әлеуметтік жұмысқа қоғамдағы әлеуметтік проблемалар, қоғамның
дамуымен қатар жүретін, оны шешудің тәжірибелік және теориялық әдіс-
тәсілдерімен негізделетін қолдаушылық тән. Әлеуметтік жұмыстың аясы
қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың масштабы мен сипатының
күрделенуімен байланысты кеңейеді
.
Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмысты
ұйымдастыру.
ҚР-ң «Білім туралы» заңнамасында білім мекемесіннің
шартында тұлғаны оқыту және тәрбиелеу поцесі
баяндалады.
Білім мекемесінің шарты тұлғаның әлеуметтік
процесіне, оқыту процесіне назар аудару көп жоспарлы
сипат амалды қолдайды.Жеке тұлғаны оқыту және
тәрбиелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету,әлеуметтік және
педагогикалық
мәселенің
шешімін,
жеке
топтармен,сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-
қатынасын жағдайын белгілейді.
Отандық мектепте оқушылардың әлеуметтік мәселесін
шешу ӘП-тың тәжирибесі зор. Өйткені, Әлеуметтік
қызметкерлердің, ӘП-тың функциялары, сынып
жетекшілердің іс-әрекеттері ықпал етеді.
Елімізде шарттар жүйесі өзгеріске ұшырады,
мұғалімдерге деген қарым-қатынас өзгерді. әлеуметтік
мәселенісапалы жаңа деңгейде шешу қажеті кәсіби жаңа
шарт көзделді. Мектептерде осы шарттарға байланысты
арнайы әлеуметтік қызмет құрылды. Бұл қызмет өзімен
қоса
нені
көрстеді?
Әлеуметтік(лат.
қоғамдық)қоғамдардағы адамдардың өзара қарым-
қатынасы өмірмен байланысты деген мағына береді.
Сондықтан бұл қызмет адамның әлеуметтенуіндегі
тәрбиесін,
оның құқығын қорғау т.б осындай
мәселелеріне әлеуметтік қызметтекер хабардар болып
шешім қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |