Бағдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»


Практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны



жүктеу 1,65 Mb.
бет3/4
Дата25.11.2017
өлшемі1,65 Mb.
#1861
түріБағдарламасы
1   2   3   4



6. Практикалық сабақтардың тақырыптары мен мазмұны



І сабақ. Кіріспе. Кәсіби тіл негіздері.

Кіріспе. Кәсіби тіл негіздері. Пәнді оқытудағы негізгі мақсаттар мен оның міндеттері. Мамандық тілі туралы түсінік. Кәсіби қазақ тілінің қазақ тілінде жүргізілетін пәндерден ерекшеліктері. Кәсіби қазақ тілін дамыту туралы мағлұмат.


1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері, терминдер:

заттың агрегаттық күйі, адсорбциялық су, азот, азоттау, азотталған феррохром, белсендіргіштер, белсендіру, белсенді құю сырлары, белсенді бентонит, аморфты металл, сапалы, химиялық талдау, табиғи байлықтар, елеуіштік талдау, өздігіненкүйдірілетін анод, анодтау, үйкеліске қарсы материалдар, құйманы бекемдету, аустенит, аударғыш, молибден карбиді, оттегі, қож қышқылдығы, пеш қалау, топтастыру жіктеу, шөміш.
2. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

ковкость, ковш, обработка, заливочный ковш, разливочный ковш, кожух, коксование, коксуемость, коллоидные частицы, рудный концентрат, корочка, кромка, природные богатства, крупный порошок, грубый порошок.
3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Металл қорытпаларының құрамына негiзгi компонент, қоспалаушы элементтер, модификаторлар және қосынды заттар кiредi. Қатты күйдегi қорытпалардың бойында осы айтылған компоненттер өзара қаттты ерiтiндi, механикалық қоспа, химиялық қосылыстар түзедi.

Металл қорытпаларды сұйық күйде балқымалар деп атайды. Балқымалар өте көп майда түйiршiктер iшiнде қалқып жүретiн сұйық түрiндегi күрделi жүйе болып саналады. Құрылымы микрогетерогендi болып есептеледi.

Қорытпалар қара және түстi болып екiге бөлiнедi. Қара металдар қорытпалары бiр ғана металл – темiр негiзiнде алынады. Олар шойындар мен болаттар. Түстi қорытпалар көбiне мыс негiзiнде (қола, жез), алюминий, мырыш, магний және басқа түстi металдар негiзiнде дайындалады.

Технологиялық қасиеттерiне қарай қорытпалар тағы да илемделетiн (деформацияланатын) және құйылатын болып жiктеледi. Алдыңғылары илемдеу, соғып өңдеу, таптап қалыптау арқылы өңдеуге арналса, соңғылары қалыпқа құйып құйма алуға арналады.

Құйма жасауға арналған қорытпаларды дайындау технологиясы алынатын құйманың сапасын қамтамасыз етiп, өзi қарапайым және сенiмдi, жұмсалатын материалдарды және энергия көзiн үнемдi пайдаланатын, қоршаған ортаға және жұмыскерлердiң денсаулығына зиянсыз болуы керек.

Осындай қорытпа дайындау технологиясын әзiрлеу үшiн сұйық металдар мен қорытпалардың физикалық және физика–химиялық қасиеттерiн бiлу керек.

Ең маңызды деген физика–химиялық қасиеттерi металдардың балқу температурасы, тығыздығы, динамикалық тұтқырлығы, диффузия, қайнау температурасы, электр кедергiсi, жылу сыйымдылығы, жылу өткiзгiштiгi, балқу жылулығы болып табылады.

Металдардың балқу температурасы бойынша отын немесе энергия түрiн, қыздыру тәсiлiн анықтайды. Сонымен қатар балқымаға салатын әртүрлi қоспалардың температурасын бiлген дұрыс. Оңай балқитындар қожға араласып кетсе, қиын балқитын заттар балқу үрдiсiн созып, металдардың тотығып бұзылуына әкеледi. Ең дұрысы олардың балқу температурасы балқыманың балқу температурасына жақын болғаны. Олай болмаған жағдайда бұл қоспалар лигатура түрiнде алдын–ала дайындалып қояды.

Қорытпалардың тығыздығы жасалатын бұйымның массасын анықтайды. Ол көп есептеулерге қолданылады. Егер тығыздығы төмен болса кейбiр қоспа заттар балқыма бетiне жиналып қожға араласады және тотығып кетедi. Тығыздығы жоғары, ауыр компоненттер пештiң түбiне шөгiп, толық балқымай қалу қаупi туады.

Шөгу үрдiсiн дұрыс бағыттамаса құйма бойында шөгу қуыстары мен шөгу кеуектiлiгi деген ақаулар пайда болады.



Диффузия балқыма бойындағы компоненттердiң бiркелкi таралып орналасуы үшiн маңызды. Диффузия арқылы таралу бiрнеше миллиметр шамасында ғана болғандықтан балқыманы араластырып отыру жиi қолданылады.

Қайнау температурасы деп металдың буының қысымы атмосфералық қысымға (1,01·105 Па) тең болатын температураны айтады. Балқу температурасында буының қысымы өте үлкен болғандықтан Zn, Mg, Mn, Cr тез қайнап ауаға ұшып шығындалады. Осындай ұшпа заттарды алдымен лигатура түрiнде дайындап алып барып балқымаға қосады.

Балқыманың электр кедергiсi оны индукциялы пештерде балқыту мүмкiндiлiгiн анықтау үшiн маңызы бар. Себебi осындай пештерде жылу энергиясы балқыманың бойындағы құйынды токтардың әсерiнен бөлiнедi.

Металдардың меншiктi балқу жылуы бiр–бiрiнен тым алшақ жатады. Pb – 24·103 Дж/кг болса Al – 400·103 Дж/кг, Si тiптi одан да көп 1800·103 Дж/кг. Бұл қай металды балқытуға қанша жылу энергиясын жұмсау қажеттiгiн анықтайды. Құйманың суып, кристалдануы кезiндегi есептеулер үшiн металдың жылу сыйымдылығын, жылу өткiзгiштiгiн де бiлу керек.

Жалпы алғанда, балқу температурасына жақын температураларда қатты металл мен сұйық балқыманың физикалық қасиеттерi бiр–бiрiне жуық шамада болғандықтан сұйық металдың құрылымы да қатты металдың құрылымына ұқсас келетiнi дәлелденген. Сұйық балқыманың бойында қатты металдың кристалдық құрылымы сияқты тәртiппен орналасқан атомдары бар жекеленген микротопша шоғырлары кездесiп тұрады. Оларды кластер деп атайды. Темпрература көтерiлген сайын кластер саны азая түседi.


4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. қайнау температурасы дегеніміз не?

  2. металл қорытпаларының құрамы қандай болады?

  3. технологиялық қасиеттерiне қарай қорытпалар тағы да қалай жіктеледі?

  4. кластер деп нені атайды?

  5. қорытпалар қалай бөлінеді?

  6. металл қорытпаларды сұйық күйде қалай атайды?

  7. шөгу қуыстары мен шөгу кеуектiлiгi дегеніміз не?


Жай сөйлем
Бір ойды білдіре алатын сөздер тобын сөйлем дейміз. Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлем ойды білдіруімен қатар екінші бір ерекшелігі: оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлем түрлері

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.



Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.

Мысалы: Мен жалақы алдым.



Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.

Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:

а) сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?

ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?

б) ғой, қой, -ау,-еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:

– осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.

в) сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.

Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...



Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.

Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:



  • Жә, тоқтат! – деді. (М.ә)



1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырыңыз.

Мынау қоян жепті ғой.

Не күдігіңіз бар еді?

Қандай айғақ таптыңыз?

Телғараның оянбағанын қарашы.
1-жаттығу. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.

Менің ағаларым - өте жақсы адамдар. Тоғжан өлең айтады. Жұмысшылар зауытқа барады. Мен теміржол бекетінде жұмыс істеймін. Қонақтар төргі бөлмеде дастархан басында отырады. Жеңіс машинасын әдемілеп жуады. Сәбит ауыр жұмыс істеп отыр. Назым емтиханды жақсы тапсырып жатыр.Сіздер дәлізде қазақша сөйлеп тұрсыз.



ІІ сабақ. Менделеев кестесіндегі металл атаулары. Металлургия саласындағы жалпылай техникалық терминдер.

Алтын, мыс, мырыш, күміс және т.б. металдар және олардың қорытпалар атуларын жатқа білу. Олардың физика-механикалық қасиеттерін, қолданылу саласын және халықшаруашылығында алатын орнын сипаттап беруге машықтану. Металлургия саласындағы жалпылай техникалық терминдер.



1. Сөздікпен жұмыс.

Байыту, кен, негізгі, жобалау ісі, минералды шикізат, кешенді, түсті металлургия, бағалы, құрал–сайман, құрылғы, анықтау, мақсаттарда пайдалану, өндіріс технологиясы, өндірісті жоспарлау, бұйым жасау істері, жұмыстарды оңайлату, қалдықтар, қайтымсыз, мәліметтерді айқындай білу, адамдардың қолмен істелетін жұмыстары, нәтижелерді талдау, тәсіл, жетік меңгеру, кеңінен қолданыла бастады, адамдардың жұмыстарының мазмұндары, шек, көрсеткіштер, тиімді пайдалану, өңдеу, қоректендіргіш.
2. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.

Обогащение руд – основное звено в технологи переработки минерального сырья. Этот передел в значительной мере определяет комплексность использования сырья и технико-экономические показателя производства в целом по цветной металлургии. Металлы и другие ценные компоненты, которые не были извлечены из руд в процессе обогащения и остались в отвальных хвостах, по существу не будут использоваться долгие годы и обычно являются безвозвратными потерями. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.



3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Байытудың гравитациялық әдістері
Байытудың гравитациялық үрдістері деп тығызыдығы, өлшемі және ортасымен ерекшеленетін түйіршіктердің бөлінуі ауырлық және кедергі күшінің әсер ету ортасында сипаты және қозғалыстарының жылдамдықтарының әртүрлілігімен жүретін үрдістер аталады. Гравитациялық байыту минералдарды бөлудің ең маңызды әдістерінің бірі. Әсіресе, бай компонент пен бос жыныс минералының арасында тығыздық ерекшеліктері бар болғандықтан, құрамында қалайы, алтын, вольфрам, титан, ауыр қара және түсті металдары бар кендер үшін гравитациялық байыту нәтижелі. Барлық минералдарды шартты түрде тығыздықтары бойынша ауыр >2,7 т/м3, жеңіл <2,7 т/м3 деп бөлуге болады. Жеңіл минералдарға кварц, далалық шпаттар, сланец, тальк, кальцит, графитғ көмір жатады. Ауырларға − галенит, вольфрамит, халькопирит, сфалерит, касситерит, ильменит және т.б. Байытудың гравитациялық әдісін жүзеге асыру ортасы ретінде су, ауыр сұйық және ауыр суспензия қолданылады.

Гравитациялық үрдістерге шөктіру, үстелде шоғырландыру, шлюздерде байыту, винттік сепараторларда, ағысты науаларда, конустық сепараторларда, ауыр ортада байыту жатады.

Сонымен қатар гравитациялық үрдістерге дезинтеграцияны және сазды кендер мен ұсақ тау жыныстарды шаюды жатқызуға болады.

Гравитациялық үрдістер байыту аппараттарының жоғары өнімділігімен, арзандылығымен және минералдарды бөлудің жоғары нәтижелілігімен ерекшеленеді.

Шөктіру − гравитациялық байытудың ең көп тараған әдістерінің бірі. Оны көмірге, алмасқа, алтынға және басқа пайдалы қазбаларға қолданады.

Шөктіру нәтижесінде бастапқы материал тығыздығы және ірілігі бойынша ерекшеленетін қабаттарға бөлінеді. Төменгі қабаттарда ауыр өнім шоғырланады, ал жоғарыларында − жеңіл. Шөктіру машиналарында 0,25-тен 50 мм-ге дейінгі ірілікте кен байытылуы мүмкін. Судың соғылуы поршеньнің қозғалысы арқылы жүзеге асырылады.

Шөктіру үрдісінде електегі материал судың соғылу ағынымен қопсытылып, жеке түйірщіктердің құлау жылдамдықтарының арқасында әр түрлі тығыздықты қабаттарға қабаттасады.

Қабаттасу үшін минералды түйіршіктер бір-біріне қатынасты қозғала алатын қопсытылған күйде болу керек. Қопсытылу периоды тығыздалу периодымен ауысады (шөктіру циклдері). Шөктірудің әр циклінде ауыр түйіршіктер жеңілдерге қарағанда үлкен жол жүруі керек.

Байытудың нәтижелілігін жоғарылату үшін ірі түйіршікті материал (>10 мм) шөктіру алдында ірілігі бойынша (ұнтақтағышта) жіктеледі және әр класс өзіндік байытылады. Ұсақ материал (<10 мм) шөктіруге алдын ала жіктелімсіз жіберіледі. Жіктелінбеген материалды байытуда шөктіру машинасының елегіне қалың қабатпен төселінетін төсеніш маңызды рөл атқарады.

Ірі материалды шөктіруде төсеніштің қалыңдығы қоректендіргіштегі ең үлкен бөлшектердің 5...10 диаметрлеріне тең болады.

Төсеніштің тығыздығы жеңіл минералдардың тығыздығынан көп және ауырдың тығыздығынан аз. Жасанды төсеніш ретінде гематит, магнетит, ферросилиций қолданылады. Жасанды төсеніштің қабаты машина елегінің астына ұсақ жеңіл түйіршіктердің өтуінің алдын алады және сонымен қатар жоғарғы сапалы ауыр өнімді алуды қамтамасыз етеді.

Шөктіру машинасының төсеніші қабат биіктігімен, қопсытылғыштығымен, гранулометриялық құрамымен сипатталады. Төсеніш параметрлерін өзгерту арқылы шөктірудің технологиялық процесін басқаруға болады.



Шөктіру машиналары конструкциясы бойынша үлкен әртүрлілігімен ерекшеленеді. Ең үлкен қолданысты қозғалмайтын елекпен шөктіру машиналары алған: поршеньді, диафрагмалы және поршеньсіз. Қозғалмалы елекпен шөктіру машиналары темір және марганецті кендерді байытуда қолданылады. Поршеньді төмен басқанда су жоғары көтеріледі, ал қайта көтергенде ауырлары төмен түсіп, жеңілдері бетінде қалады.

1− елек; 2 − кедергі; 3 − эксцентрикті білік; 4 − поршень; 5−машина корпусы.


Сурет 1 − Қозғалмайтын елекпен шөктіру машиналары
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Байытудың гравитациялық үрдістері деп қандай үрдістерді атайды?

2. Барлық минералдарды шартты түрде тығыздықтары бойынша қалай бөлінеді?

3. Шөктіру − гравитациялық байытуда әдістерінің ішінде қолданысы қандай?

4. Ең үлкен қолданыстағы шөктіру машиналары?

5. Қозғалмайтын елекпен шөктіру машиналарының құрылығыларын ата?

6. Ірі материалды шөктіруде төсеніштің қалыңдығы неге тең?


5. Етістіктің баламасын табыңыз.


1. өңдеу

1.

2. шығару

2.

3. қолдану

3.

4. пайдалану

4.

5. орындалу

5.

6. жасау

6.

7. есептеу

7.

8. жоспарлау

8.

9. басқару

9.

10. меңгеру

10.

11. талдау

11.

12. білу

12.

13. айқындай білу

13.


1-жаттығу. Сұхбатты оқып, ұқсас сұхбат құрыңыз.

а) - Гүлмира, бүгін киноға барайықшы!

- Жарайды, қандай фильмге?

- Өзім де білмеймін. Барып көрейік.

- Жарайды.

ә) - Қайда кездесеміз?

- Кинотеатрдың алдына кел.

- Жоқ, аялдамада күтші!

- Саған ыңғайлы болса, аялдамаға кел!
2-жаттығу.Мына сұрақтарға бұйрықты сөйлеммен жауап беріңіз.

1. Сіз қайда барасыз? 2. Сен не ішесің? 3. Ол не істейді? 4. Сәрсен кіммен сөйлеседі? 5. Олар кіммен танысады? 6. Әке-шешеңізге көмектесесіз бе? 7. Туған күнге не аласың? 8. Балалардың оқығысы келеді ме? 9. Біз сендерді сауда орталығына апарамыз ба? 10. Қаланың басқа тамаша жерлерін көрсетеміз бе?


3-жаттығу. Жақшаны ашып, сөйлемдердегі етістікті бұйрық рай формаға қойыңыз.

1. Мен осы кітапты (оқу). 2. Ертең жаңбыр (жауу). 3. Бүгін киноға біз (бару), ал ертең сендер (бару). 4. Қазір Асан жауап (айту), кейін сіз жауап (беру). 5. Біз саяжайда (демалу). 6. Тыныштық (сақтау), емтихан жүріп жатыр. 7. (Абайлау)! Мұнда қауіпсіз емес. 8. (Беру)! Бұл менікі! 9. Құрметті, қонақтар! Назар (аудару)!




ІІІ сабақ. Металлургия саласына тиесілі өзіндік терминдер.

Терминдік сөздер туралы ұғым. Термин сөздер категориясы. Әр мамандық пен ғылым саласындағы терминдердің жасалу жүйесі. Терминдердің баламалық ұғымдары және аудармасы, қолданылу аясы. Мамандық бойынша терминдерді талдап, жаттау, қолданып жаттығу.





  1. Мәтінге қажетті сөз тіркестері:

Қож, бұтағы, кезектілік, үрдістер, нобай, алу, жұмыс өнімділігі, уату, сілтілеу, қоюландыру, шайу, бақылау, пайдалану, ерітінді, сүзу, қарапайым құралдар, адамның тікелей араласуы, технологияның қарқынды дамуы, мүмкіндіктері шектеулі, машина жасау қажеттілігі, автоматтандыру ісінің қажеттілігі, күннен –күнге артты, ең елеулі оқиға.


  1. Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз:

ГМЦ представляет собой Байеровскую ветвь последовательной схемы получения глинозема, состоящей из следующих операций: размол боксита, выщелачивание бокситовой пульпы, сгущение и промывка красного шлама, контрольная фильтрация алюминатного раствора, фильтрация красного шлама, декомпозиция, обработка гидрата, выпарка, кальцинация товарного глинозема. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

.


  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Металлург ғалым, техника ғылымдарыныц докторы, профессор Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан ҒА ' корреспондент-мүшесі Ибрагим Әбілғазыұлы Онаев 1913 жыльг 19 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.

1941 жылы Қазақ кен-металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. 1941-1944 жылдары Қарсақпай мыс қорыту зауытыңда жұмыс істеген. 1944-1974 жылдары Металлургия және кен байьпу институтында аспирант, ғьшыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, директордыц орьшбасары (1965-1974), 1974-1994 жылдары ҚазҰТУ-да кафедра меңгерушісі кызметтерін атқарды.

Негізгі ғылыми еңбектері түсті металлургия шикізатгарын өвдеудің жаңа тәсілдерін жетілдіруге арналған. Орталық Қазакстандағы мыс кендерінен өндірілген кен-тастар мен концентратгарды балқыту процесін кешенді түрде жетідціру ісін жүргізген. Түсті металлургия саласындағы штейнді-кожды жүйелердің физикалық-химиялык қасиетгерін зерттеді. Металл-шлак және штейн-қож-газдық фаза жүйесіндегі металдардың таралу зандылықтарын ашкан. Мысты және полиметалдық материалдарды шашыранды күйде циклондық (кивцэттік) балқытудың ерекше технологиясын жасаған авторлардың бірі. Онаев 300-ге жуық ғылыми еңбектің, 28 өнертабыстын авторы. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медаяьдармен марапатгалған.



4. Мәтін бойынша тапсырмалар:

а) мәтінге өзіңізше ат қойыңыз.

ә) мәтінді мағыналық бөлімдерге бөле отырып, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.

б) мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыздар.

в) сұхбат құру үшін сұрақтар дайындаңыздар
Жай сөйлем түрлері

Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді.



Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.

Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем,жақсыз сөйлем болып бөлінеді.



Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын жай сөйлем түрі.

Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:



  1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.

  2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.

  3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.

  4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.

Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.

Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.

Мысалы


Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.

Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.

Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі.

Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.



Кестедегі мысалдармен танысып, айырмасын түсіндіріңіз.

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Қанат келді.

Кеше Қанат досымен үйге келді.

Кездесу болды.

Астана қаласында 15 мамырда Елбасымен кездесу болды.


1- жаттығу.Аударыңыз. Оқып шығып, толымды және толымсыз сөйлемдерді табыңыз. Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңыз.

Біз ол кезде жайлауда тұрамыз. Дәуімбай деп аталады. Аудан орталығынан қашық емес. Екі арада темір жол жатыр. Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. Қандай алаңсыз еді, шіркін! Ертеңнен кешке шейін асыр салып ойнаймыз. Өрістен сауын кезінде жылқыларды қуып келеміз. Әжем бие саууға шығады. Небәрі екі биеміз бар. Жайлауды қақ тіліп кішкене өзен ағады. Содан балық аулаймыз. Суына шомыламыз.


2-жаттығу.Төмендегі сөйлемдерден атаулы сөйлемді табыңыз.

1942 жыл. Қоңыр күз. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы түн. Аяғын ақырын–ақырын басып келе жатқан жас барлаушы. Дала бос. Дала көңілсіз.Оқ дауысын күткен қараша ауыл тым–тырыс. Күзекте отырған ауыл. Жер реңсіз. Шөбі тозған.

Мал, адам сапырылысқан қарбалас кезі. Бірте–бірте сатылап, алғашқы да айтқан Қанжығалының Ащыкөл басындағы бірінші болысының ауылына келдік.

3-жаттығу.Жақты, жақсыз сөйлемдерді бағаналарға бөліп жазыңыздар.

Досанның тауға барғысы келеді. Бізге уақытты ұту керек. Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып бомайды. Кеш болғанын байқамай қалыппын. Мен енді ауылдың екінші жағымен айналып жүремін. Сен жақсы азамат болыпсың. Сәкен екеуміз далаға шықтық. Көп әңгімелестік. Кеттік киноға барайық. Темекі тартпауды өтінеді. Не ексең, соны орасың. Кіруге болмайды. Сізге кешке қарай келуге болады. Оған таңдануға болмайды. Сен ер болып жетіпсің


4-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыз.

Мен келдім. Олар ұйықтайды. Сен оқыдың ба? Қонақтар келді. Сен қайда болдың? Әсем дайын отыр. Компьютер қосылмайды. Вирус жұққан. Мен оқимын.

Ата келеді. Ректормен кездесеміз. Студенттер шығады. Жаңбыр жауады. Кеш болады. Той басталды. Кеме жүзеді. Құстар ұшады.

IV сабақ. Технологиялық үрдістер мен амалдарға қатысты сөздер Технология саласындағы стильдік ерекшеліктер (етістіктер).
Күрделі тіркестер мен қарапайым терминдер. Технологиялық үрдістерді сипаттап жазу, мәтін оқу. Мәтінді орысшадан қазақшаға және қазақшадан орысшаға аудармалау.



    1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

Шикіқұрам, нұсқаулық жиынтығы, әмбебап, өңдей алады, металл емес кiрiндi, құрылғы, арнаулы қондырғылар, араластырғыштар, пеш–жинағыштарда, әмбебап құрал, балқыманы тазарту, , ультрадыбыспен әсер беру, магнит өрiсiн салу, дiрiлдету, вакуумдеу, сыртқы құрылғы, қалып iшiнде модифицирлеу, Балқыманы пештен тыс өңдеу, Балқыманы оттексiздендiру және модифицирлеу, Балқыманы тазарту, тұндыру, тыныс белгілері, ондаған, жүздеген, қамтамасыз ету, ішкі құрамдас бөлік, модифицирлеу, оттексiздендiру, қажетті жұмыс, қызметті бақылайды, функционалдық мүмкіндіктер, тотығу, жоңқалар, құю жүйесi.


    1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

Балқытуға арналған пештiң iшiне салынатын заттардың жиынтығы шикiқұрам деп аталады. Шикiқұрам таза металдардан, металл сынықтары мен өндiрiстiң өз қалдықтарынан (жарамсыз өнiмдер, жоңқалар, құю жүйесi) тұрады.

Балқыту кезiнде металл пайыздың оннан бiр бөлiгiнен бiрнеше пайызға дейiн мөлшерде тотығу, булану, шегенмен әрекеттесу салдарынан шығынға ұшырайды. Оның бiр жартысы қожға араласып онымен бiрге кетедi, келесi жартысы күйiп атмосфераға ұшады. Пештен алынатын металл массасы сол себептi пешке салынған шикiқұрам массасынан аз болып шығады.

Балқыту алдында шикiқұрам есептеулерiн жасағанда балқу кезiндегi шығынды ескере отырып шикiқұрамды шығын пайызына артық етiп алады.

Пешке алдымен мөлшерi басқалардан көп материал және ең қиын балқитын заттар салынады. Оңай ұшатын, қатты тотығатын және аз қоспалар лигатура түрiнде қолданылады. Қажет болса бiрiншi салындының үстiне қождауышты төгедi. Жақсы ерiп, балқуы үшiн балқыманы мiндеттi түрде араластырып отырады. Металл әбден балқып болған соң балқыманы тазарту (рафинирование) мен оттексiздендiру, модифицирлеу жүргiзедi.

Балқыманы тазарту – сұйық қорытпаның бойындағы металл емес кiрiндiлер мен ерiп араласқан газдарды шығару амалы.

Металл емес кiрiндiлердi тазартудың ең қарапайым түрi –тұндыру. Мұнда жеңiл түйiршiктер балқыманың бетiне шығып, ауырлары түбiне түседi. Одан көрi тиiмдiрек тәсiл – арнайы қож немесе қождауышпен өңдеу. Осыларды балқымамен араластырғанда металл емес түйiршiктер солардың бетiне жабысып металл бетiне бiрге қалқып шығады. Бұлардан басқа балқыманы инерттi газдармен үрлеу, сүзгiлеу, вакуумдеу қолданып тазарту жүргiзедi.

Балқыманы оттексiздендiру және модифицирлеу. Оттексiздендiру деген балқымаға ерiп қосылған оттегiн сыртқа шығару. Осының ең әмбебап түрi iшкi (тұндырмалы) оттексiздендiру тәсiлiнде балқымаға арнайы қоспа зат ендiрiп, оттегiн балқымада ерiмейтiн қосылысқа айналдырады. Бұл қосылыстар металл емес кiрiндi ретiнде тұндыру арқылы металдан шығарылады.

Модифицирлеу балқытудың ең соңғы амалы. Оны сұйық металға модификатор деп аталатын арнаулы қоспа заттар ендiру арқылы жүргiзедi. Осының нәтижесiнде кристалдану үрдiсiне қажеттi бағыт берiп, ұсақ кристалды құрылым алуға қол жеткiзедi.

Балқыманы пештен тыс өңдеу. Ерекшелiгi сол бұл әдiсте балқыманы пештен шыққан соң шөмiш iшiнде, науашада, пеш–жинағыштарда, араластырғыштарда және басқа арнаулы қондырғылар iшiнде өңдейдi. Мұнда балқыманы тазарту, модифицирлеу және қоспалау амалдары атқарылады. Осыларды жүргiзу кезiнде балқымаға әртүрлi қоспалар салынуы немесе сыртқы әсер тәсiлдерi (дiрiлдету, магнит өрiсiн салу, ультрадыбыспен әсер беру, вакуумдеу, т.с.с.) қолданылуы мүмкiн. Балқыманы өңдеудiң бiр түрi қалып iшiнде модифицирлеу деп аталады. Ол металды сұйық күйдегi соңғы секундтар iшiнде өңдеп, осы тәсiлдiң тиiмдiлiгiн арттырады.


3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Балқыманы пештен тыс өңдеу» сөзі орыс тілінде нені білдіреді?

2. Модифицирлеу балқытудың қандай амалы?

3. Металл емес кiрiндiлердi тазартудың ең қарапайым түрi қалай аталады?

4. Балқытуға арналған пештiң iшiне салынатын заттардың жиынтығын атаңыз?

5. шикiқұрам дегеніміз не?

6. Балқыту кезiнде металл пайыздың оннан бiр бөлiгiнен бiрнеше пайызға дейiн мөлшерде тотығу, булану, шегенмен әрекеттесу салдарынан неге ұшырайды?

7. Пештен алынатын металл массасы неге пешке салынған шикiқұрам массасынан аз болып шығады ?

4. Мағынасына сәйкес сөзді тұсына жазыңыз және сол сөзбен сөйлем құраңыз.

Үлгі: күрделi темір қорытпасы – Болат: Болат - құрамында 2%-ке дейін көмiртегi, аз мөлшерде Si, Мn, S, Р және Сг, S, Тi сияқты легiрлеушi элементтерi бар күрделi қорытпа.

2%-ке дейін көмiртегi --------------- бессемер

конвертерлік тәсілі ------------ шойын

2%-тен жоғары көмiртегi ---------- негізді және қышқылды процесі

мартен тәсілі ------ доғалы және индукциялы пештерде жүретін процесс

Болат өндірудің электрлік тәсілі болат
5-жаттығу.Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз. Бастауыштың құрамын анықтаңыз.

1. А.В.Затаевич халық ән-күйлерінің жинағын құрастырып шығарды.

2. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, композитор және жазба әдебиетінің негізін салушы.

3. Алматы қаласы – ірі өндіріс пен экономика, ғылым мен мәдениет орталығы.

4. Парламент және бірнеше министрліктер ғимараттары Абай даңғылының бойында орналасқан.

5. Мен жиналыста баяндама жасап тұрмын.

6-жаттығу. Мәтінді оқып, логикалық мағынасы бар сұрақтарды қойыңыз. Бастауыш пен баяндауыштарды көрсетіңіздер.
Өнер мұражайында
Біз кеше Қастеев атындағы өнер мұражайына бардық. Мұражайда қазақтың ұлттық киімдерінің көрмесі ашылды. Көрмеге ұлттық киімдердің сан алуан үлгілері қойылған. Көрмеден сыртқы киімдер, бас киімдер мен аяқ киімдер туралы және әртүрлі зергерлік бұйымдар туралы жан – жақты, әрі пайдалы мәлімет алуға болады. Маған ер адамдар мен әйел адамдардың белдіктері өте ұнады. Белдіктердің де бірнеше түрі қойылған. Белдіктер былғарыдан немесе қымбат маталардан тігілген.

V сабақ. Металлургия саласында қолданылатын материалдар мен өнімдер атаулары.

Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.
1. Етістіктерді орыс тіліне аударыңыз.

Дайындау, жинау, өңдеу, жеткізу, жинақтау, түрлендіру, өсу, безендіру, сақтау, табу, тарату, даму, елестету, пайдалану, алу, қолдану, толықтыру, арттыру, автоматтандыру, қайта құру, құрастыру, ұйымдастыру, үйрену, танысу, оқып үйрену.


2. Сөздікпен танысыңыз.

макропоры – макро кеуектер

огнеупорные материалы – отқа төзімді материалдар

машина непрерывного литья заготовок дайындаманы үздіксіз құю машиналары

меднение – мыстау

медь – мыс

мельница – диірмен



огнеупорный мертель – отқа төзімді мертель

металловедение – металл тану

порошковая металлургия ұнтақты металлургия

цветная металлургиятүсті металлургия

черная металлургия қара металлургия

благородные металлыасыл металдар

легкоплавкие - оңай балқитын


    1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.


Мазут – жасанды сұйық отын – мұнай айдаудан кейінгі қалдық; жану жылулығы 40 мдж/кг шамасында.

Макро кеуектер жай көзбен немесе үлкейткіш шынымен қарағанда көренетін кеуектер.

Манганин м. – құрамында 12% mn және 2% ni бар және жоғары меншікті электр кедергісі (0,47 мком•м) мен 293-393к температуралары аралығында меншікті электр кедергісінің аз температуралық коэффициентіне (2•10-6 к-1) ие марганецті қола; манганиннің артыкшылығы болып мыспен жұптасып аз тэқк ≈ 1 мкв•к-1 көрсетуі табылады.

Марганец м. – Д. И. Менделеев периодтық жүйесінің № 25 элементі, таңбасы mn, атомдық массасы 54,938; ауыр металдар тобына жатады, балқу температурасы 1517±3 к, көптеген қорытпалардың негізі; негізгі шикізаттары: пиролюзит МnO nH2O , браунит Мn2O3· nSiO2 минералдары; ататың шығу тегі-пиролюзит минералының алғашқы атауынан: қара магнезия - magnesia nigra; 1774 жылы к. шееле, и. ганн (швеция) ашқан; қорытпалардың болаттар мен шойындардың компоненті, сонымен қоса органикалық синтезде катализатор ретінде қолданылады. Отқа төзімділер - отқа төзімділік қасиеті бар, негізінен минералды шикізаттардан жасалатын материалдар мен бұйымдар.

құю қалыптары мен өзекшелерде, өндірістік пештер мен басқадай жылу агрегаттарды қалауға қолданылады. дайын бұйымдар (мүсінді және жай пішінді кірпіштер), ұнтақтар, пасталар және т. б. түрінде жасалады. о. т. негізгі түрлері: шамотты, династы, магнезийлілер. химиялық тегіне қарай қышқыл, бейтарап және негіздік о. т. болады. Тотығу – 1. қатты немесе сұйық металдың (қорытпаның) оттегімен әрекеттесу үрдісі. 2. электронын жоғалту салдарынан атомның, молекуланың, ионның тотығу дәрежесінің жоғарылауы. Тотықтырғыш – тотығу-тотықсыздану реакциясындағы электрондарды қабылдаушы реагент. Тотық – химиялық элементтің оттегімен қосылысы; металдар мен қорытпалардағы металл емес кірінділердің бір түрі (корундтың, шпинельдердің және басқалардың түйірлері) Тотықтандыру – бетіне қорғаныш немесе сәндік тотық қабыршағын қондыру мақсатымен металды химиялық немесе электрхимиялық әдіспен өңдеу. Тотық қабыршағы – негізінен металл тотықтарынан тұратын қабыршақ. Металдағы тотық кірінділері – металл құраушылардың оттегімен қосылысы, шеген материалының, құю қалыбының және шикіқұрам материалдарының түйірлері. қара металдарда жиі кездесетін кірінділер FeО, MnО, SiO2, Al2O3. сұр шойынның 1 см 3 көлемінде 5 млн. дейін тотық кірінділері болатыны анықталған. оның 70 % өлшемі 0,2-1 мкм шамасында. Тотық қабаты – негізінен металл тотықтарынан тұратын қабат. Қалайы (Sn) - Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің № 50 элементі (iv топ, 5 период), атомдық массасы 118,69; екі аллотропиялық түрде бола алады: ақ қалайы – ауыр күмістей ақ жалтыраған илемді жұмсақ металл, тотық қабыршағы түзілу салдарынан ауада баяу күңгірт тартады; балқу температурасы 505 к; ақ қаңылтыр өндірісінде (қалайылау), әртүрлі қорытпалар (баспа, подшипник, дәнекер қорытпалары) алуға, жұқалтыр, ыдыс, көркем құймалар жасауға қолданылады; сұр қалайы – майда сұр ұнтақ, ақ қалайы 286,2 к төмен суығанда пайда болады, бұл кезде қалайы бұйымдар үгітіліп кетеді («қалайы індеті»); ерте заманнан бері белгілі; атының шығу тегі анықталмаған; маңызды деген минералы – касситерит (қалайы тасы) SnO2. Қалайылы қола – негізгі қоспалаушы элементі қалайы болып табылатын қола; 30% дейін Sn және басқа элементтер (Zn, P, Pb) қосылған; атмосферада, суда, су буында коррозияға тұрақтылығымен ерекшеленеді; термиялық өңдеу әдістерімен беріктенбейді; құймалар және қалыптаған бұйымдар түрінде сан-алуан қолданысқа ие.


4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Марганец м. – Д. И. Менделеев периодтық жүйесінің нешінші элементі?

2. Отқа төзімділер дегеніміз не?

3. Тотығу үрдісі қандай үрдіс?

4. Қалайы (Sn) - Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесінің нешінші элементі?

5. Тотықтырғыш – тотығу-тотықсыздану реакциясында қандай реагент.?

6. Қалайылы қола дегенімізді қалай түсінесің?
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз. Есімдік барлық жерде бастауыш қызметін атқарып тұр ма?

1. ... іссапарға барғалы жатырмын.

2. Бос уақытымызда ... саябаққа демалуға барамыз.

3. Кеше ... кіре берісте кіммен сөйлестіңіздер?

4. ... Әділет министрлігінде жұмыс істейсіз.

5. ... қазақша еркін сөйлейді.

6. ... мақаланы орыс тіліне аударып отыр.
2-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.
1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).

VIсабақ. Қара металлургия саласындағы терминология.

Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану. Еркін ойын жеткізуге машықтану. Шойын металлургиясы бойынша термин сөздер. Болат металлургиясыда қолданылатын термин сөздер. Ферроқорытпалар өндірісінің термин сөздері.




    1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыз.

ферроқорытпа – ферросплав

болат – сталь

шойын – чугун

железорудный агломерат - теміркенді агломерат

металлизованный агломерат – металданған агломерат

нефлюсованный агломерат – қождауышталмаған агломерат

баланс металла - металл балансы

ақ шойын – белый чугун

құрыш болат – булатная сталь скорость

қоңыр теміртас – бурый железняк

салу – завалка

шикіқұрам салу – завалка шихты

аймақтап балқыту - зонная плавка



2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Металлические материалы принято классифицировать по основному компоненту. Различают черную и цветную металлургию. К материалам черной металлургии принадлежат стали, чугуны, ферросплавы и сплавы на основе железа, легированные цветными металлами в количестве превосходящим стали.

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. металл материалдарын қалай жіктейді?

2. қара металлургияға қандай материалдар жатады ?

3. түсті металдары не үшін қолданады?


4 Күрделі баяндауыш




Күрделі баяндауыш


Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары

Машина баяу жүріп келе жатыр.


күрделі етістік

Ол музыканы, ен–күйді жақсы көретін адам еді.

Келе жатқан үшеу екен.



есім сөздер мен көмекші етістіктер

Осы – Тереңсайдың тұсы.

ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі

Біздің сыныптағы озаттар он үш.

Кореяның территориясы – 220 мың шаршы километр.



күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер

Оның көңілінің алалығы жоқ еді.

Ол келуге тиіс екен.



жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі

Біз оқуға бел байладық.

тұрақты сөз тіркестері(идиомалар)


1-жаттығу.Кестеге қарап өз мысалдарыңызды келтіріңіз.
2-жаттығу. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.
1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).
3-жаттығу. Сұхбатқа астындағы қажетті сөздердің тиістісін енгізіңіз.

- Кеше күндіз маған достарым ... .

- Сендер не істедіңдер?

- Біз музыка ... , ән ... , ... .

- Ертең сен маған кел.

- Біз не істейміз?

- Музыка ... , ... .

- Жақсы, ... .

