Н.4.02-01
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Факультет Кеңесі шешімімен
факультет деканы
__________ _______________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
«_____» __ 20 ____ ж.
Студенттерге арналған пән
БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пән : Педагогика тарихы (жалпы және мектепке дейінгі)
5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы
Көкшетау 2012ж
Студенттерге арналған пән бағдарламасын (силлабус) құрған аға оқытушы, педагогика және психология магистрі Пазылова Г.Ш ҚР МЖМБС 6.08.011-2009 негізінде құрылды
Әлеуметтік педагогика және оқыту әдістемелері кафедрасының отырысында қарастырылған
«__20__» ____06_________ 2012 ж. хаттама № 10
Кафедра меңгерушісі _______________Конурова-Идрисова З.К
(қолы; аты-жөні, тегі)
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
«_23___» ____06_________ 2012 ж. хаттама № 10
ОӘК төрағасы _________Сыздыкова Б.Р
(қолы; аты-жөні, тегі)
Титул беті.
Оқытушы туралы мәліметтер
Пазылова Г.Ш., аға оқытушы, педагогика және психология магистрі, кафедрада сағ. 08:30- 15:00 болады. Ұ.т: 87019030150
Пән туралы мәліметтер
Педагогика тарихы
Пәнді оқыту мерзімі 15 апта, апта бойынша 2 сағат лекция
(50 минут), 1 семинар сабағы (50 минут). Әрбір лекция, семинар тақырыптары СОӨЖ сабақтарында толықтырылып талқыланады. Апта бойынша сағат 1(50 минут) лекция не семинар сабағы өткізіледі, 1сағат(50 минут) СОӨЖ, 1 сағат (50 минут) СӨЖ (өздік жұмыс). Сабақ сабақ кестесі бойынша 615дәрісханада өтеді, корпус № 1
оқу жоспарынанан көшірме:
курс
|
семестр
|
Кредит.
саны
|
Дәрістер,
сағаты.
|
Практ.
семин.
саб.,сағ.
|
Зертх
сабақт.,
сағат.
|
ОБСӨЖ
сағат-да
|
СӨЖ
сағ-да
|
Барлығы
сағ-да
|
Бақылау
түрі
|
3
|
4,5
|
3
|
30
|
15
|
-
|
30
|
60
|
135
|
емтихан
|
Пәндердің пререквизиттері оқылатын пәнді игеру үшін студент «Педагогика», «Әлеуметтік педагогика».
Пәндердің постреквизиттері «Қазақстандағы педагогикалық ғылым», «Әлем халықтарының педагогикасы». «Этнопедагогика», «Шетелдік педагогика ғылымының дамуы»
Компетенция
тарихи білімнің мәдени және қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына әсерін талдау;
отандық мектептің және педагогиканың тарихын түсіну мен объективті тұрғыдан ашып көрсету, әрі бірыңғай әлемдік тариха педагогикалық үрдіспен байланысын тереірек меңгеру;
қоғамның қазіргі даму жағдайында өткендегі жағымды тәжірибені шығармашылықпен пайдалана білуге дағдыландыру.
5.Пәнді сипаттау: Әртүрлі елдердегі білім беру жүйесінің даму үрдісі мен заңдылығын, жағдайын салыстырмалы түрде зерттеу бірқатар маңызды жағдайлармен анықталады:
Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшесі болуға күш салу жағдайында педагогикалық жұмыстың халықаралық тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады;
әртүрлі елдердің педагогикалық практикасында ұлттық ерекшелікті сақтай отырып жақындасудың, жалпы интнернационалдықтың артуының елемеуге болмайтын айқын халықаралық үрдісі бар;
жаһандану жағдайында біздің полимәдениеттің мемлекетіміздің ұлттық ерекшеліктерін ескеріп, білім берудің әлемдік критерийі мен деңгейіне үнемі бағдарланып отыру қажеттігі туындайды.
Курстың мақсаты:
Педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан қарауды қамтамасыз ететін, педагогикалық ұғымдармен жаңаша ойлай білетін, болашақты болжай білетін студенттердің дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
Студенттерде өркениеттік- антропологиялық тұрғыдан тарихи педагогикалық білім жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасау;
Тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірлердегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру;
Жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи салыстырмалы сипата қарастыру;
Педагогикалық мұраға қызығушылығын және оны зерттеуге, меңгеруге ұмтылысын ояту;
Тарихи педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істеудің алғашқы машықтарын қалыптастыру;
Педагогикалық сана мен тарихи педагогикалық идеяларға өзіндік жеке бағасын беру біліктілігін қалыптастыруға жағдай туғызу.
6. Сабақ жоспары
Дәрісханалық сабақтардың оқу-тақырыптық жоспары
№
|
Мазмұны
(тақырыбы мен сұрақтары)
|
Дәрістер
сағат саны
|
Практ., семинар
сабақтар сағ.
|
Зертханалық
сабақтар сағ.
|
Оқу мен әдіст. әдебиетке сілтеме
|
|
«Педагогика тарихы» курсының теориялық - әдіснамалық негіздері.
Педагогика тарихының пәні және міндеттері.Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері.Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы.Педагогика тарихындағы тарихи-педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты дерек көздері.
|
1
|
|
-
|
1,2,3,9
|
|
Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы.
Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы. Тәрбиенің әрекетінің ерекше түрі ретінде пайда болуы.Жанұяның пайда болуы. Жанұядағы бала тәрбиесі.Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.
|
1
|
|
|
5,6,7
|
|
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие.
Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.
Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
Көне грек ойшылдарының тәлім тәрбиелік ой пікірлері / Аристотель, Демокрит, Платонның оқу тәрбие тәлімі/
|
3
|
1
|
|
3,9,10
|
|
Батыс Европада орта ғасырдағы тәрбие және мектеп.
Орта ғасырдағы діни мектептердің мектептердің пайда болуы.
Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика мен мектеп.
|
1
|
|
|
Н.ә.3,5;
|
|
Я.А.Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы
Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы.. Жас кезеңдері, мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.
|
3
|
2
|
|
|
|
Джон Локктың педагогикалық теориясы.
Джон Локктың қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Д.Локктың еңбектерінің педагогикалық идеялары.
|
1
|
1
|
|
|
|
Француз материалистері мен ағартушыларының педагогикалық көзқарастары.
Француз материалистерінің философиялық көзқарастарына қысқаша сипаттама.
К.А.Гельвецийдің педагогикалық идеялары.
Д.Дидроның педагогикалық идеясы.
|
1
|
1
|
|
|
|
Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы.
Ж.Ж.Руссоның қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Ескі тәрбие жүйесін сынау.
Жас кезеңдері туралы. Руссоның педагогикалық мұрасының маңызы.
|
2
|
1
|
|
Н.ә.3,5;
Қ.ә4,8
|
|
И.Г.Песталоцциидің педагогикалық теориясы.
И.Г.Песталоцциидің педагогикалық қызметі.
Тәрбиенің мақсаты мен мәні туралы. Дидактика мәселелері туралы. Элементарлық білім беру теориясы. И.Г.Песталоцциидің педагогикалық теориясының маңызы.
|
1
|
1
|
|
Қ.ә3,4,8
|
|
И.Ф.Гербарттың педагогикалық теориясы. И.Ф.Гербарттың педагогикалық қызметі мен көзқарасы. Гербарт тәрбиенің мәні туралы. Гербарт оқытудың психологиялық негіздері туралы. Гербарттың педагогикалық теориясының маңызы.
|
1
|
1
|
|
Н.ә.3,5; Қ.ә3,4,8
|
|
А.Дистервергтің педагогикалық қызметі мен теориясы.
А.Дистервергтің педагогикалық қызметі мен ғұмырнамалық деректері. А.Дистервергтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары. А.Дистерверг еңбектеріндегі дидактика мәселелері. А.Дистервергтің педагогикалық жүйесінің маңызы.
|
1
|
1
|
|
Н.ә.3,5;
Қ.ә 3,4,,10
|
|
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой пікірлердің дамуы.
Киев және Москва мемлекеттеріндегі балаларды тәрбиелеу мен оқыту.
Украина мен Беллоруссиядағы туысқандық мектептер.ХҮІІ ғасырдағы Ресейде ағарту ісінің дамуы.
|
1
|
1
|
|
Н.ә.3,5;
|
|
ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика.
ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдегі мктеп пен педагогикалық ой пікір.
М.В.Ломоносовтың Ресейде ағарту ісі мен педагогикалық ой пікірдің дамуындағы ролі.
Радищевтің педагогикалық көзқарастары.
|
2
|
1
|
|
|
|
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу.
Ресейде білім берудің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.
Декабристердің Ресейде педагогикалық ой пікір мен мектептің дамуына әсері.
|
2
|
|
|
|
|
1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы.Мектептің революциялық қайта құрылуы және алғашқы қадамдары.Мектептегі білім беру жүйесінің дамуы.Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру.Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру.Мектеп туралы қаулылар.Кеңестік педагогиканың қалыптасуы мен дамуы.
|
2
|
1
|
|
|
|
1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика.Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогика (1946-1958 ж.ж) Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру. Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің дамуы. Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары.
|
2
|
1
|
|
|
|
Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы. Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының егізгі бағыттары (1984).
Білім берудің жаңа сипаты мен түрлері, дамуы.
Жаңашыл мұғалімдердің ғылыми-теориялық және әдістемелік ізденісі.
|
2
|
1
|
|
|
|
Қазақстандағы мектеп пен педагогика / 20-30/
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері. Тәуелсіз Қазақстан педагогикасы мен мектебі / 1999жылдан қазіргі күнге дейін/
|
3
|
1
|
|
|
|
Барлығы:
|
30
|
15
|
|
|
6.2. ОБСӨЖ оқу-тақырыптық жоспары
№
|
ОБСӨЖ тақырыптары
|
ОБСӨЖ сағат
саны
|
Әдебиетке сілтеме жасау (нег.қос.)
|
Басқа дереккөздер(сайттар, электр. оқулықтары))
|
1
|
Шетел педагогика пәні және міндеттері.
|
2
|
н (11,12)
қ (5,6,9)
|
|
2
|
Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.
|
2
|
н (6,11,12)
қ (6,8,9,
|
|
3
|
Ежелгі мектеп пен тәрбие.
|
6
|
|
|
4
|
Сақтар мәдениеті мен тәрбие тәлімі
|
2
|
н (11,12)
қ (4,6,8,9)
|
|
5
|
Көне грек ойшылдарының тәлім тәрбиелік ой пікірлері / Аристотель, Демокрит, Платонның оқу тәрбие тәлімі/
|
4
|
|
|
6
|
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірлерінің пайда болуы мен қалыптасуы
|
2
|
|
|
7
|
Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие. / ХҮІІ ғасырдың ортасы ХҮІІІ ғасырдың аяғы/.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы
|
4
|
н (11,12)
қ (6,8,9)
|
|
8
|
Батыс Европа елдеріндегі ХІХ -ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие
|
3
|
|
|
9
|
Х –ХҮІІ ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру
|
3
|
н (11,12)
қ (6,8,9,
|
|
1
|
ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика.
|
3
|
|
|
1
|
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу.
|
3
|
н (11,12)
қ (6,8,9,
|
|
1
|
Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы.
|
3
|
н (11,12)
қ (6,8,9,
|
|
1
|
Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика
|
3
|
н (11,12)
қ (6,8,9)
|
|
|
Барлығы:
|
30
|
|
|
6.2.1 ОБСӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмалар
1.Тақырып: Кіріспе. Педагогика тарихы пәні және міндеттері.
Жоспар:
Педагогика тарихы ғылым ретінде.
Педагогика тарихының әдіснамалық негізі.
Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика тарихындағы тарихи педагогикалық зерттеулердің ғылыми әдістері және педагогика тарихына қатысты деректі көздер.
2.Тақырып: Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы.
Жоспар:
Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы.
Тәрбие әрекетінің ерекше түрі ретінде пайда болуы.
Жанұяның пайда болуы. Жаұядағы бала тәрбиесі.
Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.
3. Тақарап: Ежелгі мектеп пен тәрбие. Ежелгі Египет мектебі. Үндістандағы мектеп пен тәрбие. Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы. Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.
Жоспар:
Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту.
Ежелгі Египет мектебі.
Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие.
Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы.
Ежелгі Грециядағы мектеп пен тәрбие.
Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.
4.Тақырып: Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойдар. 2сағ.
Жоспар:
Византиядағы мектеп пен тәрбие.
Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар.
Ортағасырлық Шығыстағы тәрбие мен мектеп.
Ортағасырлық Үнді және Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту.
5. Тақырып: Көне грек ойшылдарының тәлім тәрбиелік ой пікірлері / Аристотель, Демокрит, Платонның оқу тәрбие тәлімі/
Жоспар:
Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.
Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
6. Тақырып: Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой пікірлерінің пайда болуы мен қалыптасуы
Жоспар:
Әл Фараби дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы және еңбек тәрбиесі.
Махмуд Қашқари ілімінің тарихи мағызы.
Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанының тәрбиелік маңызы мен мәні.
Қ.А. Иассауидің әлеуметтік және ағартушылық ой пікірлері.
М.Хайдар Дулатидың тарихи тәлімдік тағылымдары.
7. Тақырып: Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие. / ХҮІІ ғасырдың ортасы ХҮІІІ ғасырдың аяғы/.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы
Жоспар:
Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.
Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика және мектеп.
Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы туралы.
Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
8. Тақырып: Батыс Европа елдеріндегі ХІХ -ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие
Жоспар:
Философиядағы педагогикалық ойлар. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары.
И.Г.Песталоццидің педагогикалық теориясы.
Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.
9. Тақырып: Х –ХҮІІ ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру
Жоспар:
1. .Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
2.Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікірімен мектептің дамуына әсері.
10. Тақырып: ХҮІІІ ғасырлардағы Ресейдегі ағарту, мектеп және педагогика.
Жоспар:
Киев және Москва мемлекеттерінде балалардытәрбиелеу және оқыту.
Украина мен Белоруссиядағы туысқандық мектептер.
ХҮІІ ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.
11. Тақырып: ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу.
Жоспар:
Педагогикалық теориялар және оларды білім, тәрбие беру тәжірибесінде жүзеге асыру.
К.Д. Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы.
Л.Н. Толстой, Н.И. Пироговтың педагогикалық көзқарастары.
П.Ф. Лесгафтың антропологиялық принципі...
12. Тақырып: Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы.
Жоспар:
С.Т. Шацкий, П.П. Блонскийдің педагогикалық көзқарастары.
А.С. Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі.
В.А. Сухомлинскийдің тәрбиені гуманистік тұрғыдан қарауы.
Халық ағарту комиссариатының алғашқы тәрбие мектептері.
13. Тақырып: Ресейдегі қазіргі мектеп және педагогика
Жоспар:
Ғылым мен гуманизм – үшінші мыңжылдықтың әлемаралық құндылығы.
Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективтік қажеттілік. Тұлғаға бағытталған технологиялар.
Ш.А. Амонашвилидің гумандық – тұлғалық технологиясы.
Орта және жоғары мектептің даму тенденциялары.
14. Тақырып: Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына / ҮІ- ХҮғғ./ дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой -пікірлер.
Жоспар:
Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы.
Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, әл Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен қайнар көзі.
Қазақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері.
Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой- пікірлері (Қорқыт-Ата, Қ.А. Иассауи).
15. Тақырып: ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой -пікірлер . Қазақ жырауларының / Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау/ жырларының тәрбиелік -қолданбалы және идеялық эстетикалық мәні.
Жоспар:
Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары.
Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты.
Алғашқы орыс - ұлттық мектептер.
16. Тақырып: Қазақстандағы мектеп пен педагогика / 20-30/
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс.
Жоспар:
ХХ ғысырдың басында Қазақстандағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс.
Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар. Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау.
Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.
А. Байтұрсыновтың қоғамдық ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі.
М. Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары.
Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеттері.
С. Көбеевтің педагогикалық мұрасы.
Н. Құлжанованың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері.
17. Тақырып: ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.
Жоспар:
Р.Г. Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері.
А.И. Сембаевтың мектептің тұтас тарихы және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы.
Т. Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары.
Қ. Бержановтың педагогикалық мұрасы.
18. Тақырып: Тәуелсіз Қазақстан педагогикасы мен мектебі / 1999жылдан қазіргі күнге дейін/
Жоспар:
Бастауыш, орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. Қазіргі оқу тәрбие орындары.
ҚР Конститутциясының білім беру жөніндегі аспектілері.
ҚР Білім Заңы, Жоғары білім беру Заңы,білім берудің мемлекеттік стандарттары.
Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау.
Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары.
6.3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
№
|
Оқулықтар,
Оқу құралдары
|
Оқу тілі
|
Автор, шыққан жылы,
баспахана
|
Оқулық, оқу құралының саны (данасы)
|
Электрон-дық түрі
|
кафедра
|
кітапханада
|
1
|
Педагогика тарихы
|
Қаз.
|
Қ.Бержанов, С.Мусин
Алматы11984
|
1
|
65
|
|
2
|
Педагогика тарихы
|
|
Ж.Әбиев
Алматы,
2006
|
1
|
24
|
|
3
|
История педагогики
|
орысша
|
Джуринский А.Н
Москва,
1999
|
|
50
|
|
4
|
История педагогики
|
орысша
|
Константинов и др Москва,
1998
|
|
50
|
|
5
|
Қазақтың тәлімдік ой пікірлері Антологиясы
|
Қаз.
|
Алматы,
1994
|
|
34
|
|
6
|
История педагогики.
|
орысша.
|
Д.И.Латышина Москва 2003
|
|
38
|
|
7
|
Қазақ мектептерінің тарихы
|
Қаз.
|
Сембаев А Алматы1973
|
|
34
|
|
8
|
Педагогика
|
қазақша
|
Коянбаев Ж.Б., 2004
|
|
162
|
|
10
|
Педагогика
|
қазақша
|
Кудиярова А.М., 2004
|
|
80
|
|
11
|
Педагогика
|
қазақша
|
Усманов А.А.
Сарсенбаева М.Б.
2005
|
|
10
|
|
12
|
Педагогика
|
орысша
|
Сластенин В.А., М.2002
|
|
88
|
Электронды оқулық
|
13
|
Педагогика тарихы.
|
қазақша
|
К.Сейталиев
Алматы 2008
|
1
|
|
|
7.Студенттердің өздік жұмысы аясындағы сабақтар жоспары (7.1 немесе 7.2 нұсқасы мамандық спецификасына байланысты)
7.1
№ Тапсырма беру аптасының нөмірі
|
Сабақ тақырыптары
|
СӨЖ тапсырмалары
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
ОБСӨЖ-дегі бақылау түрі
|
№ Тапсыру мерзімі аптасының
нөмірі
|
1- апта
|
Ежелгі Грециядағы тәрбие.
|
Ежелгі грек философтарының педагогикалық идеялары. (Демокрит, Сократ, Платон,Аристотель) Кесте құру
|
Джуринский А.Н. Зарубежная школа: история и современность. М., 1992
|
сұхбаттасу
|
2 апта
|
2- апта
|
әл Фарабидің педагогикалық көзқарастары.
|
«әл Фарабидің педагогикалық көзқарастары» атты кесте құру.
|
К.Сейталиев Педагогика тарихы. Алматы 2008
|
Кестені тексеру, сұхбат.
|
3-4апта
|
3- апта
|
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы
|
Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңыздылығынслайд шоу жасау.
|
Джуринский А.Н. Зарубежная школа: история и современность. М., 1992
|
Слайд шоу бойынша әңгімелесу
|
4-5апта
|
4-5 апта
|
Я.А.Коменскийдің педагогикалық еңбектері
|
«Ұлы дидактика» еңбегіне өзіндік ой пікір көзқарасын жазу
|
К.Сейталиев Педагогика тарихы. Алматы 2008
|
Эссе
|
5-6апта
|
5-6 апта
|
Батыс Европа елдеріндегі ХІХ -ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие.
|
И.Г.Песталоцци мен Дистервегтің педагогикалық қызметң мен теориясы. Конспект жазу
|
Д.И.Латышина. История педагогики. Москва 2003
|
конспект
|
6-7апта
|
6-7апта
|
Батыс Европа елдеріндегі ХІХ -ХХ ғасырлардағы мектеп пен тәрбие.
|
И.Г.Песталоцци мен Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы бойынша кесте, кроссворт құру.
|
Джуринский А.Н. Зарубежная школа: история и современность. М., 1992
|
Кестені тексеру, бірін бірі бағалау.
|
7-8апта
|
7- 8апта
|
Х –ХҮІІ ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру.
|
Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы жайлы конспект
|
Д.И.Латышина. История педагогики. Москва 2003
|
конспект
|
|
7.2 Әдебиет (негізгі және қосымша)
Негізгі әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының білім беру заңы //Егеменді Қазақстан,11 маусым. 1999 ж.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептің білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 1995
Мищенко А.И. Введение в педагогическую профессию – Новосибирск Харламов В.Ф. Педагогика. М., 1999
Рувинский Мамандыққа кіріспе - А, 1991
Мижериков В.А.., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую профессию –Москва ,1999
Синица И.В. Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік, Алматы, 1987 ж, 230б.
Шиянов Е.Н. Гуманизация образования и профессиональной подготовки учителя. – М., 1991
Сластенин В.А. Педагогика М., 2002г
Смирнова Педагогика М., 2001г
Әбенбаев Педагогика тарихы – Алматы ,2005
Ж. Әбиев Педагогика тарихы. Алматы, 2006.
Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Қысқаша курс.Алматы,1984.
Қосымша әдебиеттер:
Қазақстанның педагогикалық ойлары антологиясы / Құраст. Қ.Жарықбаев., С.Қалиев – Алматы : рауан,1995
Қалиев С, Нысанбаева Г, Бейсенова А.Т. Оқушылардың тұлғалық қабілеттерін дамытудың педагогикалық негіздері, Алматы, білім, 2001-224б
Қоянбаев Ж.Б, Қоянбаев Р. Педагогика – Астана ,1998
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К Жалпы педагогика – Алматы,2005
Педагогикалық ізденіс Ш.Амонашвили т.б. Алматы , 1990ж
Педагогикалық энцеклопедия сөздігі, Алматы, 1996ж
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері 23 лекция, Алматы , 1991ж.
Ш.Х Құрманалина, Б.ЖМұқанова, жәнет.б Педагогика. Астана ,2007
Г.К.Ахметова, З.А.Исаева Педагогика . Алматы.,2006
Педагогика /авторлар тобы/ Алматы.,2005
Баға бойынша ақпарат
бақылау түрі (ағымдағы, аралық, қорытынды);
бақылау әдістері (сұрау, жазбаша жұмыс, тесттер)
9. Бағаны қою саясаты
Бағаны қою саясаты 100 балдық (100 %) жүйеге негізделген және бағалардың төмендегідей бөлінуін қарастырады
Бағалау баламасы
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық балама
|
Балдардың пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
|
А
|
4,00
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,00
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,00
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
Ғ
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты
сабақтарға қатысу;
сабақтағы тәртіп ережелері;
көтермелеу және талап ету.
ДӘРІСТЕР
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы.
Бұл жұмыста тәрбие ұғымы әдіснамалық тұрғыдан сипатталады, тарихи-педагогикалық білім әдіснамалық негізде талданған. Қорытындыда әдіснамалық негіздеуді қажет ететін тарихи-педагогикалық білімнің негізгі мәселелерді ерекше бөлініп берілген.
Әдіснамалық шындықты танудың ерекше жалпы жолдары туралы ғылым ретінде қарастырылды. Әдіснаманың басқа да анықтамалары баршылық. Мәселен, ондағы танымдық мәселені бөле отырып, әдіснаманы шындықты танудың жолдары туралы ғылым деп анықтама беруге болады.
Болмыстың мәні, болмыс пен сананың қатысы, адамның мәнін тану сияқты мәселелердің әдіснамалық тұрғыдан мәні ерекше. Бұл мәселелерді диалектикалық-материалистік негіздеуде әруақытта да болмыстың біріншілігі және сананың екінщілігі туралы түсіндірілді. Осындай орын алған, қалыптасқан көзқарас рухани дүниенің мәнін, сананың белсенділігін тежеп келді.
Қазіргі кезде зерттеушілер орыс философиясы мен педагогикалық ой-пікірінің көрнекті өкілдері Н.А.Бердяев, В.В.Зенковский, И.А.Ильин және көптеген басқаларының идеяларына көңіл бөле бастады. Олардың пайымдауынша, рухани дүниенің мәнін, сананың рөлін, оның адамның және қоғамның дамуына әсерін атап көрсетті.
Жалпы алғанда, әдіснама танудың елеулі қызметін атқарады, оның ішінде белгілі білім саласының дамуының, әсіресе, әлеуметтік ғылымдарынң әртүрлі саласына қатысын орындайды. Бұл қызметтерін жүйе ұйымдастырушылық, түсіндірме-бағалаушылық, жобалаушылық ретінде анықтауға болады.
Тарихи-педагогикалық білімді әдіснамалық негіздеу үшін тәрбиенің мәнін түсінудің маңызы орасан зор. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде кіреді.
Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.
Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі, диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі тәрбиенің, білім берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін қарастырғанда және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі.
Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-педагогикалық құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің тарихи-теориялық теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік тұрғыдан оларыдң тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.
Дей тұрғанмен, барлық кеңестік кезеңдегі педагогика тарихының дамуын тек ғана біржақты жағымсыз тұрғыдан бағалау дұрыс болмаған болар еді. Кезінде педагогика тарихынан оқулықтар мен оқу құралдарын жазған белгілі ғалымдар Н.А.Константинов, Е.Н.Медонский, М.Ф.Шабалда, тұңғыш қазақ тілінде шыққан “Педагогика тарихы” оқулығының авторлары, белгілі ғалымдар, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қартбай Бекенұлы Бержанов пен педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Сыздық Мусиннің еңбегін ерекше атаған жөн. Бірақ бұл оқулықтар ескі әдіснама мен идеологияға негізделіп жазылғандықтан, қазіргі уақыт талабына сай көптеген тарихи мәселелерді тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан қайтадан қарастыру қажет болды.
Тарихи-педагогиканың білім беруде маңызды әдіснамалық негіздеуге өркениет тұрғысынан қарау жатады, ол тәрбиенің тарихи педагогикалық идеялары мен тәжірибесінің дамуын бағалауда әлеуметтік алғышарттарды енгізуге мүмкіншілк жасайды, оның дамуын қозғалысын әлеуметтік себептермен негіздейді.
Келесі педагогика тарихының мәнді әдіснамалық негіздеріне мәдениеттану тұрғысынан қарауды жатқызуға болады. Оның мәні мәдениет ұғымының өз мәнімен байланысты, мәдениетті өмір сүру үрдісінде адамзаттың жинақтаған тәжірибесі деп анықтама беруге болады. Сонымен қатар тәрбие жалпы алғанда тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру мағынасында қолданылады. Осы мәдениет, адамзат тәжірибесі, тәрбие ұғымдарының өзара байланысында, мәдениеттанудың негіздері жатыр. Екінші байланысы-тарихи-педагогикалық ілімінің өзі – бұл мәдениеттің бір бөлігі.
Әрбір педагогикалық ілім ғылымның даму тарихында белгілі орын алады және басқа ғылымдармен бірге мәдениеттің дамуына көмектеседі, оны байыта түседі.
Педагогика тарихы курсында өткендегі көрнекті педагогтардың ілімдерімен қатар аса дарынды философтардың, ойшылдардың, жазушылардың және қоғамдық қайраткерлердің педагогикалық көзқарастары талданылады, олар кәсіптік білімі бар педагогтар-болмағанымен, педагогикалық теорияны дамыту үшін ерекше еңбек сіңірді, тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері туралы, кейбір әдістемелік мәселелер туралы құнды идеялар қалдырды.
Қазіргі кезде өткендегі Қазақстанда педагогикалық ой-пікірдің даму тарихын зерттеуде үкіметтің “Мәдени мұра” атты мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, сол бағдарлама саласында тарихи-педагогикалық мұраны тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеуге тиіспіз. Өткен тарихи мұрамызды зерттеуде әдіснамалық тұрғыдан тарихи-педагогикалық құбылыстарды бүгінгі күннің мәселелерімен байланыстыра отырып пайымдауда, педагогикалық теориялар мен көрнекті педагогтарымыздың мұраларын зерделеуде тарихилық қағида басшылыққа алынды.
“Педагогиканың қазіргі мәселелерін,- деп жазды профессор Н.К.Гончаров, барлық педагогика тарихына сын көзқараспен пайымдамайынша, түпкілікті шешу мүмкін емес. Үрдістер немесе құбылыстардың мәні тарихи дамуда ашылады, ал құбылыстың өзі педагогика тарихының жалпы фонында түсінікті болады”.
Тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуде дәстүрлі педагогикалық әдістер кеңінен қолданылады. Дәстүрлі әдістер деп педагогика ғылымының бастауында тұрған зерттеу ілімдерден, ағартушы-ойшылдардан мұрагерлікпен қазіргі педагогика ғылымына жеткен әдістерді айтамыз. Бұл Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер; олар күні бүгінге дейін педагогика ғылымында пайдаланылып келеді.
Зерттеу жұмысының мәселесі, пәні және міндерттеріне сәйкес барлық тарих ғылымдарына ортақ тарихи және логикалық зерттеу әдістері бір-бірімен бірлікте қарастырылады, сонымен қатар арнаулы әдістер, атап айтқанда, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті, статистикалық және тағы басқа да зерттеуге, салыстырмалы талдауға және деректі әдеби, мұрағат материалдарын теориялық жинақтауға бағытталған әдістер қолданылады.
Тәрбиені зерттеу – педагогикалық зертеудің ертеден қолданылып келе жатқан әдістердің бірі. Кең мағынада тәжірибені зерттеу әдісі тәрбиенің тарихи байланысын орнатуға, жалпы, оқу-тәрбие жүйелерін айқын көрсетуге бағытталған ұйымдасқан таным қызметі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен нақтылы мәселелерді шешудің жолдары талқыланады, жаңа тарихи жағдайда оны қолданудың қажеттігі туралы ойластырылған қорытынды жасалады. Сондықтан да қарастырып отырған әдісті кейде тарихи әдіс деп те атайды.
Бұл әдіс әдебиетпен жұмыс істеу әдісімен тығыз байланысты.
Педагогика тарихын зертеу үшін қажетті әдебиет құжаттары мен қайнар көздеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Ата Заңымыз, Білім беру туралы заң, 2004-2010 жылдарға дейін арналған Білім беру тұжырымдамасы, Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен нормативті құжаттары);
2. Жалпы адамтану мәселелері, педагогика тарихы мәселелері бойынша классиктердің еңбектері; тарихи-педагогикалық әдебиеттері; мұрағат құжаттары мен басқа да тарихи-педагогикалық материалдар; мерзімді педагогикалық басылым;
3. Мектеп, мұғалім, тәрбие туралы көркем әдебиеттер; халықтың педагогиканың даналығы, халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік үлгілері (мақал-мәтелдер, ертегілер, шешендік өнері, айтыс өнері, батырлар жырлары мен дастандар және т.б.); тәрбие мәселелері жөніндегі жазылған мемуарлық және көркем әдеби шығармалар, ескі жазба ескерткіштер, жазушылардың, философтардың, ойшылдардың, педагогтардың әр кезеңдердегі педагогика, тәрбие, білім беру мәселелеріне арналған еңбектері және т.б. жатады.
Педагогика тарихы - ғылым және пән ретінде көптеген гуманитарлық ғылымдармен байланысты. Педагогика тарихы ең алдымен мәдениет тарихымен тығыз байланысты.
Педагогика тарихы тарих ғылымдарының өзімен, әдебиет және өнермен, психология және социологиямен де байланысады.
Адам тәрбие субъектісі ретінде мәдениетті тұтынушы және оның иесі болып табылады. Тәрбиенің білім берудің, оқытудың міндеттерін дұрыс шеше білу – қоғамдағы мәдениеттің дамуының басты шарты. Жас ұрпақтың мәдениеті мен тәрбиесінің дамуының арасындағы өзара байланысты тарихи-педагогикалық үрдісте анықтау-педагогика тарихының ғылым және оқу пәні ретінде негізгі міндеттерінің бірі.
Педагогикалық ой-пікірдің кез-келген өкілі мәдениеттің жаршысы, насихаттысы болып табылады. Тарихи-педагогикалық мәселелелерді зердеулеуде зерттеуші адамзат тарихының, мәдениет тарихының, философия тарихының, әдебииет тарихының қайнар көздерін әртүрлі еңбектерін кеінен пайдаланады.
Педагогика тарихы азамат тарихымен байланысты. Ең алдымен педагогика тарихын дәуірлерге бөлуде азамат тарихында алынған негізгі кезеңдермен сәйкес келеді.
Көне дүниедегі мектеп және тәрбие.
Ертедегі Шығыстың өркениеті жағдайындағы тәрбие және оқыту.
Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі.
Ертедегі Грецияда педагогикалық теорияның пайда болуы.
Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |