Бағдарламасы (Syllabus) Павлодар, Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной 2014 ж


-тақырып. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың және талдаудың құрылымдық тәсілі



жүктеу 0,71 Mb.
бет5/8
Дата29.01.2020
өлшемі0,71 Mb.
#27763
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

5-тақырып. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың және талдаудың құрылымдық тәсілі

Ақпараттық жүйелерді жобалаудың және талдаудың құрылымдық тәсілінде жүйенің функционалдық құрылымын және мәліметтер арасындағы қатынастарды сипаттайтын құралдардың негізгі екі тобы қолданылады. Құралдардың әрбір тобына модельдердің (диаграммалардың) нақты түрлері сәйкес келеді. Солардың ішінде ең көп таралғаны:

- DFD (Data Flow Diagrams) – мәліметтер ағынының диаграммалары;

- SADT (Structured Analysis and Design Technique – құрылымдық талдау және жобалау әдісі) – модельдер және сәйкес функционалдық диаграммалар;

- ERD (Entity-Relationship Diagrams) – «мән-байланыс» диаграммалары.

Мәліметтер ағынының диаграммалары мен «мән-байланыс» диаграммалары CASE-құралдарыннда жиі қолданылатын модельдердің түрлері.

Мәліметтер ағындарының диаграммаларының негізгі компоненттері болып


  1. сыртқы мәндер

  2. жүйелер мен ішкі жүйелер

  3. үрдістер

  4. мәліметтерді жинақтаушылар

  5. мәліметтер ағындары табылады.

Сыртқы мән ақпарат көзі немесе қабылдаушы болып табылатын материалды объект немесе физикалық тұлға. Мыслы, тапсырыс берушілер, персонал, жабдықтаушылар, клиенттер, қойма. Қандай да бір объектіні немесе жүйені сыртқы мән ретінде анықтау оның талданатын жүйенің шекарасынан тыс екендігін көрсетеді. Ьалдау үрдісінде кейбір сыртқы мәндер қажет болған жағдайда талданатын жүйенің диаграммасының ішіне кіргізілуі мүмкін және керісінше үрдістердің кейбір бөлігі диаграммадан шығарылып, сыртқы мән ретінде көрсетілуі мүмкін.

Сыртқы мән былайша белгіленеді:



Ол диаграмманың

жоғары бөлігінде

орналасады.


7-сурет. Сыртқы мәннің графиктік бейнеленуі
Күрделі жүйенің моделі контексті диаграммада бір тұтас бір жүйе ретінде көрсетілуі мүмкін немесе бір қатар ішкі жүйелерге бөлшектенген түрде көрсетілуі мүмкін.

Мысалы:

8-сурет Мемлекеттік салық инспекциясының (МСИ) физикалық тұлғалармен жұмыс бойынша ішкі жүйе

Бұл 8-суретте «Мемлекеттік салық инспекциясының физикалық тұлғалармен жұмыс бойынша ішкі жүйесі» бейнеленген.

Ішкі жүйе номері оның идентификациясы үшін қажет. Өріс атында ішкі жүйенің атауы енгізіледі.



Үрдіс берілген алгоритмге сәйкес мәлемттердің кіріс ағындарын шығыс ағындарына түрлендіру болып табылады. Үрдіс физикалық түрде әртүрлі тәсілдермен жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, мекеменің бөлімшелері көмегімен, кіріс құжаттарды өңдеуші және есептерді (отчеттарды) шығарушылар, бағдарламалар, аппараттық құрылғылар және т.б. Мәліметтер ағындарының диаграммасында үрдіс былай белгіленеді (9-сурет):


9-сурет. Үрдістің графикалық бейнеленуі

Үрдіс номері диаграмма иерархиясында оның идентификациясы үшін қажет. Атау өрісінде үрдіс атауы енгізіледі. Ол үнемі «есептеу», «тексеру», «анықтау», «жасау», «алу» сияқты етістіктермен жазылады. Мысалы:

- Салық төлеушілер туралы мәліметтерді енгізу.

- Ағымдағы шығындар туралы ақпаратты беру.

- Ақшаның түскенін тексеру және т. б.

Физикалық жүзеге асырушы өрісіндегі ақпарат мекеменің қай бөлмі, қай бағдарлама немесе қандай аппраттық құрылғы осы үрдісті орындайтынын көрсетті.

Мәлімттерді жинақтаушы кез келген уақытта жинақтаушыға орналастыратын және қандай да бір уақыт өткенне соң одан ақпаратты алып шығатын ақпаратты сағтауға арналған абстаркті құрылғы. Ақпаратты орналастыру және алып шығу тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін.

Мәліметтерді жинақтаушы картотекадағы жәшік түрінде, жедел жадыдағы кестелер, магнитті тасымалдағыштардағы файл және т. б. түрінде жүзеге асуы мүмкін. Мәлімттер жинақтаушысы «D» әрпімен және кез келген санмен белгіленеді. Жинақтаушы аты жобалаушы үшін мейлінше ақпараттануға байланысты.

Мысалы:



Салық төлеушілердің реестрі

D1

10-сурет. Мәліметтерді жинақтаушының графиктік бейнеленуі


Мәліметтер жинақтаушы келешектегі мәліметтер қорының бейнесі болып табылады, ондағы сақталынған мәліметтердің сипаттамасы ақпараттық модельге (ERD) сәйкес келуі керек.

Мәліметтер ағыны қайнар көзден (источник) қабылдаушыға берілетін ақпаратты анықтайды. Мәліметтердің шынайы ағыны 2 құрылғы арасында коммуникация каналы бойынша берілетін, почта арқылы жіберілетін хаттармен, бір компьютерден 2-компьютерге ауысатын магнитті тасымалдашы ақпарат болуы мүмкін.

Диаграммада мәліметтер ағыны ағынның бағытын көрсететін стрелкалары бар сызықпен кескінделеді. Мәліметтердің әрбір ағынында оның мазмұнын бейнелейтін аты болады.

Мысалы, суретте кіріс салығы бойынша есеп берілген (отчет):



11-сурет Мәліметтер ағыны


DFD иерархиясын тұрғызудың басты мақсаты бөлшектердің әрбір кезеңінде жүйеге қойылатын талаптарды айқын және түсінікті ету, сондай-ақ бұл талаптарды олардың арасында нақты анықталған қатынастармен бөліктерге бөлу. Осы айтылғандарға жету үшін келесі ұсыныстар жасалады:

1) әрбір диаграммада 3-тен 6-7 үрдіске дейін орналастыру қажет. Жоғары шекаралар көптеген ішкі байланыстармен күрделі жүйені бір уақытта қабылдау мен түсінудің адам мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Төменгі шекара бөлшектеудің қажет еместігіне әкеледі.

2) анықталған деңгейде диаграмманы маңызды емес детальдармен толтырмау.

3) мәліметтер ағындарының декомпозициясымен параллель жүзеге асыру. Бұл 2 жұмыс бір уақытта орындалуы қажет.

4) үрдістер мен ағындардың анық аттарын таңдау және қысқартулар қолданбау.

DFD иерархиясын құрудың алғашқы қадамы – контексті диаграмманы тұрғызу болып табылады. Қарапайым жүйелерді жобалауда жұлдыз тәрізді топологиямен жалғыз контексті диаграмма тұрғызылады. Топологияның ортасында ақпаратты беру көздерімен және қабылдаушылармен біріккен басты үрдіс болады, оның көмегімен пайдаланушылар және т. б. сыртқы жүйелер осы жүйемен өзара әрекетке түседі. DFD контексті диаграммасын тұрғызудың алдында жүйенеің қызметіне әсер ететін сыртқы оқиғаларды, яғни сыртқы мәндерді талдап алу қажет. Контексті диаграммада ағындардың саны мүмкіндігінше көп болмауы керек, себебі олардың әрқайсысы диаграмманың келесі деңгейлерінде бірнеше ағындарға бөлінуі мүмкін.

Контексті диаграмманы тексеру үшін оқиғалар тізімін құру керек. Ол сыртқы мәндердің (оқиғалардың) әрекеттерінің сипаттамаларынан оқиғаларға жүйенің сәйкес әсерінен тұруы қажет. Әрбір оқиға мәліметтердің бір (немесе одан көп) ағындарына сәйкес келеді: кіріс ағындар әсерлер ретінде интерпретацияланады, ал шығыс ағындар кіріс ағындарға жүйенеің әсері ретінде интерпретацияланады.

Егер күрделі жүйені бір ғана контексті диаграммамен шектейтін болсақ, онда ол ақпаратты беруші және қабылдаушы өте үлкен ақпараттармен сипатталады да, оны стандартты форматтағы қағаз бетіне орналастыру қиынға соғады және де басты үрдіс жүйенің құрылымын толық аша алмайды. Күрделілік белгілері сыртқы мәндері көп болғанда, жүйенеің таратылғандығы, жүйенің көп қызметтілігімен анықталады.