- Сау бол!

- Сау бол!

Қажетті сөздер: әңгімелестік, тыңдаймыз, келді, айттық, әңгімелесеміз, айтамыз, келеді, тыңдадық, келемін.
4-жаттығу. Көшіріңіз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыздар.

Шығыс Сібірде көктем кеш басталады, өте қысқа болады. Көктемнен кейін лезде жаз басталады. Сібірдің жазы жылы, оңтүстігінде тіпті ыстық болады. Жазы да ұзақ болмайды, қысы тез басталады. Күні ашық, ауа райы жақсы болады. Жауын–шашын жаз айларында жауады. Қыста шанамен жүреді.



VII сабақ. Түсті металлургия саласындағы терминология

Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Түсті металдар өндірісі бойынша негізгі термин сөздерді талдау. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.


1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

ұсақталу, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы, қалайылы қола, металл емес материалдар, қыш, шыны, пластикалық масса.


2. Сөздер мен сөз тіркесін қазақ тіліне аударыңыз.

измельчение, медь, цинк, свинец, олово, оловянная бронза, неметаллические материалы, керамика, стекло, пластические массы.


3. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.

  • К материалам цветной металлурги принадлежат важнейшие цветные металлы - алюминий, медь, цинк, свинец, никель, олово и сплавы на их основе. К металлическим материалам относятся и материалы порошковой металлургии. Неметаллические материалы различают по основным классам: резина, керамика, стекло, пластические массы. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.




  1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндама жазаңыз.

Қарастырылған қорғасындық материалдарды қайта өндеу тәсілдердің кез келген түрдің көмегімен алынған қара қорғасын, күрделі қорытпа болып табылады да, оның құрамында асыл металдар, мыс, қалайы, сурьма, мышьяк, висмут, мырыш және т.б. қоспалар кездеседі. Қара қорғасынның құрамында осы металдар аз мөлшерде болады (2-8 %). Бірақта олардың кейбіреулердің құны, мысалы асыл металдардың, қара қорғасынның құнынан асады, сондықтанда оларды қорғасыннан шығару металлургияның басты мәселесі болып табылады. Ал кейбір металдар, қорғасында аз мөлшерде кездеседі, оның қасиеттерін өзгертіп, оны өнеркәсіпке жарамсыз етеді. Сонымен бірге осы металдар қорғасыннан асыл металдарды алуға бөгет жасайды.

Қорғасынды тазарту өте күрделі және қымбат процесс, және де ол нәзік химиялық технологияға негізделген. Қара қорғасынды тазарту процесі бірнеше операциядан тұрады да, олардың орындалу реті қорытпалар мен қоспалардың қасиеттеріне байланысты болады. Қара қорғасынды тазартудың ең ұтымды жолы – пирометаллургия. Ол келесі операциялардан құралады.

1 Мыссыздандыру – балқыманы суытқаннан кейін, сульфидтеу арқылы мысты бөліп шығару және оны штейнге көшіру, ең сонында қарапайым күкірт көмегімен балқыманың соңғы тазарту жұмысы орындалады.

2 Теллурсыздандыру – ащы натрасы бар натрий көмегімен.

3 Сілтілік тазарту (қорғасынды жұмсарту) ауа оттегісімен тотықтыру және ащы натра балқымасындағы селитра көмегімен қалайыны, мышьякты және сурьманы шығару.

4 Күміссіздендіру – мырыш көмегімен күміс пен алтынды шығарады. Осы кезде қорғасын мырышпен ластанады.

5 Мырышсыздандыру – келесі тәсілдердің біреуімен: ауамен тотықтыру, сілтілік балқымада, вакуумда айдау, хлорлау. Отандық зауаттарында осы операцияларды сапалы тазартумен бірге біріктіреді.

6 Висмутсыздандыру – кальций, магний және сурьма көмегімен жасалынады, бірақта қорғасын осы реагенттермен ластанады.

7 Сапала тазарту – күйдіргі натрмен селитра қатысуындағы тотығу арқылы немесе хлорлау көмегімен кальций, магний, сурьманы, ал кейде мырышты да шығарады.

Әрбір тазарту операция кезінде түсірмелер пайда болады (аралық өнім), оларға қоспалар мен қорғасынның аз бөлігі өтеді. Түсірмелер дербес түрде қайта өнделеді.

Соңғы тазартудан шыққан өнімнің басты қоспалардың мөлшері регламентке сай болуы тиіс. Қорғасын зауыттарында шығарылатын СО (99,992 % Pb), С1 (99,985 % Pb), С2 (99,95 % Pb) және С3 (99,90 % Pb) қорғасында өнеркәсіптің түрлі салаларында кең мөлшерде қолданылады.

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мыссыздандыру дегеніміз не?

2. Сілтілік тазартуға анықтама беріңіз?

3. Сапала тазарту түсінігі?

4. Висмутсыздандыру дегеніміз не?

5. Күміссіздендіру айтып беріңіз?

6. Мырышсыздандыру түсіндіріп беріңіз?
Пысықтауыштың түрлері. (виды обстоятельства)


Түрі

Сұрақ

Мысал

  1. Мезгіл пысықтауыш

(время)

Қашан?(когда?)

Қай кезде? (в какое время)



Ертең жаңбыр жауады.

Асқар кіргенде есік ашылды.



  1. Мекен пысықтауыш

(места)

Қайда?(где? куда?)

Қайдан?( откуда?)


Қалай қарай?

(в какую сторону?)



Мен дүкенге барамын.

Әсет футболдан келе жатыр.

Ол сатымен жоғары көтерілді.


  1. Қимыл-сын пысықтауыш

(образа действия)

Қалай? қайтіп? (как)
Қалайша?

(каким образом?)



Ол асықпай келді. Бала жүгіріп келді.

Мен осылайша түсінемін.



  1. Мақсат пысықтауыш

(цели)

Не мақсатпен? (с какой целью?)

Неге бола? (ради чего?)



Осыны айту үшін келді.

Ойнамақ оймен келген.



Әсемге бола сөйлесті.

  1. Себеп пысықтауыш

(причины)

Не себептен?(по какой причине?)
Неліктен? (почему?)

Қар қалың болғандықтан сабаққа бармадым.

Ол анасын сүйгендіктен келді.




1-жаттығу. Оқыңыз. Пысықтауышты тауып, сұрақ қойыңыз.

1. А.В. Суворов бала кезінен әскери адам болуды армандады (мечтал). 2. Жас кезінде өте әлсіз (слабый) әрі аурушаң (болезненный) бала болған. 3. ”Саған әскери адам болу қайда? ”- деп әкесі қалжыңдайтын (шутил). 4. Оған Суворов қатты қынжылатын. 5. Суворов көп жаяу жүрді, атқа мінуді үйренді. 6. Ақыры дегеніне жетіп, ол көп ұзамай әскери қызметке алынды.


2-жаттығу. Сұхбаттағы орыс тіліндегі сөйлемдерді аударыңыз. Пысықтауышты табыңыз.

- Привет, Еркин! Как дела?

- Жақсы, спасибо! Ал сенің ше?

- Рақмет, неплохо. Мен сені бүгін түсте не кешке могу увидеть?

- Иә, конечно.

- Хорошо, менің бөлмеме бүгін вечером приходи.

- Сен где тоқтадың?

- В гостинице “Қазақстан”. Ол Достық проспектісінде, 423 номер.

- 423 номер? Хорошо. Часов в шесть келсем будет нормально?

- Жақсы, до встречи?

- До свидания!

VIII сабақ. Техникалық және өндірістік қауіпсіздікке қатысты сөздер мен сөз тіркестері.

Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.


1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері.

Коррозия әсері, бөлінгіш газ, сұқпажақ, цех, мырыш, ақ шойын, қышқылдық шеген, морттық, бүріккіш, байыту фабрикасы, аралық фаза, алау, тығыздау, қажу, орташаландыру, серпімділік, жарықшақ, сызат, жарықшақтөзімділік, отқабыр, пеш жабуы, балқыту температурасы. кешендік қызмет, байланыстың телефон арналары, үйлестіру құралдары.


2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
Техникалық күтімнен кейін қолданылған барлық құрал – саймандарды жинап, өрт шықпас үшін май қалдықтарын жою керек.

Пеш ішінің техникалық күтімі, жөндеу, реттеу кезінде қолданушы қауіпсіздік үшін жауап береді.

Пештің жұмыс жасап тұрған кездегі өткізілетін арнайы жұмыстар персонал үшін үлкен қауіп – қатер тигізуі мүмкін. Сондықтан, келесі ережелерді орындау керек:

Кейбір ерекше жағдайларда, арнайы техникалық күтім жасаған кезде, жұмыскерлер персоналы міндетті түрде толығымен немесе жартылай сөндіріп, қорғаныс құрылғыларын ашу керек. Техникалық күтімнен кейін, жұмыскерлер персоналы жөнделген бөліктердің жұмысын қалпына келтіру керек.

Жұмыс қалпына келгеннен кейін, жұмыскерлер персоналы жұмыс рәсімі аяқталған соң, қауіпсіздік ережелері қамтамасыз етілгенін тексеру керек.

Жүйенің жұмыс жасап тұрған кезде, персонал үшін қауіпті жағдайларды болдырмау үшін, қауіпті аймаққа кіретін жолдар есіктермен жабдықталу керек. Есік кілттері операторда болуы тиіс.

Балқытушы қауіпсіздік ережелерін біліп, қатаң түрде сақтау керек. Ал әкімшілік қауіпсіз жұмыс үшін қалыпты жағдай жасау керек.

Балқытушы ретінде жұмысқа жасы 18-ден төмен емес, дәрігерлік куәландырудан, техникалық қауіпсіздік нұсқауынан өткен, қауіпсііз жұмыс тәсілдерін меңгерген, арнайы оқудан өткен, емтихан тапсырған адамдарға рұқсат етіледі. Жұмысқа рұқсат цех өкімімен шығарылады.

Техникалық қауіпсіздік орындалуын бақылауы шеберге, аға шеберге, бөлім бастығына артылады.

Жүк көтергіш машиналар мен механизмдермен жұмыс жасайтын адамдар техникалық қауіпсіздік ережелеріне оқытылу керек және арнайы куәліктері болу керек.

Технологиялық жабдыққа күтім жасаған кезде жұмыскердің міндеті:

а) Әкімшілік тапсырған ғана жұмысты ғана атқару керек. Егер де, жұмыс атқарудың қауіпсіз тәсілдерін толығымен білмесе, әкімшілікке жолығуы керек. Жана жұмыс алған кезде шеберден қосымша нұсқау алу керек;

ә) Жұмыс жасаған кезде ұқыпты болып, басқаларға кедергі жасамау керек;

б) Жұмыс орнына қатысы жоқ адамдарды жақындатпау керек;

в) Істен шыққан жабдықтар мен құрал-саймандармен жұмыс жасамау керек;

г) Жұмыс орнын тазалық пен тәртіпте сақтау керек;

ғ) Жұмыс орнында ақауларды байқаған кезде, тез арада әкімшілікке жеткізу керек. Рұқсатсыз жұмысқа кірісуге болмайды;

д) Міндетті түрде арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді және жеке қорғану құралдарын қолдану керек.

Завод аймағында жұмыскер (аулада, ғимаратта, кіре беріс жолдарда):

а) Көпірлі жүк көтергіштің, қозғалып келе жатқан көліктің сигналдарына ұқыпты болу керек;

ә) Көтеріліп тұрған жүк астында тұрмау керек;

б) Өтуге болмайтын жерлерден өтпеу керек, келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтпеу керек;

Тыйым салынады:

а) Қажетсіз, төбе мен металлконструкцияларға көтерілуге;

ә) Зақымданған сымдарға және электр құрылғыларға тиісуг;

б) Еденде жатқан тасымалды электр сымдарға аяқпен басуға;

в) Қорғалмаған көздермен электрпісіруге қарауға;

г) Істен шыққан электржабдықтарды өз еркімен жөндеуге;

Жергілікті жарықтандыру үшін 36 В кернеулікті, ал ауыспалы үшін 12 В кернеулікті қауіпсіз шамдарды қолдану керек. Қуанышсыз жағдай кезінде, дереу дәрігерлік көмек үшін заводтағы дәрігерлік пунктке қаратылып, ауысым бастығына, шеберге хабарлау керек.


    1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Тыйым салынатын әрекеттер?

  2. Технологиялық жабдыққа күтім жасаған кезде жұмыскердің міндеті?



1-жаттығу. Пысықтауыштарды қай сөз табынан екенін айтыңыз.
Ертеңіне түске жақын Абайды ұзақ жолға аттандырғалы жақындары тегіс тысқа шықты. Бүгінде таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасына шығып, Майбасардың пәтеріне келе жатты. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген.
2-жаттығу. Төмендегі сөздерді пысықтауыш ретінде қолданып, “Қалада” тақырыбына сұхбат құрыңыз.

Спорт кешені, автобус, төмен қарай, аялдама, биік ғимараттардың жанынан, ұлттық мұражайға дейін, түске дейін, қыдыру үшін, саяхат жасау үшін.



IX сабақ. Техникалық құжаттамалар тілі (нұсқаулықтар, стандарттар, шарттар және т.б.)

Кәсіби мәтіннің мазмұнын түсіндіру әдістемесі. Кәсіби тілдегі мәтін және оның ерекшеліктері. Кәсіби мәтіндегі сөздік жұмысы. Кәсіби мәтіндегі аударма практикумы. Мамандық тілін сауатты жазу мен сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік.

Мамандық тілін сауатты жазу мен мәдениетті сөйлетудегі амал-әдістер және білімді бақылау формалары (алғашқы, межелік, қорытынды). Кәсіби сөйлеу ортасы және кәсіби іскерлік.
1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.

Аустенит, азоттандыру, агломерат, құйма арматура, шойын пеш, балқыту былауы, құйманың бастапқы салмағы, қайтару, құймаларды қағымдау, металл емес кірінділер, металл тұтқырлығы, отқа төзімді балшық, шынықтыру, сұйықаққыштық.





    1. Жаңа сөздер мен, сөз тіркестерімен танысыңыз, жаттаңыз

Изложница- құймақалып; известняк – әктас; затвердевание – қатаю; ковка – соғу; кипение металла – металдың қайнауы; ковш заливочный – құю шөміші.



  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.

В соответствии с современными стандартами углеродистые и легированные стали разделяют на: конструкционные легированные стали, стали обыкновенного качества, углеродистые качественные конструкционные стали, повышенной обрабатываемости (автоматные) стали, рессорно - пружинные стали, подшипниковые стали, углеродистые инструментальные стали, инструментальные легированные стали, литейные стали, коррозионностойкие стали, порошковые стали. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.




    1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Көміртекті қоспаланған болаттарды қандай түрлерге бөлуге болады?

Анықтауыш


Тұлғасы

Сұрақтары

Мысалдар

Анықтауыш болатын сөз таптары

атау септіктегі сөз

ілік септік тегі сөз



қандай?

қай?


неше?

қайдағы?


қай?
ненің? кімнің?


Қара торы ат жақты, сұңғақ бойлы адам балуан екен.

сын есімдер


Көргенде күміс кесе, алтын аяқ, Бір сөзді тамағыма қойдым таяп.

зат есімдер

Парламентке шешуші дауыспен 269 депутат қатысты.

сан есімдер

Оспан мынау қимылға тіпті сүйсініп кетті.

есімдік

Оқыған кітаптарым мені іске бастады.

есімше

Қайталау – оқытудың анасы

Асанның анасы – инженер.



тұйық етістік зат есім


Кесте бойынша толықтауыштың жасалу жолымен танысыңыз.


Күрделі толықтауыш


Күрделі толықтауыштың жасалуы


Кеңес Одағының батырымен әңгімелестік

Үй ортасын тең етіп бөлген
Бағдат қарт жиырма бесті еске жиі түсіреді

Құлақ естігенді көз көреді

Баймағанбет келе жатқандарға маңқая қарады



зат есімдер

зат есім мен көмекші есім

күрделі сан есімдер

зат есім мен есімше

көсемше мен есімше





1-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Множество сталей относится к группе машиностроительных материалов с повышенной и высокой прочностью. В этом случае стали разделяют на углеродистые и низколегированные стали, высокопрочные среднелегированные стали, высокопрочные высоколегированные (мартенситно - стареющие) стали. Легированные стали классифицируют по четырем признакам: по равновесной структуре, по структуре после охлаждения на воздухе, по составу, по назначению. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз


2-жаттығу.Тиісті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар.

1. Елтаңбаның негізгі бояуы - ... түстес.

2. Қазақстан Республикасындағы ... тіл – қазақ тілі.

3. ... ауа райы құбылмалы келеді.

4. Төле би - ... жүздің бас биі болыпты.

5. Менің ... үлкен, жаңа үйі бар.

6. Олар ... тауға қарай кетті.

7. Білім – адам үшін ең ... іс.

8. Әрбір баланың ... анасы, ... әкесі болады.

Керекті сөздер: мемлекеттік, биік, достарымның, Ұлы, тауда, туған, бағалы, алтын.


3-жаттығу.Оқыңыз. Сөйлемдерден анықтауышты табыңыз.

1. Сөзді жылдам жазу тәсілін стенография дейді. 2. Арменияда Шане Церумян ойлап тапқан стенографияның жаңа жүйесі қолданыла бастады. 3. Мұзды мұхиттан соққан суық желді осы қалың орман бізге өткізбейді. 4. Тайганың қары қалың болады. 5. Біздің еліміз бай әрі күшті ел.



4-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөздіктің көмегімен аударыңыздар. Мәтіннен жанама толықтауышты теріп жазыңыздар.

Ана тілі


Ана тілі – бұл әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, газет-журналдар, радио-теледидар мен кинотеатрдан үйреніп, ана тілін тереңірек білеміз.

Ол – біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі тыныс құралымыз.

Әр халықтың басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз ертегілері, шығарған өлең жырлары, жазған кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, көргені, білгені жайлы ұғымдар, ойы, сезімі-бәрі де ана тілінде сақталады, ана тілі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кездегі кітабы, мектебі жоқ кездегі ұстазы болған.

Әр адам өз ойын ана тілінде жақсы білідіріп, өз шығармасын ана тілінде жақсы жазады.

Ана тілін жақсы білмей сауатты сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Ана тілінің байлығын молынан пайдалана білмеген адам шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайды.

Сұрақтарға жауап беріп, соңынан мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

1. Ана тілі кімнің тілі?

2. Біз ана тілін қалай біле бастаймыз?

3. Тіл қандай құрал?

4. Тіл арқылы атадан балаға не қалады?

5. Ұлт тілін кім жасайды?



X сабақ. Техникалық сипаттамалар: параметр атаулары, көрсеткіштер, өлшем, көлем, жылдамдық, кезеңі, құрамы және т.б. Кесте, диаграмма, график және т.б.


1. Мына сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Абразив материалдар, абсолют қатты дене, абсолют қара дене, абсолют қысым, абсолют температура, ажарлау, өндірісті автоматтандыру, автоматтық пісіру, автоматтық жез, ақық, агрессиялы орта, азоттау, әрекетті көмір, алунд, алюминаттар, алюминий қорытпалары, анодтық жабу, анодтық үрдіс, армко-темір, ареометр, асбест, аффинаждау, баббит, баланс, бандаж илемдейтін орнақ, шөкпейтін металл, ақ күйе, ақ шойын, сұр шойын, асыл металдар мен қорытпалар, өңсіз кендер, боксит, жылдам кескіш болат, вакуумдеу, ванадийлі болат, үйме салмақ, видиа қорытпа, висмут кендері, ылғал өлшегіш, металдардың қайтуы, созу, ирек темір, созу орнағы, тотықтыра қорыту, туынды металл, құйманы қағымдау (шығару), кернеу, жоғары сапалы болат.


2. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз.

Первая очередь была запущена в работу 5 ноября 1964 года. В объекты строительства следующих очередей входили объекты передела спекания, что позволило заводу перейти на проектную схему переработки бокситов- последовательную схему Байер- спекание. В АО «Алюминий Казахстана» производство глинозема осуществляется по последовательной, комбинированной схеме Байер-спекание. Данный способ обусловлен химическим составом бокситов, поступаемых на переработку. Все глиноземное производство разбито на три основных цеха, ЦПС, ГМЦ, ЦС. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.



3. Мәтінге қажетті сөздікпен танысыңыз.

күйежентектеу –спекания

жоба - проект

нобай –схема

қайта өңдеу– переработка

химиялық құрамы – химическим составом

өндіріс – производство

1-жаттығу.Оқыңыз. Аударыңыз. Бірыңғай мүшелерді тауып, қандай сөйлем мүшесіне қатысты екенін айтыңыз.

Енді бір сәт Маңғыстау түбіндегі шежіре, аңыздар, айбынды батыр, атақты күйші, ақындар төңірегінен қызықты сырлар шертеді. Мұндағы босаға, есік, кереге, уық сырлы желбақан мүлгіп қалған еді. Ауа тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. Ұлпан туған ауылына келсе, әке-шешесінің ескі үлкен қоңыр үйі тігулі, бар-жоғы төселулі екен. Оларды бастап келген адам да семіз, биік келген, қара-торы жүзді, қиғаш қас, қара сақалды, қысық көзді Ораз. Көркем шығармада жазушы әдеби кейіпкердің портретін, кәсібін, туып-өскен жерін, адам басындағы күйінішін-сүйінішін суреттейді. Жалаң бас, жалаң аяқ, көйлекшең ғана қалпыммен тысқа шықсам, жаңбыр да нөсерлей төпеп тұр.


2-жаттығу. Төмендегі сөздерді бірыңғай мүше етіп сөйлем құраңдар. Бірыңғай мүшеге ортақ жалпылауыш сөздерді өздерің ойлаңдар.

Үлгі: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Ақмола – бәрі де Қазақстанның ірі қалалары.- Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы...

1. Қазалы, Жаңақорған және Шардара (Сырдария өзенінің бойындағы су электр станциялары). 2. Көксерке, алабұға, таутан, мөңке, шармай (Қазақстан суларындағы балықтар).
3-жаттығу. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін түсіндіріңіз.

1. Біздің үйдің адамдары мыналар: әкем, шешем, әкемнің әке-шешесі, мен, менің інілерім – Таңатар, Түнқатар. 2. Мінезі де, түрі де–бәрі өзім. 3. Абайдың торқалы тойына талай елдерден қонақтар келді: Қырғызстаннан да, Татарстаннан да, Ресейден де, Франциядан да, Германиядан да... . 4. Шебердің қолымен жасалған сұлулық та, бар тіршіліктің кілті де, ақындық шабыт күйдің құдіреті де – бәрі осы бір жер-анадан, қара жердің бойынан табылғандай. 5. Қазақстанның ірі қалалары мыналар: Алматы, Қарағанды, Астана. 5. Жүйрік ат, жүйрік тазы, сұлу қыз – бәрі жақсы.Тек сонымен қалып қойсаң, бәрі жаман.


4-жаттығу.Мына сөздерді жалпылауыш сөздер етіп, сөйлем құраңдар да, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.

Бәріне, мыналар, үшеуі, баршасы, студенттер.



XIсабақ. Техникалық әдебиеттегі қысқартылған сөздер мен аббревиатуралар. Халықаралық қысқартулар.

Қара және түсті металлургияда қолданылатын қысқартылған сөздер мен аббревиатуралар, халықаралық қысқартулар. Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.


1. Мәтінге қажетті сөздер мен қысқартылған сөздерді оқыңыз, жаттап алыңыз, аударыңыз.

электрқожда қайта балқыту (ЭҚҚБ), вакуумды–доғалы қайта балқыту ( (ВДҚБ), электронды–сәулелі қайта балқыту ( (ЭСҚБ) және плазма–доғалы (ПДҚБ) қайта балқыту, Техника-экономикалық негіздеме (ТЭН), пайдалы көлемін пайдалану коэффициентін (ПКПК), доғалы болат балқыту пештері (ДББП), дайындаманы үздіксіз құю машиналары (ДҮҚМ).




  1. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз.




  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.


Электрболат балқыту өндірісі.

Пештердің негізгі түрлері. Балқытып алынатын болаттың сорттаменті мен қолданыс аясына қарай электр пештері әр түрлі болып келеді. Оларды екі топқа біріктіріп қарауға болады: доғалы болат балқыту пештері (ДББП) және арнаулы пештер. Үшфазалы және тұрақты токпен істейтін ДББП-де әлемде өндірілетін электр болатының 90%-нан астамы алынады да, қалған 10%-дан аздау жоғары сапалы болаттар арнаулы агрегаттарда балқытылады.

Электр болат балқыту арнаулы пештері екі түрге бөлінеді: 1) ішіндегі отқа төзімді тигельде болат балқып, одан кейін қорамсауытқа немесе ДҮҚМ құйылатын электрпештер; 2) ішінде болат балқуымен сол жерде, сумен суытылатын кристалдандырғыш қуысында қатқан құймакесек алынатын электрпештер (қайта балқытқыш пештер).

Осылардың 1-ші тобына индукциялы ашық, вакуумді, плазмалы тигельді пештер кіреді. 2-ші топқа жататындар – электрқожбен балқыту, доғалы вакуумді, электронды-сәулелі, сумен суытылатын кристалдандырғышы бар плазмалы пештер.

Пештердің сыйымдылығы және өнімділігі.

Цехта орнатылатын пештердің сыйымдылығы артқан сайын сол цехтың ТЭК-і жақсара түседі. Мысалы, 100 танналық пештің орнына 200 тонналық пешті таңдап алғанда цех құрылысына жұмсайтын шығын шамамен 4%-ға азайып, цех өнімділігі 14%-ға көтеріледі. Осыны ескере отырып, жобаланатын цехтағы пешті таңдағанда оның сыйымдылығын 100 тоннадан кем болмайтындай етіп алады.

Пештің өнімділігін анықтау маңызды шара болып табылады. Пеш өнімділігін асырыңқырап алса, ЭББЦ құрылысын салуға жұмсалатын шығын көбейеді. Өнімділікті төмендетіп қабылдаған кезде пештің мүмкіндіктерін толықтай пайдалана алмау қаупі туады. Негізгі, пештің өнімділігі жоғары болса цехтың да ТЭК-і жоғары деңгейде болатыны анық.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. ТЭК дегеніміз не?

  2. ДББП қысқартылған сөздерді жазыңыз?

  3. электрқожда қайта балқыту сөзін қысқартып жазыңыз?

  4. Пештердің негізгі түрлерін атаңыз?

  5. Цехта орнатылатын пештердің сыйымдылығы артқан сайын сол цехтың қандай көрсеткіші жақсара түседі?

  6. Үшфазалы және тұрақты токпен істейтін ДББП-де әлемде өндірілетін электр болатының қанша %-нан астамы алынады?



Кестеге мұқият қарап, құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен ерекшелігін атаңыз.


Жайсөйлем

Құрмалас сөйлем

Құрмаласу тәсілі

Жаңбыр жауды.

Жер көгерді.

Күн шықты.

Мал өріске кетті.

Бет қаратпайтын боран болды.

Қамар қалаға бармады.

Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.


Күн шыққан соң, мал өріске кетті.

Бет қаратпайтын боран болғандық-

тан, Қамар қалаға бармады.
Менің қасымда алты-ақ жауынгер бар: жұмыскерлер төртеу, баламен бесеу.

баяндуыштың тиянақты формасы

шылау арқылы

қосымшалар арқылы

интонация арқылы



1-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, әрбір сөйлемді жай сөйлем және құрмалас сөйлем түріне ажыратыңыз.
Шаңқай түс. Күн нұрын құйып тұр. Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастады. Қылтанақтаған көк жер бетін әлі жаба алған жоқ. Бусанған жер мұнартыңқырап жатыр. Тасыған сағым көз ұшындағының бәріне сәулет беріп, құбылта түседі. Сол сағымның ішінде ұзын керуен келеді. Керуен басы – Жәнібек. Оның астында - Буданкөк. Ол барынша әнге шырқап келеді (Ғ. Мұст.).

Құрмалас сөйлем

(сложное предложение)

Екі не одан көп жай сөйлемнен құрылып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемде құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер ұзара тиянақты тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салаласқұрмалас сөйлем болады.




Салалас құрмалас сөйлемдер

Сложносочиненные предложения



Ыңғайлас салалас – сочинительные

(да, де, та, те, әрі, және)

Қарсылықты салалас – противительные

(бірақ, сонда да, әйтпесе де, алайда)



Себеп-салдар салалас – причинно-следственные

(себебі, өйткені, сондықтан)

Түсіндірмелі салалас – присоединительные

(сонша, сондай, соншалық, сол, мынау)

Талғаулы салалас – разделительные

(не, немесе, я, яки, болмаса)

Кезектес салалас – временные

(кейде, бірде, біресе)


Ережеге сәйкес өз тарапыңыздан бірнеше мысал жазыңыз.
2-жаттығу.Үлгі бойыша екі жай сөйлемді пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем құраңыздар.

Үлгі: Білім-адам үшін ең бағалы іс және сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет.

1. Білім – адам үшін ең бағалы іс. 2. Сол білімді тарататын құралдардың бірі – көркем әдебиет. 3. Әрбір мәдениетті адам алдымен әдебиетті жақсы білуі қажет. 4. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз. 5. Кітапты түсініп оқу керек. 6. Мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алу керек.
3-жаттығу.Төмендегі жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.
Көктем келді. Күн жерді қыздыра түсті. Ағаштардың бұтағы бүр ашты. Тебіндеп көк шықты. Жыл құстары келе бастады. Алмас қараторғайға үйшік жасады.


XII сабақ. Жоба жазу ерекшеліктері. Жоба құрылымы мен сипаттамасы.

Жоба бойынша тақырып құрастыру және әдебиттер тізімін таңдауға машықтану. Металлургия мамандығы бойынша ғылыми-техникалық әдебиеттер мен мақалаларды қолдануға машықтану. Осы тақырып бойынша терминдер сөздігін құрастыру. Терминдерді пайдаланып мәтін құрастыру. Жазып, оқып машықтану.

Қазіргі өндірістік объектілер жобалау техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық сұрақтардың кешенді шешімдерін орындаумен байланысты. Сондықтан дипломдық жобалау тәлімгердің шығармашылық сипаттағы жұмысы болып, инженер даярлаудағы оқу үрдісінің қорытынды кезеңі болып табылады.

Дипломдық жобалау нақты жағдайға жақын орындалу керек. Өндіріс технологиясы, технологиялық және энергетикалық есептеулер, технологиялық режімді негіздеу, негізгі құрал – жабдықтарды таңдау және есептеу толығырақ орындалу керек.

Жобада сметалық және техника – экономикалық бөлімдерге үлкен көңіл бөліну керек. Негізгі цехтың іргелес цехтармен, көмекші бөлімдермен өндірістік байланысы ашылу керек. Сонымен қатар техникалық қауіпсіздік, өндірістік санитария, өндірістік лас суды тазалап залалсыздандыру және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына ерекше көңіл бөліну керек.

Дипломдық жоба екі бөліктен тұрады:



  1. түсініктеме жазбасы;

  2. графикалық бөлік.

Түсініктеме стандартқа сәйкес А 4 форматында компьютерде терілген 60 – 70 бет мәтіннен тұрады. Графикалық бөлік ең кемі 5 – 6 бет (А1 форматы) сызбадан тұрады.

Дипломдық жоба кафедра шешімі бойынша ғылыми - зерттеу сипатындағы дипломдық жұмыспен ауыстырылуы мүмкін.

Дипломдық жоба шығарғы жұмыс болып табылады да соның негізінде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы (МАК) дипломданушы – тәлімгерге инженер – металлург біліктілігін (атағын) беру туралы шешім шығарады.

2 Дипломдық жоба тақырыбы

Дипломдық жоба тақырыбы актуальды, ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес және өндірістің нақты мұқтаждығына жауап беруі керек.

Дипломдық жобаның объектісі ретінде металлургиялық өндіріс орындарының жаңадан салынатын немесе қайта құрылатын негізгі өндірістік цехтары алынады.

Жобаланатын цехтың өнімділігі (негізгі өнімі бойынша) өндіріс талабымен анықталып немесе тәлімгер іс – тәжірибе өткен цехтың өнімділігінен өзгеше болуы керек.

Арнайы кафедра дипломдық жоба тақырыбын айқындап, оның актуальдігі мен мазмұнына жауапты болып табылады.

3 Дипломдық жоба тапсырмасы


Дипломдық жобаны орындауға берілетін тапсырма жоба тақырыбын ашып, өзара байланыстағы техникалық, ұйымдастырушылық немесе экономикалық сипаттағы инженерлік есептің кешенді шешімін қарастыруы керек.

Техникалық, конструкциялық, ұйымдастырушылық немесе экономикалық сипаттағы бір сұрақ жобаның арнайы тапсырмасы (бөлігі) болып, толығырақ және тереңірек шешімі берілуі керек. Жобаның арнайы бөлігін тәлімгердің курстық ғылыми зерттеу жұмысымен байланыстырған жөн.

Дипломдық жоба тәлімгердің курстық жобасының (жұмысының) кең де терең қарастырылған жалғасы болғаны абзал. Дипломдық жоба тапсырмасында жұмыстың шешімін табатын барлық сұрақтары (соның ішінде электронды есептеу машинасымен) және графикалық материалдың міндетті сызбалары көрсетілуі тиіс.




4 Жоба құрамы мен мазмұны

Жоба құрамы мен мазмұны негізделген жобалық шешімдер, есептеулер мен көрсеткіштер түрінде, графикалық материалмен бірге дипломдық жобада қойылған міндеттерді орындауды көздейді.

Нақты объектіні жобалаудың мемлекеттік жүйесі мына міндеттерді шешуден тұрады:

а) жаңадан салынатын немесе қайта құрылатын өнеркәсіптік объектінің керектігін негіздеу;



б) ұйымдастырушылық, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерінің өндірістік тиімділігі;

в) техникалық құжаттарды жасау – жобаланған объектіні салу және пайдалану сызбаларын жасау.

Түсініктеме жазбасының құрамы

Түсініктеме жазбасының мазмұнына қойылатын жалпы талаптар кәсіпорын (ПМУ) стандарты (СТП СК – 03 - 02) бойынша анықталып, негізінен мыналардан тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және т.б.

Негізгі бөлімге кіреді:


  1. Жалпы түсініктеме жазбасы.

  2. Бас жоспар мен көлік.

  3. Технологиялық шешімдер, энергия қорымен қамтамасыз ету.

  4. Еңбекті қорғау

  5. Еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару.

  6. Құрылыс шешімдері

  7. Табиғи қоршаған ортаны қорғау.

  8. Сметалық құжат.

  9. Инвестицияның талдауы.

  10. Арнайы бөлім.

4 – тарау «Еңбекті қорғау» бөлімі кеңесшінің талаптарына сәйкес жазылады.

5, 8 және 9 – тарау ПМУ – дің “Сала экономикасы” кафедрасының талаптарына сәйкес жазылады.


Жоба жасауға қатысты сөздер тобы:

проект – жоба

проектировать – жобалау

специальная часть – арнайы бөлім

общая пояснительная записка – жалпы түсініктеме жазбасы

генеральный (ситуационный) план и транспорт – Бас жоспар мен көлік

технологические решения, обеспечение энергоресурсами – технологиялық шешімдер, энергия қорымен қамтамасыз ету.

охрана труда – еңбекті қорғау

организация труда и управление предприятием – еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару

строительные решения – құрылыс шешімдері

охрана окружающей природной среды – табиғи қоршаған ортаны қорғау

сметная документация – сметалық құжат

анализ инвестиций – инвестицияның талдауы
5. Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

жоба – жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.




  1. Мәтіндегі жобалауға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.

Оборудование склада готовой продукции

Склад готовой продукции – это одно пролетное отдельно стоящее здание, оборудованное мостовыми электрическими кранами и устройством для приёмки, сортировки, упаковки готовой продукции. Основное оборудование предназначено для дробления и сортировки сплавов. Это дробилки щековые сложного и простого качения, грохоты, прессы для измельчения особо прочных сплавов и т.д. Слитки массой 5-5,5 тонн могут дробиться. В сутки в целом производится 96 выпусков. Насыпной вес ФС-45 – 2000кг/м3, вес одного выпуска – 5,5тонн, следовательно, объем одного выпуска составит: 5500/2000=2,75м3. На один выпуск потребуется один короб объемом 3м3.

Количество коробов: N = Z(2+3) + 5% = 96*3 +15 =303 короба,

где Z – количество банок в сутки,

5% - запас.

Потом краном подают на узел дробления, который состоит из бункера, питателя под бункером и щековой дробилки, после которой подается на грохот и делится по фракциям. Для дробления металла в СГП установлены две щековые дробилки СМ-741,ТО-25 с производительностью 25 м3/час. После дробления производится рассев металла на узле рассева. Установлены два узла рассева с ситами, размер ячеек которых – 20мм и 75мм. Готовая продукция загружается в железнодорожные вагоны.

Расчет количества кранов в CГП производится так:
N = Z * τ * K / 2440 *η = 672 * 5 * 1.3 / 2440 * 0.8 = 3.79
где Z – количество операций;

τ – задолженность крана при погрузке;

K – неучтенные операции;

η – коэффициент загрузки крана.

Принимаем в СГП 4 крана грузоподъемностью 16/3 тонн.



  1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Металды балқыту кезеңіндегі экзотермиялық реакциялар жылуын анықтау

Балқыманың экзотермялық жылуын материалдық баланс арқылы есептеуге болады, бірақ дәлдігі айтарлықтай емес, себебі скраптың әр түрлігінен элементтердің мөлшерін нақты анықтау қиын. Сонымен қатар элементтердің тотығу оттегі мөлшеріне тікелей байланысты. Сондықтан экзотермиялық реакциялар жылуын негізінен электрдоғалы пештерде жүргізілген зерттеу мәлеметтерінен алады. Мысалы, сыйымдылғы аз пештерде (оттегі пайдаланылмаған жағдайда) экзотермялық реакциялар жылуын жалпы жылудың 8-12%-ына тең деп алса, оттегімен үрлеуді қолданылатын үлкен пештерде бұл көрсеткіш-18,8-40,7%[5].

Экзотермиялық реакциялар жылуына графит электродтың тотығуынан бөлініп шыққан жылу да жатады. Тотыққан графит мөлшерін оның тотығу жылу әсерлілігіне көбейту арқылы жылу мөлшерін анықтауға болғанымен, бұл жылу мәнін де мөлшермен ғана есептейді. өйткені электрод көміртегінің бір бөлігі толық жанса (СО2), енді бір бөлігі – шала (СО), тағы бір бөлігі күйе түрінде газбен кетеді, яғни дәл есептеу қиын.


8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. балқыманың экзотермялық жылуын материалдық баланс арқылы есептеуге болама?

2. балқыманың экзотермялық жылуын материалдық баланс арқылы есептегенде дәлдігі қандай?

3. элементтердің тотығуы қандай элементтің мөлшеріне тікелей байланысты?




жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау