305
7.1. Сур. Дискті тексеру
қоқыс жинақтала бастайды. Бұл жүйенің жұмысын баяулатады, бос
дискілік кеңістікті азайтады. Файлдық құрылымының мұндай бұзылуы
әрдайым бағдарламадан немесе авариялық қуаттың істен шығуында дұрыс
шыққан кезде пайда болады.
Бағдарлама
дискідегі
файлдық
құрылымды
талдайды,
оны
оңтайландырады, бұзушылықтарды анықтайды (ол пайдаланушыға
көрінбеуі мүмкін) және мүмкіндігінше түзетеді.
Уақыт өте келе, осы утилитамен тіпті оның жұмысында қандай да бір
бұзушылықтарды байқамасаңыз да, қатты дискіні тексеруді ұсынамыз.
«Дискіні тексеру» (ScanDisk) утилитасы стандартты Windows
жеткізіліміне кіреді және Бағдарламалар/Стандартты/Қызметтік
папкасында орналаады (7.1-сурет). Оны іске қосқаннан кейін, дискіні
көрсетіп, сканерлеу түрін таңдау қажет.
7.2. Сур. Дикті тексерудің қосымша параметрлері
306
Иілгіш дискіні тестілеу әдетте Толық режимде орындалады, ал қатты
дискіні тестілеу Стандартты режимде болады, себебі оның бетіне тексеру
өте ұзақ уақыт кетеді, ал ақауларды анықтау ықтималдығы өте төмен.
[Қосымша] пернесін басқан кезде, дискіні тексеру параметрлерін
орнатқыштың қосымша мәзірін шақыруға болады (7.2-сурет).
Компьютерді қуат көзінен ретсіз өшірген кезде, оның кейінгі жүктеу
кезінде, тасымалдаушы дискінің стандартты тексеруі автоматты түрде
қосылады (C :), бірақ қазірдің өзінде параметрлерді орнату мүмкіндігі жоқ.
Оны [X] пернесі бойынша тоқтатуға болады. Жұмыс аяқталғаннан кейін
бағдарлама қосымша мәзірдің тиісті параметрлерін орнату кезінде өзінің
жұмысының нәтижелерін шығарады (7.3-сурет).
Егер бағдарлама жұмысының нәтижесінде бүлінген файлдар, жоғалған
кластерлер және т.б. табылса, онда қалпына келтірілген ақпарат олардың
түбірлік каталогында FILE0001.CHK, FILE0002.CHK және т.б. түріндегі
файлдарда сақталады. Көпшілік жағдайларды бұл ешбір пайдалы ақпараты
жоқ файлдыардың қиындылары. Бұл файлдарды жай дискіден жояды, бірақ
қаласаңыз, олардың мазмұны алдын-ала көруге болады.
Дисктердің тексеруін қаншалықты жиі жүргізу сұрағына қатысты,
белгілі бір ұсыныстар беру қиын – бұл бағдарламалық ақаулардың жиілігі
мен компьютерлік іркілістері, оның жүктемелері, пайдаланушылардың
дағдылары және басқа да факторларға тәуелді. Шартты түрде, дискілерді
айына бір рет тексеру қажет деп есептеуге болады.
Дискіні тазалау. Әртүрлі бағдарламалар, соның ішінде MS OFFICE
құрамына кіретін бағдарламалар жұмысы үрдісінде аралық деректерді
автоматты түрде арнайы уақытша файлдарға сақтау жүргізіледі.
Егер қосымшадан дұрыс шықкан кезде, бұл файлдар жүйе
арқылы автоматты түрде жойылады.
Алайда, жұмысты апаттық
аяқтау кезінде бұл уақытша
файлдар дискіде немесе ағымдағы
каталогта
немесе
Windows
папкасының
TEMP
ішкі
папкасында қалады. ДК қайта іске
қосылғаннан кейін жүйе файлдың
мазмұнын
автоматты
түрде
қалпына келтіреді. Бірақ мұндай
файлдардың
жинақталуы
қолжетімді дискілік кеңістіктің
төмендеуіне
әкеледі
және
компьютерді
баяулатады.Бұл
файлдар қажетсіз болып қалады
және оларды жою керек.
7.3-сурет. Тексеру хаттамасы
307
Пайдаланушымен жойылған файлдар ағымдағы папканың «Кәзреңкеге»
орналастырылады. Уақыт өте келе ол қажетсіз файлдармен толтырылады
және оны тазалау қажет.
Балласттық файлдардың басқа қуатты көзі Интернет болып табылады.
Шындығында, браузер терезесінде пайда болатын барлық нысандар, сіздің
компьютеріңізде ерекше сілтемені - Cooke деп аталатын файлды (кейде
«тоқаш» деп аударады) қалдырады. Бұл осы интернет-бетке келесі жүгіну
кезінде оның элементтері жылдамырақ жүктелуі үшін жасалады. Бұл
файлдар өз кезегінде Program Files папкасында орналасатын Temporary
Internet Files папкасында сақталады. Әдетте бұл файлдар өте кішкентай
(шамамен 1 Кбайт), бірақ олардың саны мыңдаған болуы мүмкін.
Барлық қажетсіз болып қалған файлдарды қолмен жоюға болады, бірақ
бұл өте ұзақ әрі қажырлы жұмыс. Сол үшін жылдам және оңай мақсатқа
жету үшін Дискіні тазалау бағдарламасы бар.
Бағдарламаны жүктеген кезде қажетсіз файлдардан тазалау қажет
дискіні таңдауға болатын терезе пайда болады (7.4-сурет). (Әңгіме тек
қатты дискілер туралы) Иілгіш дискілердегі қажетсіз файлдар қолмен оңай
жойылады. Келесі терезе дискідегі әртүрлі аумақтардағы қажетсіз
файлдардың өлшемін және шығарылған кеңістіктің жалпы көлемін
көрсетеді. Төменгі терезеде таңдалған аймақтың қысқаша сипаттамасы
беріледі. Қажеттілігі бойынша оларды жоюдың алдында Файлдарды шолу
батырмасын басуға болады.
Қосымша қойындысы Windows қажетсіз компоненттерін немесе басқа
қолданбалы бағдарламаларды жою арқылы дискіде қосымша кеңістік
босатуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, дискіде жеткілікті орын болмаған жағдайда, пайдаланушы
қандай бағдарламаларды жою керектігін өзі шешуі қажет.
Баптау
қойындысында
дискіде жеткілікті орын болмаған
жағдайда қолданбалы бағдарлама
жұмыс жасау кезінде «Дискіні
тазалау» утилитасы автоматты
түрде
қосылатын
режимді
орнатуға мүмкіндік береді.
7.4-сурет. Дискті тазалау
Достарыңызбен бөлісу: |