Күрделі жүйелер үшін контексті диаграммалардың иерархиясы құрылады. Жоғары деңгейдің контексті диаграммасында бір ғана үрдіс болмауы мүмкін, мәліметтер ағынадарымен біріктірілген ішкі жүйелердің жиынын құрайды. Контексті диаграмманың келесі деңгейлері контексті және ішкі жүйені бөлшектейді.

Контексті диаграммалардың иерархиясы негізгі функционалды, ішкі жүйелердің өзара әрекеттесуін және жүйе өзара әрекеттесетін мәліметтердің сыртқы кіріс және шығыс ағындарымен және сыртқы объектілермен (ақпарат көздері және қабылдаушылар) өзара әрекеттесуін анықтайды.

Контексті диаграммаларды әзірлеу жүйенің жобалануының ерте кезеңінде функционалдық құрылымын қатал анықтау мәселесін шешеді. Бұл әзірлеуде әртүрлі мекемелер мен әзірлеушілер ұжымы қатысатын күрделі көп қызметті жүйе үшін ерекше маңызды.

Контексті диаграмманы тұрғызғаннан кейін алынған модельді жүйенің объектілері туралы бастапқы мәліметтердің толықтығына және объектілердің оқшаулануына, яғнт басқа объектілермен ақпараттық байланыстардың жоқтығына тексеру қажет.

Контексті диаграммада қатысатын кез келген ішкі жүйе үшін DFD көмегімен оны бөлшектеу орындалады. Мұны әр оқиға үшін диаграмма құру арқылы орындауға болады. Әрбір оқиға сәйкес кіріс және шығыс ағындарымен, мәліметтер жинақтаушыларымен, сыртқы мәндерімен және осы үрдістер арасындағы және оның қоршаған ортасымен байланыстарын сипаттау үшін басқа үрдістерге сілтемелерімен үрдіс түрінде көрсетіледі.

DFD-дағы әрбір үрдіс өз кезегі бойынша DFD көмегімен немесе спецификациямен (егер үрдіс қарапайым болса) бөлшектенеді. Бөлшектеуде келесі ережелер орындалуы керек:



  1. балансировкалау ережесі – ішкі жүйені немесе үрдісті бөлшектеу барысында бөлшектенетін диаграмма мәліметтердің сыртқы көздері немесе қабылдаушысы ретінде тектік (родительская) диаграммамен бөлшектенетін ішкі жүйенің немесе үрдістің ақпараттық байланысы болатын компоненттерге (ішкі жүйелер, үрдістер, сыртқы мәндер, мәліметтер жинақтаушы) ие болады.

  2. нөмірлеу ережесі – үрдістерді бөлшектеу барысында олардың иерархиялық нөмірленуі сақталуы керек. Мысалы: 12-нөмірлі үрдісті бөлшектейтін үрдістер 12.1, 12.2, 12.3 және т. б. нөмірленеді.

Үрдістің спецификациясы жобаны жүзеге асыруды орындайтын маман оларды орындай алатындай немесе сәйкес бағдарламаны әзірлей алатындай үрдістің негізгі қызметтерін анықтайды.

Спецификация DFD иерархиясының терминальды төбесі болып табылады. Үрдісті бөлшектеу аяқтау және спецификацияны қолдану туралы шешімді келесі критерийлерді еспке ала отырып талдаушы (аналитик) қабылдайды:



  1. үрдісте мәліметтердің кіріс және шығыс ағындарының көп болмауы (2-3 ағын);

  2. үрдістің мәліметтерді тізбектілік алгоритм түпде түрлендіруді ипаттау мүмкіндігі;

  3. үрдістің кіріс ақпаратты шығыс ақпаратқа түрлендіретін жалғыз логикалық функцияны орындауы;

  4. үлкен емес көлемдегі (20-30 жол) спецификацияның көмегімен үрдістің логикасын сипаттау мүмкіндігі;

Спецификациялар келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

  1. төменгі деңгейдің әрбір үрдісі үшін тек бір ғана спецификация болуы керек.

  2. спецификация кіріс ақпараттың шығыс ақпаратқа түрленуінің тәсілін анықтау қажет.

  3. талаптарды қалыптастыру кезеңінде осы түрлендіруді жүзеге асырудың әдісін анықтау қажеттілігі жоқ.

  4. спецификация артықшылықты (избыточность) шектеуге ұмтылыу қажет, яғни диаграммада анықталғандарды қайта анықтаудың қажеті жоқ.

  5. специфкацияны тұрғызудың конструкциясының жиыны қарапайым және түсінікті болуы керек.

Спецификация дегеніміз үрдістермен орындалатын есептердің алгоритмдерін сипаттау. Спецификациялар үрдістің нөмерін және/немесе атын, кіріс және шығыс мәліметтерінің тізімін,мәліметтердің кіріс ақғындарын шығыс ағындарына түрлендіретін, алгоритмнің немесе амалдың (операциялардың) спецификациясы болып табылатын үрдістің денесін (сипаттамасын) құрайды.

Үрдістің денесін сипаттауға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістері өте көп. Осы әдістерге сәйкес тілдер құрылымданған табиғи тіл немесе псевдокодтан жобалаудың визуалды тілдеріне дейін өзгеруі мүмкін.

Құрылымданған табиғи тіл үрдістердің специфкациясын қатаң сипаттауда қолданылады. Ол бағдарламалау тілінің қаталдығы мен табиғи тілдің тазалығы үйлесімділігін көрсетеді және нақты логикалық құрылымдардағы сөздердің ішкі жиынынан, арифметикалық өрнектер мен диаграммалардан тұрады.

Тілдің құрамына келесі негізгі символдар кіреді:



  1. әрекетке бағытталған және объектілерге қолданылатын етістіктер.

  2. Ақпараттық жүйелер жобасының кез келген кезеңінде анықталған терминдер. Мысалы, есептер, процедуралар, мәліметтер символдары және т. б.

  3. логикалық қатынастардағы жалғаулықтар.

  4. жалпы қолданылатын математикалық, физикалық және техникалық терминдер.

  5. арифметикалық теңдеулер.

  6. кестелер, диаграммалар, графтар және т. с. с.

  7. комментарийлер.

Тілдің басқару құрлымына тізбектілік конструкция, таңдау конструкциясы және итерация (цикл) жатады.

Құрылымдық табиғи тілді қолдануда келесі келісімдер қабылданған:



  1. үрдіс логикасы тізбектілік (сызықтық) конструкция, таңдау конструкция және итерация түрінде өрнектеледі.

  2. етістіктер белсенді, бір мәнді және мақсатты әрекетке бағытталған болуы керек. Мысалы: толтыру, есептеу, алу және т. б.

  3. үрдіс логикасы айқын және бірмәнді өрнектелуі керек.

DFD иерархиясын тұрғызу барысында үрдістерді бөлшектеуге мәліметтер құрылымының көмегімен сипатталатын мәліметтердің барлық ағындары мен жинақтаушыларының мазмұнын анықтағаннан кейін көшу керек. Мәліметтердің әр ағымына оның барлық мәліметтерінің элементтерінің тізімі құрылады, содан кейін мәліметтер элементтері мәліметтердің ірі объектілеріне сәйкес келетін мәлеметтер құрылымына біріктіріледі. Мысалы, құжаттардың жолдарына немесе пәндік аймақтың объектілеріне әрбір объект оның атрибуттары болатын элементтердің сипаттамаларын қамтиды. Мәліметтер құрылымы альтернативтерді, шартты кірістерді (вхождения) және итерацияны құрайды. Шартты кірістер (вхождение) нақты компоненттің құрылымда болмауын көрсетеді. Мысалы, «қызметкер» объектісі үшін «сақтандыру туралы мәліметтер» құрылымы. Альтернатива құрылымға тізімделген (аталған) элементтердің біреуін кіретіндігін білдіреді. Итерация берілген диапазонда элементтердің кез келген саны кіретіндігін көрсетеді. Мысалы: «қызметкер» объектісі үшін «баласының аты» элементі. Мәліметтердің әрбір элементі үшін оның типі көрсетіледі: үздіксіз немесе дискретті мәліметтер.

Үздіксіз мәліметтер үшін өлшем бірліктері (кг, см, т. с. с.), мәндер диапазоны, көрсету дәлдігі және физикалық кодтау формасы көрсетілуі мүмкін. Дискретті мәліметтер мүмкін мәндер кестесі болуы мүмкін.

Жүйенің аяқталған моделін тұрғызып болғаннан кейін оны верификациялау ( толықтығына және келісімдігіне тексеру ) қажет. Толық модельде оның барлық объектілері тиянақты сипатталуы керек және бөлшектенуі қажет. Бөлшектенбеген объектілерді айқындап, әзірлеудің алдыңғы қадамдарына қайта оралып, бөлшектеу керек. Келісілген модельде мәліметтердің ағындары мен мәліметтердің жинақтаушылары үшін ақпаратты сақтау ережесі орындалады: келіп түскен барлық мәліметтер оқылуы керек, ал барлық оқытылатын мәліметтер жазылуы керек.

Мәліметтерді модельдеу мақсаты – жүйені әзірлеушіні мәліметтер қорының кез келген жүйесінде жеңіл бейнеленуі мүмкін бір модель немесе бірнеше локальды модельдер формасында мәліметтер қорының концептуалды схемасымен қамтамасыз ету.

Мәліметтерді модельдеудің неғұрлым кең таралған құралы – «мән-байланыс» (ERD) диаграммалары болып табылады. Оның нотациясын алғаш рет Питер Чен 1976 жылы енгізген. ERD-ның негізгі ұғымдары: 1) Мән (Entity) қарастырылатын пәндік аймақта маңызды мәні бар нақты немесе қиялдағы (елестегі) объект.

Әрбір мәннің бірегей идентификаторы болады. Мәннің әрбір экземпляры бір мәнді идентификацияланып, мәннің берілген типінің әрбір барлық экземплярынын ерекшеленуі керек.

Әрбір мән келесі қасиеттерге ие болады:

- бірегей аты болуы керек, сол бір атқа әрқашан тек бір ғана интерпретация қолданылады, бір ғана интерпретация әртүрлі аттарға қолданыла алмайды, егер тек олар псевданимдер болып табылмаса.

- мәнге тиісті болатын немесе байланыс арасында мұраланатын бір немесе бірнеше атрибуттарға ие болады,

Әрбір мән модельдің басқа мәндерімен байланыстың кез келген санына ие болуы мүмкін.

Байланыс (Relationship) – қарастырылатын пәндік аймақта үшін маңызды болатын екі мәннің арасындағы атаулы ассоцияция. Мұнда бір мәннің әрбір экземпляры басқа мәннің экземплярларының кез келген санымен (соның ішінде 0-дік) ассоциацияланады және керісінше.

Атрибут (Attribute) – қарастырылатын пәндік аймақта маңызды болатын мәннің кез келген мінездемесі және квалификация, идентификация, классификация, сандық мінездемелеріне немесе мәннің жағдайын өрнектеуге арналған.

Атрибут нақты немесе абстрактілі объектілердің жиынымен ассоциацияланатын мінездемелері немесе қасиеттерінің типін көрсетеді. Атрибуттың экземляры – жиынның жекелеме элементінің анықталған мінездемесі. Атрибут экземпляры мінездемесінің типі мен оның «атрибут мәні» деп аталатын мәнімен анықталады. «Мән- байланыс» диаграммасында атрибуттар нақты мәндермен ассоциацияланады. Сол себепті, мәннің экземпляры ассоцияланған атрибут үшін жалғыз анықталған мәнге ие болуы керек.

SILVERUN CASE-құралында мәліметтерді концептуальді модельдеу үшін (талаптарды қалыптастыру кезеңінде) Чен нотациясынан аз ғана ерекшеленетін нотация қолданылады. ERD-диаграммасында мән тік жақшамен белгіленеді, оған мәннің аты жазылады, ал байланыс өзара әрекеттесетін мәндердің әрқайсысымен сызықпен байланысқан эллипспен белгіленеді. (Чен нотациясында байланыс ромбпен белгіленеді). Сызықтардың үстіне байланыс дәрежесін және міндеттілігін көрсетеді. Мән мен байланыстың белгіленуі 12-суретте берілген.



Банктік

есеп-шот





Физикалық

тұлға

0 ,N 1,1

12-сурет. Мән мен байланыстың белгіленуі
Мұнда (0,N) жұбы білдіреді: физикалық тұлғаның банктік есеп-шоты болмауы мүмкін (міндетті емес байланыс) немесе бірнеше есеп- шоты болуы мүмкін (байланыс дәрежесі – N).

Ал (1,1) жұбы: әрбір банктік есеп-шоты бір физикалық тұлғаға тиісті болады (міндетті байланыс) және тек бір ғана физикалық тұлғаға тиісті болады (байланыс дәрежесі - 1).

Атрибуттарды сипаттауда тік төтбұрыштың жоғарғы бөлігінде мәннің аты жазылады, ал төменгі бөлігінде мәнді сипаттайтын атрибуттардың тізімі жазылады. Әдетте идентификаторлар атрибуттар тізімінің басында пайда болады. Мысалы: Мемлекеттік салық инспекциясының ақпараттық жүйесі үшін “Заңды тұлғалар” мәнінің графиктік көрсетілімін көрсетейік (13-сурет).


Заңды тұлға


СТН

МСИ нөмірі

ҰҚФ коды

Қызмет түрінің коды

Атауы

Мекен-жай



Жетекші

идентификатор

13-сурет. Мәннің графиктік көрсетілімі


СТН – Салық төлеушінің нөмірі.

МСИ – Мемлекеттік салық инспекциясы.

ҰҚФ – Ұйымдастырушы құқықтық формасы.
Идентификатордың мынандай түрлері бар:


  1. алғашқы/альтернативті;

  2. қарапайым/құрама;

  3. абсолютті/салыстырмалы;

Алғашқы/альтернативті: Мәнде бірнеше идентификаторлар болуы мүмкін. Оның біреуі негізгі (алғашқы), ал қалғандары альтернативті болып табылады. Алғашқы идентификатордың диаграммада асты сызылады. Альтернативті идентификаторларда алғашқы альтернативті идентификатор <1> символымен, екінші <2> және т.с.с. белгіленеді. Мәліметтердің концептуальды модельденуінде алғашқы және альтернативті идентификаторлар қоданылмайды. Мәліметтердің концептуальды моделінен алынған реляциялық моделінде алғашқы кілттер сыртқы кілттер ретінде қлданылады. Альтернативті идентификаторлар сыртқы кілттер ретінде басқа кестелерге көшірілмейді.

Қарапайым/құрама: бір ғана атрибуттан тұратын идентификатор – қарапайым, ал бірнеше атрибуттан тұратыны – құрама идентификатор деп аталады. “Қызметкер” мәніне кұрама идентификаторға мысал келтірейік (14-сурет).



Қызметкер

Табель нөмірі

<1> Фамилия

<2>Туған датасы

Аты


Мекен – жайы

Құрама альтернативті

идентификатор
14-сурет. Құрама идентификатор
Абсалютті/салыстырмалы: идентификаторды құратын барлық атрибуттар мәнге тиісті болса, онда идентификатор абсолютті болып табылады. Егер идентификатордың бір немесе одан да көп атрибуттары басқа мәнге тиісті болса, онда идентификатор салыстырмалы болып табылады. Алғашқы идентификатор салыстырмалы болса, мән тәуелді мән ретінде анықталады, себебі оның идентификаторы басқа мәнге тәуелді. Төмендегі 15-суретте “Тапсырыс_жолы” мәнінің идентификаторы салыстырмалы болып табылады. Ол “Тапсырыс” мәнінің идентификаторын қамтиды, ол суретте 1,1 деп асты сызылып көрсетілген.


Тапсырыс

Тапсырыс нөмірі

Тапсырыс датасы жалпы сома







Тапсырыс_жолы

Жол нөмірі

Өнім нөмірі

Өнім сипаттамасы

Өнім саны



1,N


1,1

15-сурет. Салыстырмалы идентификатор


Мән сияқты байланыстар да атрибуттарға ие болады. Төмендегі 16-суреттен байланыстың атрибуттарына мысал келтірейік. Бұл мысалда студенттің бағасын табу үшін студенттің идентификаторын ғана емес, оның курс нөмерін де білу қажет. Баға студент атрибуты немесе курс атрибуты да болып табылмайды; ол осы 2 мәннің де атрибуты болып табылады. Бұл студент және курс байланыстары арасындағы атрибут, ол суретте «тіркеу»деп аталады.

Студент

Студент идентификаторы

Студент аты

Мекен – жайы

Телефон





Курс

Курс нөмірі

Курс сипаттамасы




0,N 0,N

16-сурет. Атрибуттармен байланыс


Мәліметтердің концептуальды моделінде мәндер арасындағы байланыс мән экземплярларының арасындағы байланыс экземплярларының жиынын көрсететін тип болып табылады. Мәннің нақты экземплярын идентификациялау үшін мәннің идентификаторы қолданылады. Сол сияқты мәндер арасындағы байланыстардың экземлярларын анықтау үшін байланыс идентификаторы қажет. Жоғарыда келтірілген “Студент” және “Курс” мәндерінің арасындағы “Тіркеу” байланысының идентификаторы студент пен курс нөмірі идентификаторы болып табылады, себебі олар бірге студенттер мен курстар байланыстарының нақты экземплярын анықтайды.

“Супертип-ішкі тип” (Супертип-подтип ) байланысында типтің жалпы атрибуттары супертип – мәнінде анықталады, мән – ішкі тип супертиптің барлық атрибуттарын мұралайды (17-сурет). Ішкі тип экземпляры супертиптің нақты экземпляры бар болғанда ғана болады. Ішкі типтің идентификаторы болмайды болмайды, ол оны супертиптен алады.




Мекеме

Реестрлік нөмір



0,1 0,1



Заңды тұлға

Ұйымдық-құқықтық форма коды

Қызмет түрі коды

Атауы

Мекен жай






Жеке тұлға

Төлқұжат номері

Төлқұжат сериясы



17-сурет. “Супертип-ішкі тип” байланысы
Мәліметтер қорын жобалау үрдісінде мәліметтердің концептуальді моделі реляциялық моделіне түрлендіреді, оны сипаттау үшін жеке графиктік нотация қолданылады.

Концептуальды модельдің әрбір конструкциясы реляциялық мәліметтер қорының негізгі екі конструкциясы болып табылатын кестелерге немесе кесте бағандарына түрленеді.

Реляциялық және концептуальды модельдердің негізгі айырмашылығы байланысты көрсетуде болып табылады: концептуальды модельде байланыс мәннің санын байланыстыруы мүмкін, ал реляциялық модельде байланыс не унарлы, не бинарлы болады, яғни ол әртүрлі 2 кестеден артық кестелерді байланыстыра алады.

Мекеменің қызметкерлерінің жүйесінің мәліметтерінің концептуальды моделі қалай тұрғызылатынын мысал арқылы көрсетейік. Мекеме қызметкерлер жұмыс жасайтын бөлімдерден тұрсын. Әр қызметкердің жалақысы оның атқаратын қызметіне байланысты. Мекемеде қызметтерді қоса атқару мүмкіндігі бар деп қарастырайық, яғни қызметтер бірден артық қызметті атқара алады. Сондай-ақ бір ғана қызметті бір уақытта бірнеше қызметкер бөлісе алады.



  • Бөлім (Бөлім-нөмірі) ;

  • Қызметкер (Табель_нөмірі, Аты-жөні);

  • Қызметтер (қызмет_атауы, Жалақы)

және олардың арасында Жүктеме атрибутымен _жұмыс істейді байланысы, нақты қызметкердің қызметтік жалақының қандай бөлігін алатындығын анықтайды. Сонымен осы жүйенің концептуальды моделінің диаграммасын тұрғызайық (18-сурет).

Қызметкер

Табель_нөмірі

Аты-жөні

Бөлім

Бөлім_ нөмірі



Атқаратын қызмет

Қызмет _атауы

Жалақы

1,N 0,N
1,1


18-сурет. Бастапқы диаграмма


Диаграммада бейнеленген тернарлық байланыс пәндік аймақ туралы ақпаратпен мейлінше адекватты бейнелейді. Шынымен де, ол бір мәнді түрде қызметкердің жалақысы оның қызметіне, қай бөлінде істейтіндігіне және жүктемесіне байланысты. Бірақ бұл жағдайда байланыстың дәрежесін анықтауммен кейбір мәселелер туындайды. Жоғарыда айтқанымыздай әр қызметкер бірнеше қызметті атқара алады, ал әрбір бөлімнің штатында әрбір қызметтерден бос орындар бар, соған қарамастан Қызмет мәніне тиісті класта (1,1) байланыс көрсетілген. Бұл Қызмет Қызметкер және Бөлім мәндерімен емес, олардың арасындағы байланыспен ассоциацияланады.

Қызметкерлер, бөлімдер және қызметттердің ассоциациясын бинарлық байланыс арқылы бейнелейік (19-сурет). Бұл жағдайда пәндік аймақтың семантикасын адекватты сипаттау үшін Штаттық бірлік деген тағы бір мәнді енгізу қажет ол_жұмыс істейді байланысын алмастыра алады, сондықтан Штаттық жүктеме атына ие болады.




19-сурет. Бинарлық байланыс диаграммасы

Модельді қарастырылып отырған мекеменің мәліметтерін модельдеуде пайдалы болатын мәндермен толтырайық. Бұл мәндер тапсырыс берушылермен, контрактілермен және жұмыс топтарымен байланысты болу керек. Бір тапсырыс берушімен бірнеше контракт бекітілуі мүмкін., әр контракт нақты тапсырыс берушімен бекітіледі, ал әрбір тапсырыс берушінің ең болмағанда бір контрактісі бар. Әр контрактіні орындау үшін жұмыс тобы құрылады, оған әртүрлі бөлімдердің қызметкерлері кіреді. Әрбіп қызметкер бірнеше жұмыс тобында болуы мүмкін, әрбір жұмыс тобында ең болмағанда бір адам болуы керек. Жұмыс тобы сәйкес жұмыс тобы мүшелерінің еңбегіне төлеуге арналған контракт құнының бөлшегін көрсететін сыйақы пайызымен мінезделеді. Жұмыс тобы иапсырыс берушімен контрактіге қол қойылғаннан кейін құрылады және контракт орындалғаннан кейін жұмысы тоқтатылады. Жұмыс тобының бір мүшесі жетекші қызметін атқарады. Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды жалпылай келе “мән-байланыстың” жаңа толықтырылған диаграмма салуға болады.

Ақпараттық жүйелерді жобалау кезеңінде қолданылатын модельдер жобаланатын жүйенің функционалдық құрылымын сипаттауға арналған. Осыған дейін тұрғызылған DFD диаграмма мұнда нақтыланады, кеңейтіледі жаңа конструкциялармен толықтырылады. DFD-дан басқа бағдарламалық қамтамасыздандырылудың архитектурасын, экрандық формалардың және меню иерархиясын, бағдарламалардың құрылымдық схемасын және т.б. бейнелейтін басқа да диаграммалар қолданылады. Диаграмма құрамы және оларды детализациялау (бөлшектеу) дәрежәсі жүйенің келесі жүзеге асуына (бағдарламалауға) тікелей көшуі үшін оны сипаттаудың қажетті толықтығымен анықталады.

DFD түрінде көрсетілген бизнес-үрдіс моделінен жүйелік үрдістер моделіне былайша көшеді:

1) контекст диаграммада сыртқы мәндер техникалық құрылғылармен (жұмыс станцияларымен, принтерлермен және т.б.) алмастырылады және толықтырылады.

2) мәліметтердің әр ағынына ақпарат қандай техникалық құрылғының көмегімен берілетіндігі немесе шығарылатыны анықталады.

3) 0-дік деңгейдегі диаграммадағы үрдістер сәйкес процессорлармен - өңдеуші құрылғыоармен алмастырылады (процессорлар, техникалық құрылғылар – пайдаланушының ДК, жұмыс станциялары, мәліметтер қорыны серверлерімен қатар қызметкер-орындаушылар да бола алады).

4) процсссорлар арасындағы байланыс типі диаграммада анықталады және кескінделеді. Мысалы, локальды желі – LAN.

5) әрбір процессор (жүйенің жұмысы үшін қажетті қосымшалар) үшін міндеттер (есептер) анықталады, олар үшінсәейкес диаграммалар тұрғызылады. Есептер арассында байланыс типі айқындалады;

6) мәліметтер ағындарының диаграммаларының келесі деңгейлерінің есептері мен үрдістері арасында сілтемелер орнатылады.

Экрандық форма иерарахиясы экрандық формалардың тізбектерінің диаграммаларының көмегімен модельденеді. Осындай диаграммалардың жиынтығы қосымшада экрандық формалардың пайда болу тізбегін бейнелейтін жүйенің пайдаланушы интерфейсінің абстракті моделін білдіреді. Экрандық формалар тізбектерінің диаграммаларын тұрғызу келесілерге сәйкес орындалады:

1) DFD-да төменгі деңгейдің интерактивті үрдістері таңдалынады. Интерактивті үрдістер пайдаланушы интерфейсін қажет етеді, сол себепті әрбір осындай үрдіс үшін экрандық форманы анықтау қажет;

2) диаграмманың төменгі деңгейінде әрбір интерактиті үрдіс үшін диаграмма тік 4L түрінде бейнеленеді;

3) меню құрылымы анықталады. ол үшін интерактивті үрдістер менюге топталады. Бұл үрдістер моделіндегідей немесе басқа тәсілмен, яғни функционалдық белгілеріне немесе нақты біробъектілерге тиістілігіне тәуелділігіне топталады;

4) меню формалары сәйкес интерктивті үрдістердің формаларының үстіне орналастырылады да, олармен менюден формаға дейін бағытталған стрелкалармен біріктіріледі;

5) барлық формалады менюмен байланыстыратын жоғары форма, яғни қосымшаның басты формасы анықталады.


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау