Бағдарламасы (Syllabus) pga 3302- «Глинозем мен алюминий өндірісі»



жүктеу 1,98 Mb.
бет4/83
Дата14.02.2020
өлшемі1,98 Mb.
#29007
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

Мысалы: Айналымдағы ерітіндінің концентрациясын мынадай сандармен алайық

Na2O – 210г/л, ал Al2O3 - 105г/л; сонда αк=210·102/105·62=3,29;

Al2O3 – молекулалық салмағы (27·2+16·3=54+48=102)

Na2O – молекулалық салмағы (23·2+16=46+16=62)

Каустиктік модулдері αк=3-4 сан аралығындағы ерітінділер төзімді ертінділер және мұндай ерітінділер бокситтің құрамындағы гидроксидті оңай еріте алады. Ал каустиктік модулдері αк=1,6-1,8 сан аралығындағы ерітінділер әлсіз, ондай ерітінділер өздігінен ыдырауға ұшырайды. Сондықтанда айналымдағы ерітінділеуге жіберілетін ерітінділердің каустикті модуль саны αк=3,0-3,5 аралығында болуы керек.

Технологиялық тізбектің басында бокситті айналымдағы сілтілік ерітіндімен өңдеу кезінде ерітіндімен бокситтің қатынастық мөлшерін анықтап, ерітінділегенен кейін алюминаттық ертіндінің каустиктік модулі ыдырайтындай шамада, яғни αк=1,6-1,8 аралығында дайындау керек.

Есепті (3.7) теңдеуі бойынша шығаруға болады.Осы теңдеудегі бөлшектің алымындағы сілтінің айналымдағы ерітіндімен бірге мольдік санын және (НГАС) мен кеткен жоғалымын ескеру керек. Ал бөлімінде бокситпен және айналымдағы ерітіндімен бірге кірген Al2O3 мольдік санын, сонымен қатар(НГАС) мен кеткен жоғалымын ескеру қажет.

Бокситтің құрамындағы аз мөлшердегі қоспалар ерітінділеу кезінде мынадай әрекетесулер мен күйлерге түседі:



Фосфор оксиді сілтіде еріп, ерітіндіге қышқыл натринонофосфор тұз пішінінде өтеді – Na2HPO4. Ерітінділеу кезінде кеннің құрамындағы 1/3 тен 2/3 дейінгі фосфор алюминат ерітіндісіне өтеді. Алюминат ерітінділерін ыдырату арқылы алынған алюминий тотығының құрамында әрқашанда P2O5-нің біраз мөлшері болады. Бірақ фосфор зиянды қоспа емес, өйткені электролиз процесі кезінде металдық алюминидің құрамына өтпейді және электролитте жиналмайды. Ол ерітілген алюминимен бірге тотықсызданып кәдімгі жай қалпына келіп, астаудан ұшып кетеді.

Ванадий оксиді бокситтің құрамында аз мөлшерде болғанымен ерітіндіге сілтімен жақсы өтеді. Бокситтерді ерітінділеген кезде шамамен ванадий қосылыстарының 30% қызыл шламмен бірге үйіндіге кетеді, ал қалған мөлшері айналымдағы сілтілік ерітінділермен жиналып, алюминат ерітіндісі бірте - бірте натрий ванадатымен қанығады. Сөйтіп еритін деңгейге жеткен кезде, артық натрий ванадаты Na3VO4·7H2O алюминий гидроксидімен бірге ыдырау процесінде шөгуге түседі.

Алюминий тотығын ешуақытта V2O5 қандай мөлшерде болсын ыластауға болмайды, өйткені ванадий металдық алюминидің тез арада электрөткізгіш қасиетін төмендетеді. Бокситтің құрамында ванадий қоспалары жоғарылап, ванадий тұздары ерітіндіде жинала бастаса, былай істеу керек: айналымдағы сілтілік ерітінділерден буландыру процессі кезінде қатты фазаға бөлу арқылы немесе алюминий гидроксидін ыстық сумен жақсылап жуса натрий ванадаты жақсы еритін болғандықтан сумен бірге шайылып кетеді.



Галлий қосындылары бокситтің құрамында үш валентті галий түрінде әрқашанда кездеседі (шамамен 0,005%), ол өзінің қасиеттерімен алюминий қосылыстарына ұқсас келеді. Бокситті ерітінділеген кезде галий гидроксиді алюминий гидроксидімен бір уақытта ертіндіге өтіп, натрий галлатын құрайды
GaOOH +NaOH +H2O = NaGa (OH) 4 (3.8)
Бірақ алюминат ерітінділерін ыдыратқан кезде қатты фазаға бірінші кезекте Al()3 түседі, ал натрий галлаты төл ерітіндіде қалып қояды, өйткені Ga()4 комплексті иондары, Al()3 иондарына қарағанда берік болып келеді. Әйткенмен де галлаттың біраз бөлігі ыдырап, галлий гидроксиді алюминий гидроксидімен бірге қатты фазаға бөлініп түседі.

Сондықтан алюминий тотығы құрамында әрқашанда 1кг Al2O3, шамамен 10мг Ga кездеседі.

Электролиз процесі кезінде алюминиге қарағанда оң зарыдтты электірленгендігіне байланысты криолитті-алюминий тотығы балқымаларында катодта алюминиймен бірге бөлінеді. Бірақ галлий алюминидің құрамында өте аз мөлшерде болғандықтан оның қасиетіне мүлде әсер етпейді.

Ал айналымдағы сілтілік төл ерітінділерінің құрамында жиналған NaGa(OH)4 технологиялық әдіспен таза 6N, яғни Ga - 99,9999 металын алады.



жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау