Бағдарламасы «Педагогикалық психология»



жүктеу 0,81 Mb.
бет6/8
Дата18.02.2020
өлшемі0,81 Mb.
#29347
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Әдебиет:

1. Маркова А.К.,Матис Т.А., орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М.,1990.

2. Марква А.К.,Орлов А.Б.,Фридман Л.М. Мотивация учения и ее воспитание у школьников.м.,1983.

3. Нюттен Ж. Мотивация// Экспериментальная психология/ Ред.-сост.П.Фресс,Ж.Пиаже/Пер.с фр.М.,1986.Гл.15.

4. Орлов Ю.М.,Творогова Н.Д.,Шкуркин В.И. Стимулирование побуждения к учению. М.,1988

Оқушының білімді меңгеруінде оқу мотивациясы негізгі рөл атқарады. Көпшіліктің айтуынша, оқушылардың сабақ үлгерімінің материалы оқыту методикасының кемістігінен емес, оқуға деген түрткісінің жоқтығынан. Баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынадай екі түрлі, яғни сыртқы және ішкі түрткіден құралады. Сыртқы түрткіге мадақтау мен жазалаудың неш түрлері, жиында сынға алуы және т.б. жатады.

Ал оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз баланың өзіндік ықыласының сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуне ұмтылуынан болады. Іштей оқуға талпыну үшін, негізінде мынадай факторлар себепкер болады:


  • Оқушының іштей белсенділігі қажеттіліктің негізінде пайда болады. Сонымен қатар іштей оқуға белсенділік пен қажеттілікке оқушылардың өзара қатынасының негізінде болатын намыстану, ұялу үшін курес т.б. әлеуметтік ортасының әсерінің жемісі ретінде баланы оқуға итермелейтін негізгі себеп-түрткілер болады.

  • Оқуға талпынудағы сыртқы факторларға жататындар балаға үй іші мен мектеп тарапынан қойылатын талаптар жатады. Осының өзін оқуға байланысты мөлшерлер, яғни қалыптар деп атайды.

Оқушылардың даму және оқу процесінде таным арта түседі. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таныс белсенділігін дамытуға бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттер қалыптасуына игі әсер етеді.

Оқу мотивінің денгейі және түрлері

Мотив түрлері

Танымдық Єлеуметтік

Денгейлер

Кең танымдық Кең єлеуметтік

Оқу-танымдық Тар єлеуметтік

Өзін-өзі оқыту мотиві Єлеуметтік бірігіп жұмыс істеу мотиві

Оқыту мотиві сапасы

Мағынасы мінездеме Динамикалық мінездеме

-сезіну -беріктілік

-өз беттілік -күш және көрнекілік

-жалпылау -бір мотивпен басқасына қосылу

-мотивациялық -мотивтердің эмоционалды көрінуі. құрлысын доминирлеу

-бірнеше оқу құралын жеткізу дењгейі және т.б.

-және т.б.

Тәртіп мотивациясы екі типті болады табыс және бұзылмаудан қорқу мотивациясы. Бұндай жағдайда адам конструктивті, жағымды әрекетеріне жетуге мотивациясы жатады. Сәтсіздік мотивациясы негативті мотивацияға жатады. Бұндай типте адам активтілігі ұрысу, жәбірлеу, зорлық-зомбылық мотивациядан тұрады. Табыс мотивациясының диагностикасы мектеп практикасында бақылау әдісі арқылы зерттеледі


9 тақырып. Мотивация психологиялық категория ретінде

Оқу мотивациясының жалпы сипаттамасы. Оның жүйелі ұйымдасуы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Оқу іс-әрекетін меңгеруден, ал меңгеруді – дағдылар қалыптасуынан не ажыратады?

2. Дағдының «жасалу» термині неліктен «даму» терминіне қарағанда осы процесті нақтырақ бейнелейді?

3.Үйренуге қандай негізгі факторлар әсер етеді?



Әдебиет:

1. Ильясов И.И. Структура процесса учения, М.,1986

2. Лингарт Й.Процесс и структура человеческого учения. М.,1970№

3. Талызина Н.Ф.Педагогическая психология.М.,1998. Гл.6

4. Якунин В.А. психология деятельности студентов. М.,1994.

Білім, дағды, іскерлік туралы түсінік

Ғылым мен техниканың жылдан – жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы білімнің негізі болып табылады.

Соған сәйкес бүгінгі таңда мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық (компьютерлік) технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Шығармашылық қабілет дегеніміз не, ол қандай өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді және оны компьютердің көмегімен тиімді дамыта аламыз ба деген мәселелерді шешуді талап етеді.

И.Д. Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс - әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.

Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді.



Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларда соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П. Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Сондықтан да біз өз зерттеуімізде автордың пікіріне қосыла, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс – тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады.

Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л. Лернердің, А.Н. Луктың, В.И. Андреевтің, А.Л. Яколевтің,

Д.Б. Богоявленскаяның еңбектері. Біздің ойымызша, осы аталған еңбектердің ішінде И.Л. Лернер мен А.Н. Луктың еңбектері ерекше назар аударарлық.

А.Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:


  1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);

  2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл - күй);

  3. ақыл – ой қабілеттері.

Біздің пікірімізше, А.Н. Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіре аламыз

  1. оқушы кез келген іс - әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс - әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны сөзсіз.

  2. Көңіл – күй – бұл кез келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады.Сондықтан да оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту олардың осы бағыттағы іс-әрікетке деген көңіл-күй деңгейі маңызды, сондай-ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелігіне әсер ететіні белгілі.

  3. Кез келген іс-әрікетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін алдымен осы ақыл – ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.

Я.А. Пономарев кез келген шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің негізгі, бастысы – шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойша» әрекеттенусіз іске аспайтыны анық. Сондай – ақ адамның «ойша» әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б. – бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады.

Біріншіден, адам, «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады;

Екіншіден, қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, негізгі оқу іс - әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай – ақ олардың шығармашылықпен өзін - өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықталуына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады.

В.В. Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалық қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады».

Оқу іс - әрекетінде қажетті бақылау, өзін - өзі бақылау, сондай – ақ есептің шешуін ауызша түсіндіруді талап ету, бағалау қажеттігі ішкі жоспар бойынша әрекеттенуге және ойша жоспар құруға қолайлы жағдай туғызады.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың шығармашылық әлеуеті әсіресе, ән – күйде, ойын үстінде, техника саласында жаңа бір нәрсені ашумен, құрастырумен, білумен байланысты көрінеді.

Сондықтан да біздің ойымызша оқушылардың шығармашылық қабілетерін біз компьютердің және соған сәйкес компьютерлік ойындарды (үйрету, жаттықтыру, дамытушы) пайдалану арқылы толықтай қалыптастыра аламыз.


10-11 тақырып. Меңгеру – үйренуші іс-әрекетінің орталық буыны

1.Меңгерудің анықтаудағы келістер.

2.Меңгерудің құрылымдық ұйымдасуы. Меңгеру кезеңдері, сатылары.

3.Меңгеру процесіндегі дағды.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық іс-әрекетпәні (заты) іс-әрекеттің кез-келген басқа пән түрінен айырмашылығы неде?

2. Педагогикалық іс-әрекеттің ішкі және сыртқы түрткілерінің құрылымына не жатады?

3. Билік түрткісінің педагогикалық іс-әрекет мотивациясының құрылымына кіруін немен түсіндіруге болады?

4.А.Б.Орлов бөлген мұғалімнің жеті центрациясының қайсысы оқушыларға (студенттерге) неғұрлым келеңсіз әсер етуі мүмкін?

Әдебиет:

1. Кузьмина Н.В.Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения профтехучилища..М.,1989

2. Маркова А.К. Психология профессионализма. М.,1996.

3..Маркова А.К.Психология труда учителя. М.,1993.

4. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М.,1994.

5.Митина Л.М.Психология профессионального развития учителя.М.,1998.

6.Орлов А.Б.Психология личности и сущности человека:парадигмы, проекции, практики.М.,1995.

7. Реан А.А. психология педагогической деятельности. Ижевск,1994.


12тақырып. Педагогикалық іс-әрекет: формалары, сипаттамалары, мазмұны

1.Педагогикалық іс-әрекет: формалары, сипаттамалары, мазмұны.

2.Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық іс-әрекет қандай функцияларды іске сырады?

2. Педагогтың қабілеттері мен іске асырылатын функциялар арасында ұқсас байланыс бар ма?

3. Педагогикалық іскерліктердің тоғыз тобығның әрқайсысы неге бағытталған? (өз-өзіне, оқушыға, игеру пәніне, т.б.)



Әдебиет:

1. Маркова А.К. Психология профессионализма. М.,1996.

2.Маркова А.К.Психология труда учителя. М.,1993.

3.Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М.,1994.


13 тақырып. Педагогикалық іс-әрекеттің түрлі стильдері

1.Іс-әрекет стилінің жалпы сипаттамасы

2.Педагогикалық іс-әрекет стилі

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Іс-әрекет стилі мен мінез-құлық стилі арасында қандай айырмашылық бар?

2.Педагогикалық іс-әрекеттің түрлі стильдерінің сараланып жіктелінуінің негізінде не жатыр?

3.А.Я.Никонова,А.К.Маркова бойынша, педагогикалық іс-әрекеттің негізгі стильден оны сипатныа байланысты қандай?



Әдебиет:

1.Кан-Калик В.А.Учителю о педагогическом общении. М.,1987.

2.Климов Е.А.Образ мира в разнотипных профессиях.М.,1995.

3.Маркова А.К.Психология труда учителя.М.,1993.



14тақырып. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы

1.Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)

2.Сабақты психологиялық талдауының схемасы

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. «Сабақты психологиялық талдау» терминінің «сабақты педагогикалық (дидактикалық, әдісқойлық) талдау» терминдерінен мәндік айырмашылығы неде?

2.Осы талдаудың негізгі психологиялық механизмі не болады?

3. сабақты психологиялық талдаудың үш деңгейінің арасындағы айырмашылық қандай?

4. Сабақты психологиялық талдау схемасы не үшін керек?

Әдебиет:

1.Добрынин Н.Ф. Психологический анализ урока//Учен.Зап.МГПИ им.В.П.Потемкина.М.,1952.Т.17.

2. Зимняя И.А.,Ильинская Е.С. Психологический анализ урока иностранного языка// Ин.яз.в школе.1984.№ 3.

3. Иванов С.В. Анализ урока. Воронеж,1975.

4.Кузьмина Н.В.Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения. М.,1989.

5.Львова Ю.Л.Как рождается урок. М.,1976.

6.Охитина Л.Т. Психологические основы урока. М.,1977.


  1. Мұғалімнің жұмысындағы сабақтың психологиялық анализі

Психологиялық анализдің жалпы міндеттемесі.

Педагогикалық жұмыс әртүрлі формада жасалуы мүмкін, соның ішінде – сабақ негізгі ұйымдастырылуы бірлік, сол кезде мұғаліммен оқушының бірлескен жұмысы жүргізіледі. Сабақты талдауға қатысты көптеген психологиялық, педагогикалық және әдістемелік өте көп еңбектер шыққан (Т.Ю.Андрющенко, Н.Ф.Добрынин, В.С.Иванов, Е.С.Ильинская, И.В.Карпов, Ю.Л.Львова, Л.Т.Охитина, Е.И. Пассов және т.б.).

Зерттеушілер сабақты талдаудың көптеген объективті жақтары бар екенін мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынастың барлық жақтарын есепке алып отыруының өте маңызды екенін айтады.

Сабақты мұғалімнің тұрғысынан қарасақ, психологиялық талдау оның өзінің педагогикалық еңбегінің артуына жәрдемдеседі және мұғалімнің проективті және рефлексивті біліктілігін арттырады. Қандай да сабақты талдаудың нәтижесінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік бағыттардың өзара тығыз байланысты екенінен келіп шығады. Осылардың бір бағытын жеке алып қарау шартты түрде болады.

Сабақты талдау сабақты жүргізуді жақсартумен қатар, мұғалімнің өзінің білімінің артуымен қатар білімінің дамуында маңызды процесі мен қорытындысында мұғалім өзінің сабағына сырттай қарап оны талдай алады және ойша бағалай алады.

Сабақты психолоиялық талдау мұғалімге өзінің теориялық білімін жұыстың әдістерімен тәсілдерін ойлауға, оқытуда және сыныппен бірге жұмыс істеуде пайдалануға негіз болады.Өзін педагогикалық жұмыстың субъектісі ретінде өзін-өзі ұстау және өзінің әлді және әлсіз жақтарын сезінуі жатады. Сабақтың психологиялық анализінің көлемі көп жақты болады: бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері (оның жеке басының, белгілі бір сабақтағы жұмысы), оқыту үрдісінің заңдылықтары оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, олардың жеке басының заңдылықтары бүкіл сыныптың ерекшелігі (олардың сабақты түсінудегі біліктілігі мен үйрену деңгейі). Бұл дегеніміз психологиялық ерекшеліктер, мұғалім мен оқушылардың арасындағы арым-қатынас заңдылықтары, белгілі бір сабақты оқушылардың түсініп, қабылдау заңдылықтары және т.б. (Н.Ф.Добринин) [70]. Сабақты психологиялық талдау мұғалімнің аналитикалық, жобалық біліктілігін арттыра отырып оның білуге қызығушылығын арттырады, оқыту мен тәрбиелеу психологиялық өзекті мәселелерді өз бетімен анықтауға үйретеді. Күрделі педагогикалық жайттарды анализдеу және психологиялық бақылау жүргізуді үйрету, дұрыс және психологиялық негізделген қорытынды жасау – мұғалімнің педагогикалық мамандығын арттыруда сенімді нәрсе болып табылады.


Сабақтың психологиялық анализінің түрі.
Сабақты психологиялық анализдеудің негізгі мінездемелік түрі адамның ойлау процесіндегі екі негізгі процесінің біреуін пайдалануға негізделеді. С.Л.Рубинштейннің айтуы бойынша «анализ дегеніміз- заттарды, құбылыстарды ойша жеке-жеке тарату, олардың элементтерінің құрама бөліктерін, сәттерін анықтау, талдау арқылы құбылыстардың көзге көрінбейтін қатынастарын бөліп шығара аламыз. [194 т. 1, б 377-378].

Анализ түрлері жан-жақты болады. Оның толық түріне анализдің синтез арқылы жасалуы онда «синтез анализдің бөліктеріне біріктіріледі» [194т. 1,б 378].

Мұғалім сабақта берілетін материалға байланысты әр оқушымен, сыныппен қарым-қатынасқа түседі. Осыған байланысты мұғалім оқу пәніне байланысты қарым-қатынаста оқушыларға әр кезде жаңа санамен қасиеттерде көрінеді: мұғалім қызықты әңгімелесуші, зерттеуші (балалармен бірге сабақтың міндеттерін шешеді), орындаушы (мектепке дейінгі балаларға және төменгі сынып оқушыларына өлең айтады) ретінде көрінеді. Жаңа қарым-қатынастарға байланысты ол сабақта өзінің барлық қырынан көрінеді, пән жағынан интеллектуалды қызметтік мінез құлық жағынан да көрінеді.

Сабақтың психологиялық «компоненттері» психологиялық анализге, бәрінен бұрын мұғалім мен оқушы ортақ нәрсеге біріктіретін пән (бірігіп жұмыс жасау, жалпы қарым-қатынас) жатады. Сабақ дегеніміз - өзінің құрамында толық жүйеге жатпайтындықтан, олар бір-біріне қатысты, бір-бірінен бөлек бола алмайды, олар бөліне алуы және бірімен-бірі байланыстырылуы мүмкін. Сонымен сабақтың психологиялық анализін талдауды синтез арқылы елестетуге болады. Талдауға жататын объектіні зерттеген кезде адам оның жаңа бір әлі белгісіз қырларын байқай алады. Егер адам өздігінен осындай қарым-қатынастарды өзі зерттемесе ол осы қарым-қатынасарды ашатын жаңа сапа мен қасиеттерді байқай алмайды (А.В.Брушлинский).

Сабақтың синтез арқылы анализдену түрі,сабақтардың құрамының алуан түрлі қарым –қатынастағы компоненттері , мұғалімді оқытудың күрделі психологиялық сәттерін терең білуге көмектеседі.

Сабақты талдау көбіне отандық психологиялық мектептің негізгі принципін дамыта және тәрбиелей отырып, оқытумен байланыстырыла жүргізеді. Мысал ретінде сабақты талдаудың П.Т.Охитина көрсеткен мысалына жүгінсек,



  1. «Сабақ сабақты өткізу үшін ғана емес, ол оқушының жеке басына әсер ету үшін тек қана қажетті бағдарламаларды өту үшін ғана емес, сонымен қатар осы оқыту барысында балаларға белгілі интеллектуалдық моральді, жігерлілік және т.б. қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

  2. Қандай да бір сабақтың ортақ компоненті - оқушылардың білімге деген ынтасын ұйымдастыру білімнің негізгі үрдісінде ойлау мен еліктеудің мәні зор. Аналитикалық-синтетикалық қызметтің қатысуы барысында білімнің интеллектуалдық біліктілігін және өзекті мәселелерді зерттеуде шығармашылық шешім қалыптасады.

5. Оқытудың жетістігі тек қана сыртқы факторларға, сонымен қатар әдістемені жетілдіруге, мұғалімнің жеке шеберлігіне және оқушылардың жеке басының психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады

[159, б 82-83].

Келтірілген мысалдар дамыта отырып оқытуды ғана емес, балалардың жеке бас ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын қуаттайды.

Сабақтың психологиялық анализінің үш жоспары
Сабақтың психологиялық анализін тұтас құбылыс екенін айта отырып, оның үш түрлі жоспары бар екенін баса көрсетуіміз қажет. Бірінші жоспар – тәрбие оқушының жеке басының дамуына оның ғылыми көз қарасының қалыптасуын мәдениеттілікке қатысты психологиялық анализі. Бұл жоспар жалпы педагогикалық талқылауда, оның осы заманғы оқытудың жалпы оқыту мен тәрбие мақсаттарының бөлігіне кіреді. Жалпы контексте оқыту процесін реформалауда әсіресе оқытудың тәрбиелік жағын күшейтіп, сонымен қатар психологиялық талдауда көптеген кең ауқымдағы оқушының жеке басын тәрбиелеуде оны детальді түрде қарау қажет. Оқушының белсенді әлеуметтік ұстанымы, өзінің көз қарасын дәйектеуге деген дайындығы психологиялық анализде өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісіндегі психологиялық анализдеуде оқушылардың жауапкершілігінің артуы, бірлсе қызмет етуге дайындығы, олардың мәдениеті жоғары белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жұмылған оқшы топтарының болуының маңызы зор.

Екінші жоспар әдістемелік талқылаумен тығыз байланысты: оның мақсаттарын негіздеуге, мазмұнына және ұйымдастыруға байланысты және т.б. Анализдеу кезінде сабақ қаншалықты дайындық деңгейіне және олардың интелектуалдық дамуына сай екені ескеріледі. Оқу материалын түсінудің психологиялық табиғаты оқу үрдісінде оқушылардың интелектуалдық белсенділігін дамыту, әдіс тәсілдердің оқушылардың жаспен жеке психологиялық ерекшеліктеріне сай екендігі талданады. Сабақтың үшінші жоспары екі бағытта негізделеді: біріншісі – оқушы, оның ғылыми білім қажеттілігі, оның ойлау – сөйлеу, даму, жеке психологиялық ерекшеліктері тағы басқа. Оқушы оқу үрдісінің субьектісі ретінде басқа оқушылармен, мұғаліммен қарым-қатынас. Психологиялық анализ сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық қызметін жетілдіруде қазіргі заманда маңызды құрал болып табылады. Сондықтан да мұғалім осы екі бағыттың бір бағыты болып табылады.Психологиялық анализдің осы бағытында рефлексия механизмдері түйсіну, ойлау, адамның ішкі жан дүниесін сыртқа шығаруы жатады. Педагогикалық рефлекция мұғалімнің педагогикалық қызмттің субьектісі ретінде, басқа адамдарды тәрбиелеу мен оқытуды өзіне-өзі жаупкершілікті алуымен тығыз байланысты.


Психологиялық талдаудың объектісі.
Сабақты психологиялық анализдеуде педагогикалық рефлекцияның объектісі ретінде, бәрінен бұрын жеке педагогикалық қызметтің мативіне байланысты. Зерттеулерге қарасақ, мұғалімдер әлеуметтік позитивтік мативтермен (жастармен жұмыс істеуге қызығушылық, өзінің еңбегінің әлеуметтік маңызын түсінуі) қатар мұғалімдер сыртқы жағдайларға байланысты мативтерді де басшылыққа алады (мысалы, өзінің сүйікті пәнімен айналысуға мүмкіндіктің болуы, ой еңбегіне қызығушылық). Осыған байланысты «не үшін жұмыс істеп жүрмін» деген сұраққа жауаптың өзі, соны орындауға жақсы әсер етеді, еңбектің тиімділігін арттырады. Сонымен қатар оқытушының педагогикалық үрдісті түсінуінің маңызы зор. Оларға алдында айтылғандай конструктивті – жоспарлау, ұйымдастырушылық, сөз арқылы оқыту, зерттеушілік жұмыстары жатады.

Психологиялық анализдеуде рефлексивтің объектісі ретінде оқытушы қызмет қорытындысының өзінің қызметінің әлді, әлсіз жақтарын сезіне алады. Байқауымыз бойынша оқытушылардың 100-ден 98 %-і өздерінің нашар сабақтарын жүйелі талдайды екен. Тек екі оқытушы ғана жақсы өткізілген сабағының себебін біледі. Оның өзінде де олар 15 жыл ішінде тәжірибе алу арқылы ғана осы заңдылықтарға жетеді екен. Оқытушылардың өзінің қызметін талдауда, педагогикалық шеберлігін шыңдауда әр түрлі уақыт шеңберінде, әр түрлі дайындық шамасында өткізілуі қаралуы керек.



2.Психологиялық сабақтың талдау сатылары.
Талдаудың жоспары мен объектісі оқытушының қызметінің әр түрлі формасымен қабысуы мүмкін, сабаққа дайындық, оны өткізу, оның аналитикалық талқылануы, оқушының өзінің өткізген сабағын бағалауымен. Осыған байланысты сабақты талдаудың үш түрлі сатысы болады: алдын-ала талдау өткізіліп жатқан уақытта және ретроспективті талдау (И.А.Зимняя, Е.С.Ильинская).

Сабақтың алдын-ала өткізілтін психологиялық талдауы, мұғалімнің сабаққа дайындалу сатысында жүргізіледі. Бұл сатыда оқытушы сабақты алдымен бейнелі ойымен көз алдына келтіруімен және уақытпен кеңістіктің шегіне қарамастан ойша өткізеді. Содан соң оқытушының қызметінің маңызды сатысы. Бұл сатыда келешекте болатын сабаққа жан-жақты және тиянақты дайындалудың маңызды сатысы келеді; Ол бағдарламадағы оқу материалымен, қойылатын тапсырмамен, мақсатпен, оқытуды таңдап алынатын әдіс-тәсілдермен тығыз байланысады. Осындай талдау кезінде оқытушы белгілі сабақтың жоспары мен конспектісін сол бейне орындауды алдын-ала дайындайды.

Оқытушы сабақты алдын-ала талдай отырып, ол ойша және мақсатты түрде жалпы жас мөлшеріне байланысты, педагогикалық, әлеуметтік психологияға, өткізілетін пәнге байланысты теориялық білімін іске асырады.

Білім алудағы екінші фактор – оқытушының жеке басының психологиялық және маманды ерекшелігіне байланысты болады. Педагогикалық қызмет оқытушының жеке басына және педагогикалық (дидактикалық, академиялық, перцептивтік, сөйлеу, ұйымдастыру) қабілеттеріне үлкен талаптар қояды.

Сабақтың психологиялық анализінің схемасы.


Сабақтың психологиялық анализінің сатылары

Оқытушының өзіне-өзі қойған міндеттері

Оқытушының оқушыларға қойған міндеттері

Алдын-ала жүретін анализ

Сабақтың психологиялық міндеттерінің қойылуы оқушылардың, белгілі бір пәнді білуге қызығушылығын дамыту, олардың ой-белсенділігін бағалау, есте сақтау көлемін дамыту, жоғары моральдік сапасын және сенімдерін қалыптастыру.

Мақсаттарды міндеттерін, сатыларын, жұмыс түріне, методикалық әдістерді негіздеу.

Өзінің жеке психологиялық ерекшеліктерін (сөйлеу темпі, импульсивтік қасиеті, өзін-өзі ұстауы, эмоциональды қасиеттері) алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асырумен қабыстыру.


Оқушылардың оқу жұмысының негізгі мотивтерін (білу, ұмтылу, коммуникативтік, әлеуметтік) есепке алу.

Оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін есепке алу.

Сабаққа пәндік дайындықтың мөлшерін есепке алу.

Топтағы өзара қарым-қатынастарды есепке алу.




Ағымдағы анализ

Алдыға қойған міндеттер мен тапсырмаларға, оқыту міндеттері және педагогикалық қарым-қатынас үрдістеріне тұрақты бақылау бекіту, коррекция жасау. Тапсырмаларды орындау кезінде туатын қиындықтар немесе тапсырмаларды орындаудың жеңілдігіне байланысты жаңа міндеттер қою қажет, оқытудың жаңа құралдары мен әдістерін пайдалану, сабақтың барысын өзгерту.

Оқу жұмысының барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылығын, ойлау белсенділігін, материалды түсінуінің сипаттамасын, т.б.)

Ретроспективті анализ

Өзінің педагогикалық қызметін бағалау (жетістік, кемшіліктер, олардың себептерін, жетістікке жетудің және жөндеу жолдарын)

Оқушылардың жалпы білім алудағы, тәрбиедегі және тәжіриебелік жоспар аясындағы нақты алдыға жылжуын анықтау немесе өткізілген сабақтың нақты қорытындсы қандай деген сұраққа жауап)

Психологиялық анализдің үш сатысы – алдын-ала анализ, ағымдағы ретроспективті анализдерді білудің маңызы зор.



15 тақырып. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас.

1.Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы.

2.Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекетесу формасы ретінде
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Өзара әрекеттесудегі реактивті жақтың, субъективтінің белсенділігі қалай дәлелденеді?

2. Қарым-қатынастың ақпараттық моделі мен оқытудың субъект-объектік схемасы қалай байланысқан?

3.Мұғалім үшін қарым-қатынастың репрезентативтік функциясы дегеніміз не?

4. Педагогикалық қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы мен өзгешелігі қандай?

5. Қарым-қатынастың үш жақтарының қайсысы – ақпараттық, перцептивтік, интерактивтік – педагогикалық өзара әрекеттесуде неғұрлым көп қиындықтарды тудырады.



Әдебиет:

1.Андреева Г.М. Социальная психология М.,1996.Разд 2

2.Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения:В 2 т.М.,1983. Т.1.

3. Лийметс Х.Й.Групповая работа на уроке. М.,1975.

4.Посталюк Н.Ю.Педагогика сотрудничества: путь к успеху.Казань,1992.

5.Рубцов В.В.Организация и развитие совместных действий у детей в процессе обучения.М.,1987.

6. Формирование интерса к учению у школьников/Под ред. А.К.Марковой.М.,1986.

7. Цукерман Г.А. Совметсная учебная деятельность как основа формирования умения учиться. М.,1992.

8. Добрович А.Б.Воспитателю о психологии и психогигиене общения. М.,1987.

9.Кан-Калик В.А.Учителю о педагогическом общении. М.,1987.

10. Леонтьев А.А. Педагогическое общение.М.,1996

11.Леонтьев А.А. Психология общения. М.,1997.

12. Петровский Л.А. Компетентность в общении: социально-психологичсекий тренинг.М.,1989.

13. Карнеги Д.Как выработать уверенность себе и влиять на людей, выступая публично. Минск,1990.

14.Леонтьев А.А. Педагогическое общение//Педагогика и психология.М.,1979. № 3

15. Маркова А.К.Психология труда учителя. М.,1993.

16. Митина Л.М.Учитель как личность и профессионал.М.,1994.

Оқу үрдісіндегі қарым-қатынас.

Қарым-қатынасқа жалпы сипаттама.

Қарым-қатынас немесе көп жағдайларда коммуникация – кең де, көлемді түсінік. Бұл ақыл-ойдың қатысы бар, жоқ вербальді байланыс, алу және беру. Аспан кеңістігінде де үлкен-үлкен аспан денелерінің арасында да коммуникация бар және Лермонтов «Жұлдыздар да жұлдыздармен сөйлеседі» деп айтқандай ол жаңа, күтпеген түсінікке ие болады. Қарым-қатынас жасау әртүрлі, оның көп формасы мен түрлері болады. Педагогикалық қарым-қатынас адамдардың арасындағы жеке қатынас. Оның өзінің жалпы белгілері және өзара іс-әрекеттің формалары, және де оқыту үрдісінде оның бағытталған формалары болады.

Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамай тұрып, алдымен қарым-қатынасты феномен ретінде қарастырып алайық.
Қарым-қатынас проблемаларының тарихы.
Сөйлеудің, сөздің, үлкен жиындарда сөйлеудің адамға әсер ету өнерінің проблемаларының мәселелерін жалпы түрде Цицерон да алып қарастырған. Негізгі коммуникативті міндеттерді ол былай анықтаған «Не айту керек, қай жерде айту керек, қалай айту керек?». Цицерон осы міндеттердің әрқайсысын қарай отырып, ол сөз сөйлеудің орынды сөйлеу сапасын атап айтты, себебі «Адамның жағдайы, қызметі, беделі, жасы және орнына қарамай, көпшілік адамның ойын қалай болса солай білдіруге жол бермейді». Біздің қазіргі заманымызда бұл қарым-қатынастың негізгі ережесі – аудиториялық ерекшелігіне қарай, ойды білдірудің формасы мен мазмұнының ережесі.

Сонымен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынас – ХХ ғасырдың жаңа проблемасы болып табылады. Егер ежелгі Греция мен ежелгі Римде шешендік өнер риторика. Эвристика және диалектика жағынан зерттелсе, ал біздің заманымызда сөйлесу қарым-қатынасы, жеке алғанда педагогикалық қарым-қатынас басқа ғалымдар тарапынан да, мысалы: философия, социология, социолингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психолгия, жалпы психолгия, педагогика және педагогикалық психолгия зерттелуде.

Сөйлесу қарым-қатынасы дүние жүзінде кең ауқымда зерттелуде. Тек қана АҚШ-тың өзінде ғана бұл проблемамен бірнеше ондаған мың ғылыми қызметкерлер айналысуда. Қарым-қатынасты зерттеу орталықтары алынған. Соның өзінде де осы күнге дейін «қарым-қатынасты оның формалары мен механизмдерін түсіндіруде әлі бір байламға келген жоқ. Шынында да зерттеушілер бұл процесстің әртүрлі моделдерін жасай отырып, оны әртүрлі көзқарас тұрғысынан түсіндіруде.

Қарым-қатынас проблемаларына жақындау.


Жалпы қарым-қатынас –адамдар арасында қарым-қатынас туғызу және дамыту тұрғысынан келгенде – күрделі, көп жоспарлы процесс. Ол басқа адамды түсіну, бірге жұмыс істегенде ақпарат алмасу, өзара іс-әрекетте белгілі бір стратегия жасау үшін қажет. Бұндай тұжырым келесіде келтірілген методологиялық жайттарға негізделеді. Біріншіден, ол қоғамдық, ақша-товарлық және жеке қарым-қатынастар ортақ құралы ретінде тіл және ақша «өзара қарым-қатынастары бір-бірінен ажырағысыз болады. Бұл қатынастардың күрделілігі мен толықтығы, тікелей вербальді қарым-қатынастар тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді. Онда қарым-қатынастар процесінің заңдылықтары, оның және зерттеуге мүмкін болатын сипатта көрінеді.

Екіншіден, бұл процесті түсіну қарым-қатынастар мен іс-әрекеттің бірлігіне келіп негізделенетіндіктен «кез-келген қарым-қатынастардың адамдардың біріге жұмыс істеуінің спецификалық формалары бар». Бұдан, педагогиеалық қарым-қатынастарға тән біріге оқу жұмысының өзіне тән спецификасы келіп шығады.


Қарым-қатынас функциялары.

Қарым-қатынастың негізін анықтау үшін маңызды болып отырған себебі, бұл онжылдықтардағы дамып жатқан ұйымдастырудың фунционалды және деңгейлі елестетуі.(Б.Д.Парыгин, Г.М. Андреева). Қарым-қатынасты адамдардың өзара әрекеттесуі деп анықтады

Мектептегі жұмыс.

Мұғалім мен оқушылар арасындағы ортақ пайда үшін жасалатын біріккен еңбек.

П.Ф. Каптеров. Дидактикалық очерктер. Біліми теория.

І бөлім. Білім беру үрдісіндегі субьектілер ара-қатынасы (өзара әрекеті)

§1 Ара-қатынастың категорияға бөлінуі бойынша жалпы мінездеме.

Ара-қатынасы (өзара әрекеті) базистік, философиялық, отнологиялық категориялардың бірі болып саналады. Бұл байланыс қатынастың бір-біріне деген ықпалы арқылы дамуы тағы да басқа обьектілер феномені. Ара-қатынас бастапқы, шығу-тегі категориясы ара-қатынас бұл заттардың алғашқы бастаушысы болып табылатын шынайы саusa finalis (соңғы сепеп)

түрі. Біз ара-қатынастан әрі ілгері жылжи алмаймыз. Өйткені оның соңында білетін еш дүние жоқ (Ф.Энгельс). Кез келген құбылыс, обьект, өзара байланысы арқылы ғана мәлім бола алады. Қандай да бір екі обьетілер арасындағы қатынас бір-біріне деген әсерін ара-қатынас арқылы білуге болады. А.Н. Леонтьев диалекті-материалдық тұрғыдан қарағанда мынаны ескерген: ара-қатынастың органикалық әлемде тірі материяда спецификалық көрінісін. “ Өмір - бұл ерекше ұйымдастырылған денелердің ерекше өзара әрекеттерінің үрдісі”. «Тән» (дене) ұйымдастырылуы ана құрылым жоғары болса, солғұрлым ара-қатынас күрделене түседі.

Өлі табиғат немесе тірі және өлі табиғаттың барлық түрлерінде, олардың бір-біріне деген қатынасы бұзушы болуы мүмкін. Қысым түскен объект пассивті бекіністе болуы мүикін. Ол тек қана өзінің жойылу күші арқылы ара-қатынаста бола алады.

Ара-қатынас (өзара әрекет) мәселесі жағынан «Дене» (Тән) тірі табиғаттың, әсіресе адамдардың қатынасынан әрқашанда белсенді жақтары болады.

Адамдардың әлеуметтік қатынастары, әрекеттері әсіресе нақтысы болады. Белсенділік тұрғысы сақталатын, өзгеретін, дамушы және жоюшы болуы мүмкін. Реактивті тұрғыдан біреуге бағытталған, шешілген және шешілмеген, жауап қайтару, қарсы тұру әрекетінен немесе бірігіп әрекет етуі бекітілген. Бұл арада нақтысы вектор реактивінің бағытын білу. Реактив – бұл субъектінің әрқашанда активті екендігін туғызатын құбылыс. Сол уақытта бір агент екінші агенттің ықпалы бойынша өзінің іс-әрекеті арқылы жауап қайтарады. Ара-қатынас субъектілері жүзеге асыратын іс-әрекеттер арқылы қатынасады.

Ара-қатынас мінездемелері.

Тірі материялар қатынасындағы жақтардың мінездемесі – белсенділік болып табылады. Тірі материяның жоғарғы даму формасы адам болғандықтан оның жер бетінде белсенділігі түрлі ұйымдастыруларда арта түседі.

Бұл біріншіден интеллектуалды белсенділік. Екіншіден тежеуші - эффектілі адам белсенділігі. Оған бағытталған объект қатынас моделіне деген қабылдау көріністері. Машықтану теориясы бойынша (А.Н.Леонтьев), тіпті жекеленіп алынған мүше (мысалы: есту жүйесі) қарсылықты белсенділік таныта алатын әсер туғызады. Машықтану моделінің құрылымы объектіні қабылдау кезеңінде байқалатын қарым-қатынастағы екі жақтың реактивті позициясындағы қалпында байқалады.

Үшіншіден қоғамдық іс-әрекеттегі белсенділік бұл әр-түрлі іс-әрекет және қызмет барысында көрсетіледі. Белсенділік екіжақты ара-қатынас күшіне енгендіктен қос субъектілі қасиетке ие болады.

Ара-қатынас объектілер арасындағы әр-түрлі байланыстардың құрылуына сондай-ақ себепті-тергеулік ықпалын тигізіп жағдайын жасайды. Бұл элементтер, компоненттер арасындағы байланысты кез-келген жүйелердің бастапқы құралы болып табылады. Сондықтан да жүйелік ара-қатынастың объектілер арасындағы және олардың байланыс қатынасының мінездемесі болады.

Адамдар арасындағы ара-қатынаста мынандай көріністер байқалады, олар – мақсат қою және алдын-ала білу сезіну (болжау). Олар ара-қатынас формасын анықтайды. (ойын ойнау). Бұл екі форма білім беру үрдісінде өзара байланысы арқылы байқалады. Ара-қатынас қызметтестік формада қарым-қатынастың лайық түрінде көрінеді. Біріншісі екіншісінің жүзеге аса алмайды, алайда екіншісі алғашқысынсыз бола береді.

Білім беру жүйесіндегі ара-қатынас.

Білім беру өте күрделі жүйеге енеді, бұл ішкі білім беру жүйесінде болады,

Оқытушы мен оқушылар арасындағы қатынаста. Бұған өзара тығыз байланысқан мынандай жүйелер кіреді: басқару, әкімшілік, комитет, оқу бөлімі, ректорат, директорат, пед.совет, кафедралар, сыныптар, топтар. Әрқайсысы ара-қатынас юбөлімшесі арқылы оның әсерлдігі мен стилін анықтайды. Білім беру қатынасы серіктестікте ортақ нәтижеге келу үшін жасалатын қарым-қатынасқа бөлінеді. Тағы да айтып кетерлік жағдай, ол мысалға мектепте, мектепке дейінгі даярлық топтарда «жанұя» деген ұғыммен тығыз байланыста болғандықтан, бұл қарым-қатынас жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл сыныптарда көбінесе айқын түсіне енеді, оқушылардың оқытушыға деген, білімге деген көз қарасын білім беру қызметінің құндылығын жоспарлауға мінездеме береді.

Білім беру үрдісіндегі субъектілер ара-қатынасы.

Білім беру үрдісі ол - өзара қарым-қатынас. Білім беру үрдісі көп жоспарлы және полифорумдық қатынас болып есептеледі, бұл оқушы мен оқытушының біліми-педагогикалық қарым-қатынасы және оқушылар арасындағы біріңғай тұлғалық ара-қатынас, ол әр-түрлі біліми-педагогикалық үрдіске тигізе алады.

Алғашқы жоспарын «оқушы-оқытушы» , деп қарастырайық. Ол тарихта: МСаманмен жеке жұмыста, Мұғаліммен, сынып сағатында (Я.А. Каменскийдің кезінен), мұғаліммен оқушының кеңес алу жұмыстарында, отызыншы жылдардағы Ресейдегі бригадалық-зертханалар әдісімен әр-түрлі әдістермен жүзеге асқан. Алайда әрбір өзара қарым-қатынастағы жақтар қай нұсқауда болмасын өз субъектілік белсенділігін көрсеткен. Көбінесе ол оқушының сократтық әңгімелесу, жеке жұмыс барысында, кеңес алуда байқалған.

Қазіргі кезде біліми-педагогоикалық өзара қарым-қатынас мынадай ұйымдастырылған шараларда: кәсіптік, біріктіріліп бөлінген жұмыстар, топтардағы жұмыс, треннинг-сыныптары, кең алқымалады. Сол орайда, қызметтестік алдымен оқушылардың бір-бірімен ара-қатынасын болжайды.

Білім беру үрдісінде жоспарлардың көптігі және білім берудің әр-түрлілігі жүйелі түрде қиындай түседі.

Субъект-субъектілі біліми ара-қатынас жүйесі.

Біліми ара-қатынас мынадай жүйемен көбінесе жазылады. S-O, ондағы S бұл –белсенді субъект, білім беретін, ептілікті қалыптастыратын, бағалаушы және бақылаушы. Оқушы білім, тәрбие алушы ретінде қарастырылады. Бұл мінездемеге жүгіне отыра соңғы жылдары екі түрлі: субъекті- субъектілі ара-қатынас деп насихатталады S1-S2, мұндағы S1 – мұғалім және S2 – оқушы (студент) өзара байланыс S3 бірлескен мақсатымен мінездемеленетін субъект құрастырады.

Мынаны ескере отырып мұғалімнің жұмыс барысында сыныпта, топта, өзара қарым-қатынаста болатын мүшелерінің сол сыныптың бірлескен байланысын қалыптастыруға және де ортақ мақсатқа жетуге ол бар күшін салуы тиіс біліми-бірлестіктің орнатылған жүйенің өз алдына көп ярустық, білім беру, барлық бірлестіктің қатысушыларының арасындағы психологиялық әрекеттің құрылуынан беріктігі орнайды.

Бірлестіктегі психологиялық қатынас.


Адамдардың психологиялық жағдайының бірлесуінен, жалпылануынан олардың бір-біріне деген түсіністегі өзара қызығушылығы мен сенімділігімен психологиялық қатынас пайда болады. Н.Д.Левитовтың соңынан кейіп психологиялық күйде болу адамның белгілі бір уақыттағы толықтай психологиялық мінездемесі оның психологиялық үрдістері біріңғай ағымын, тұлғаның қасиеті мен жағдайын айқындайтын, осылай психологиялық жағдай анықталады.

Қатынас субъектілерде қалыптастырушы, жағымды түрде сезілетін өзара әрекет факторы болып табылады. Қатынас барысында субъектілердің жеке қасиеттері өзара әрекеттесу кезінде кеңінен таралады және оларға интеллектуалды, эмоционалды қанағат әкеледі. Өзгеше сөздермен айтқанда эмоциялық және интеллектуалдық ой бөлісу, қатысу, қатынастың ішкі механизмдері болып есептеледі. Эмоциялы ортақ ой бөлісудің түп нұсқасында психологиялық құбылыс «жұқпалы» жатыр, бұл әлеуметтік психологияда топтық қызметтесудің интеграциялық әдісі болып табылады. Өзінің ертедегі шығу тегіне байланысты жұғу көп түрлі болып аяқ асты болатын адам әрекетінен байқалатын түрі болады (Т.М.Андреева). Жұғу көбінесе адамның түсініксіз, еріксіз белгілі бір психологиялық жағдайларда, психологиялық бағытталу беру кезінде, үлкен эмоциялық әсер алу, сезімдер және құштарлық жиынтығында баға береді. Эмоциялық субъектілердің білім алудағы дара қолдау көрсетуі қатынасы бастапқы және фондық механизмі болып табылады. Эмоциялық өзара қолдау көрсету қатынас механизмі ретінде, біріншіден, өзара әрекеттесетін субъектілердің жеке ерекшеліктерімен, заттың құндылығымен, жақтардың бұл үрдіске қатысын ескере кету керек. Бұл өзара әрекеттесудің келісімділігіне, түсіністігіне, біріктірілуіне ықпалын тигізеді.

Өзгеше механизм бұл өзара әрекеттесетін жақтардың ойша қолдауын, екіжақты мәселені бірігіп шешудегі, ой бөлісулерін көрсететін қатынас. Бұл механизм интеллектуалды қолдау болғандықтан, субъектілердің интеллектуалды бірлесіп қызмет етуінен (мысалы, мұғалім және оқушы) байқалады. Қатынастың ішкі жағдайының туындысы болып өзара әрекет ететін жақтардың бір-біріне деген шынайы сыйластығы, сиипатиялығы, толеранттығы табылады. Қатынастың сыртқы көрсеткіші болып өзара әрекеттесетін субъектілердің іс-әрекеттері есептеледі.

Солай қатынаста сыныптағы мұғалімнің тұрған тұрысы, көзқарасы қимылдары, қолдайтын, жұмыс барысындағы, тыныштық, тосу, үнсіздік, толқу, ойлау көрсеткіш ретінде қарастырылады. Бұл және өзгелері (арнайы) праксемика-арнайы қарым-қатынас теориясы бөлімінде жазылады.

Қатынас-бұл субъектілердің өнімдік ара-қатынасының негізі pufe солдары, ол бұл үрдістің әсерін және қорытындысын көрсетеді. Біліми өзара- әрекеттесу кезіенде психологиялық қатынас қиындықсыз еркін қарым-қатынаста болудың ол субъектілерге нәтижелі қызметтестікке қажетті.

Біліми өзара әрекеттесу белсенділікпен, бір мақсатта бағытталуымен, нақты баға берілгендігімен мінезделеді, екі жақтың да әрекетінен мұғалім мен оқушының, субъектілердің әрекеті бекітілген құбылыспен қатынастың психикалық жағдайымен қорытындыланады.



3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

1. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы,зерттеу әдістері

2. Қазіргі замандағы білім берудегі негізгі беталыстар мен принциптер

3. Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары

4. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту

5. Білім беру процесінің субъектілері

6. Педагогикалық кәсіби өзіндік сана-сезімді құрайшылар негізінде

7. Оқу іс-әрекеті субъектілерінің жас ерекшелік сипаттамалары

8.Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамалары

9. Мотивация психологиялық категория ретінде

10. Меңгерудің жалпы сипаттамасы

11. Педагогикалық іс-әрекет: формалары, сипаттамалары, мазмұны

12.Педагогикалық іскерліктердің жалпы сипаттамасы

13. Педагогикалық іс-әрекеттің түрлі стильдері

14. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы

15. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас



4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.


Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

4.1. П.Я.Гальперин.Психологиялық зерттеулер

4.2. Н.Ф. Талызина.Білімді игеру процесін басқару

4.3. А.К.Маркова.Мектеп жасындағы балаларда оқу мотивациясын қалыптастыру.

4.4. Л.Ф.Обухова. Балалардағы ойлау даму сатылары

4.5. Н.Н.Сачко,П.Я.Гальперин. Қимыл дағдылардың қалыптасуы

4.6. Н.Г.Салмина. Бастауыш мектепте сандарды және олармен әрекет етуді оқыту

4.7. В.П.Сохина. Алғашқы математикалық түсініктердің қалыптасуының психологиялық негізі

4.8.Меңгеру процесіндегі дағды

4.9.Ойындық модельдің құрылымы

4.10.Педагогикалық психологияның қалыптасу тарихы

4.11.Меңгерудің жалпы сипаттамасы

4.12.Оқыту мен дамытудың ара қатынасы

4.13.Мұғалімнің рөлдік репертуары (В.Леви бойынша)

4.14.Педагог – педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде

4.15.Сабақты психологиялық талдауының схемасы

4.16.Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде

4.17.Педагогтың субъектілік қасиеттері

4.18.Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде

4.19.Педагогіс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)

4.20.Білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттесуі

4.21.Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде

4.22.Студент оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде

4.23.Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар

4.24.Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы



Педагогикалық психология пәнінен аралық бақылау сұрақтары


  1. Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы

  2. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы

  3. Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты

  4. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері

  5. Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде

  6. Адамның іс-әрекет субъекті ретінде дамуы

  7. Білім беру көпжақты феномен ретінде

  8. Педагогикалық іс-әрекет: формалары, сипаттамалары, мазмұны

  9. Л.В.Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту

  10. Қазіргі заманғы білім берудегі оқытудың негізгі бағыттары

  11. Педагогикалық іс-әрекет мотивациясы

  12. В.В.Давыдов бойынша дамыта оқыту

  13. Тұлғалық – іс-әрекеттік келіс – білім беру процесін ұйымдастырудың негізі

  14. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі функциялары

  15. Л.В.Занков және В.В.Давыдов бойынша дамыта оқытудың ортақ принциптері

  16. Оқыту бірлігінің екіжақтылығы – білім беру процесіндегі оқу

  17. Педагогикалық іскерліктер

  18. Объект пен субъектінің танымда және іс-әрекетте қатар болуы

  19. Оқыту мен дамыту

  20. Іс-әрекет стилінің жалпы сипаттамасы

  21. Мұғалім қасиеттері

  22. Отандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту

  23. Педагогикалық іс-әрекет стилі

  24. Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде

  25. Білім беру процесінің субъектілері

  26. Педагог іс-әрекетіндегі сабақтың психологиялық талдауы

  27. Педагогикалық қабілеттердің жалпы құрамы

  28. Білім беру процесінің субъектілеріне тән ерекшеліктер

  29. Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері)

  30. Мұғалімнің рөлдік репертуары (В.Леви бойынша)

  31. Педагог – педагогикалық іс-әрекеттің субъекті ретінде

  32. Сабақты психологиялық талдауының схемасы

  33. Кіші мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде

  34. Педагогтың субъектілік қасиеттері

  35. Өзара әрекетінің жалпы сипаттамасы

  36. Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде

  37. Педагогіс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)

  38. Білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттесуі

  39. Жоғары сынып оқушысы оқу іс-әрекеті субъектісі ретінде

  40. Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымдағы қабілеттер

  41. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы

  42. Студент оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде

  43. Педагогикалық іс-әрекет субъекті құрылымындағы тұлғалық сапалар

  44. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы

  45. Үйретуге жарамадылықтын көрсеткіштері

  46. Оқу іс-әрекет субъектілерінің жас ерекшелік сипаттамалары

  47. Еңбектестігінің оқу іс-әрекетіне ықпалы

  48. Оқу міндеттеріне қойылатын психологиялық талаптар

  49. Мектеп оқушысы оқу іс-әрекетінің субъекті ретінде

  50. Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы

  51. Мотивация құрылымы

  52. Студент оқуіс-әрекетінің субъекті ретінде

  53. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттесу формасы ретінде

  54. Мотивациялардың (түрткілердің) негізгі жіктеулері (А.Маслоу бойынша)

  55. Үйретілуге жарамдылық – оқу іс-әрекеті субъектілерінің маңызды сипаттамасы

  56. Қиындатылған қарым-қатынастың анықтамасы және жалпы сипаттамасы

  57. Л.Б.Ительсон бойынша дағды дамуы

  58. Оқу іс-әрекеті – іс-әрекеттің ерекше түрі

  59. Педагогикалық өзара әрекеттесуде болатын қиындықтардыңнегізгі салалары

  60. Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар

  61. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы

  62. Педагогикалық психологияның даму кезеңдері

  63. Өзіндік жұмысқа оқыту бағдарламасы

  64. Мотивация психологиялық категория ретінде

  65. Педагогикалық психологияның міндеттері

  66. Педагогикалық іс-әрекеттің сипаттамалары

  67. Оқу мотивациясы

  68. Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері

  69. Қазіргі замандағы оқытудың негізгі бағыттары


«Педагогикалық психология» пәнінен тестілік тапсырмалар .

$$$ 1


Педагогикалық психология қай кезде пайда болды.

A)ХІХ ғасырдың басы

B)ХІХ ғасырдың екінші жартысы

C)ХІХ ғасырдың ортасы

D)ХХ ғасырдың басы

E)ХХ ғасырдың ортасы

$$$ 2


"Педагогикалық психология" терминін кім ұсынған

A) К.Д. Ушинский

B) П.Ф. Каптерев

C)П.П. Блонский

D)Дж. Дьюи

E)А.П. Нечаев

$$$ 3

Кеңестік педагогикалық психологияның негізін салушы



A)К.Д. Ушинский

B)А.П. Нечаев

C)П.Ф. Каптерев

D)А.Ф. Лазурский

E)Л.С. Выготский

$$$ 4


П.Ф. Каптеревтің "Педагогикалық психология" кітабы қашан шығарылды.

A)1876 ж.

B)1872 ж.

C)1880 ж.

D)1885ж.

E)1888 ж.

$$$ 5

Эксперименттік педагогика және педагогикалық психология алғашында төмендегідей трактатталды



A)бірдей ғылым аймақтарының әр түрлі атаулары

B)білімнің әр түрлі аймақтары

C)эксперименттік педагогика – педагогикалық психологияың саласы ретінде

D)педагогикалық психология – эксперименттік педагогиканың саласы ретінде

E)білімнің бір саласы

$$$ 6


Л.С. Выготскийдің "Педгогикалық психология" атты кітабы қашан шықты

A)1926 ж.

B)1922 ж.

C)1930 ж.

D)1933 ж.

E)1935 ж.

$$$ 7

Шетелде ХІХ-ХХ ғ.ғ. туындап, психологияның қолданбалы салаларының, эксперименттік педагогиканың дамуымен байланысты эволюциялық идеялардың енуімен шарттанған психологиядағы және педагогикадағы ағым



A)психодиагностика

B)педагогика

C)дидактика

D)психопедагогика

E)педология

$$$ 8


Педология қай кезде пайда болды

A)шетелде ХІХ-ХХ ғ.ғ.

B)ХІХ ғасырдың екінші жартысы

C)ХХ ғасырдың басы

D)ХІХ ғасырдың ортасы


        1. жүктеу 0,81 Mb.

          Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау