Шымкент қаласының халық саны 2017 жылы ресми мәліметтер бойынша 951,6 мың адамды құрады.
Жалпы қаланың демографиялық көрсеткіштерінде тұрақты өсім сақталып келеді.
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
2014 жылы халықтың табиғи өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 3,8%, ал 2017 жылмен салыстырғанда 11,8%, туылған нәрестелер саны 2,7%-дан 10,1 пайызға өсіп, миграция сальдосы құбылмалы болып, 2017 жылы 75 пайызға өскен.
Талдау көрсеткендей демографиялық көрсеткіштердің жақсаруына біріншіден қала экономикасының өсімі, екіншіден халықтың өмір сүруіне ортаның қолайлы болуы және азаматтардың күнкөріс табыстарының қанағаттандыру мүмкіндіктерінің болуы себеп болды.
Халықтың жыныс құрамы бойынша талдау, мың адам
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Диаграммада ұсынылғандай, 2014 жылғы халықтың күрт өсімі бас жоспарға сәйкес қалаға қосылған халықтың есебінен қалыптасты.
2015 жылы еркектердің өсімі 3,5 пайызды, әйелдердің өсімі 3,1 пайызды, 2016 жылы еркектердің өсімі 1,1 пайызды, әйелдердің өсімі 1,0 пайызды, 2017 жылы еркектердің өсімі 6,4 пайызды, әйелдердің өсімі 5,9 пайызды, құрады.
Қала халқының жас құрамы бойынша талдау, адам
Жас құрамы
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жыл
|
саны
|
үлесі, %
|
саны
|
үлесі, %
|
саны
|
үлесі, %
|
саны
|
үлесі, %
|
0-17
|
306 031
|
36
|
320 922
|
36
|
320 909
|
36
|
335 877
|
37
|
18-39
|
313 836
|
37
|
318 341
|
36
|
318 321
|
36
|
321 483
|
35
|
40-59
|
176 008
|
21
|
181 512
|
20
|
181 484
|
21
|
185 806
|
20
|
60-79
|
56 240
|
7
|
59 293
|
6
|
59 285
|
6
|
62 348
|
7
|
80-100 әрі қарай
|
6 032
|
1
|
6 281
|
1
|
6 277
|
1
|
6 786
|
1
|
барлығы:
|
858 147
|
|
886 349
|
|
886 276
|
|
912 300
|
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Халықтың демографиялық өсімін анықтау мақсатында жоғарыда келтірілген кестеде талдау жасалды.
Талдау көрсеткендей халықтың жалпы санының негізгі үлесін 0-17 жас (үлесі 36%) және 18-39 жас аралығындағылар (үлесі 36%) құрайды. Соңғы 3 жылда бұл жас аралығында айтарлықтай өзгеріс болмаған. Жыл сайын тұрақты өсімі сақталып, үлес салмағы өзгеріске ұшырамаған. Демек, репродуктивті ересектер санындағы тұрақты өсімнің сақталуы алдағы уақытта да демографиялық өсімге алып келеді.
Негізгі мәселелер:
2013-2016 жылдардағы орташа некелесу өсімінен ажырасу өсімінің жоғары болуы;
Қалада 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі фактілерінің болуы;
Отбасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының аздығы.
Білім беру
Білім беру саласында қалада 10 жоғарғы (оның ішінде 4 мемлекеттік), 37 орта арнаулы (оның ішінде 15 мемлекеттік) оқу орындарында 102 390 студент білім алуда және осы оқу орындары 6 362 орындық 25 жатақханамен қамтылған.
Студенттер бойынша мәлімет
|
Жалпы
|
Оның ішінде:
|
жоғары оқу орындары
|
орта арнаулы оқу орындары
|
2014 ж
|
2015 ж
|
2016 ж
|
2014 ж
|
2015 ж
|
2016 ж
|
2014 ж
|
2015 ж
|
2016 ж
|
Оқу орындарының саны
|
48
|
46
|
47
|
10
|
9
|
10
|
38
|
37
|
37
|
Студенттердің саны
|
90 114
|
96 303
|
102 390
|
52 244
|
59 307
|
63 131
|
37 870
|
36 996
|
39 259
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Қала жастарын жұмыспен қамту мақсатында жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарын бітіруші жастарды 2009 жылдан бастап «Жол картасы» шеңберінде «жастар тәжірибесі» және «әлеуметтік жұмыс орындары» арқылы жұмысқа орналастыру тәжірибеге енгізілген. 2009-2016 жылдары «Жастар тәжірибесі» бойынша 6 ай мерзімге 21 268 жастар жұмыспен қамтылған. Жалпы орта білім беру саласында 169 486 оқушысы бар 136 мектеп жұмыс жасайды (оның ішінде 129 мектеп қалалық, 7 жеке меншік). Қалалық 129 мектептің - 113 типтік, 11 бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Жалпы білім беру мектептерін ақпараттандыру деңгейіне талдау
|
Мектептер саны
|
Оқушылар саны
|
Мұғалімдер саны
|
1 мұғалімге келетін бала саны
|
1 компьютерге келетін оқушы саны
|
Интерактивті тақталары бар мектеп саны
|
Лингафондық және мультимедиялық кабинеттері бар мектептер саны
|
Шымкент
|
129
|
167 570
|
16 143
|
10,3
|
19
|
91
|
111
|
Республика
|
7 222
|
2 615 898
|
297 128
|
8,8
|
15
|
5 288
|
4 069
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей Шымкентте 1 мұғалімге келетін оқушы саны орташа республиканың деңгейінен 2,6 оқушыға жоғары немесе жүктемесі ауыр. Сонымен қатар, 1 компьютерге келетін оқушы саны орташа республиканың деңгейінен 4 оқушыға жоғары немесе мектептердің компьютерлер мен қамтылу деңгейі төмен.
Шымкент қаласындағы оқушылар санының өсіміне талдау
Оқу жылы
|
Мектептер саны
|
Мектептердің қуаттылығы (орын)
|
Нақты оқушылар саны, бала
|
1-ші сыныпқа келген бала саны, бала
|
11-ші сыныпты аяқтаған түлектер саны
|
2012-2013
|
87
|
71 698
|
103 870
|
12 600
|
5 506
|
2013-2014
|
84
|
71 840
|
108 803
|
14 389
|
5 455
|
2014-2015
|
128
|
94 317
|
148 351
|
19 956
|
6 428
|
2015-2016
|
127
|
96 341
|
156 767
|
20 054
|
6 519
|
2016-2017
|
129
|
99 621
|
167 570
|
21 851
|
6 340
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей 5 жылда мектептердің қуаттылығы 27 923 орынға өссе оқушылардың саны 63 700 балаға өскен.
Дегенмен, жекелген мектептерде нақты қуаттылығынан оқушылары асып кеткен фактілер бар. Демек, қаладағы мектеп тапшылығын 2 аспектімен түсіндіруге болады:
1.Жекелеген мектептерде білім сапасының жоғары болуына байланысты оқушылардың көп болуы;
2.Мектептердің орналасқан аумағындағы халықты қамту мүмкіндігінің жоқтығы немесе белгілі бір аудандағы орналасу санына байланысты.
Бұл ретте қаладағы оқушы орындарына тапшылықты шешу үшін бірінші кезекте мұғалімдердің білім деңгейін, мектептердің білім сапасы бойынша рейтингілерін жақсарту, екіншіден мектеп жетіспейтін елді мекендерде қосымша мектептер салу жағын басты бағытқа қою қажет.
Мектепке дейінгі білім беру
Қалада 385 мектепке дейінгі мекемелер бар (88 мемлекеттік, 26 шағын орталық, 271 жеке меншік). Қалада мектепке дейінгі жастағы
(0-7 жас) балалар саны 163,6 мың баланы құрайды. Оның ішінде 3-6 жастағы бала 88 мыңды құрайды немесе 2016 жылмен салыстырғанда 2,0 мың балаға артқан.
3-6 жас аралығындағы 51 мың бала мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытумен қамтылған немесе қамту деңгейі 82,7% құрайды.
Шымкент қаласындағы мектепке дейінгі мекемелердің жүктелуіне салыстырмалы талдау
|
Балабақша саны
|
Ондағы балалар саны
|
1 балабақшаға келетін бала саны
|
Шымкент
|
383
|
53 139
|
138,7
|
Республика
|
7 661
|
634 504
|
82,8
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей орташа 1 балабақшаға келетін бала саны бойынша Шымкент қаласының көрсеткіші республиканың деңгейінен әлдеқайда жоғары.
Қалада мектепке дейінгі білім беру нысандарының тапшылығы актуалды мәселенің бірі. Оны төменде келтірілген кестеден көруге болады:
жылдар
|
Балабақша саны
|
Қуаты, орын
|
Ондағы балалар саны
|
Ауытқу,+:-
|
Қаладағы мектепке дейінгі жастағы бала саны
|
оның ішінде 3-6 жас
|
Қамтылу деңгейі,%
|
Кезекте тұрған балалар
|
оның ішінде 3-6 жас
|
2013 ж
|
201
|
21 452
|
35 063
|
+13611
|
124 775
|
59 419
|
70,5
|
59 155
|
-
|
2014 ж
|
295
|
35 368
|
46 377
|
+11009
|
169 386
|
82 207
|
77,1
|
56 005
|
-
|
2015 ж
|
327
|
35 852
|
47 584
|
+10516
|
171 195
|
84 211
|
80,0
|
57 127
|
|
2016 ж
|
383
|
36 102
|
53 139
|
+17037
|
178 303
|
88 056
|
82,7
|
61 569
|
|
*Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей балабақшалар қуатынан балар саны 15-17,0 мыңға асып кеткен. Бұл қарқын жыл сайын сақталып келеді. Оған қосымша 61,5 мыңға жуық 3-6 жас аралығындағы балалар кезекте тұр. Демек, балабақшалардың қуаты жыл сайынғы өсімін қоса алғанда қаланың қажеттілін қамтамасыз ете алмайды.
Негізгі мәселелер:
Оқу орындарын бітіруші студенттерді тұрақты жұмыспен қамту мәселесі;
Оқу орындарын бітірген студеттерге еңбек нарығында сұраныстың төмендегі;
20 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан;
9 меткеп 3 ауысымда оқытылады;
Шет аймақтардағы елді мекендерде халық санының көптігіне байланысты оқушы орындарының тапшылығы;
Мұғалімдердің біліктілік талаптарын арттыруды қажет етеді;
балабақша тапшылығы;
оқушылар арасындағы құқық бұзушылық;
мектеп директорларын тағайындау барысында ашықтықтың төмендігі.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында 55 мемлекеттік мекемелер бар. Оның ішінде: 5 943 койкелі 27 аурухана, 17 амбулаторлық емхана, 2 санаторий, 1 балалар үйі, 1 паталого-аннатомдық бюро, 1 салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (ЦЗОЖ), 1 қан құю орталығы, 1 медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру орталығы, 1 арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы, 1 жедел жәрдем беру орталығы, 1 медициналық колледж, Денсаулық сақтау басқармасы.
Шымкент қаласы халқының табиғи өсіміне талдау, адам
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Халықтың табиғи өсіміне талдау бойынша халықтың өсімі жылдан-жылға өсуде. Сонымен қатар, өлім деңгейі де жыл сайын 11 пайызға өсіп келеді. Осыған қарамастан туылғандар есебінен халықтың табиғи өсімі 2014 жылы 3,8 пайыздан 6,1 пайызға өскен. Жалпы халықтың санында жыл сайынғы өсім бар, ол табиғи өсімнің және көші-қон есебінен қалыптасып отырады.
Халықтың салыстырмалы өлім-жітім көрсеткіштерінің деңгейі
|
Жалпы өлім, 1000 адамға шаққанда
|
Қан айналымы жүйесінен, 100000 адамға шаққанда
|
Жазатайым оқиғалардан, 100000 адамға шаққанда
|
2014ж
|
2015 ж
|
2016 ж
|
2014ж
|
2015ж
|
2016ж
|
2014ж
|
2015ж
|
2016ж
|
Шымкент бойынша
|
4,9
|
4,9
|
5,1
|
99,4
|
147,9
|
152,4
|
54,6
|
23,3
|
46,4
|
Айырма +;-
|
+0,7
|
+2,5
|
0
|
+23,5
|
+76,2
|
+12,7
|
+6,3
|
-20,4
|
-4,5
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласындағы өлім-жітім көрсеткіштерінің орташа деңгейі облыстың деңгейінен әлдеқайда жоғары. Кестеде өлім-жітімнің негізгі түрлері ғана келтірілген. Сондықтан, осы бағытта халықты сауықтыру және алдын алу жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолға алу қажет.
Ана және бала өлім-жітімінің көрсеткіштері, тіркелген мекен-жайы бойынша
|
1 жасқа дейінгі нәресте өлімі, 1000 тірі туылған балаға шаққанда
|
Ана өлімі 100 000 тірі туылған балаға шаққанда
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
Шымкент бойынша
|
11,8
|
10,3
|
9,7
|
20,4
|
9,5
|
10,0
|
Айырма +;-
|
-3,1
|
-2,5
|
-1,6
|
-2,8
|
-3,3
|
-2
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Шымкент қаласы бойынша 1 жасқа дейіңгі нәресте мен ана өлімінің деңгейі орташа облыстың деңгейінен жыл сайын төмендеп келеді.
Халықтың аурушаңдық деңгейіне талдау
|
Туберкулезбен ауру, 100000 адамға шаққанда
|
Гепатит А,
100000 адамға шаққанда
|
Гепатит В,
100000 адамға шаққанда
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
Шымкент бойынша
|
78,9
|
71,6
|
59,9
|
12,7
|
7,5
|
10,4
|
1,1
|
2,1
|
1,3
|
Айырма +;-
|
+14,5
|
+10,9
|
+12,5
|
+5,1
|
+2,1
|
+5,1
|
-
|
+1
|
+0,8
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Шымкент қаласы бойынша туберкулез және гепатит «А» аурушандық деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен жоғары. Себебі, облыс халқының 32% Шымкент қаласында шоғырланған, осыған байланысты аурушаңдық деңгейінің де жоғары болатыны заңды құбылыс.
Қала халқының аурухана және емхана мекемелерімен қамтылу деңгейіне салыстырмалы талдау
|
Ауруханалармен қамтылу, 10 000 адамға шаққанда
|
Аурухана орындарымен қамтылуы, 10 000 адамға шаққанда
|
Амбулаториялық-емханалармен қамтылуы, 10 000 адамға шаққанда
|
Шымкент бойынша
|
0,3
|
28,4
|
0,30
|
Республика бойынша
|
0,5
|
62,6
|
3,5
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Талдау көрсеткендей 10 000 адамға шаққанда аурухана және амбулаториялық-емханалар мен қамтылу деңгейі бойынша Шымкент қаласының көрсеткіштері республикалық көрсеткіштерден әлде-қайда төмен.
Сонымен қатар, қалада жедел жәрдем көрсету қызметінің сапасы актуалды мәселе болып отыр. Жедел жәрдем көрсету қызметіне талдау көрсеткендей жыл сайын түскен қоңырау саны өскен. Алайда, қолданыстағы арнайы автокөліктердің 56,0 пайызы тозған.
Негізгі мәселелер:
Шымкент қаласындағы 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім көрсеткіштері орташа облыстың деңгейінен 0,7 жоғары;
қала бойынша туберкулез және гепатит «А» аурушандық деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы;
10 000 адамға шаққанда дәрігер және орта мед.қызметкерлермен қамтылу деңгейі орташа республиканың деңгейінен төмен болуы;
10 000 адамға шаққанда аурухана және амбулаториялық-емханалар мен қамтылу деңгейі бойынша Шымкент қаласының көрсеткіштері орташа облыстық және республикалық көрсеткіштерден төмен болуы;
Норматив бойынша қала халқының санына жедел жәрдем бригадалары 15 бірлікке және 1 бекетке жетіспейді;
Жедел жәрдем көрсету қызметіндегі 56,0 пайыз арнайы автокөліктері тозған.
Мәдениет және тілдерді дамыту
Қалада 121 мәдениет нысандары жұмыс жасайды. Оның ішінде 12 жеке меншік, 109 мемлекеттік мекемелер.
Шымкент қаласы халқыны мәдениет нысандарымен қамтылу деңгейіне салыстырмалы талдау
Нысан атауы
|
Шымкенттегі нысандар саны, бірлік
|
Қаланың қамтамасыз етілуі, бірлік/1000 адам.
|
ОҚО нысандар саны, бірлік
|
ОҚО халқының қамтамасыз етілуі, бірлік/1000 адам
|
Кітапханалар
|
44
|
0,06
|
423
|
0,149
|
Театрлар
|
6
|
0,006
|
8
|
0,003
|
Мұражайлар
|
5
|
0,005
|
13
|
0,005
|
Кинотеатрлар
|
4
|
0,004
|
17
|
0,006
|
Оқушылар үйі
|
1
|
0,001
|
14
|
0,005
|
Демалыс парктері
|
6
|
0,006
|
8
|
0,002
|
Зообақ
|
1
|
0,001
|
1
|
0,0004
|
Цирк
|
1
|
0,001
|
1
|
0,0004
|
Көрме орталығы
|
1
|
0,001
|
1
|
0,0004
|
Ескерткіштер
|
48
|
0,053
|
113
|
0,040
|
Мәдениет үйлері
|
4
|
0,004
|
20
|
0,007
|
Клубтар
|
6
|
0,006
|
254
|
0,089
|
Барлығы
|
121
|
0,142
|
865
|
0,304
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Салыстырмалы талдау көрсеткендей, мәдениет нысандары 1000 адамға шаққанда жалпы облыстық орташа көрсеткіштен Шымкент қаласының көрсеткіші 1,5 есе төмен. Оның ішінде кітапханалар 4,2 есе, клубтар 6,7 есе.
Ал, театрлар орташа облыстық деңгейінен 2,0 есе, демалыс парктері 3 есеге жоғары. Сонымен қатар, Шымкенттік басқа өңірлерге қарағанда зоопарк, дендропарк, цирк сияқты мәдени ошақтарымен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда, қалалық 44 кітапхана жұмыс жасайды. Ондағы жалпы кітап қоры – 916 779 дана болса, оқырмандардың саны – 824,0 мыңнан асты.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының серуендеуіне және демалуына арналған 30 гүлзар, 18 фонтан, 48 ескерткіштер мен монументтер бар. Соңғы жылдары мәдени іс-шараларға қатысушы көрермендер саныда ұдайы артқан.
Шымкент қаласындағы тілдерді меңгеру деңгейін талдау
Тілді меңгеру
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі ,%
|
85,5
(500 046)
|
87,3 %
|
89,5 %
|
Орыс тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі ,%
|
78,1
(465 901)
|
79,8 %
|
81,7 %
|
Ағылшын тілдерін меңгерген тұрғындардың үлесі,%
|
13,7
(113 509)
|
15,0 %
|
17,4 %
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей 2014-2016 жылдары халықтың тілдерді меңгеру деңгейінің тұрақты өсімі байқалды. 2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 85,5 пайызды, орыс тілін 78,1 пайызды, ағылшын тілін 13,7 пайызды құраса, 2016 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 89,5 пайызға, орыс тілін 81,7 пайызға, ағылшын тілін 17,4 пайызға дейін өсті.
Тілдерді дамыту мен қолданудағы басты мақсат – қалада тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Шымкент қаласында 15 астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Оның ішінде: 65 пайызы қазақ, 14,1 пайызы орыс, 13,7 пайызы өзбек, 7,2 пайызы басқа ұлттар.
Жалпы білім беру саласында 51 қазақ, 1 орыс, 2 өзбек, 72 аралас тілдегі мектептер жұмыс жасайды.
Негізгі мәселелер:
1000 адамға шаққанда жалпы республикалық орташа көрсеткіштен Шымкент қаласындағы кітапханалар көрсеткіші 4,2 есе, мұражайлар көрсеткіші 2,2 есе төмен;
Ономастика саласында жекелген көше атауларының қайталануы және тұрғын массивтердегі көше атауларының жоқтығы;
Қала халқын үшінші мегаполис тұрғыны ретінде жаңа менталитетін қалыптастыру.
Дене шынықтыру және спорт
Қалада 2016 жылы спорттық ғимараттар саны 778 бірлікті құрады, оның ішінде спорт залдардың жалпы саны - 209, 1500 орынды трибунасы бар стадион саны – 3, мұз сарайы – 1, спорттық комплекс - 8, спорттық комплекс (манеж) – 9, жүзу бассейндер - 6, жеңіл атлектикалық манеж – 1, теннис корттары – 28, ескек есу базасы – 1, ату тирі – 9, оқ ату нысаны – 1, спорт алаңшалары – 318.
Қалада балалар мен жасөспірімдердің бокс, жеңіл атлетика, велоспорт, қысқы спорт түрлерінен, футбол, теннис, көркем гимнастика, шығыс жекпе-жек, күрес түрлерінен мектептері жұмыс істейді.
Шымкент қаласының спорт объектілерімен қамтамасыз етілуінің салыстырмалы талдау
Спорт нысаны
|
Шымкенттегі объектілердің саны, бірлік
|
Қаланың қамтамасыз етілуі, бірлік/10 000 адам.
|
ҚР объектілерінің саны, бірлік
|
ҚР халқының қамтамасыз етілуі, бірлік/10 000 адам
|
Барлығы
|
778
|
11,1
|
33 347
|
19,7
| Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласы тұрғындарының 10 000 адамға шаққандағы спорт нысандарымен қамтылуы орташа республиканың деңгейінен 8,6 бірлікке төмен.
Қала кәсіпорындарында – 70 562 адам, жалпы білім беру мектептерінде 42 437, жоғарғы оқу орындарында – 13 252 адам, арнаулы орта оқу орындарында – 17 593 адам, қалалық спорт мектептерінде –10 035, облыстық спорт мектептерінде – 6 759 адам спортпен жүйелі шұғылданады.
Сонымен қатар, соңғы жылдарда спорт нысандарының артуымен қатар, спортшыларымызда олимпиада ойындарында және халықаралық түрлі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
Спорт саласындағы негізгі міндет - Елбасының Жолдауына сәйкес, 2020 жылға қарай 30 пайызға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы тиіс. Бұл көрсеткіш Шымкент қаласында қазіргі таңда 22 пайызды құрайды.
Дегенмен коммерциялық нысандарға халықтың қол жетімдігі төмен. Осы ретте қалада жалпы бұқаралық мемлекеттік нысандарға тапшылық байқалады.
Негізгі мәселелер:
қала тұрғындарының 10 000 адамға шаққандағы спорт нысандарымен қамтылуы орташа республикалық деңгейінен 8,6 бірлікке төмен;
спорт және туризм саласындағы коммерциялық нысандардағы қызмет бағасына халықтың қол жетімділігі төмен;
шет аймақтардағы елді мекендерде спорт зал құрылыстары салынбаған;
-спорт инфрақұрылымдарының материалды-техникалық базасы төмен.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру
Экономиканың нақты секторындағы тұрақты өсім еңбек нарығындағы ахуалға оңды әсер етіп, халықтың әл-ауқатын сипаттайтын көрсеткіштерде оңды динамика байқалып отыр.
Шымкент қаласындағы еңбек нарығындағы индикаторлардың динамикасы, мың адам
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Диаграммада ұсынылғандай Шымкент қаласында жыл сайын еңбек нарығындағы көрсеткіштерде оңды динамика байқалып отыр.
Дегенмен, Шымкенттің көрсеткішін басқа қалалармен салыстырғанда әліде бірқатар көрсеткіштер бойынша артта қалушылық бар.
Жалдамалы қызметкерлердің саны бойынша Шымкенттің көрсеткіші Астана мен Алматымен салыстырғанда едәуір төмен. Ал, өздігімен жұмыспен қамтылғандар саны бойынша Шымкеттің көрсеткіші едәуір жоғары. Бұл дегеніміз Шымкент қаласында тұрақты жұмыс орындарының деңгейі төмен немесе халықтың 33,0 пайыздан астамы өз бетінше күн көріс жасайды деген сөз.
Қала халқының жұмыссыздық деңгейіне талдау
|
Халық саны, мың адам
|
Экономикалық белсенді халық, мың адам
|
Жұмыссыз халық, мың адам
|
Экон.белсендіден үлесі,%
|
Орташа айлық жалақы, теңге
|
Шымкент
|
896,1
|
377,9
|
19,0
|
5,0
|
100 200,0
|
Республика
|
17 670,5
|
8 998,8
|
445,5
|
4,9
|
142 898,0
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей, Шымкентте жұмыссыздық деңгейі республикалық көрсеткіштен жоғары.
Осы ретте Шымкент қаласында өздігімен жұмыспен қамтылғандардың үлесін азайтып, жалдамалы қызметкерлердің үлесін көбейтуді, яғни тұрақты жұмыс орындарын ашу, олардың кірісін жариялау режимдерін енгізу бағытында жұмыс жасау қажет.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне талдау
-
Атауы
|
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, % 15-28 жас
|
Шымкент қаласы
|
4,4
|
Республика
|
3,8
|
Дерек көзі:ЖАО мәліметі
Талдау көрсеткендей, Шымкентте жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі республикалық орташа деңгейден 15,7 пайызға жоғары.
Шымкент қаласында жыл сайын жоғары, арнаулы орта және техникалық оқу орындарын 35 мыңнан астам жастар түрлі мамандықтар бойынша бітірсе, оның 45-%-ға жуық азаматтары қала тұрғындары мен басқа қала, аудандардан оқуға келіп, қалада жұмыс іздеп қалатындар. Бітірушілердің ішінде медициналық және техникалық мамандардың басым бөлігі жұмыс тапса, педагогикалық, құқық, есеп саласындағы мамандарға сұраныс төмен.
Халықты әлеуметтік қолдау
Жергілікті атқарушы орандар тарапынан азаматтардың аз қамтылған категорияларын қолдау басты міндеттердің бірі. 2014 жылы 17 әлеуметтік қызмет түрлері бойынша 93 137 азаматтан өтініш түсіп, оның 94,4 пайызы немесе 87 975 оң шешімін тапқан.
Азаматтардың ақшалай табыстарының өсуімен және еңбек нарығының белсенділігімен аз қамтамасыз етілген азаматтар саны да азайған.
Атауы
|
2014 ж
|
2015 ж
|
2016 ж
|
алушылар саны
|
сомасы, млн тг
|
алушылар саны
|
сомасы, млн тг
|
алушылар саны
|
сомасы, млн тг
|
Атаулы әлеуметтік көмек, отбасы саны
|
610
|
19,1
|
191
|
8,1
|
178
|
6,8
|
18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, бала саны
|
29 044
|
447,5
|
31 983
|
514,0
|
34 549
|
608,6
|
Тұрғын үй көмегі, отбасы саны
|
674
|
22,3
|
688
|
25,4
|
730
|
26,3
|
Барлығы:
|
|
488,9
|
|
547,5
|
|
641,7
|
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Кестеде ұсынылғандай жыл сайын әлуеметтік көмек алушылар саны азайған. Ал, бюджеттен төленетін қаржы соңғы 2 жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған. Себебі, әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәсілі және айлық есептік көрсеткіштердің өзгерісіне байланысты қаржы көлеміде өзгеріп отырады.
Дегенмен, Шымкентте экономикалық белсенді халықтың 33,0 пайыздан астамы өздігімен жұмыспен қамтылғандықтан жан басына шаққандағы ақшалай табыстары бойынша басқа қалалармен салыстырғанда төмен деңгейде тұр.
Жан басына шаққандағы ақшалай табыстары бойынша талдау
Қалалар
|
Халықтың орташа айлық жалақылары, теңге
|
Ең төменгі күнкөріс шамасы, теңге
|
Үлес салмағы, %
|
Алматы
|
174 539,0
|
24 088,0
|
13,8
|
Астана
|
201 103,0
|
24 982,0
|
12,4
|
Шымкент
|
100 200,0
|
20 340,0
|
20,2
|
Дерек көзі: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметі
Жоғарыда келтірілген талдаудан халықтың айлық жалақыларының ең төмен күнкөріс шамасына кететін шығындары бойынша Шымкенттің үлесі жоғары. Демек, Шымкентте жан басына шаққандағы табыстарының басым үлесі ең төменгі күнкөріс шамасына жұмсалады. Бұл дегеніміз халықтың табысы өте төмен деңгейде және халықтың басым бөлігі өз материалдық құндылықтарын қанағаттандыра алмайды деген сөз.
Негізгі мәселелер:
Жалдамалы қызметкерлердің саны бойынша Шымкенттің көрсеткіші Астана мен Алматымен салыстырғанда едәуір төмен;
Өздігімен жұмыспен қамтылғандар саны бойынша Шымкеттің көрсеткіші Астана мен Алматыдан едәуір жоғары. Бұл дегеніміз Шымкент қаласында тұрақты жұмыс орындарының деңгейі төмен немесе халықтың 33,0 пайыздан астамы өз бетінше күн көріс жасайды деген сөз;
Шымкентте жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен жоғары;
Шымкенттегі жан басына шаққандағы ақшалай табыстары басқа ірі қалаларға салыстырғанда төмен.
Ішкі саясат
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру
Шымкент қаласында жұмыс атқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының саны - 161, оның ішінде: газеттер -130, журналдар - 24, телеарналар-5, радио-2.
«Қазтелерадионың» инфрақұрылымы қалаға тарату бойынша «Хабар»-100%-ға, «Қазақстан»-100%-ға, «Евразия»-100%-ға, «Қазақстан-Шымкент»-100%-ға, «Отырар»-99,7%-ға, «Айғақ»-90,7%-ға және радио «Юмакс»-100%-ға қамтылуын қамтамасыз етуде. Кабельдік телеарна кең көлемде таратылуда, бүгінгі таңда 2 оператор жұмыс атқаруда.
Негізгі мәселелері:
Мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын жергілікті БАҚ-да ақпараттық қолдау жұмыстары сапасының төмендігі;
ақпараттық салада заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениетін жоғары деңгейге жеткізу, журналистік қауымдастықтың этикалық нормаларды сақтауы (БАҚ-қа мониторинг жүргізу).
Дін саласы
Шымкент қаласында қазіргі таңда 129 діни бірлестік пен филиалдар әділет органдарынан тіркеуден өтіп қызмет атқарып отыр. Оның ішінде: исламдық – 100 мешіт, исламдық емес – 29 діни бірлестік. Оның ішінде: православиялық-6; католиктік-1; иудейлік-1; протестанттық-пресвитериандық-11; иегова куәгерлері-3; евангелді-христиан баптистер-6; бахаи-1. Қалада діни тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен терреоризмнің, кереғар діни ағымдардың алдын алуда мәжілістер, дәстүрлі дін өкілдерінің жастармен кездесулер өткізу тәжірибесі енгізілген. Құқық қорғау және мемлекеттік органдармен, дінтанушылар және дәстүрлі дін өкілдерімен көп халық топталған жерлерде, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылады. Қалада діни мәселелер бойынша келіспеушілік фактілері тіркелмеген.
Жастар саясаты
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдауда ұсынылғандай, жыл сайын қаладағы жастардың саны артып келеді.
Қала тұрғындарының 3/1 бөлігін жастар құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүргізу аясында «Шымкент жастары» мекемесінің жұмысын жандандырып, жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік негіздеріне үйрету, талантты жастарды қолдау көрсету бағытында іс-шаралар өткізуде.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында БАҚ арқылы ақпараттық насихат жұмыстары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қатыстыра отырып жастардың қатысуымен түрлі іс-шаралар, құқықтық сабақтар, кешкі рейдтер тұрақты ұйымдастырылған.
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Сондай-ақ, 2013 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан айына екі реттен эфирге шығатын 20 минуттық «Заңнама» бағдарламасы ұйымдастырылды.
Шымкент қаласындағы құқықбұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес А4 форматында «Қалта ұрлығы», «Автокөлік ұрлығы», «Пәтер ұрлығы», «Лаңкестік» ақпараттық парақшалар дайындалып, халық көп шоғырланған орындар мен жолаушылар көліктеріне жабыстырылып, таратылды.
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Талдауда ұсынылғандай, жүйелі түрде атқарылған алдын алу шараларының нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық көрсеткіштер жылдан-жылға төмендеп отыр.
Сондай-ақ, жастар арасындағы нашақорлыққа тәуелдену жағдайы да төмендеуде.
Дерек көзі: ЖАО мәліметі
Негізгі мәселелер:
15-28 жас аралығындағы оқымайтын, белгілі жұмысы жоқ (NEET) үлесі республикалық орта деңгейден 2,5 пайыздық көрсеткішке жоғары;
Соңғы жылдары жастар ұйымдарының көбеюіне (45) қарамастан, тек 20 пайызы ғана белсенді жұмыс атқарады;
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру кадрлық, ғылыми және ақпараттық тұрғыда қамтамасыз етілуі жеткіліксіз;
Халықаралық жастар тәжірибесімен алмасу дамымаған.
Достарыңызбен бөлісу: |