Коаксиалдық кабель. Коаксиалдық кабельді қосу үшін арналған жабдық.
Сабақтың мақсаты: Кабель мінездемесін суреттеу кезінде желілік кабельдердің негізгі типтері туралы және қолданылатын терминдер туралы түсініктеме алу; жіңішке сызықты және кең сызықты жөнелту туралы түсінік алу; нақты желілік ортаға арналған оптималды кабель типін анықтай алуды үйрену.
Теориялық бөлімі
Кабельдердің негізгі топтары
Қазір компьютерлік желілердің басым бөлігі өткізгіш немесе кабельді жалғау үшін қолданылады. Олар компьютерлер арасындағы сигналдарды беру ортасы ретінде жұмыс істейді.
Көпшілік желілерден кабельдің үш негізгі түрі ғана қолданылады:
коаксиалды кабель (coaxial cable);
бұралған жұп (twisted pair);
экрандалмаған (unshielded);
экрандалған (shielded);
оптикалық талшықты (fiber optic).
Коаксиалдық кабель.
Коаксиалды кабель кабельдің көп тараған түрі. Бұл екі түрлі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол қымбат емес, жеңіл, иілгіш және қолдануға қолайлы. Екіншіден, коаксиалдық кабельдің кең тараған атағы оны орнату кезіндегі қауіпсіздігімен қарапайымдылығына әкелді.
Коаксиалды кабель мыс жіптен, оны қоршаған ортасынан оқшаулау, металды орау мен сыртқы қап түріндегі экранннан тұрады. (№1 сурет) Егер кабель металдық ораудан басқа фольга қабаты бар болса, онда ол қос экрандалған кабель деп аталады. Күшті кедергілер болса төрт есе экрандалған кабельді пайдалануға болады. Ол қос қабат фольгамен қос қабат мысты ораудан тұрады.
Кабельдердің кейбір типтерін мыс торлар – экран (shield) жауып тұрады. Ол кабель бойынша беріліп жатқан мәліметтерді кедергілер немесе шуыл деп аталатын сыртқы электромагниттік сигналдарды жою арқылы қорғайды. Осылайша, экран кедергілерге мәліметтерді бұзуға жол бермейді.
Электрлік сигналдар жіп бойынша беріледі. Жіп – бұл бір өткізгіш (тұтас) немесе өткізгіштердің орамы. Тұтас жіп қалайыдан дайындалады.
Жіп оны металдық ораудан бөлетін оқшаулы қабатпен қоршалған. Орау жерлендіру (заземление) рөлін атқарады және жіпті электрлік шуылдардан (noise) және қиылысқан кедергілерден (crosstalk) қорғайды. Қиылысқан кедергілер – бұл көрші өткізгіштердегі сигналдардан туындаған электрлік туралау (наводка).
Сурет 1. Коаксиалды кабельдің құрылымы
Өткізілетін жіп (жила) және металды орау бір біріне тимеуі тиіс, әйтпесе айқас тұйықталу (замыкание) болады, кедергілер жіпке еніп, мәліметтер бұзылады. Кабель сыртынан резинамен, тефлонмен немесе пластикамен өткізбейтін қабатпен жабылған. Коаксиалды кабель кедергілерге қарсы тұра алады, онда сигналдардың өшуі бұралған жұпқа қарағанда аздау. Өшу (attenuation) — бұл сигналдың кабель бойынша көшуіндегі көлемінің кішірейуі. (Сурет №2)
Сурет 2. Сигналдың өшуі оның сапасының нашарлауына әкеледі
Өрілген орау қабығы сыртқы электромагниттік сигналдарды жіп бойынша беріліп жатқан мәліметтерге әсер етуге мүмкіндік бермей сіңіреді, сондықтан коаксиалды кабельді алыс қашықтыққа беруде қолдануға болады.
Коаксиалды кабельді:
сөйлеген сөзді, бейне көрініс және қос мәліметтерді жөнелту ортасы үшін;
мәліметтерді үлкен ара қашықтыққа жіберу (қымбат кабельдермен салыстырғанда);
мәліметтерді қорғаудың жеткілікті деңгейін ұсынатын технология қажет болса пайдалану тиіс.
Коаксиалды кабельдердің екі типі бар:
Қандай да болмасын кабель типін таңдау нақты желінің қажеттілігіне байланысты.
2.1. Жіңішке коаксиалды кабель
Жіңішке коаксиалды кабель – диаметрі шамамен 0,5 см иілгіш кабель. Ол пайдалануда қарапайым,ол компьютердің желілік адаптер платасына тікелей. (сурет №3)
Сурет 3. Жіңішке коаксиалды кабельді компьютерге қосу
Жіңішке коаксиалды кабель өшуден туындаған бүлінуді білдіртпей сигналды қашықтығы 185 м (шамамен 607 фут)дейін бере алады.
Жабдықты өндірушілер кабельдердің әртүрлі типтеріне арнап арнайы маркировкаларды жасап шығарған (№ 1 кесте). Жіңішке коаксиалды кабель RG-58 семьясы деп аталатын топтарға жатады, оның толқындық қарсыласуы (impedance) 50 0м тең. Осы семьяның негізгі өзгеше ерекшелігі – мыс жіп. Ол тұтас немесе бірнеше өрілген өткізгіштерден тұруы мүмкін. (№4 сурет)
Сурет 4. Жіп– өрілген өткізгіштер немесе тұтас мыс өткізгіш
2.2. Жуан коаксиалды кабель
Қалың коаксиалды кабель диаметрі шамамен 1 см қатты кабель. Кейде оны «стандартты Ethernet» деп атайды, өйткені ол Ethernet желілік сәулетінде қолданылатын алғашқы кабельдің типі болды. Осы кабельдің мыс жібі жіңішке коаксиалды кабельмен салыстырғанда қалыңдау. (Сурет №5)
Кесте 1.
Кабельдер типі
Кабель
| |
RG-58/U
|
Тұтас мыс жіп
|
RG-58 А/U
| Өрілген өткізгіштер |
RG-58 C/U
|
RG-58 A/U үшін арналған әскери стандарт
|
RG-59
|
Кең жолақты хабар үшін қолданылады (мысалы, кабельді телевиденияда)
|
RG-6
|
RG-59 салыстырғанда диаметрі үлкен, жоғары жиіліктерге арналған, бірақ кең жолақты хабарлар үшін де пайдаланылады
|
Достарыңызбен бөлісу: |