Internet — Интернет желісінде қосымша Web-серверін құру; • FastNet — Инетернет
желісіне кіру хаттамасын қамтамасыз ету; • Decision Cube — Көп өлшемді талдау; •
QReport — Есепті құрастыру; • DiaIogs — Стандартты сұхбаттық терезені құру; • Win3.1
— Windows3.1 интерфейсі; • SampIes — Бірге қойылатын жүйелік мысалдар; • ActivX —
ActivX компанентті; • COM+ - Аттас объектілерді басқару; • InterBaseAdmin — Аттас
берілгендер қорына кіру мүмкіндігін басқару; • WebSnap — Web-серверінің қосымшасын
құру; • Server — Жалпы COM серверлер VCL бөлігі үшін; • IndyCIients — Клиент үшін
Интернет тәуелсіз тұжырымдама компоненті; • Indy Servers - Сервер үшін тәуелсіз
тұжырымдама компоненті; • Indy Miss — Интернеттің қосымша тәуелсіз тұжырымдама
компонентті. 2. Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма
программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi
алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне
тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту
және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда
экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру
жеткілікті. 3. Форманы не онда орынатылған компонентті программа құру үшін дайындау
оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект
инспекторы (Object Inspektor) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару
үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компоненттін) бір шерту
арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да
жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties - қасиеттер және Events —
оқиғалар. Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties
бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға
сәйкес жазылғандар — олардың мәндері. 4. Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен
тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі
модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған.
Модульге оқиғаларға сәйкес ic-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар)
енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, терезені программалық код терезесі
не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма
терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері: - форманы жабу
(жабу түймесін шерту); код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту.
Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгісі) көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: