Жарғылық капитал құрылатын фирманың активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, қатысушы осы салымдар шегінде осы фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді.
Жария етілген құн – Номиналдық құны қойылмаған директорлар кеңесінің тағайындаған акциялар құны.
Жеке ұйым - Меншік иелерінен, несиелендірішілер мен клиенттерден жеке мағынада қаралатын бизнес.
Жойылу дивидендтері – бөлінбеген пайда сомасынан жоғары сомадағы дивидендтер. Корпорация өз қызметін қысқартқан немесе тоқтатқан жағдайда төленеді.
Жою құны - негізгі құрал-жабдықты пайдалы қызмет мерзімінің аяғында жою кезінде істен шығыуына байланысты межелі шығынды шегеріп тастағанда пайда болатын босалқы бөлшектердің, сынықтың, қалдықтардың алдын-ала ойластырылатын, болжалды құны.
Залал - субъектінің қаржы-өндірістік қызметі барысында экономикалық пайданың азаюына апарып соқтырған шығысы (қаржы, материалдық шығысы)
Достарыңызбен бөлісу: |