Бағдарламасы өскемен қ., 017 жыл Мазмұны Паспорт 2



жүктеу 4,85 Mb.
бет2/6
Дата22.05.2018
өлшемі4,85 Mb.
#15653
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Паспорт



Атауы

Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Елдің аумақтық-кеңістіктікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығы, «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 58 бұйрығы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған. Облыста: 19 әкiмшiлiк-аумақтық бірлік, соның iшiнде 15 аудан, 10 қала, 741 кенттер мен ауылдар, 241 ауылдық және кенттік округтер бмар (Статистика комитетінің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші анықтамасына сәйкес). 2016 жыл бойынша орташа жылдық халық саны – 1 392,8 мың адам. Экономиканың базалық саласы түсті металургия болып табылады, сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу, ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған.

Бағыттары

Өңірлік экономика;

Әлеуметтік орта;

Қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік;

Инфрақұрылым;

Экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызмет көрсету



Мақсаттары


Өңірлік экономика:

  1. өңір экономикасының орнықты өсуін қамтамасыз ету;

  2. өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

  3. өңірлік ішкі өнімнің энергия сыйымдылығының төмендеуі және жаңартылатын энергия көздерін енгізу;

  4. өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  5. бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру үшін қолайлы орта құру;

  6. өңірдің экономикасына инвестиция ағымын ынталандыру және инновациялық дамуын жандандыру;

  7. туризм индустриясын дамыту;

  8. өңіраралық кооперацияны дамыту;

  9. экономикалық өсу нүктелерінде капитал мен халықтың шоғырлануын ынталандыру, аумақты ұйымдастырудың тиімділігін құру арқылы әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға жағдайлар жасау;

Әлеуметтік орта:

  1. білім берудің қол жетімділігін және сапасын арттыру;

  2. жастардың әлеуметтік тұрақтылығын және құқықтарын іске асыруын қамтамасыз ету;

  3. халықтың денсаулығын сақтау және нығайту;

  4. халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуын қамтамасыз ету;

  5. облыстың кәсіпорындарында еңбек заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;

  6. отандық мәдениетті сақтау;

  7. ұлт бірлігін қамтамасыз ету және этникааралық және конфессияаралық келісімді нығайту;

  8. бұқаралық спортты дамыту;

  9. Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде толеранттылық тіл ортасын құру;

Қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік:

  1. халықтың тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін арттыру;

Инфрақұрылым:

  1. халықты қол жетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

  2. құрылыс саласының дамыту және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдем көрсету;

  3. автожол саласының инфрақұрлымын дамыту және елді мекендер арасында көлік байланысын қамтамасыз ету;

  4. халықты сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

Экология және жер ресурстары:

  1. қоғамның тіршілік әрекеті үшін қолайлы қоршаған ортаның сапасын арттыру;

  2. ауылшаруашылықта пайдаланудағы жерлерді ауылшаруашылық айналымына тарту;

Мемлекеттік қызмет көрсету:

  1. ұйымдар мен азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру;

  2. мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты құру және іске асыру

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға дейін:

Өңірлік экономика:



  1. жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі – 102,5 %;

  2. халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім – 2 323,9 мың теңге жан басына;

  3. жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны – 103,9 %;

  4. өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі – 102,2 %;

  5. өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі – 31,3 мың АҚШ доллары/адам;

  6. өңдеуші өнеркәсіп өнімі экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай 140,4 %-ға өзгеруі;

  7. өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің нақты мәнде 2015 жылға қарай 135,0 %-ға өзгеруі;

  8. металл кендер өндірудің нақты көлем индексі – 102,4 %;

  9. металлургиялық өнеркәсіптің нақты көлем индексі – 105 %;

  10. қара металлургияда еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай нақты өсуі – 101,4 %;

  11. түсті металлургияда еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай нақты өсуі – 104,9 %;

  12. қара металлургия өнімдері экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай өсуі – 50,0 %;

  13. түсті металлургия өнімдері экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай өсуі – 111,3 %;

  14. машина жасау өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 105 %;

  15. машина жасау саласында еңбек өңімділігін арттыру – 104 %;

  16. автомобиль жасауда еңбек өнімділігінің 2 есе нақты өсуі;

  17. автомобиль жасау экспортының құндық көлемінің 5 есе өсуі;

  18. электр техникалық машина жасауда еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай нақты өсуі – 108,0 %;

  19. электр техникалық машина жасау экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай өсуі – 122,3 %;

  20. ауыл шаруашылығы машинасын жасауда еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай нақты өсуі – 101,1 %;

  21. тау-кен машинасын жасауда еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай 3,5 есе нақты өсуі;

  22. тау-кен машинасын жасау экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай өсуі – 108,3 %;

  23. мұнай-газ машинасын жасауда еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай нақты өсуі – 109,4 %;

  24. мұнай-газ машинасын жасау экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай өсуі – 123,1 %;

  25. басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 103 %;

  26. құрылыс материалдарының өндірісінде еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай нақты өсуі – 119,0 %;

  27. құрылыс материалдарының өндірісі экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай 3 есе өсуі;

  28. химиялық өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 103,0 %;

  29. өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіру экспортының құндық көлемінің 2015 жылға қарай өсуі – 60,1 %;

  30. өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіруде еңбек өнімділігінің 2015 жылға қарай 3,2 есе нақты өсуі;

  31. жеңіл өнеркәсіптегі өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 102 %;

  32. негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің нақты көлем индексі – 105 %;

  33. өңірлік ішкі өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші – мың АҚШ долларға шаққанда 0,61 теңге;

  34. өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі жаңартылған энергия көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі – 3,2 %;

  35. ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі – 109 %;

  36. тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлем индексі – 110 %;

  37. ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді малбасының үлесі: ІҚМ – 50 %, ұсақ мал – 53,5 % дейін;

  38. тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ мүйізді мал үлесі: ІҚМ – 28 %, ұсақ мал – 11,3 %;

  39. мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі – 0 %;

  40. тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі – 87,5 %;

  41. ЖӨӨ-де шағын және орта кәсіпкерліктің өнімін шығару үлесі – 20 %;

  42. бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 110 %;

  43. сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда нысандарының санын 22 бірлікке дейін ұлғайту («Бөлшек сауда» қызметі түрімен);

  44. өндеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестиция көлемі – 105,5 %;

  45. халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны – 103,8 %;

  46. жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламада көзделген қаражат шеңберінде) 8,2 мың теңге;

  47. негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі – 45 %;

  48. шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) – 102,5 %;

  49. әзірленген құжаттар бойынша оң нәтиже алған МЖС жобалары санының көбейуі және оларға байқау жариялау – 5 жоба;

  50. әрекеттегі кәсіпорындарға қарағанда инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі – 23,5 %;

  51. жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміне инновациялық өнім үлесінің көбейуі – 5,84 %;

  52. өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) – 110 %;

  53. өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттеремес) – 106 %;

  54. өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі – 107 %;

  55. басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) – 667 300 млн. теңге;

  56. резиденттерден сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша) – 85,1 %;

  57. тіректі ауылдық елді мекендерде халық санының өсуі, (2013 жыл фактісі – 87,559 мың адам) 95,3 мың адамға дейін;

  58. шекара маңындағы аумақтарда орналасқан тірек ауылдық елді мекендерінде халық санының өсуі – 29,6 мың адам;

Әлеуметтік сала:

  1. мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 100 %;

  2. жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептердің болмауы – 0 бірлік;

  3. жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі – 60,2 %;

  4. мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы – 20,2 %;

  5. мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беруге балалардың (3-6 жас) ауқымдылығы – 100 %, соның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен – 8,4 %;

  6. мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі – 70 %;

  7. типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі – 19 %;

  8. 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training) – 7,3 %;

  9. мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі – 45 %;

  10. өткен жылға қарағанда халық санының өсуі – 100,1 %;

  11. 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы аналар өлім-жітімін төмендету – 8,2;

  12. 1000 тірі туылғандарға шаққандағы балалар өлім-жітімін төмендету – 8,2;

  13. 100 мың тұрғынға шаққандағы жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету – 116,2 %;

  14. 15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммунтапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде – 1,1 %;

  15. жұмыссыздық деңгейін төмендету – 4,7 %;

  16. жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі – 78,8 %;

  17. жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі – 60,3 %;

  18. жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен заңды тұлғалар тартатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша) – 70 %;

  19. атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі – 25 %;

  20. арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып, қамтылған адамдардың үлес салмағы – 100 %;

  21. жеке сектор субъектілері ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі) – 13,4 %;

  22. әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған нысандарының жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі – 100 %;

  23. өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғаның жиілік коэффициенті) – 0,40 %;

  24. анықталған жалпы көлемдегі бұзушылықтардағы еңбек заңнамасының бұзушылықтарының орындалу үлесі – 94 %;

  25. 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны, бірлік: кітапханаға келушілер – 304,2, театрға келушілер – 111,2, концерттік ұйымдарға келушілер – 135,4, мұражайларға келушілер – 556,7;

  26. этникааралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын халық үлесі – 84 %;

  27. конфессияаралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оңды бағалайтын халық үлесі – 86 %;

  28. дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту – 30,6 %;

  29. балалар мен жасөспірімдер жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту – 14,8 %;

  30. мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 85 %;

  31. ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 6 %;

  32. үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі – 5 %;

Қоғамдық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздік:

  1. көшелерде жасалған қылмыстықтың үлес салмағы – 14,4 %;

  2. кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы – 3,7 %;

  3. бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы – 46 %;

  4. 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету – 7,6 бірлік;

  5. тіркелген жалпы қылмыстар санынан есірткімен байланысты қылмыстардың төмендеу үлесі – 1,2 %;

  6. төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі – 80 %;

Инфрақұрылым:

  1. 100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы – 28,2 бірлік;

  2. Интернетті пайдаланушылардың үлесі – 72,2 %;

  3. халықтың цифрлік сауаттылығының деңгейі – 80 %;

  4. құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 101,7 %;

  5. пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 445,4 мың шаршы м.;

  6. жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 78,5 %;

  7. жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі – 0 %;

  8. күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету – 11 %;

  9. қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау – 97,8 %, су бұрумен жабдықтау – 97 %;

  10. ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік: сумен жабдықтау – 62 %, су бұрумен жабдықтау – 13 %;

  11. жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: жылумен жабдықтау – 29,7 %, электрмен жабдықтау – 0,5 %;

  12. ластаушы заттардың нормативті көлемі: атмосфераға шығарындылар – 0,191 млн.тонна, су нысандарына төгінділер – 0,063 млн.тонна;

  13. пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды пайдаға жарату үлесі – 0,03 %;

  14. облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту – 44,5 %;

  15. экологиялық және санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру нысандарының үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан) – 4,4 %;

  16. су шаруашылығының (су шаруашылығының нысандары) және гидромелиоративті жүйелермен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем индексі – 0 %;

  17. орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлем индексі – 0 %;

  18. ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем индексі – 0 %;

  19. жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлем индексі – 0 %;

  20. жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы – 1277,7 мың. га;

  21. жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында 1 орман өртінің орташа ауданы – 0,009 мың га;

  22. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту – 18 %;

  23. жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы) – 33,1 %;

  24. табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) – 7,8 %;

  25. жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру – 93 %;

  26. мемлекеттік қызметкерлер санының ауысушылық деңгейі (мемлекеттік қызмет жүйесінен шығу) – 6 %.

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, тартылған және меншікті қаражат, қарыз қаражаты.

Қаржыландыру көлемі: барлығы – 1 379 102,0 млн. теңге, соның ішінде:

2016 ж. – 332 221,3 млн. теңге

2017 ж. – 273 694,4 млн. теңге

2018 ж. – 313 066,2 млн. теңге

2019 ж. – 282 437,6 млн. теңге

2020 ж. – 177 682,6 млн. теңге


2. Ағымдық жағдайды талдау

Шығыс Қазақстан облысы елдің солтүстік-шығысында орналасқан, солтүстігінде – Рессей Федерациясының Алтай аймағы және Алтай Республикасымен, шығыста – Қытай Халық Республикасынының Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданымен, Қазақстанның солтүстік-шығыста – Павлодар, оңтүстікте – Алматы, батыста – Қарағанды облысымен шектеседі. Облыстың аумағы – 283,2 мың шаршы км (Қазақстан аумағының 10,3 %).

Облыстың аумағы бойынша Ертісті қоса отырып 800-ден астам өзен ағады, жалпы ұзақтығы 10 мың шақырым. Өңірде Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл ірі өзендері, сондай-ақ Бұқтырманы қоса алғанда бірнеше су қоймалары болып табылады. Облыс Қазақстанның ең сумен қамтамасыз етілген өңірлердің бірі болып табылады. 7 % жуық аумағы орманмен жабылған, далалы, шөлді және тау-тайга ландшафттары көршілеседі.

Әкімшілік орталық – Өскемен қаласы.

2016 жыл бойынша орташа жылдық халық саны – 1 392,8 мың адам, ол Қазақстан халқының 7,83 % құрайды, халықтың тығыздығы 1 ш. м2 4,9 адам.

Демографиялық жағдайға қатысты тұрғындардың қартаюға беталысы бар, 2017 жылдың 1 қаңтардың жағдайы бойынша зейнеткерлік жастағы тұрғындардың үлес салмағы 16 % құрады, тұрғындардың жас санаты 0-20 жас аралығында үлес салмағы 27,4 %-ға өсті.

1000 адамға табиғи өсім – 6,14 (ҚР – 15,14) адам.

Демографиялық жағдайға әсер ететін негізгі факторлары туудың төмен деңгейі – 16,45 (ҚР – 22,52), өлімнің жоғары деңгейі – 10,32 болып табылады, бұл орта республикалық көрсеткіштен 1,4 есе артық (ҚР – 7,37).

Облыс халқының урбанизациясы мен икемділігі жоғарлауда. Нәтижесінде облыс ішінде және шекарааралық көші-қон көлемі өсуде.

Облыс шегінде тұрғындар қалаларға көшуде. Қала халқының үлесі 2014 жылға қарағанда 59,3 %-дан 60,3 %-ға дейін өсті.

2016 жыл бойынша көші-қон алмасуы нәтижесінде облыста 14 998 адамға1 азайуы қалыптасты.

Сыртқы көші-қон: 618 адам көшті, олардың ТМД елдеріне 411 адам, басқа елдерге 207 адам, 4330 адам келді, ТМД елдерінен – 4180 адам, басқа елдерден – 150 адам2.

Ішкі көші-қон: көшіп кеткендер – 47721 адам, келгендер – 36465 адам3.

Өңірдің урбанизация деңгейі орта республикалықтан жоғары4, тұрғындардың 60,1 % қалаларда, қалған 39,9 % тұрғыны ауылдық жерлерде тұрады.

Облыстың негізгі қалалары – Өскемен және Семей5, 4 моноқала бар: Курчатов (ғылыми-өнеркәсіп орталығы), Серебрянск (химиялық өнеркәсіп), Риддер және Зырян (метал кендерін өндіру), және 4 шағын қала: Аягөз (көліктік торап), Шар (цемент өндірісі), Зайсан (ауыл шаруашылық, туризм), Шемонаиха
(тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы).

Риддер қаласы, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха және Катонқарағай аудандары. Қытай Халық Республикасымен шектеседі: Күршім, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандары Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтар.



Облыс (Павлодар және Қарағанды облыстарымен бірге) Өскемен
хаб-қаласында орталығы бар Орталық-Шығыс макроөңірге кіреді (1 кесте).


1 кесте – Орталық-Шығыс макроөңірінің құрамына кіретін басқа өңірлерімен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері (1.01.2017 жыл)






Орталық – Шығыс макроөңір

р/с


Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Шығыс Қазақстан облысы

Қарағанды облысы

Павлодар облысы

1

ҚР ЖІӨ-де ЖӨӨ үлесі

%

5,95

7,9

4,21

2

Халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ көлемі

мың теңге

2006

2682,6

2606,9

3

Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің көлеміндегі өңір үлесі

%

7,92

10,2

7,2

4

Республиканың ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығару көлеміндегі өңір үлесі

%

11,3

6,2

4,7

5

Республика бойынша жалпы көлемдегі облыстың инвестициялар үлесі

%

5,62

4,1

5,7

6

Инновация саласындағы белсенділік деңгейі

%

14,9

10,6

6,5

7

Халықтың табиғи өсімнің (+), кему (-) коэффициенті

1000 тұрғындарға шаққанда

+ 6,14

+7,47

+6,99

8

Қалалық тұрғындар үлесі

%

60,3

79,4

70,6

9

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

5,0

4,8

10

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кірістері бар тұрғындар үлесі

%

2,0

3,0

3,2

11

Нәрестелік өлім деңгейі

1000 тірі туғандарға шаққанда

9,51

8,12

7,99

12

3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту

%

98,8

98

100

13

Мектеп бітірушілердің арасында жаратылыстану-математикалық білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі

%

58,2

62,7

61,7

14

Қатты жабынымен жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарының қалыңдығы

1000 шаршы метрге км

39,4

20,4

38,9

15

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі

%

76,5

75

77

16

Жүйелі тасымалдаулармен қамтамасыз етілген елді мекендер үлесі

%

65

56,6

100

17

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтау қамтамасыздығы:

- қалаларда;

- ауылдық елді мекендерде


%

97,2

53,6


85,3

53,6


84

19,8


18

Тұрғындардың су бұру қызметтерімен қамтамасыздығы:

- қалаларда;

- ауылдық елді мекендерде


%

43,1

4,7


66

4,5


78

5,1


19

Тұрғындардың тұрғын үймен қамтамасыздығы

ш. м/адам

20

22,9

21,9

2.1 Аумақтын әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1. Өңірлік макроэкономика
Ұлттық жүйеде алдынғы қатарлы өңірлердің бірі болу үшін Шығыс Қазақстан облысында маңызды бәсекелес артықшылықтары бар.

Өңір экономикасы тұрақты даму бағытында, макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады (2 кесте).


2 кесте – Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер динамикасы


№ р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

1

ЖӨӨ көлемі

млн. теңге

2 282 710

2 311 366

2793896

46971150/5,95

2

Халықтың жан басына шаққанда ЖӨӨ көлемі

мың теңге

1 636,7

1 656,2

2006

2639,7

3

Өнеркәсіп өнімінің көлемі

млн. теңге

1 115 635

1 019 860

1 506 589

19026781/

7,92


4

Ауыл шаруашылықтағы жалпы өнім көлемі

млн. теңге

288 776

366 973

415039

3684393,2/11,3

5

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі

млн. теңге

345 942,6

411 929,7

436751,1

7762303/

5,63


6

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге

145 063

158 365

227754,6

3233654,2/

7,0


7

Экспорт

млн. АҚШ доллары

1 961,5

1 860,1

1914,6

32806,7 / 5,8

8

Импорт

млн. АҚШ доллары

1 302,3

758,9

598,2

15513,2 / 3,6

9

Номиналды ақшалай кіріс

мың тенге

56,0

55,4

64,6

76,6

10

Инфляция деңгейі

%

7,4

13,2

8,3

8,5

11

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,8

4,9

4,9

5,0

12

Екінші деңгейдегі банктермен берілген несиелер көлемі

млн. теңге

367 484

248 181

229697

9836060


13

Депозиттер көлемі

млн. теңге

209 293

316 193

415909

11271996

ЖӨӨ тұрақты өсуде. Республиканың ЖІӨ жалпы көлеміндегі облыстың ЖӨӨ үлес салмағы сақталады6. Кему шкаласы бойынша облыс республика бойынша 5-інші орын алады.

Тауарлар өндірісінің үлесі 48,7 %, қызметтер үлесі 45,9 % жетті.

Экономиканың негізгі өсу факторлары жоғары тұтынушылардың сұранысы және облыстағы инвестициалық белсенділіктің жандануы белгіленген.

Өңір экономикасының құрылымында өнеркәсіп үлесі айтарлықтай: 2015 жылы ЖӨӨ-де 34,0 % және өңірдегі жұмыспен қамтыған халықтың жалпы санынан 16,5 %7 (орташа республикалық деңгейден жоғары).

Өнеркәсіпті дамытудың негізгі құралы Шығыс Қазақстан облысының 2015-2019 жылдарға кәсіпкерлікті қолдау картасы болып табылады, оның ішінде 18 мыңнан астам жұмыс орнын құратын 967,9 млрд.теңгеге


79 жоба қосылған, олардың 2010 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде 210,5 млрд.теңгеге 42 жоба іске асырылған. 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.

Облыстың ЖӨӨ-де ауыл шаруашылық үлесі 8,6 % құрайды. 15 ауданнан 14 ауданы үшін (Зырян ауданын қоспағанда) экономиканың базалық секторы ауыл шаруашылық болып табылады.

Облыс республикада озық орынды алады: сүт, күнбағыс тұқымынан алынатын май, бал және бұғы панталары өндірісі бойынша 1 орын, ет – 2 орын және картоп өндірісі бойынша – 3 орын.

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымында 55,4 %-дан астам мал шаруашылығына келеді. Ірі қара мал, қой, құстарды өсіру сияқты дәстүрлі салалардан басқа марал шаруашылығы, ара шаруашылығы дамыған.

Жыл сайын құрылыс көлемі ұлғайуда. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,1 % құрады, 2014 жылы – 5,4 %8.

Сыртқы сауда саласында экспорттық өнімге сұраныстың және сыртқы саудада өсім қарқынының қысқарылуы байқалды. Облыстың сыртқы сауда айналымы 24,2 %-ға9 азайды. Тауарлар экспорты 5 %-ға10 азайды.

Импорт 53,8 %-ға11 төмендеді. Оң сальдосы қалыптасты – 1,3 млрд. АҚШ доллары.

Республика бойынша экспорт көлемінде үлес салмағы 2016 жылы


5,8 %-ға дейін өсті (2014 жылы – 3,2%).

Экспорт құрылымында металдар және олардан жасалған бұйымдары 61,3 %, минералды өнімдер – 11,1 %, мал және өсімдік өнімдері – 4,4 %, отын-энергетикалық тауарлар – 3,8 %, химия өнеркәсібі өнімдері – 1,9 % және басқа тауарлар – 17,5 %.

2016 жылы жылдық тұлғалауда инфляция 8,3 % құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 0,9 пайыздық пунктке жоғары.

Халықтың жан басына шаққанда орташа номиналды ақшалай кірісі 64 574 теңге12 құрады, бірақ осы көрсеткіш республикалық деңгейден төмен (76 575 теңге).

2017 жылғы 1 қаңтарда өңірде екінші деңгейлі банктердің 30 филиалдары қызмет көрсетті. Екінші деңгейлі банктер филиалдарымен берілген несие көлемі 229,7 млрд. теңге құрады немесе 2015 жылмен салыстырғанда 7,4 %-ға қысқарды (248,1 млрд. теңге). Жеке және заңды тұлғалардың депозиттер көлемі
415,9 млрд. теңгеге жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 99,7 млрд. теңгеге немесе 31,5%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы өнеркәсіптік-дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлемінде өңірдің үлесі 7,9 % құрады.

Қазақстан Республиканың Индустриалды-инновациялық дамуының
2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде облыста өнеркәсіпті дамыту экономиканы әртараптандыруға, қайта өндеу өнеркәсібімен өнім өндіруге көзделген, еңбек өнімділігін арттыруға және өнделген тауарлар экспорты көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Базалық салаларды 2025 жылға дейін технологиялық қайта құралдану бойынша кешенді шаралар әзірленуде.

Облыста ірі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары: түсті металлургия, машина құрастыру, құрылыс индустриясы, ағаш өнімдерін өндіретін өнеркәсіп шоғырланған.

Өнеркәсіп өндірісі көлемі 2014-2016 жылдары 1,35 есе артты.

3-кесте – Экономикалық қызметтер түрлері бойынша өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі, млрд. теңге/алдынғы жылға нақты өнім көлемі, %


Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Өнеркәсіп – барлығы

1 115,6 / 100,4

1 019,9 / 92,6

1506,6 / 105

19026,8 / 7,92

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу

104,5 /

92,3


102,9 / 100,8

121,1 / 112,4

9 397,6 / 1,3

Өңдеуші өнеркәсіп

929,6 /

101,4


824,9 / 91,0

1278,8/

102,1


8046,8 / 15,9

Электрмен жабдықтау, газбен жылыту, бу беру және ауа сәйкестендіру

71,4 /

101,2


81,3 / 102,5

94,2 / 107,5

1384,1 / 6,8

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуына және бөлінуіне бақылау жасау

10,1 / 94,7

10,8 / 88,1

12,6 / 110,2

198,2 / 6,4

Өндірістік өнеркәсіп құрылымында өңдеуші өнеркәсіп – 84,9 % ең көп үлес алады, тау-кен өндірісінің үлесі – 8 % құрайды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны сәйкестендіру – 6,3 %, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және тарату бойынша бақылау – 0,8 %.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары өнім өндірісін 391 млрд. теңгеге көбейтті. Өндірістің тұрақты өсуіне қайта өндеу өндірісі – 37,6 %-ға, тау-кен өндірісінің – 15,9 %-ға өнімдерінің көбейуі ықпал етті.

Дамуға жаңа индустриалды өндірістер үлес қосады. 2016 жылы 388 мың жұмыс орындарын құруымен 5,0 млрд. теңгеге 6 жоба іске асырылды.


Тау-кен өнеркәсібі

Өнеркәсіп негізі полиметалл кенін өндіру, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс болып табылады. Негізгі өндірушілер – «Қазмырыш» ЖШС және «Шығыс түсті металлургия» ЖШС.

Өнеркәсіптік алаңдар «Қазмырыш» ЖШС Өскемен, Риддер және Зырян қалаларындағы тау-кен өнеркәсіп өндірісі болып табылады. «Шығыс түсті металлургия» ЖШС филиалдары – Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха аудандарындағы тау-кен өнеркәсіп өндірісі.

Семей қаласында «Жерек» ЖШС және «Алел» ШИК алтын өңдеу және өндіру бойынша өздерінің кәсіпкерлік қызметтерін жүзеге асыруда.

Көмір өндейтін кәсіпорын Семей қаласында «Қаражыра» ЖШС, Зайсан қаласында «Сайқан» ЖШС, Үржар ауданында «Фирма Мадина» ЖШС бар.

Тау-кен өнеркәсібі өндірісі көлемінің өсуі (2014 жылға қарағанда


15,9 %-ға) бірінші ретте металл кендері көлемінің 15,2 %-ға (11,1 млрд. теңге), мұнай шикізаты және табиғи газдың 76,7 %-ға (3,3 млрд. теңге) өсуіне байланысты.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында тау-кен өнеркәсіп өдірісінің әлеуетін қамтамасыз ету және арттыру, бірқатар жобалар жүзеге асырылғаннан кейін жоспарланған (4 кесте).


4-кесте – ИИДМБ аясында тау-кен өнеркәсіп өндірісінің жобасы


Кәсіпорын

Жоба

Жүзеге асу кезеңі

«Қазмырыш» ЖШС

Тишин кенішіндегі төменгі деңгейде кенді денелерін дамыту

2014 жылы жүзеге асырылған

«ГМК Altyn MM» ЖШС (бұрынғы «Алтай Кен-Байыту» ЖШС)

Алтын өндіру фабрикасында шығарылатын өнімнің мөлшері мен өнделген кен көлемінің көбейуі

іске асырылуда

(мерзімі - 2017 жыл)



«Сатпаев кен-байыту кәсіпорыны» ЖШС

Екінші байыту фабрикасының құрылысы

іске асырылуда

(мерзімі - 2017 жыл)



«Корпорация Казахмыс» ЖШС

(«KAZMinerals PLC»)



Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының құрылысы

іске асырылуда

(мерзімі - 2018 жыл)



«ГРК МЛД» ЖШС

Мыс концентратын және катодты мыс өндіру үшін тау-кен және өңдеу кешенінің құрылысы

іске асырылуда

(мерзімі - 2017 жыл)



«SAT Nickel» ЖШС

Кобальт-никельді өнімді шығаратын зауыт құрылысы

іске асырылуда

(мерзімі - 2018 жыл)



«Бақыршық тау-кен өнеркәсіп кәсіпорыны» ЖШС

Тау-кен және өңдеу кешенінің құрылысы

іске асырылуда

(мерзімі - 2018 жыл)


Өңдеуші өнеркәсіп

Сала өнеркәсіп өндірісінің әртараптандыру үшін негіз болып табылады және мынадай кіші салаларды қамтиды: металлургиялық өнеркәсіп (өнеркәсіпте нақты үлесі 72,7 %), машина құрау (7,1 %), азық-түлік өнімдерін өндіру (11,1 %), өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру (құрылыс материалдары) (3,3 %), химия өнеркәсібі (1,6 %) және басқа да салалар (4,2 %).

Өңдеу өнеркәсіптерінің ең үлкен үлесі Өскемен қаласының шаруашылық субъектілеріне облыстық көлемінің 71,6 %, Семей – 9,5 %, Риддер – 8,1 %, Ұлан ауданына – 3,6 %-ы келеді. Облыстың қалған аудандарына өндеу өнеркәсібінің жалпы облыстық өндіріс көлемінің 7,2 %-ы келеді.

Өңдеуші өнеркәсіпте 776 кәсіпорын тартылған, соның ішінде 77 үлкен және орташа және 699 шағын кәсіпорындар.

2016 жыл қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсібінде 2014 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі 3,6 %-ға төмендеуі байқалады13.


Металлургиялық өнеркәсіп

Металлургиялық өнеркәсіп аймақтағы экономика саласында жетекші орын алады. Өнімнің негізгі үлесі экспортқа бағытталған. Металлургиялық өнеркәсіп көлемі 3 жыл ішінде 88,3 %-ға14 өсті.

Өнеркәсіптің негізгі жетекші кәсіпорындары «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан - магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ болып табылады. Өнеркәсіп негізгі асыл және түсті металдар өндіретін: қорғасын, мырыш, мыс, тазартылған алтын мен күміс, сондай-ақ титан, магний, тантал, АЭС арналған отын шығарады.

Тау-кен металлургиялық кешенінің негізгі мәселесі: шикізат базасының сарқылуы, негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғарылығы, қоршаған орта ластануының жоғары дәрежесі және технологиялық артта қалушылық, өнімнің жоғары энергия, еңбек және материалдық тұтыну болып табылады.


Машина құрастыру

Машина құрастыру кешені аймақтағы өсіп келе жатқан салалардың бірі болып табылады. 2016 жылы өндіріс көлемі 91,0 млрд теңгені құрады, ол 2014 жылмен салыстырғанда 58,4 %-ға кем. Машина құрастыру өңдеуші өнеркәсіп саласында үлес салмағы 2014 жылы 23,5 %-дан, 2016 жылы 7,1 %-ға төмендеді. Республикалық көлемде машина құрастыру саласының облыстық үлесі 11,9 %.

Төмендеу себебі «Азия Авто» АҚ автокөлік шығарудың тоқталуына байланысты өндіріс көлемінің күрт төмендеуі болып табылады. Ресей рублі бағамының 2014 жылы төмендеуі себебінен РФ және ҚР арасында жаңа және пайдаланылған автокөліктерінің айырықша бағаларының айырмашылықтары салдарынан қазақстандық автонарықтың мүлдем бәсекеге қабілетсіздігі қалыптасты.

Облыста мұнай кәсіпшілік, тау-кен және металлургиялық құралдар, жеңіл және жүк көліктері, автобустар, дөңгелекті тракторлар, конденсаторлар және басқа да электротехникалық өнімдер, модификациялық барлық мүмкіншілікті сорғыштар, сым өнімдерін шығарады.

Машина жасау кешенінің кәсіпорындары «Азия Авто» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Востокмашзавод» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «КЭМОНТ» АҚ, «Семмашзавод» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Гидросталь» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhtsan» ЖШС, «СемАз» ЖШС, «Машзавод» ЖШС, «Өскемен өндірістік арматура зауыты» ЖШС, «КазРосПромАрматура» Өскемен зауыты» ЖШС, «Силумин-Восток» ЖШС болып табылады.

Машина құрастыру өндіріс көлемінде негізгі үлесті (47,6 %) Өскемен қаласындағы кәсіпорындар, соның ішінде «Азия Авто» АҚ 2016 жылы 19,3 % өндірістің жалпы көлемін енгізеді. Жалпы облыстық өндіріс көлемінің 24,1 % – Семей қаласы, 11,6 % – Риддер қаласы, 3,6 % – Зырян ауданы,


5,3 % – Шемонайха ауданы, 2,4 % – Аягөз ауданы құрайды.

Машина құрастырудың басты болашағы бар даму бағыты «Азия Авто Қазақстан»15 АҚ толық циклді және авто тетіктер өндіру бойынша технопарк автокөлік зауыты құрылыс базасының автокөлік өнеркәсібіндегі кластерлеу мүмкіндігі болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық кластерлеудің алғышарттары:


  1. машина құрастыру кәсіпорындар жүйесінің болуы;

  2. автокөлік құрастырудағы жоғарғы технологиялар шекарасының негізі – «Қазгипроцветмет» институт жобасының болуы;

  3. энергия ресурстарымен жоғарғы қамтамасыздық;

  4. тұрақты кадрлар әлеуетінің болуы;

  5. техникалық оқу орындар жүйесінің және техикалық және кәсіптік білім ұйымдары (ТжПБ) болуы, орталық буын болып Өскемен қаласындағы Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің16 көлік және машина құрастыру факультеті есептеледі.

Құрылыс материалдарын өндіру

Облыстың ЖӨӨ құрылымының құрылыс үлесі (2016 жылы) 6,1 %-ын алады. Құрылыс көлемі бойынша республикада облыс үлесі 6,1 % құрайды 17.

2016 жыл бойынша өнім өндіру көлемі 2014 жылға18 қарағанда 19,8 %19 төмендеді. Нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) – 91,3 %. Өндіріс көлемі құлдырауының негізгі себебі құрылыс материалдарының сұранысы төмендеп, соның ішінде силикат және күйінді кірпіштер (56,8 %-ға) өндірісінің төмендеуі салдарынан.

Аумақтық бөлінісінде өндірістік құрылыс материалдар кәсіпорындары Семей (Семей қ. бөлінісінде облыстық көлемнің 39,7 %-ға жуық құрайды), Өскемен қалаларында, Зырян және Глубокое аудандарында шоғырланған.

Салада цемент, керамикалық кірпіш, силикат және күйінді, асбоцементтік бұйымдар, шифер, тауарлық бетон, бетоннан жасалған құрастырғыш құрылыс құрамалар, керамикалық бұйымдар, тастан жасалған бұйымдар және т.б. өндіретін 10 ірі және орта, 66 шағын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіретін бірқатар кәсіпорындардың саны: Курчатов қаласында «Kazfoam» ЖШС электрондарды өнеркәсіптік үдеткіш негізінде ғаламдық техникалық оқшаулау көшбасшылардың бірі болып саналады, полиэтилен көбігін өндіреді. Глубокое ауданында «Шығыс Универсал» ЖШС базальт тұқымды минералды мақта өнімін өндіреді. Өскемен қаласында полиуретан алдын ала оқшауланған құбырларды өндіретін цехы жұмыс істейді, «Alma Grad Real Estate» ЖШС, жеңіл болатты жұқа қабырғалы құрылымдарды жеке тұрғын үй құрылысы технологиясы үшін өнімдер өндіреді. Шемонаиха ауданында «Первомай механикалық зауыты» ЖШС прокат өнімдерінің жүз жиырмадан астам түрін шығарады. Сонымен қатар, облыста энергетикалық жабдықтарды, сым өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар.

Индустрияландыру картасы аясында 6 жоба құрылыс индустриясы саласында жүзеге асырылған: Жарма ауданында – «Цемент зауыт құрылысы «құрғақ» әдіспен» қуаттылығы жылына 1000 мың тонна» және «Кесек өндірісті сөндірілмеген әк», Зайсан қаласында – «Жаңғырту және құрылыс материалдары болатын темірбетон өнімдері зауытын кеңейту», Семей қаласында – «Майда толтырғыштардың өндірісін кеңейту бойынша зауыт құрылысы» және «Өнеркәсіптік құрылыс зауытын ұйымдастыру» қуаттылығы 50 мың ш. м дейін, Аягөз ауданында – қуаттылығы жылына 10 млн. бірлік «Кірпіш зауытының құрылысы».

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында жыл сайын жаңаратын облыстың өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдар тізімі әзірленген.
Жеңіл өнеркәсіп

2016 жылы саланың өндіріс көлемі 4,3 млрд. теңгені құрады (2014 жылға қарағанда 16,2 % жоғары). НКИ – 140,8 %.

Жеңіл өнеркәсіп саласында 45 кәсіпорын жұмыс істейді. Ең көп өндіріс көлемі Семей қаласындағы кәсіпорындарға келеді (46,5 %).

Өскемен қаласындағы кәсіпорындарға жалпы өнім көлемінің 23,3 % келеді, Зырян ауданында – 2,3 %, қалған өңірлерде – 27,9 %.

2016 жыл бойынша жеңіл өнеркәсіптің шығарылатын өнімнің 52,4 % киім өндіруге келеді, 28,9 % – тоқыма бұйымдарын өндіруге және 18,7 % – былғары және оған жататын өнімдерді өндіру келеді.

2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының құралдарын пайдалана отырып, құрылыс жұмыстары үшін «Технология Комфорт» ЖШС-де мақта-мата қолғаптар өндіру бойынша бағыты енгізілген.

Сонымен қатар, отандық жеңіл индустриясының ішкі сұраныстың тек 10 %-ды қамтамасыз етеді (экономикалық қауіпсіздік шегі 30 %-ды құрайды). Импорт арқылы алмастыру мәселені тек бәсекеге қабілеттілігін неғұрлым арттыру арқылы шешуге болады.
Ағаш өңдеу саласы

Шығыс Қазақстан облысы негізгі орман құрушы тұқымды ағаш қоры бойынша алдынғы орын алады, республикалық ағаш қорының 44 %.

Қазақстан Республикасында орман ресурстарының ең үлкен қорына ие болғанмен, ағаш өңдеу саласы облыстың өндірістік өнімнің жалпы көлемінен 0,4 % құрайды.

2016 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімінде ағаш өнеркәсібі кешенінің үлесі 0,2 % құрады. Саланың өндіріс көлемі 6,8 млрд. теңге құрады (2014 жылға қарағанда 38,8 %-ға жоғары). НКИ – 110,8 %.

Кәсіпорын саласының басым бөлігі кесінді материалдарды, дайындамаларды, кесілген бөрене және үй салу үшін, терезе және есік блоктары, жиһаз өндіруге маманданады.

Ағаш өңдеу өнеркәсібі бойынша 57 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 2 орта және 55 шағын бизнес кәсіпорындары. Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өндірістік қуаты орташа 20-40 %-ға жүктелген.

Өндіріс көлемі бойынша Семей қаласы алдыңғы орын алады, оның жалпы өндіріс көлемінде үлесі – 44 %, Өскемен қаласының үлесі – 19,6 % және Риддер – 7,9 %, сондай-ақ Катонқарағай ауданы – 12,7 %, Зырян ауданы – 5,6 %, Бородулиха ауданы – 4,9 %, Глубокое – 3,2 %, Шемонаиха – 1,2 %.

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында ағаш өндеу саласын дамыту бойынша жобалар іске асырылады.

2011 жылы Зырян қаласында фанера өнімінің көлемін ұлғайту бойынша «Фаворит» ЖШС жобасы пайдалануға енгізілді, жоба қуаттылығы 2500 шаршы метр, инвестиция көлемі 300 млн. теңге. Өндірісті бұдан әрі жаңғырту жоспарлануда. 2018 жылы ламинатталған фанера шығару бойынша жоба іске асырылады.

2015 жылы қуаттылығы 30 мың шаршы метр OSB тақталарды өндіру бойынша зауыт құрылысы бойынша «Мелисса» ЖШС жобасы іске асырылды. 2016 жылы 4,8 мың шаршы метр3 өнім өндірілді. Инвестиция көлемі – 690 млн. теңге.

«Мелисса» ЖШС негізінде «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ бірлесіп, «Өскемен ағаш өндеуші компания» ЖШС мемлекеттік-жекешелік кәсіпорын құрылған. 2018 жылдың қаңтардан кәсіпорын өнім шығаруды бастайды. Өнімнің өзіндік құнын 20 %-ға дейін азайтуға және өнімділігін 1,5 есе жоғарылатуға мүмкіндік беретін кәсіпорынды қайта құру іске асырылуда.

2016 жылы экологиялық таза, жоғары технологиялық композитті материалдардың өндірісі бойынша ағашты терең қайта өндеу арқылы 400 тонна ағаш-полимерлы композит (АПК) қуаттылығы бар инвестиция көлемі 547,9 млн. теңге болатын «KazWoodGroup» ЖШС-мен жоба іскке асырылды. Кәсіпорын ағаш-полимерлы композит (АПК) қапталының өндірісі бойынша жобалық қуаттылыққа шықты.

Облыста ағаш өндеу өндірісін дамыту үшін ағаш дайындығынан және ағаш өндеуден қалдықтарды барынша пайдалануды қосып, ағашты терең қайта өндеу бойынша өндірістерді құру қажет. Облыстың бар ағаш ресурстарынан тұқымдық құрамға сүйене отырып және белгілі қайта өндеу технологияларды ескере отырып, облысқа тақта өндірісі тартымдырақ болып келеді және ағаш бұйымдарын әртүрлі мақсаттарға пайдаланатын өндірісі үшін: целлюлозадан бастап пиролиз өнімдерінің брикеттеріне дейін.
Химия өнеркәсібі

Өндеу өнеркәсібі көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі 1,6 % құрайды. Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндірумен жұмыс істеп тұрған 28 шағын және 2 ірі кәсіпорындар айналысады – «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ және «Орика-Қазақстан» АҚ, олар негізінде тау-кен және металлургиялық өндіріс үшін өнімдерді шығарады.

Соңғы үш жылда химия өнеркәсібінің өндіріс көлемі 14,5 %-ға азайды. Нақты көлем индексі 2016 жылы 80,3 % құрады. Өндіріс көлемінің төмендеуі «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өнімінің нарықтық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты.
Фармацевтикалық өнеркәсіп

Өндеу өнеркәсібі көлемінде фармацевтикалық өнімдер үлесі шамалы және 0,1 % құрайды. 2016 жылы фармацевтикалық өнеркәсібінде 1 525,6 млн. теңгеге тауар өнімі өндірілді, 2014 жылға қарағанда 31,2 %-ға төмен. Өнім өндірудің нақты көлем индексі 154,4 % құрады. Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндеумен 4 жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорын айналысады.


Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі

Бұл салада 11 шағын сала бар, оларда 622 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың ішінде барлық ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлерін кешенді түрде қайта өндеумен айналысатын 87 ірі және орта кәсіпорын бар.

Жетекші салалар: май және мал майын өндіру, ет өндіру, сүт өндіру, ұн, жарма, наубайхана, балық, алкоголь өнімдерін өндіру.

2016 жылы 142,4 млрд. теңгеге тауарлы өнімдер өндіріліп, 2014 жылға қарағанда 50,2 %-ға өсті. Нақты көлем индексі 102,3 % құрады (5 кесте).


5 кесте – Тамақ және өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі.

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Тамақ және өңдеу өнеркәсібінің тауар өнімдерін өндіру

млрд. теңге

94,8

99,9

142,4

1448,4/9,8

Азық-түліктін нақты көлем индексі

%

107,1

101

102,3

104,2

Жергілікті қамтуды дамыту

Отандық тауар өндірушілердің ұлттық компаниялар және жүйе құрушы өнеркәсіптермен қолдау және байланыстарды нығайту үшін облыс әкімшілігімен дәйекті жұмыс өткізіледі. Республикалық деңгейде дағдарысқа қарсы шаралар, ұлттық және жүйе құрушы компаниялар өнімдерінде қазақстандық қамтуды дамыту бойынша кеңес өткізілді.

Мониторинг бойынша орындалуының бақылауын «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ арқылы Қазақстан Республикасы Инвестициалар және даму министрлігі өткізді. ДСҰ кіруге байланысты 2015 жылдың аяқталуымен мониторинг өткізілмеген.



Отандық өндірушілерді қорғау мақсатында ұзақ мерзімді шарттар жасау немесе ұлттық компаниялармен және жүйе құраушы кәсіпорындармен бұрын қол қойылған меморандумдарды ұзарту бойынша әрекеттер жасалған.
SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. меншікті минералдық шикізат базасының болуы;

  2. өңірлік индустриалық картасының және индустриалық аймақтардың болуы;

  3. машина жасауды кластерлеу үшін әлеуетінің болуы;

  4. энергетикалық ресурстардың қамтамасыз етілгендігі;

  5. индустрияға қажетті мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орындары мен колледждердің болуы;

  6. шикізатты терең және кешенді қайта өндеу бойынша отандық ҒЗТКӨ болуы;

  7. экспортқа бағытталған түсті металлургиялық өнім өндірісі бойынша алдыңғы қатарлы компаниялардың болуы;

  8. өнімнің ірі импорттық-нарыққа (Ресей, Қытай) жақындығы.

Әлсіз жақтары (W):

    1. металлдық бұйымдардың кіші номенклатурасы және бөлісудің төменгі деңгейі;

    2. геологиялық барлау жұмыстарына жеткіліксіз қаражат жұмсалуы;

    3. шетелдік ұқсас өнеркәсіптерімен салыстырғанда өнім өндірудің жоғарғы ресурсты және энергия сыйымдылығы;

    4. еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

    5. технологиялық қондырғылардың жоғары тозығы (70 % дейін), негізгі қордың баяу жаңаруы;

    6. техникалық кадрлар даярлығының төмен сапасы;

    7. кәсіпорынның жаңартуға және өндірістің техникалық құралдандыруға айналмалы қаражаттын жетіспеуі.

Мүмкіндіктер (O):

    1. 2015-2019 жылдарға ИИДМБ аясында мемлекеттік қолдау шаралары;

    2. шикізат пен қосалқы бөлшектердің экспорты мен импортын жеңілдететін ЕАЭО интеграцияға байланысты нарықтың кеңейуі;

    3. елдің ішінде және халықаралық кооперациясын дамыту, соның ішінде Ресей мен Қытайдын жақындығын пайдаланып, төменгі бөлшектеудің компоненттік базасын және әлемдегі ірі шикізатты жеткізу орыны ретінде пайдалану;

    4. ішкі өңірлік сұраныстың өсуі бірінші ретте көршілес салалар жағынан;

    5. өндірілетін түсті және сирек металлдар негізінде жоғарғы қосымша бағасымен жаңа өндірісті құру.

Қатерлер (T):

    1. тау-кен металлургиялық кешеннің экспортталатын өнімнің шикізаттық бағытын сақтау;

    2. машина, қондырғылар, механизмдер импортының жоғарғы көлемі, сондықтан металлдар және металлдық өнімдердің негізгі тұтынушылары болатын машина жасау саласының дамуын тоқтатады;

    3. Қытай және Ресейдің машина жасау саласы жағынан бәсекелестік;

    4. минералды-шикізат базасының таусылуы;

    5. шикізат ресурстары бағасының төмендеуі;

    6. ішкі нарықтың салыстырмалы көлемінің аздығы.

Өнеркәсіптің негізгі проблемалары:



  1. негізгі өндірістік қорлардың жоғары тозу деңгейі;

  2. технологиялық артта қалуы;

  3. өнімнің жоғары энергия, еңбек және материал сыйымдылығы;

  4. шығарылатын өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

  5. машина жасау және жеңіл өнеркәсібі өнімінің ішкі тұтынуының төменгі үлесі және төмен номенклатурасы;

  6. қоршаған ортаның жоғары ластану деңгейі;

  7. машина жасау кешені инфрақұрылымының (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюро, тәжірибелік-эксперименттік базалар, техникалық бақылау және сынау орталықтары) жеткіліксіз дамуы;

  8. ағаш өндеу өнеркәсібінде – отынды және төменгі тауарлы ағашты пайдалану бойынша өндірістің болмауы; кедендік аумақтарда сыртқы экономикалық әрекетке тыйым салу, барлық ағаш түрлерінің ағаш өнімдерін экспорттау және кері экспорттау.

Электрмен қамтамасыз ету

2014-2016 жылдар ішінде электр энергиясын өндіру 2,068 млрд. кВт сағатқа ұлғайып, тұтыну 0,171 млрд. кВт сағатқа қысқарған (6 кесте).
6-кесте – электр энергиясын өндіру және тұтыну, млрд. кВтс


Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Өндіру

7,863

8,727

9,931

Желіге жіберу

7,395

8,242

9,423

Тұтыну

8,201

8,045

8,030

Тұрғындарға бөлу

1,117

1,429

1,142

Тапшылық

- 0,806

+0,19

+1,393

Өндірістік сала (жалпы тұтынылған электр энергиясының 71 % шамасында), тұрғындар (16,5 %), сондай-ақ бюджеттік және мемлекеттің қатысуы бар секторы (8,3 %) электр энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылады.

Облыс бойынша электр және жылу энергиясына тапшылығы жоқ. 2016 жылы ШҚО бойынша электр энергиясын өндіру 2014 жылға қарағанда 25,9 %-ға ұлғайды. Облыстан тыс электр энергиясының ағымы 1,4 млрд. кВс құрады.

Облыста электр энергиясының біршама үлесі (67,8 %) су ресурстары есебінен өндіріледі, тағы бір энергия көзі көмір энергетикасы болып табылады.

Өңірде «Өскемен ГЭС» ЖШС (18,1 %), «Шүлбі ГЭС» ЖШС (24,9 %), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (29,7 %), «Өскемен ЖЭО» ЖШС (17,7 %), «Согра ЖЭО» ЖШС (5,2 %), «СЭС Лениногор каскады компаниясы» ЖШС (0,7 %) және Риддер ЖЭО (3,3 %) электр энергия өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

Облыста электр энергиясының біршама үлесі (70 %) су ресурстары есебінен өндіріледі, басқа энергия көзі көмір энергетикасы болып табылады.

Республика өңірлері (Павлодар мен Алматы облыстары) және Ресей Федерациясының энергия жүйесі арасында электр байланысын қамтамасыз ететін ұлттық электр желісі жүйе құрушы болып табылады. Облыста электр энергияны өңіраралық деңгейдегі электр желілері бойынша тасымалдауды «Восточные МЭС» «КEGOC» АҚ филиалы жүзеге асырады, олардың балансында ПС-220/500кВ – 5 дана, ЛЭП 110/220/500 кВ – 1039,1 км.

2015 жылы «Екібастұз - Шүлбі ГЭС (Семей) - Өскемен - Ақтоғай - Алматы 500 кВ құрылысы» жобасын іске асыру басталды. Жобаның мақсаты Солтүстік-Шығыс қиылысында желілердің өткізу қабілетін ұлғайту болып табылады, ол Ресей бірыңғай энергетикалық жүйесінің желілері арқылы электр энергиясын тасымалдаудан тыс Шығыс Қазақстан облысында энергия тапшылығының орнын толтыруға мүмкіндік береді.



«Шүлбі ГЭС - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» ВЛ 500 кВ жоғары вольтті электр беру желісі Солтүстік - Шығыс - Оңтүстік 500 кВ 3-інші транзиті құрылысының екінші кезеңі болып табылады.

Кернеулігі 220 кВт және төмен өңірлік желілер бойынша диспетчерлік басқаруды «ШҚ АЕК» АҚ жүзеге асырады, олардың балансында 34 548,1 км электр беру желілері, 312 дана қосалқы станция, 6 489 дана ТП и КТП бар.

Нормативтік ысыраптардың деңгейі 2014 жылы 10 %-ды, 2015 жылы – 11,13 %-ды, 2016 жылы 10,7 %-ды құрады. Электр беру және электр жабдығы желілерінің жоғары деңгейде тозуы электр энергиясы ысырабының негізгі себебі болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламаларында күрделі жөндеуге жыл сайын қаражат қарастырылған.

Қазақстанның жасыл экономикасы концепциясы аясында баламалы және жаңартылатын электр энергиясының дамыту бойынша міндеттер қойылған.

Шығыс Қазақстан жылына 61,3 млрд. кВтс құрайтын жаңартылатын энергия көзінің (бұдан әрі – ЖЭК) біршама әлеуетіне ие, 20 млрд. кВтс әлеуетті пайдалануға техникалық жағынан тиімді.

ГЭС Лениногор каскады (Тишин ГЭС, Хариузов ГЭС), Үлбі ГЭС, Зайсан ГЭС жаңартылатын энергия көзінің қолданыстағы нысандары болып табылады. Сондай-ақ, Тұрғұсун өзенінде қуаттылығы 24,9 МВт Тұрғұсун ГЭС-1 құрылысы жүргізіледі. Нысанның пайдалануға енгізу 2018 жылы жоспарланады.

2014-2016 жылдар кезеңі ішінде жаңартылатын энергия көздерімен электр энергиясын өндірудің жалпы көлемі 155 мың кВт/сағ құрады.


Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді, облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 34/427-V шешімімен бекітілді.

Өндіріс саласы (электр энергетикасын қоса алғанда) өңірде тұтынылатын энергетикалық ресурстың жалпы көлемінің орта есеппен 70-80 %-ын тұтынады, қалған көлемін коммуналдық-тұрмыстық сала, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқалар тұтынады.

Өндірістік кәсіпорындарының ішінде «Казцинк» ЖШС энергияны аса көп жұмсайды. «Казцинк» ЖШС энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелеріне аса назар бөледі.

2015 жылы «Казцинк» ЖШС энергоаудит өткізіп, өндірістік кешендердің энергия ресурстарының тұтынуын төмендету бойынша бағдарламаны іске асыруды жалғастырды.

Тұрғын үй секторы 12 %-дай электр энергиясын және 99 % жіберілетін жылу энергиясын тұтынады.

Ұқсас жұмыстар басқа да кәсіпорындарда жүргізіледі (7-кесте).
7-кесте – Өндіріс кәсіпорындарының энергия үнемдеуі және энергия тиімділігі


№ р/с

Кәсіпорын атауы

Жұмсалған қаражат, млн. тг

Экономикалық нәтиже, млн. тг

Энергия ресурстарын үнемдеу, т.у.т

1

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ

13,2

55,75

826,27

2

«Өскемен ЖЭО» ЖШС

0,7

0,04

0,655

3

«Согра ЖЭО» ЖШС

41,8

0,03

10

4

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ

20,8

10,2

115,42

5

«АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС

202,5

0,62

17,02

6

«Конденсатор зауыты» ЖШС

4,52

1,43

12,90

7

«Жылу желілері» АҚ

183,9

12,7

339,05

SWOT- саланың даму жағдайын талдау:




Күшті жақтары (S):

  1. облыста электр энергияның біршама (70 %-дан астам) үлесі гидроресурстар есебінен өндіріледі;

  2. желілердің өткізу қабілетін ұлғайту бойынша жобаларды іске асыру басталды

Әлсіз жақтары (W):

  1. облыс энергия тапшы өңір болып табылады;

  2. электр беру желілері мен электр жабдығының тозуы.

Мүмкіндіктер (O):

1) жаңартылатын энергия көзінің елеулі әлеуеті



Қатерлер (T):

1) өңірлік электр желілерінің өте тозуына байланысты апаттық жағдайлардың болу мүмкіндігі


Негізгі проблемалар:



  1. энергиялық жабдықтың жоғары деңгейде (ГЭС бойынша – 30-50 %, ТЭЦ бойынша – 50-65 %) тозуы;

  2. электр станцияның негізгі жабдығының, электр беру желілерінің, коммутациялаушы қондырғылардың жартысының нормативтік пайдалану мерзімі өтіп кеткен;

  3. облыс энергетикасына инвестицияның жеткіліксіздігі (энергетика объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтірумен байланысты жұмыстарды толық көлемде жүргізуге қажетті инвестицияның тиісті көлемінің 10 %);

  4. тозу пайызы 68 %-ды құрайтын өңірлік электр желілерінің жоғары тозу деңгейі (Семей, Риддер қалалары, Бородулиха және Ұлан аудандары);

  5. электр энергия шығындары (өңірлік электр желілерінің жоғары тозу деңгейінің салдары).

Инновациялар

Өңірдің негізгі технологиялық инновациялары полиметаллды кенді және сирек жер металлдарын өндіру, байыту және қайта өндеуге, энергияны сақтау, машина жасау, радиациялық металлтану технологиясы, атомдық өнеркәсіп, радиациялық қалдықтарын көму, ет өнімдерін қайта өндеуге байланысты.

Пайдаланылған жаңа технологиялар және техникалық нысандар саны 2014 жылы – 154, 2015 жылы – 208.

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі бойынша Шығыс Қазақстан республикада 1 орын алады.

Инновациялық өнімдерді өндіру көлемі бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша өңір республикада 3-інші орын алды, өндірілген инновациялық өнімдер көлемі 4 есе ұлғайып, 54,3 млрд. теңге құрады (8 кесте).


8 кесте – Өңірдің инновациялық қызметінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірл.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

ҚР/ШҚО үлесі

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны

бірлік

157

240

296

2 879/ 10,28%

Кәсіпорындарындағы инновация саласында белсенділік деңгейі

%

7,6

11,5

14,9

9,3/5,6 %

Инновациялық өнім көлемі

млрд. теңге

97,8

13,4

54,3

445,8

12,1%


Ғылыми зерттеулер мен зерттемелерді орындайтын жұмысшылар саны

адам

2 377

2 303

2 205

22 985/ 9,6%


Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің дамуына және кәсіпорындар арасындағы байланыстың, облыстың академиялық және сервистік ұйымдарының арасындағы байланыстың нығайғанына қарамастан, инновациялық белсенділік көрсеткіштерінің беталысы жан-жақты болуда.

Негізгі проблемалар:


  1. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға кәсіпорындардың жұмсалуы мен бюджеттік шығындардың қысқарылуы;

  2. бизнестің инновациялық белсенділігінің төменгі деңгейі;

  3. технологияны коммерцияландыру мәдениетінің жоқтығы;

  4. инвестиция саласында қолданыстағы заңдылықтың жетілмеуі;

  5. өңірлік инновациялық жүйенің жоқ болуы.

Инвестициялар

Облыс экономикасы өсуінің факторларының бірі инвестициялық белсенділікті жоғарылату болып табылады. Соңғы 3 жылда облыс экономикасына инвестицианың тұрақты өсуі байқалады.

2016 жылы өңірдің негізгі капиталға инвестиция көлемі 90,8 млрд. теңгеге ұлғайды. НКИ – 95 %. Облыстағы инвестиция үлесі республика бойынша жалпы көлемде – 5,6 % құрады (9 кесте).


9 кесте – Қолдану бағыты бойынша негізгі капиталдағы инвестиция көлемінің динамикасы, млн. теңге

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Облыс бойынша барлығы, млн. теңге

345 942,6

411 929,7

436751,0

7762302,9/5,6%

соның ішінде:













Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

14 183,2

11 367,7

12973,8

253691,4/5,1%

Өнеркәсіп оның ішінде:

216 881,1

295 783,6

344515,2

4320395,7/7,9%

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу

123 659,5

205 876,5

231229,7

2730133,9/8,5%

Өңдеу өнеркәсібі

46 890,0

43 505,9

50141,5

877915,5/5,7%

Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауа кондиционерлеу

35 179,6

39158,6

53464,0

490870,7/10,9%

Сумен жабдықтау, құбыр жүйесі, жинау жөніндегі бақылау және қалдықтарды тарату

11 151,9

7 242,7

9680,0

221475,5/4,4%

Жеке және толайым сауда, авто көлік және мотоциклдерді жөндеу

13 504,2

103 04,9

6818,2

156320,5/4,4%

Көлік және қаттама

27 635,5

19 970,3

17642,8

1176239,1/1,5%

Жылжымайтын мүлікпен операция

24 059,9

32 631,2

27274,4

916232,8/2,9%

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

5 753,4

3 621,9

2922,8

64334,3/4,5%

Ең көп инвестиция көлемі тау-кен өндірісіне келеді – 52,9 %, электрмен қамту – 12,2 %, өндеу өндірісіне – 11,5 %, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 6,2 %, басқалары – 17,2 %.

2016 жылы қаржыландыру көздері бойынша инвестиция: өнеркәсіп және ұйымдардың меншікті қаражаты – 42,7 %, бюджет қаражаты – 10,3 %, банктік несиелер – 1,8 %, басқа қарыз қаражаты – 45,2 %.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде, электрмен жабдықтауда инвестиция тұрақты дамуда, өңдеу өнеркәсібіне инвестиция төмендеуде.

Айтарлықтай өсім негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемінде сыртқы инвестиция үлесі белгіленеді. 2016 жылы инвестиция көлемі 159,2 млрд. теңге құрайтын Ақтоғай ГОК құрылысы арқылы 53,5 %-ға дейін өсті.

2014 жылы 113 млрд. теңге құнында және 4 мың жұмыс орны құрылуымен «Азия Авто» АҚ «Өскемен қ. толық циклды автозауыттың және автобөлшектердің өндірісі бойынша технопарк құрылысы» жобасы алға шықты. Толық циклды автозауыттың құрылысына ТЭН мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды20.

Жаңа өндірістік кластер Renault – Nissan – АВТОВАЗ-бен серіктестікте құрылады.
Индустриялық аймақтар:

Облыстың экономикасын дамытуын жеделдету және бизнесті жүргізуге жағдайларды қамтамасыз етуін қолдау мақсатында индустриялық аймақтарды құруға жұмыстар өткізілуде.

Облыста жалпы ауданы 136,7 га. 3 индустриялық аймақтар бар:

1. Семей қ. «Өндіріс» индустриялық аймақ, ауданы – 76,6 га, ауданы 67,7 га жерде орналасуы мүмкін;

Іске асырылатын жобалар:

1) «Биовторполимер» ЖШС – қатты-тұрмыстық қалдықтарды екінші деңгейлі шикізатқа қайта өндеу бойынша өндіріс (1,0 га);

2) «Фаррахов И.Н.» ЖК («Farrachety&Company» ЖШС) – көбік бетон бұйымдарының өндірісі (1,2 га);

3) «Игеру» ШҚ – зауыт жылжымалы темір жол көлігіне тежегіш қалыптарды өндіреді (2,0 га) (кәсіпорында теміржол құрамын жөндеу үшін бұйымдардың 4 түрі өндіріледі, тежегіш қалыптарды өндіру бойынша, өнімді сертификаттау өткізіледі).

Жоспарланған жобалар:

1) «AGRO PORTAL» ЖШС – инвестиция көлемі 4,6 млрд. теңге болатын етті қайта өндейтін және бұдан әрі күрделі қайта өндейтін комбинат құрылысы, қажетті аудан – 58,5 га;

2) «Семей механикалық зауыты» ЖШС – ұнтақтағыш-іріктемелейтін кешен құрылысы (5,0 га);

3) «Машинақұрастырушылар көш. бойындағы» индустриялық аймақ, Өскемен қ., ауданы 26,6 га, ауданы 18,6 га жерде орналасуы мүмкін.

Индустриялық аймақта іске асырылатын жобалар:

1) «СИЗ Новация» ЖШС – респираторлар, жартылай бетперде және басқа жеке қорғалу құралдарын өндіру (жобаның құны 500 млн. теңге);

2) «Мега строй Альянс» ЖШС – асфальт-бетонды зауытының құрылысы (жобаның құны 1 млрд. теңге);

3) «AP TECH» ЖШС – светодиодтық жарық беру құралдары және басқа светодиодтық шамдарды шығару және өндірісі бойынша зауыт құрылысы.

Іске асырылатын жобалар жоспарланған:

1) «ПКФ Бакоэлектроснаб» ЖШС – кабельды өнімді өндіру бойынша зауыт құрылысы;

2) «Силумин Восток» ЖШС – құбырлы арматура, тау-кен, металлургиялық кәсіпорындарға, энергетикалық кешен кәсіпорыны, ТКШ үшін электротехникалық өнімінің сорғыш қондырғысының өндірісін ұйымдастыру.

Аймақ инфрақұрылымын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары өткізілді (электрмен қамтамасыз ету, кәріз, сумен қамту және жылумен қамту жүйесінің бөліктері).

2. «Өркен - ЖМК» индустриялық аймақ (Өскемен қ., ауданы – 33,5 га). Индустриялық аймақ аумағында электр-, су-, жылумен қамту және көлік инфрақұрылымы нысандары құрылысы, сонымен бірге түсіру аландарымен теміржол тұйығының құрылысы жүзеге асырылуда.

Экономиканың басым секторларының ірі инвесторларына сараланған тәсіл қарастырылған шетел және ішкі инвесторларға жаңа ынталандыру есебінен өңірге инвестицияларды тарту бойынша бұдан әрі әрекеті, сондай-ақ, орталық деңгейде инвестициялық омбудсмен ескере отырып, осындай институттар ретінде инвесторлар үшін «бір терезе» іске қосу.

Ұлттық жоспар «100 нақты қадам» шеңберінде жұмыс аймағына бағытталатын болады:

1. «Зәкірлік инвесторлармен» экономиканың басым секторларында бірлескен кәсіпорындар құру;

2. Стратегиялық инвесторларды тарту:

- энергия сервистік келісім тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына;

- сүт және сүт өнімдерінің өндірісін дамыту үшін;

- ет өндіру және қайта өндеу өндірісін дамыту үшін.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту облыстың инвестициялық саясатының басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Облыста білім, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және дене шынықтыру және спорт салаларында жалпы құны 167,5 млрд. теңге болатын 168 МЖӘ жобасы әртүрлі дайындық сатысында тұр.

2015 жылы 11 балабақшаны салу және пайдалануға беру бойынша (Өскемен қаласында – 1640 орынға 6 балабақша – 4,1 млрд. теңгеге, Семей қаласында – 1290 орынға 5 балабақша – 2,6 млрд. теңге) 6,7 млрд. теңгеге МЖӘ шарттары жасалған.

МЖӘ шарттарына сәйкес инвесторларға инвестициялық шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау шаралары толық көлемде ұсынылатын болады.

2017 жылдың соңына дейін 39,8 млрд. теңгеге 3 МЖӘ жобасы бойынша концессионерді анықтауға конкурс жариялау жоспарлануда, оның ішінде:



  1. Өскемен қ. 300 орындық көп бейінді аурухананы салу және пайдалануға беру – 21 млрд. теңге;

  2. Семей қ. 200 орындық қалалық балалар ауруханасының құрылысы – 16,2 млрд. теңге;

  3. Зырян ауданы Зырян қ. орталық жылу көзін қайта құру –
    2,6 млрд. теңге.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жаңа «бағдарламалық» МЖӘ енгізу шеңберінде пилоттық жоба ретінде Өскемен қ. 240 орындық 5 үлгілік балабақша анықталды. «Бағдарламалық» МЖӘ шеңберінде пилоттық жобалар жеке серіктестер үшін өңірлік деңгейде МЖӘ жобаларын іске асыруды жеңілдетіп, мемлекеттік тапсырысты ұзақ мерзімді негізде орналастыруды қамтамасыз етеді.

2017 жылдың 1 жартыжылдығында облыста жалпы 18 млрд. теңге сомасына келісімшарттық МЖӘ қағидасы бойынша 145 жобаға бастамашылық жасалған. Облыстың жеке балабақшалары мен жеке колледждерін МЖӘ шеңберінде ұзақ мерзімді тапсырыспен қамтамасыз ету мәселелері талқылануда.

2017 жылдың 31 тамызында МЖӘ шеңберінде «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ және «Тарлан Батырлары» ЖШС жеке серіктес арасында «Спортың күштік түрлері бойынша Семей қ. (бокс, күрес, дзюдо, таэквандо, ауыр атлетика) жаттығу үдерісіне сервистік қызмет көрсету және ұйымдастыру» жобасы бойынша сервистік келісімшартқа қол қойылды.

МЖӘ шартының шеңберінде Семей қ. 3 жылға жеке спорт нысанында 350 спортшы үшін мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын болады.

Жолдарда, адамдар көп шоғырланатын жерлерге және әлеуметтік нысандарда бейне бақылау жүйелерін орнату бойынша «Қауіпсіз ақылды қала» МЖӘ жобасы әзірленіп жатыр.

Аталған жобаның іске асырылуы қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету, автожолдарда қауіпсіздік, ЖКО санының азаю деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Мектептерді, балабақшаларды және басқа да білім беру мекемелерін ІІД жедел басқару орталығына деректерді беретін бейне бақылау жүйелерімен қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.



SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. халықтың жоғары білім деңгейі;

  2. жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, инжинирингтік компаниялардың инновациялық инфрақұрылым элементтері болуы;

  3. технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің болуы;

  4. техника мен технологияларды дамыту бөлімшелері бар ірі кәсіпорындардың болуы;

  5. ірі өндірістік кәсіпорындардың ғылыми-зерттеу және құрастыру жұмыстары бойынша өңірлік институттармен өзара әрекеттері;

  6. тікелей шетел инвестицияларын қоса алғанда инвестициялардың оң динамикасы;

  7. Өскемен және Семей қалаларында индустриялық аймақтардың болуы;

  8. инвесторларға қызмет көрсету орталығының болуы (ИҚО);

  9. өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының болуы;

  10. жоғары дайындықтағы концессиялық жобалардың болуы.




Әлсіз жақтары (W):

  1. бизнестің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

  2. технологияларды коммерцияландыру мәдениетінің болмауы;

  3. қолданыстағы заңнаманың шеңберінде инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының шектелген мүмкіндіктері;

  4. инвестициялық жобаларда «Ертiс ӘКК» ҰК АҚ қатысуының шектелген мүмкіндіктері;

  5. сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты инновацияларды дамытуға бюджеттік шығындардың қысқарылуы;

  6. жұмыс істейтін өңірлік инновациялық жүйенің болмауы;

  7. өңір аумағында жұмыс істейтін ұлтаралық компаниялардың шеңберінде инновацияларды таратудың әлсіз ықпалы;

  8. ескірген сауда пішімдерінің бәсекеге төмен қабілеттігін сақтау;

  9. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауды алуға мүмкін еместігі;

  10. өңірлік маңызы бар концессиялық жобаны іске асыратын концессионерлердің валюталық тәуекелін сақтандыру тетігінің болмауы.

Мүмкіндіктер (O):

    1. өңірлік кластерде инновацияларды дамыту үшін ИИДМБ мүмкіндіктерін пайдалану;

    2. Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының мүмкіндіктерін және оны іске асыру бойынша Жол картасын пайдалану;

    3. орталық мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты кеңейту: Инвестиция және даму министрлігімен, инновацияларды дамыту мәселелерінде ТДҰА;

    4. «100 нақты қадам» Ұлттық іс шаралар жоспарының аясында өндірістің, инвестиция және инновацияның дамуы»;

    5. инвестициялар туралы заңға 2014 жылы енгізілген өзгерістердің шеңберінде жаңа ынталандырулар мен институттарын енгізу;

    6. ЕАЭО-на кіруге байланысты сыртқы инвесторларды тарту;

    7. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік түрлерін ұлғайту.

Қатерлер (T):

    1. әлемдік экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты сыртқы инвесторлардың талғамының өзгеруі.

Негізгі проблемалар:



  1. қолданыстағы заңнаманың шеңберінде инвесторларға қызмет көрсету орталықтарының шектелген мүмкіндіктері;

  2. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауды алуға мүмкін еместігі;

  3. инвестициялық жобаларда «Ертiс ӘКК» ҰК АҚ қатысуының шектелген мүмкіндіктері;

  4. өңірлік маңызы бар концессиялық жобаны іске асыратын концессионерлердің валюталық тәуекелін сақтандыру тетігінің болмауы.

Агроөнеркәсіптік кешен.

Аймақ экономикасының екінші базасы – ауыл шаруашылығын дамыту Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады және облыс халқының ауылшаруашылық өнімдерінің түрлеріне сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперацияларына барынша біріктіру, ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту, су ресурстарын ұтымды пайдалану көзделіп отыр.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша Республиканың аймақтарының ішінде Шығыс Қазақстан облысы 3 орында тұр. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 2014 жылмен салыстырғанда 41,2 %-ға артты
(10 кесте).
10 кесте – Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру серпіні


Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру

млрд. теңге

294,0

367

415

3684/11,3%

Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі

%

101,9

99,4

105,3

105,4

Облыстың жалпы жер аумағы 28,3 млн.га, оның ішінде: ауылшаруашылық жерлер – 22,6 млн. га, егістік – 1,5 млн.га (6,6%).

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен 16,7 мың шаруашылық құрылымы (ЖШС және шаруа қожалықтары) және 144,7 мың тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығы айналысады. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және мал басы көлемінің негізгі үлесін тұрғындар шаруашылығы алып отыр
(11 кесте).
11 кесте – Жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен мал басы көлемінде шаруашылық құрылымдары және тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтарының үлесі, %





2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

АШҚ

Тұрғындар шаруашылығы

АШҚ

Тұрғындар шаруашылығы

АШҚ

Тұрғындар шаруашылығы

Ет өндіру

47

53

49

51

52

48

Сүт өндіру

28

72

30

70

33

67

Мал басы:



















ІҚМ

42

58

44

56

47

53

Қой мен ешкі

49

51

51

49

52

48

Жылқы

57

43

59

41

60

40

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың


2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау көлемі 17,9 млрд. теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда 27 % артық. Бұл ауылшаруашылық құрылымдарының жалпы ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлеміндегі үлесін және мал басының үлесін арттыруға мүмкіндік берді. Алайда, тұрғындардың үлес салмағы жоғары деңгейде сақталуда, бұл саланың өнім өндіру сипаты ұсақ тауарлы екенін айқындайды.

Облыстың ауыл шаруашылығы мал шаруашылығына бағытталған. Мал шаруашылығының өзіндік ерекшелігі – көпсалалығы (12 кесте).


12 кесте – Мал мен құс саны


Көрсеткіштер атауы

Өлш. бірл.

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Республикадағы үлесі

ІҚМ

мың бас

802,1

839,4

868,2

13,5 %

Қой мен ешкі

мың бас

2 161,5

2 015,7

1928,2

10,6 %

Жылқы

мың бас

259

285,6

309,9

13,7 %

Шошқа

мың бас

65,7

64,7

62,8

7,5 %

Құс

мың бас

3 373,8

3 768,9

3777,6

10,2 %

Марал

мың бас

9,9

9,8

9,5

100 %

Бал ара ұясы

мың бал ара ұясы

77,8

77,8

78,5

65,6 %

Сүтті ірі қара шаруашылығы. Облыс сүт өндіруден алдыңғы орында келеді, оның ішінде сүттің 67 % тұрғындардың шаруашылығында өндіріледі. Сүтті ірі қара мал шаруашылығы Бородулиха, Глубокое, Зырян, Ұлан және Шемонаиха аудандарында дамыған. Сүт өндірумен 58 тауарлы сүт фермасы (ТСФ) айналысады және оларда 15,4 мың бас сиыр ұсталады.

2014-2016 жылдары 6 ТСФ салынып, 17 ТСФ жаңартылды. 2016 жылы 33 сүт қабылдау пункті құрылды. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 60 сүт қабылдау пункті жұмыс істеді.

Етті ірі қара шаруашылығы Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зайсан, Жарма, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарында және Семей қаласында шоғырланған.

Ірі қара малын бордақылау үшін 27,5 мың басқа арналған 80 мал бордақылау алаңы құрылды, онда жылына 5,1 мың тонна сиыр еті өндіріледі. «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру аясында 12 асыл тұқымды репродуктор құрылды, онда 9,2 мыңнан астам асыл тұқымды мал бар.

Қой шаруашылығы облыстың құрғақ дала және жартылай шөлейт аймақтарында дамыған. Қой мен ешкінің негізгі саны (80 %-дан астамы) Тарбағатай, Аягөз, Үржар, Абай, Жарма, Күршім, Зайсан аудандарында және Семей қаласында шоғырланған. Соңғы 3 жылда асыл тұқымды қой саны


11,9 % артты.

Жылқы шаруашылығы. Жылқы саны біртіндеп өсіп келеді. Оларды өсіретін асыл тұқымды шаруашылықтар құрылуда, республиканың басқа өңірлері тарапынан облыста өсірілген жылқыларға басқа аймақтардан сұраныс бар. Абай, Үржар, Катонқарағай, Ұлан, Күршім аудандарында және Семей қаласының шаруашылықтарында қымыз өндіру қолға алынып, қымызды ыдыстарға құйып сату үшін цехтар ашылуда. 2014-2016 жылдары асыл тұқымды шаруашылықтардың саны 47-ден 64-ке жетті. Асыл тұқымды жылқылардың үлес салмағы 10,7 % құрады.

Шошқа шаруашылығы. 2014-2016 жылдары шошқа санының 22,5 мың басқа азайғаны байқалады. Негізгі себеп – саланың шығыны жоғары және тиімділігі төмен.

Құс шаруашылығы. Облыста ет бағытында 3 құс фабрикасы жұмыс істейді. Өнім өндіруде оң серпін байқалады.

Бал ара шаруашылығы Катонқарағай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Күршім,Үржар, Ұлан, Бородулиха аудандарында дамыған. Саланы дамыту үшін асыл тұқымды бал ара өсірушілерге облыстық бюджеттен 52,7 млн. теңге субсидия бөлінді, бұл бал өндіруді және бал ара ұяларын тұрақты арттыруға мүмкіндік берді (13 кесте).
13 кесте – Бал ара шаруашылығын дамыту серпіні





Өлш. бірл.

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Асыл тұқымды бал ара шаруашылықтарының саны

бірл.

64

64

64

Бал ара ұяларының саны

мың ұя

77,8

77,84

78,5

Бал өндіру

тонна

1 415

1 480

1772

Субсидиялау көлемі

млн. теңге

26

26,7

0

Марал шаруашылығы. 10 мың басқа жуық марал мен теңбіл бұғы Катонқарағай (негізгі саны), Зырян, Көкпекті, Күршім, Ұлан және Зайсан аудандарының шаруашылықтарында өсіріледі.

Панта препараттарымен емдеу барлық ірі марал шаруашылықтарында және облыс орталықтарындағы санаторий-профилакторийлерде енгізілген. Марал пантасы, еті, ішкі секреция бездерінің негізінде 40-тан астам емдік өнім шығару игерілді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту

Мал шаруашылығының асыл тұқымды қорын 332 шаруашылық субъектісі жасап отыр, оның ішінде мүйізді ірі қара шаруашылығында – 98, қой шаруашылығында – 87, жылқы шаруашылығында – 70, бал ара шаруашылығында – 64, марал шаруашылығында және бұғы шаруашылығында – 10, құс шаруашылығында 3-нің асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар.

Өсімдік шаруашылығы. Егістік құрылымында дәнді және дәнді бұршақ дақылдары басым – 45 %, күнбағыс – 30 % құрайды. Республикада өндірілетін күнбағыстың 56 %-ы облыста өндіріледі (14 кесте).
14 кесте – Өсімдік шаруашылығының даму серпіні


Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру:
















Дәнді дақылдар

мың тонна

713

646,7

782,9

20186,5/3,9 %

Күнбағыс

мың тонна

278

301,7

421,5

754,8/55,8 %

Картоп

мың тонна

459

453

425,7

3545,7/12 %

Көкөніс

мың тонна

243

232

236

3635,7/6,5 %

Астық өсірумен айналысатын негізгі аудандар Бородулиха, Глубокое, Зырян және Шемонаиха болып табылады.

2016 жылы астық шығымдылығының артуы қолайлы климаттық жағдайларға байланысты болды. Облыстың астықты өңірлері егіннен салыстырмалы түрде жақсы өнім алды: Үржар ауданы – 20,6 ц/га, Зайсан – 19,8 ц/га, Катонқарағай – 19,0 ц/га, Глубокое – 18,3 ц/га, Күршім – 18,1 ц/га, Зырян – 15,8 ц/га, Шемонаиха – 13,7 ц/га (15 кесте).

15 кесте – ауыл шаруашылығы дақылдарының шығындылық серпіні




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР /ШҚО үлесі

А/ш дақылдарының орташа шығымдылығы:
















Дәнді дақылдар

цен/га

13,0

11,3

13,7

13,3

Майлы дақылдар

цен/га

7,8

8,7

11,0

9,6

Картоп

цен/га

191

188,3

201,4

190,4

Көкөніс

цен/га

261

256,6

276,8

250,0

2014-2016 жылдары егістік жерлер 1 321,7 мың гектардан 1 300,7 мың гектарға дейін немесе 1,6 % қысқарды. Ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша егілген жер аумағы 5,7 % арттырылды, олардың жалпы дәнді дақылдар егістігіндегі үлес салмағы 45 % құрады.

Облыста 200,7 мың га суармалы жер бар, оның 82,5 мың гектары ғана пайдаланылады. Пайдаланылмайтын 118,2 мың га суармалы жерді қалпына келтіріп, айналымға енгізу көзделіп отыр.

Былтырғы жылы 5 су шаруашылығы объектісін жаңарту аяқталды, биылғы жылы 7 апатты су шаруашылығы объектісін қалпына келтіруге қаражат (6,8 млрд. теңге) бөлінді. Мына объектілер қалпына келтірілетін болады: Жарма – 1, Зайсан – 2, Көкпекті – 3, Тарбағатай – 1. Суару суын жеткізу қызметін субсидиялауға жыл сайын шамамен 150 млн.теңге және жұмыс пен жабдықтың құнының 30 %-ы мөлшерінде инвестициялық субсидия беріледі.

Суарудың жаңбырлатып және тамшылатып суару сияқты озық тәсілдері қолданыла бастады. Жаңбырлатып суарылатын аумақ 2016 жылы 7 800 га, тамшылатып суару аумағы 700 га құрады.

33 тұқым шаруашылығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 шаруашылық – бірегей тұқым өндiрушi (оригинатор), 6 шаруашылық – элиталық тұқым өндiрушi (элиттұқымшар), 24 шаруашылық – 1, 2 және 3 көбейтілген тұқым өндiрушi мәртебесін алған. 2016 жылы 1 және 2 класты тұқым көлемі 87,2 % құрады.

Машина-трактор паркін жаңалау бағытында жұмыстар жүргізілді, себебі техниканың 80 %-ының пайдалану мерзімі өтіп, тозған. 2016 жылы ауылшаруашылық құрылымдары 5 515 млн. теңгеге 506 бірлік техника, оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 3 437 млн. теңгеге 369 техника сатып алды. Жаңалаудың орташа пайыздық көрсеткіші 1,8 % құрады.

Ауылшаруашылық техникасын жаңалау қарқынын арттыру үшін 2017-2021 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді. Осының нәтижесінде ауылшаруашылық техникасын жаңалау 2021 жылы 2,9 % құрайтын болады.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:




Мықты тұстары (S):

  1. өндірістік әлеуеттің болуы:

ауылшаруашылық жерлердің болуы, мал басының болуы: облыстағы ірі қара мал саны республикадағы мал санының 13,6 %, жылқы 13,8 % және қой мен ешкі 11,2 % құрайды;

сүт, күнбағыс, бал және панты өндіру бойынша рсепубликада жетекші орында (1 орын), картоп өндіру бойынша 3 орында тұр;



  1. ауылшаруашылық өнімін өндірудің тұрақты өсімі;

  2. май-мал майы, сүт және ет, оның ішінде құс етін өндіретін ірі кәсіпорындар бар;

  3. облыс халқы негізгі тамақ өнімдерінің түрлері ет, сүт, көкөніс және ұнмен толық қамтамасыз етілген;

  4. типтік жабдық шығару бойынша кәсіпорын құрылды;

  5. ЖҚШ-да мал табынының өнімділігін арттыруға, ТСФ, сүт қабылдау пункттерін дамытуға кредиттер беріледі.

Әлсіз тұстары (W):

  1. ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары физикалық және моральдық жағынан тозған;

  2. суармалы егіншіліктің тиімділігі төмен;

  3. асыл тұқымды мал үлесі төмен;

  4. мал азығының қоры жеткіліксіз;

  5. ауылшаруашылық өндірісінде заманауи инфрақұрылым жеткілікті дамымаған;

  6. дайындау ұйымдары торабының дамуы әлсіз;

  7. қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты толық жүктелмеген;

  8. өндірістің ұсақ тауарлығы;

  9. облыста 201 мың га суармалы жер бар (егістік жердің 15 %), алайда оның 45 % немесе 91 мың га пайдаланылады.

  10. АӨК-де білікті кадрлар тапшы;

  11. кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі салдарынан инвестиция тарту деңгейі төмен.

Мүмкіндіктер (O):

  1. АӨК әлеуетін толық пайдалану:

заманауи тауарлы сүт фермаларын құру, халықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру және сүт өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының жүктелімін арттыру;

ГТҚ жаңарту арқылы суармалы жерлердің аумағын кеңейту;

өндіріске заманауи технологияларды енгізу;


  1. өндірісті жетілдіру және жаңа инновациялық жобаларды іске асыру есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  2. ауылшаруашылық техникасы паркін барынша жаңарту;

  3. етті және сүтті ірі қара шаруашылығы, бал ара шаруашылығы өнімінің экспорттық әлеуетін арттыру;

  4. АӨК субъектілерін ынталандыру және қолдау арқылы ауылшаруашылық өндірісін ірілендіру;

  5. дайындау ұйымдарының торабын дамыту;

  6. суармалы жерлерді дамыту үшін жер мен су ресурстары бар;

  7. тұрғындар шаруашылығы мен шағын фермаларды кооперативтерге біріктіру;

  8. ет және сүт өнімдерін өндіруді, сондай-ақ ет өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту.

Қатерлер (T):

  1. аграрлық саланың өзіне тән тәуекелдерінің артуы: қолайсыз ауа райының, табиғи апаттардың, жануарлардың аса қауіпті ауруларының және т.б. әсері;

  2. ауылдағы жұмыс күшінің қалаға ауысуы;

  3. БЭК және ҚР-ның БСҰ-ға кіруі аясында аграрлық азық-түлік нарығында бәсекелестіктің күшеюі.

Негізгі проблемалар:



  1. өндірістің ұсақ тауарлығы, мал шаруашылығы өнімі өндірісінің жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы;

  2. асыл тұқымды мал үлесі төмен;

  3. мал азығы қорының жеткіліксіздігі;

  4. жүн және тері-былғары шикізатын дайындау мен өңдеу инфрақұрылымы дамымаған, қолда бар кәсіпорындардың жүн шикізатына сұранысы жоқ;

  5. өндірістік инфрақұрылым жеткілікті дамымаған;

  6. дайындау ұйымдары тораптарының дамуы әлсіз және тиімділігі төмен;

  7. ұсақ субъектілердің кредиттік ресурстарға қол жетімділігі төмен, ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің басым көпшілігінде негізгі және айналым қаражаты жеткіліксіз;

  8. өндірістік қуат толық жүктеліммен жұмыс істемейді және нарықта шетелден әкелінетін, бағасы арзан азық-түліктің болуы өнімді өткізуді төмендетеді;

  9. машина-трактор паркін техникалық жарақтандыру деңгейі жеткіліксіз;

  10. өндірісте озық технологияларды енгізу деңгейі төмен;

  11. ауыл халқының, оның ішінде білікті кадрлардың ауылдан кетуі.

Ветеринария

Шығыс Қазақстан облысы аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақталды. Аусыл ауруы тіркелген жерлерде барлық тиісті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілді.

Ветеринариялық төлқұжат беру мен арнайы дерекқор базасына еңгізу және жеке реттілік нөмерін беру арқылы ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстары жүргізіледі (16 кесте).


16 кесте – Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша деректері, бас


Жануардың түрі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

жоспар

факт

жоспар

факт

жоспар

факт

Ірі қара мал

243 527

264 653

240 579

394 300

685 772

847 437

Ұсақ мүйізді мал

711 824

713 721

655 820

633 075

1 191 950

1 409 006

Жеке 19 ветеринариялық бөлім және 20 коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын, 221 ветеринариялық пункт құрылған.

«ДУК» және «САНГ ИОНГ» маркалы автокөліктер, жылжымалы инсинераторлар, мал тасу көліктері, тұрақты және жылжымалы фиксаторлар, кеңсе жабдықтары, ветеринариялық құралдар сатып алынып, ветеринариялық ұйымдарды және ветеринариялық пункттерді материалды-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталды.

Жануарлардың ветеринариялық-санитариялық сою объектісінің саны 320 құрайды, 2014 жылмен (318 бірлік) салыстырғанда 2 бірлікке артық.

Эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатынан мал көмінділерін қалпына келтіруге, салу және күтіп ұстауға қаражат бөлінді. Жүргізілген жұмыс барысында аурулардың шығу саны азайды (17 кесте).
17 кесте – 2014 - 2016 жылғы жануарлардың ауру ошақтары бойынша деректер


Көрсеткіштер

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Аурулар атауы

Құтырық

Аусыл

Құтырық

Аусыл

Құтырық

Аусыл

Орын алу

20

0

48

0

4




Туризм

Шығыс Қазақстан өңірдегі климаттық ерекшелікке қарамастан21, туризм саласын дамытуда зор әлеуеті бар, облыста 1,7 млн. га құрайтын жалпыұлттық маңызы бар 24 табиғатты қорғау зоналары, 600-ден астам тарихи ескерткіштер және 100-ден астам туристік ескерткіштер тіркелген.

Туристік қызығушылық тудыратын басым жерлер ретінде Мұзтау шыңы, Австриялық жол, Алакөл және Марқакөл көлі, Бұқтырма су қоймасы,
Қиин-Кериш каньоны, Ақ-Бауыр табиғи-тарихи ескерткіші, Жидебай-Бөрілідегі Абай Құнанбаев атындағы үй-мұражайының мемориалды кешені, Қозы Көрпеш - Баян Сұлу, Еңлік-Кебек ескерткіші, Ырғызбай ата ескерткіші есептеледі.

2016 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындары көлемі жағынан еліміздің бірінші орында, ішкі туризмі бойынша Астана және Алматы қалаларынан кейін үшінші орынды иеленді.

Туристік қызметтерді 111 туристік компаниялар көрсетеді
(47 туроператорлар және 64 турагенттер), тіркелген орналастыру орындар көлемі - 455 нысан (2014 жылы – 331), нөмер қорымен - 8320 нөмір (2014 ж. – 6557) және біржолғы сыйымдылығы 25847 орын (2014 ж. – 15999) 22 (кесте 18).

18 кесте – Туризмді дамыту көрсеткіштерінің динамикасы






Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

1

Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны:

резиденттер



мың адам

433,8/

117,8 %


403,7/

93,1 %


438,4/ 109,1%

3495,3/ 12,5




резиденттер емес




19,3/

102,7 %


20,6/

106,7 %


22,4/ 108,6%

722,5 /3,1

2

Орналасатыру орындарының саны/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны

бірлік

331/

119,5 %


371/

112,1 %


455/ 122,6%

2754/

16,5


3

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі/өткен жылмен салыстырғандағы өсу қарқыны

млн. теңге

3 677,8/

125,1 %


3 290,4/

89,5 %


3877,8/ 117,9%

82853,4/

14,7

Өнеркәсіп аймақтың экономикасы үшін маңызды: туристік қызметтердің үлесі 2016 жылы өңірдегі қызметтердің жалпы көлемінің 2,4 %-ын құрады. Салада 2 032 адам жұмыс істейді (облыстағы жұмысшылардың жалпы санының 0,3 %-ы).

Қазақстан Республикасының туризм индустриясының 2023 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес облыстың солтүстік және шығыс бөлігінде туристік кластер құру мүмкіндігі бар.

Тұжырымдамада кластер орталығы болып анықталған – Өскемен қаласы, сондай-ақ 8 басым бағыт: Берел қорғандары, Бұқтырма су қоймасы, Ертіс өзені – Зайсан көлі, Катонқарағай табиғи саябағы, Киин-Кериш, Риддер – Батыс-Алтай мемлекеттік қорығы, Алакөл көлі (солтүстік бөлігінде), Семей қаласы мен Абай ауданының (Жидебай), облыстың бүкіл аумағына кеңейту мүмкіндігімен.

Облыстың өңірлері үшін туризм саласында төмендегідей бағыттар бар:

1) экологиялық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында, Риддер қаласында);

2) мәдени-танымдық (Өскемен қ., Семей қ., Абай, Тарбағатай және Ұлан аудандарында);

3) емдік-сауықтыру және медициналық (Семей, Катонқарағай, Үржар аудандарында);

4) жағажай туризмі (Зыряновск, Ұлан, Күршім және Үржар аудандарында);

5) тау шаңғысы (Глубокое, Зырян аудандарында және Риддер қаласында);

6) ауылдық туризм (Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласында).

2016 жылы орналастыру орындарының ең көп көрсетілетін қызметтер көлемі Өскемен (32,2 %), Семей (12,1 %), Риддер (5,4 %) қалаларында, Зырян (20 %), Үржар (13,6 %), Глубокое (9,4 %) және Ұлан (4,3 %) аудандарында.

Жекеменшік сектордың инвестициялар есебінен төрт жылда туристік саладағы 32 нысан іске қосылды, оның ішінде: «DEDEMAN» қонақ үйі – Өскемен қ., «RiddeHutter» демалыс орталығы – Риддер қ., «Нұржау» қонақ үйі – Катонқарағай ауданы, «Сад долголетия» сауықтыру орталығы – Өскемен қ, «Мелада» демалыс орталығы – Зырян ауданы, «Маралды» кемпингі – Жарма ауданы.

2015-2017 жылдарға арналған туризм индустриясы дамуының Жол картасын іске асыру шеңберінде 2015-2016 жылдары 681,8 млн. теңгеге 19 жоба жүзеге асырылды.

2017-2023 жылдар аралығындағы кезеңде 7,2 млрд. теңгеге 25 жоба іске асыру көзделген, оның ішінде 2017 жылы 242,8 млн. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды.

Құрылыстағы ірі туристік нысандардың арасында, Коржыңкөл көлінің жағасындағы «Жібек жолы», Алакөл көлінің жағасындағы «Керуен», Риддер қаласындағы «Жыл бойы істейтін тау-шаңғы кешен» салу жобаларын атап өту керек.

Шығыс Қазақстан аумағындағы туристік жобаларды жүзеге асыруға ірі еуропалық инвесторларды тарту мүддесі үшін, Цюрих қаласына ШҚО делегациясының сапары аясында, швейцарияның «Фоглер Траст» компаниясымен, сондай-ақ Швейцария-Қазақстан экономикалық палатасымен Еуропадан әлеуетті инвесторларды іздеу ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Туристік кластерлерді құрудағы табысты тәжірибесі бар ірі инвесторларды іздеу, Шығыс Қазақстан облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық облысы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде күтілуде.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ҚХР Туризм жөніндегі мемлекеттік басқармасы арасында қытай азаматтарының Қазақстан Республикасына топтық туристік сапарларын жеңілдету туралы Меморандумға қол қойылды.

Туристік қызметтердің әлемдік сатылымының 1/3 бөлігі онлайн режимінде өткізілетіндіктен, сондай-ақ туристердің аймаққа келу ағынын көтеру мүддесіне сай, «TourEast.kz» интернет-порталы ШҚО туристік пакеттерін сату үшін 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) қолданумен іске қосылды. Порталда облыстың 18 туроператорларымен 35 бағыт ұсынылған, оның ішінде 17 туристік бағыт онлайн режимінде төленеді.

ШҚО-ның турпакеттері мен өнімдерін жылжыту бойынша «IT-киізүй» интерактивті кешені құрылды. Кешені тұрақты әрекеттегі, автономды көрме алаңы болып табылады және Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуеті туралы туристік ақпаратты көтермелеуге арналған бірегей жарнамалық-көрсетілім нысаны болып табылады.

Туризм саласындағы кадрларды даярлау Шығыс Қазақстан облысының 4 жоғары оқу орнында және 5 колледжде жүргізіледі.
SWOT- саланың даму жағдайын талдау:


Күшті жақтары (S):

  1. облыстың экономикалық-географиялық пайдалы орналасу жағдайы;

  2. биоалуантүрлілігі, ландшафтардың әртүрлілігі, табиғат, мәдениет және тарихи бірегей ескерткіштерінің болуы;

  3. облыстың аумағында туризмді дамытудың бастапқы әлеуеті:

 экологиялық туризм;

 мәдени-танымдық;

 емдік-сауықтыру және медициналық;

 жағажай;

 таушаңғы;

 ауылдық туризм;



  1. 2015-2017 жылдарға арналған облыстағы туризм индустриясын дамытудың Жол картасының болуы;

  2. 4 аймақтың аймақаралық ынтымақтастығы бойынша іс-шаралар жоспарының болуы – «2015 жылға дейін Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының туристік аймақтарын пайдалану бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары»;

  3. аймақта туризм индустриясы үшін кадрлар даярлау үшін университеттер мен колледждердің болуы;

  4. белсенді іскерлік қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар;

  5. орналастыру орындарындағы бәсекелестік (республика орналастыру орындары бойынша бірінші орын);

  6. TourEast.KZ онлайн порталының болуы.

Әлсіз жақтары (W):

  1. дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы, оның ішінде туристік объектілерге әкелетін жолдардың нашар жағдайы;

  2. туристік бизнестегі кәсіби деңгейдің төмендігі, ұсынылатын туристік қызметтердің бағасы мен қызмет көрсету сапа деңгейінің сәйкессіздігі;

  3. жергілікті туризм саласындағы қатысушыларының тізбегінің арасындағы өзара әрекеттесудің әлсіз деңгейі.

Мүмкіндіктер (O):

    1. ҚР туризмді дамыту тұжырымдамасына сәйкес кластерлеу әлеуеті;

    2. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік қолдауы;

    3. ҚР қызмет көрсету бағдарламасындағы Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту;

    4. «ЭКСПО - 2017» іс-шараларына қатысу;

    5. салада аймақаралық ынтымақтастықты дамыту;

    6. жеке капиталды қонақ үй және ресторан бизнесіне тарту;

    7. туризм саласындағы ұлттық кәсіби ассоциациялармен ынтымақтастық;

    8. жергілікті колледждермен жоғарғы оқу орындарында дайындық сапасын арттыру;

    9. ҚР білім және ғылым дамытудың
      2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында туризм индустриясының сұранымы үшін халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде қысқаша біліктілікті арттыру курстары.

Қатерлер (T):

  1. өңірде экологиялық жағдайдың нашарлауы;

  2. туристік ұйымдар қызметіне сыртқы экономикалық жағдайдың кері әсері.



Саланың проблемалары:



  1. тұрмыстық мақсаттағы объектілердің материалдық базасының моральдық және жеке тозуы;

  2. көлік инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жағдайы;

  3. рекреациялық аймақтардың санитарлық жағдайы туралы мәселелер;

  4. жергілікті туризм және қонақ үй бизнес өкілдерінің кәсіптік бірлестіктер шеңберінде өзара ынтымақтастығының әлсіздігі;

  5. орналастырудағы қызмет сапасының төмендігі;

  6. туристік өнімдерге жоғарғы баға.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Мемлекеттін экономикалық саясатының басымды бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті (ШОК) дамыту болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірлік кәсіпкерліктің өсуі мен бизнес бастамаларын ұлғайтуды қамтамасыз етіледі. Өңірде ШОК дамуының көрсеткіштері (19 кесте).


19 кесте –Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша көрсеткіштер


Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Субъектілермен шығарылатын өнімдер көлемі

млрд. теңге

548,8

615,1

826,0

ШОБ шығарылатын өнімнің НКИ

%

98,5

104,7

117,9

ШОК тіркелген субъектілер саны

бірл.

145 987

118 673

115 666

ШОК белсенді субъектілер саны*

бірл.

79 915

98 617

99 603

ШОК тіркелген субъектілердің жалпы санындағы белсенділер үлесі

%

54,7

83,1

86,1

ШОК жұмыс істеп жүргендер саны

адам

224 016

236 169

234 714

* - халықаралық тәжірибеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті деректерінің алшақтығын болдырмауы үшін және ШОК субъектілерінің саны туралы көрсеткіштерді құрудың бірыңғай тәсілдерді қолдану мақсатында, 2015 жылдың 1 ақпаннан статистика органдарымен «белсенді» орнына «жұмыс істеп тұрған» субъектілерінің саны көрсеткіші жарияланады


Бизнес жағдайын жақсарту бойынша қолданылған шаралар арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны көбейді.

Ішкі өңірлік өнімде 2016 жылы шағын және орта бизнестің үлесі


16,9 %-ға жетіп, 2014 жылға қарағанда (14,2 %) 2,7 пайыздық көрсеткішке артты.

ШОК субъектілерінің шығарылатын өнімдер көлемі 2014 жылмен салыстырғанда белгіленген бағада 277,2 млрд. теңгеге ұлғайды немесе 1,5 есе артық. ШОК өнімінің нақты көлем индексі 117,9 % құрады.

Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 2014 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 24,6 %-ға ұлғайды, сәйкесінше жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілер үлесі жалпы тіркелгендер санынан 86,2 %-ға дейін өсті, ШОБ-те жұмыс істеп жүргендер саны ұлғайды. Сонымен тіркелген ШОК субъектілер саны 30 397 субъектіге немесе 20,8 %-ға қысқарды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» (бұдан әрі – БЖК 2020) бағдарламасы іске асырылады.

2016 жылы соның негізінде «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы ойдағыдай іске асырылады.

Соның іске асырылуына республикалық бюджеттен 2014-2016 жылдары 14,3 млрд. теңге бөлінген.

Екінші деңгейлі банктер несиелері бойынша сыйақы бағасын субсидиялау, несиеге кепілдеме арқылы қаржылай және қаржылай емес қолдау көрсетіледі.

Нәтижесінде соңғы 3 жылда 463 жоба субсидияланған, 188 несие бойынша ішінара кепілдеме берілген, 57 гранттар беріліп, 35 кәсіпорын үшін инфрақұрылым салынған (20 кесте).


20 кесте – Құралдар бөлінісінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламсы шеңберінде қаржылай қолдау алған жобалар саны


Қолдау құралдары

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Субсидиялау, соның ішінде барлық бағыттар бойынша

168

132

163

Кепілдеу

40

88

60

Гранттар

24

16

17

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

6

11

18

2014-2016 жылдары БЖК 2020 бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде 6,8 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, 1,6 мыңнан астам жұмыс орны қосымша құрылды.

БЖК 2020 шеңберінде «Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау» 4-інші бағыты іске асырылады (21 кесте).
21 кесте – Компоненттер бөлінісінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде оқуды өткен қатысушылар саны


Қолдау құралдары

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1 бизнес кеңесшісі

1 391

1 114

1145

2 бизнес кеңесшісі

299

201

350

Жоғары-менеджментке оқыту

32

36

28

Іскерлік байланыс

42

38

37

Аға сеньорлар

2

1

2

Жас кәсіпкер мектебі

119

-

246

Шетелде сынау мерзімін өту

5

0

13

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2015 жылы 7,8 млрд. теңгеге (жылдық пайызы 6 % мөлшерінде) 89 жоба, 2016 жылы 16,9 млрд. теңгеге 148 жоба қаржыландырылды.


Сауда

Өңірде сауданы дамыту Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бойынша бағдарламасының сауда нарығын жаңарту, қазіргі заманға сай сауда форматтарын және электронды сауданы дамыту бағытына сәйкес іске асырылады.

2016 жылы ЖӨӨ құрылымында бөлшек және көтерме сауда көлемі 12,2 % құрады.

Өңірде 11 406 сауда орындары бар 6 271 сауда нысандары (бөлшектік дүкендер жүйесі, сауда үйлері, орталықтар, супермаркеттер, гипермаркеттер, минимаркеттер, мамандандырылған дүкендер және т.б.), 9 257 орны бар 76 сауда базарлары жұмыс істейді.

Коммуналдық базарлардың негізгі қызметі – жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдетілген негізде сауда орындарын беру болып табылады. Облыста 88 сауда орындарымен 2 коммуналдық базар бар, оның 34 орны жергілікті тауар өндірушілерге берілген. Негізгі азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда алаңдарының бөлігі белгіленген баға бойынша (сауда үстемақысын қоспай) тұрақтандыру қорының өнімдерін сатуға беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тауарларын сатуды 10 % аспайтын сауда үстемақысымен жүзеге асырады.

2016 жылы 548 азық-түлік жәрмеңкесі өткізілді, онда 2 023,3 млн. теңге сомасына өнім сатылды.

2016 жылы бөлшектік сауда айналымының көлемі 720,3 млрд. теңгені құрады, 2014 жылдың деңгейінен 27,8 %-ға жоғары (22 кесте).

22 кесте – Сауда жұмысының негізгі көрсеткіштері




Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР

Бөлшек сауданың ЖКИ

%

108,2

96

100

100,9

Қызмет түрі бөлшек сауда, 2000 ш. метрден кем емес сауда алаңы бар сауда нысандарының саны

бірлік

21

22

23

268

Бөлшек сауда көлемі бойынша 2016 жылы өңір республикада Алматы және Астана қалаларынан кейін 3 орын алады.

Өңір үшін сауда базарларының маңыздылығы жоғары және қазіргі заманға сай сауда форматының төменгі үлесі сипат алады: негізгі сауда үлесі (74,8 %) жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың сауда айналымына келеді.

Жағымды динамикаға қарамастан, нарықта жеке кәсіпкерлердің бөлшек сауданың үлесі 75,4 % құрайды (орта республикалық деңгейден – 46,2 % жоғары). Ірі сауда кәсіпорындарының үлесі 5,7 % құрайды (орташа есеппен алғанда Қазақстан бойынша – 16,4 %, Алматы қ. – 23,5 %, Атырау және Оңтүстік-Қазақстан облысында – 26,1 %).

2016 жылы жеке меншік кәсіпорындар тауарларының бөлшек сауда айналымынан, жеке кәсіпкерлер саудасынан, соның ішінде базардағы сауда 6 852,5 млрд. теңге құрады немесе жалпы жеке сауда көлемінің 89,4 %.

Бөлшек сауда модернизациясының төмен қарқынының негізгі себебі көлеңкелі нарықтың жасырын қарсыласуында, бизнес үшін ынталандырудың, кәсіпкерлер құзіреттілігінің жеткіліксіздігі болып табылады. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасында заманауи сауда нысандарын салуды қолдау шараларының бар болғанына қарамастан бұл құралдарды пайдалану төмен кепілдік мүлік себебінен тежелуде.


SWOT - саланың даму жағдайын талдау:


Мықты жақтары (S):

1) ШОБ субъектілері халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын құрайды (2015 ж. 34,1 %);

2) өңірде ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы;

3) ірі бизнес пен ШОБ арасында серіктестік бағдарламаның бар болуы;

4) ШОБ үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша әкімдіктің жүйелік жұмысы;

5) сауда көлемінің дамуы мен халықтың жұмыспен қамтылуының оң динамикасы;

6) әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек бағалар мониторингісінің қалыптасқан жүйесі;

7) субсидияланған нысандар саны бойынша республикада 2-інші орын, мемлекеттік кепілдеме шешімдері саны бойынша 1-інші орын;

8) көлемі 2 млрд. теңге болатын жеңілдікпен несиелеу өңірлік бағдарламасы іске қосылды.


Әлсіз жақтары (W):

1) кәсіпкерлер үшін несиелердің жоғары бағасы;

2) ШОБ субъектілерінде жеке айналым қаражаттарының, кепілдік мүліктің жеткіліксіздігі;

3) кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік дайындығының нашарлығы, мамандандырылған кадрлардың жоқтығы;

4) қалалық жерлерде және 3 ауданда ШОБ шоғырлануы (12 ауылдық округтерде ШОБ даму деңгейінің жеткіліксіздігі);

5) аймақтың бөлшек сауда секторына инвестицияның жеткіліксіздігі;

6) жеткіліксіз кооперация және өңірлік ШОБ өкілдерінің мамандануы;

7) базарлардың жоғары мәнділігі мен заманауи сауда форматтарының төмен үлесі;

8) электрондық сауданың нашар дамуы.


Мүмкіндіктер (О):

1) «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы аясында заманауи форматтағы жаңа сауда орындарын салуға бағытталған бизнесті қаржылай қолдау;

2) ЕАЭО аясында Ресейдің көршілес аймақтарының кіші және орта кәсіпорындарымен серіктестік;

3) белгілі бір талаптарға сәйкес емес сауда нысандары қызметтерін кезең-кезеңмен тыйым салуға реттегіш механизмерді пайдалану.



Қатерлер (Т):

1) макроэкономикалық ортада жағымсыз өзгерістер: валюталық курс, пайыздық мөлшерлеме;

2) ЕАЭО пен БСО аясында бәсекелестіктің күшеюі;

3) ШОБ-ке сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы кезіндегі жүйе құрушы компаниялардың өніміне сұранысты төмендету әсері;

4) бөлшек сауда базарларындағы көлеңкелі тауар айналымының өсуі.


жүктеу 4,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау