|
Бағдарламасы Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері Механикафизика каз. яз.Электростатикалық өріс энергиясы. Дискретті және үзіліссіз таралған зарядтардың өзара әсерлесу энергиясы. Меншікті энергия. Электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы. Беттік зарядтар өрісінің энергиясы. Зарядталған өткізгіштердің энергиясы. Сыртқы өрістегі дипольдың энергиясы.
Электр өрісіндегі күштер. Электр өрісіндегі нүктелік зарядқа, дипольге және үзіліссіз таралған зарядқа әсер ететін күштер. Электр өрісіндегі диэлектрик және өткізгішке әсер ететін күштер. Күштердің энергия үшін өрнектен есептелуі.
Диэлектриктер. Локальдық өріс және оның сыртқы өрістен өзгешелігі. Полярлы және полярлы емес диэлектриктер. Полярлы диэлектриктер және олардың поляризацияланғыштық коэффициенттерінің температураға тәуелділігі. Сегнетоэлектриктер мен пьезоэлектриктер туралы негізгі мағлөматтар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|