БЕКІТЕМІН
Сәулет-құрылыс
факультетінің деканы
____________Күдерин М.Қ.
2010 ж. «___»____________
Құрастырушы: т.ғ.к., доцент__________________ Кудрышова Б.Ч.
«Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасы
«Бетон технологиясы 2 » пәнінен
050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығының
СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама 2009 ж. «____»___________ бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2010 ж. «____»______________кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама № ____.
Кафедра меңгерушісі _____________ Қ.Т. Сақанов
Сәулет-құрылыс факультетінің әдістемелік кеңесімен құпталған
2010 ж. «_____»_____________ хаттама №_____.
ӘК төрағасы ____________________ В.А. Козионов
1 Оқытушы туралы мәлімет:
Кудрышова Баян Чакеновна – «Көлік құрылысы және кәсіби оқыту» кафедрасының доценті – дәрістер және тәжірібе, тел. (8-7182) 67-36-23 (12-06 қосымша).
Топтардың консультациялары бойынша, қабылдау сағаттарының кестесі кафедрада.
Пән туралы мәлімет:
Бұл пән жетінші семестрде оқытылады. Жұмыстың қиындығы 180 сағат, олардың 60 аудиториялық және 120 студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ). Барлық дәрістер В – 210 аудиториясында өткізіледі. Барлық тәжірібе сабақтар В – 210 аудиториясында өткізіледі. Қорытынды бақылаудың түрі емтиханмен өткізіледі және студенттер курстық жұмысты орындайды.
Пәнді оқыту мақсаты
«Бетон технологиясы 2» пәнінің шешетін мәселесі мен мақсаты – осы заманғы капиталды құрылыстың талаптарына сәйкес өңдеулік материалдары өндірісінің озық технологияларын, олардың құрылыстық-қолданыстық қасиеттерін терең меңгерген бакалаврларды дайындау.
Мемлекеттік білім стандартының талабына сәйкес пәнді оқып, меңгерудің нәтижесінде студенттер білу керек:
- бетон және темірбетон бұйымдарын қолданылу аясына байлланысты өндіруде энерго- және кор сақтау технологияларын жасаудағы ғылым мен өндіріске жаңалық енгізудің құрылыс материалдары саласындағы атқаратын жетекші орны тұрғысында түсінігі болуы керек;
- құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өндірісінде қолданылатын материалдардың қасиеттерін, шикізаттарды тасмалдау мен сақтау тәсілдерін, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын өндіру технологиясын және құрылыстық кешендегі тұрмыс-экономикалық жағдайдарды дамытудың тиімді бағдарларын білуі қажет;
- құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндірудің түрлі технологиялық тәсілдерін есептеуді; бетон араласпасы мен дайын бұйымдар мен конструкцияларының сапасын бақылауды қамтамасыз ететін қызметтерді орындауды меңгеруі қажет.
Жоғарғы оқу орындары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартна сәйкес жасалынған тип тік оқу бағдарламасы мен салат көлемі негізінде жұмыс бағдарламасын дербес енгізеді.
2 Пререквизиттер және постреквизиттер
Пәннің пререквизиттері: «Құрылыс материалдарының химиясы», «Физика», «Құрылыс материалдары-1», «Байланыстырғыш заттар», «Стандартизация және метрология», «Сәулет», «Құрылыс констукциялары», «Процесстер мен аппараттар-1,2», «Бетон толтырғыштары».
Пәннің постреквизиті: «Бетон технологиясы-2».
Пәннің тақырыптық
жоспары
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
|
3 Пәннің мазмұны
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
№
р/с
|
Тақырып атауы
|
Сағат саны
|
Дәріс-
тер
|
Тәжі-
рибе
|
Зертха-
налық
|
ОӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Кіріспе
|
0,5
|
-
|
-
|
-
|
2
|
Бұйым және конструкциялар номенклатурасы
|
3,5
|
2
|
2
|
10
|
3
|
Технологиялық процестерді ұйымдастырудың жалпы негіздері
|
6
|
2
|
2
|
30
|
4
|
Бетон араласпасын дайындау
|
5
|
2
|
2
|
15
|
5
|
Арматураланған жай және алдын-ала кернелген бетон негізіндегі бұйымдар
|
5
|
2
|
2
|
15
|
6
|
Бетон және темірбетон бұйымдарын қалыптау
|
2
|
1
|
1
|
10
|
7
|
Көлемді блоктарды қалыптау
|
3
|
2
|
1
|
10
|
8
|
Қалыпталған бұйымдарда бетон қатаюын жеделдету
|
1
|
1
|
2
|
10
|
9
|
Дайын бұйымдарды қалыптан босату, қалау және қоймаға жеткізу
|
1
|
1
|
1
|
5
|
10
|
Құрама конструкция элементтерін зауытта әрлеудің негізгі қағидалары
|
2
|
1
|
1
|
10
|
11
|
Құрама темірбетон зауытында сапасын басқару және бақылау
|
1
|
1
|
1
|
5
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
15 (30)
|
120
|
3.1 Теориялық курстың мазмұны
Тақырып 1 Кіріспе. Бұйым және конструкциялар номенклатурасы
Құрама темірбетон кәсіпорындары өндіретін бұйымдар мен конструкциялардың номенклатурасы. Темірбетон конструкцияларының номенклатурасы. Азаматтық және өндірістік құрылысқа арналған бұйымдар мен конструкциялар. Көпір конструкциялары мен аэродром жабындыларына арналған бұйымдар (0,5-сағат).
Тақырып 2 Технологиялық процестерді ұйымдастырудың жалпы негіздері
Технологиялық процестерді ұйымдастырудағы техникалық прогрестің әсері. Конвейерлі, агрегатты-ағымды және стендті технологиялық тізбектер.
Құрама темірбетон кәсіпорындарында қалдықсыз, қоршаған ортаны қорғау шаралары қамтылған өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері. Құрама темірбетон өндіру кезінде материалды, еңбек және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу (3,5-сағат).
Тақырып 3 Бетон араласпасын дайындау
Бетон араласпа компоненттерін мөлшерлеу және араластыру. Материалдарды мөлшерлеу әдісі және мөлшерлеу шартының нақтылығы. Мөлшерлегіш түрлері. Толтырғыштардың ылғалдылығын автоматты есептеу принциптері және ылғалдылықты есептеп отырып бетон араласпасының құрамын тиімдеу.
Бетон араласпасын араластыру процесіндегі физикалық-механикалық негіздер. Бетон араласпасын даярлауды жеделдету жолдары. Бетон араласпасын жылыту және оның қасиеттеріне әсері.
Ұялыбетон араласпасын (газбетон және көбікбетон) дайындау барысындағы технологиялық және мерзімдік ерекшеліктер.
Бетон араласпасын даярлайтын ағымды технологиялық тізбек. Бетон араластыру цехтарының түрлері. Технологиялық жабдықтарды жинақтау.
Бетон араласпасын тасымалдау (6-сағат).
Тақырып 4 Арматураланған жай және алдын-ала кернелген бетон негізіндегі бұйымдар
Арматуралық болат түрлері. Кернелген және кернелмеген арматура. Әртүрлі бұйымдарды арматуралауға арналған болаттың, механикалық және реологиялық сипаттамасы.
Кернелмеген арматура элементтерін дайындау, арматуралық тор және қаңқаны дәнекерлеу. Бір және көпнүктелі дәнекерлеу автоматтары және жартылай тізбек іс әркеті. Тегіс арматуралық тор және кеңістік арматуралық қаңқа дайындау үшін қолданылатын ағымды тізбек. Алдын-ала кернелген конструкцияны арматуралау. Болатты арматураны созу тәсілдері. Алдын-ала кернелген конструкцияларда бетонды сығу. Үздіксіз кернелген жоғарғы беріктікті сыммен арматуралау әдістері. Арматура созылуын бақылау.
Кернелетін цементті (химиялық кернеу) қолдану арқылы өздігінен кернелетін темірбетон өндіру. Дайын бұйымда арматураны кернеу тәсілі.
Минералды балқымалар негізіндегі өндеулік материалдарының классификациясы. Шыны негізіндегі өңдеулік материалдарын өндіру тәсілдері (5-сағат).
Тақырып 5 Бетон және темірбетон бұйымдарын қалыптау
Бетон және темірбетон бұйымдар және конструкциялар дайындауға қолданылатын қалыптардың классификациясы және сипаттамасы. Қалыптарды қарастыру негіздері. Унифицирленген, жөнделген және әмбебап қалыптар. Иілген профильді, серпімді жақтаула қалыптар. Терможылытылатын қалыптар.
Жылжымалығы төмен және қатаң бетон араласпасын қалыптау кезінде бетон араласпасын нығыздаудың физико-механикалық негіздері. Виброөңдеу мерзімінің негізгі параметрі. Дірілдету ұзақтылығы. Бетон араласпасында тербелуді бөлу. Нығыздалған араласпаға дірілөңдеумен қатар компрессионды әсер етіу.
Стендті қалыптарда ұзын конструкцияларды қалыптау. Стендті қалыптардың түрлері.
Бойлық дірілдеткіш қондырғымен және қалыпсыз машина көмегімен қалыптау. Екі ярусты және прокатты стендте бұйымдарды қалыптау.
Қабырғалық панель дер мен жабындыларды тік кассеталы қондырғыларда өндіру. Кассеталық қондырғының конструкциясы. Кассеталық қондырғыда панельдер өндірудің технологиялық процессі (5-сағат).
Тақырып 6 Көлемді блоктарды қалыптау
Көлемді блоктарды қалыптау әдістері. Қалыптаушы қондырғылар және бетон құрамына қойылатын талаптар.
Құбыр және құбыр тәрізді конструкциялар дайындау. Тігінен орнатылған тегеурінсіз темірбетон құбырлар қалыптау әдістері. Құбырларды ортадан тепкіш әдіспен қалыптау. Құбыр үшін дәнекерленген цилиндрлі арматуралық қаңқа дайындау. Ортадан тепкіш қалыптау мерзімі. Құбырды ортадан тепкіш әдіспен қалыптау кезіндегі бетон араласпасының құрамының ерекшелігі және сипаттамасы.
Үшсатылы технология бойынша тегеурінді темірбетон құбырын дайындау. Құбырды дірілдігидропрестеу әдісімен дайындау. Өздігінен кернелген бетонды тегеурінді құбыр дайындау. Металл өзекшелі құбыр дайындау.
Арнайы темірбетон түрлерінің технологиясы: қада, темірбетон шпалдер, көпірлі тіректер және электроберу тізбегінің тірегі (ЛЭП), электрофицирленген теміржол транспортының тіректері. Тунель және жерасты коммуникациясы үшін құрама темірбетон элементтер технологиясын дайындау (2-сағат).
Тақырып 7 Қалыпталған бұйымдарда бетон қатаюын жеделдету
Бетонды жылумен өңдеудегі оң және теріс ықпалдар. Бетонды жылумен өндеу кезіндегі физико-химиялық процестер. Бетон араласпасының қасиетіне, компоненттердің, бетон құрамы мен құрылымының, бұйым өлшемі мен конфигурациясының, бетон, темірбетон бұйымы мен конструкцияларын арматуралау сипаттамасының әсері. Байланыстырғыш түріне және бұйымның ашық бетіне байланысты ұсынылатын булау мерзі және буландырудың тиімділігі.
Бетонды жылумен өңдеу қондырғыларының түрлері мен сипаттамалары. Бетон және темірбетон бұйымдарды жылумен өндеу кезінді дәстүрлі емес энергия көздетін қолдану әдістемесі. Монолитті бетон технологиясында электрожылыту, электроқыздыру және электродтты қыздыру. Қалыптарды электроизоляциялау сұрақтары. Сәулелік энергия арқылы бетонды жылумен өндеу. Бетон араласпасын (ыстықтай қалыптау) алдын ала жылытылған бұйымды жылумен өндеу тиімділігі.
Автоклавта жылумен өндеу. Байланыстырғыш түріне және бетонға байланысты автоклавты өндеу мерзімі. Автоклавта жылумен өндеу кезінде бетонда жүретін (бетонға және байланыстырғыш түріне байланысты) процестер (3- сағат).
Тақырып 8 Дайын бұйымдарды қалыптан босату, қалау және қоймаға жеткізу
Конструкция түріне байланысты, қалыптан босатуға қойылатын негізгі талаптар (алдын ала кернелген немесе кернелмеген). Бетондағы арматурадағы кернеу беретін қондырғы және қолданылатын механизмдер. Арматурадағы кернеуді және бетонға түскен кернеу күшін төмендету тәсілдері. Бұйымды түріне байланысты қоймада жинақтау тәсілдері (1-сағат).
Тақырып 9 Құрама конструкция элементтерін зауытта әрлеудің негізгі қағидалары
Қалыптау барысында және дайын қатайған бұйымдардың бетін зауытта әрлеу. Сыртқы қабырғалық панельдер (ішкі және сыртқы) бетін әрлеу. Әрлеу жұмыстарының түрі және әдістері. Қолданылу талаптарына байланысты панельдерді өндеу үшін қолданылатын материалдар. Балкон, лоджа және т.б. элементтерді әрлеу. Қабат аралық, ішкі қабырғалық панелдің, жабынды тақтасының, баспалдақ алаңшасының, көлемдік элементтерің (сантехкабина, ванна, көлемді блок бөлме және т.б.) бетін әрлеу. Ұялыбетон негізіндегі бұйымдарды әрлеуге қолданылатын материалдардың құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктері.
Зауыт жағдайында құрама темірбетон конструкцияларының элементтерін жинақтау. Дайын бұйымдарды маркілеу және паспорттау (1-сағат).
Тақырып 10 Құрама темірбетон зауытында сапасын басқару және бақылау
Бәсекеге бейім бетон және темірбетон бұйымдар өндіруде техникалық бақылауды ұйымдастыру мен бүкіл технологиялық тізбекте сапаны бақылаудың негізгі қағидалары.
Техникалық нормативті құжаттар шарттарына байланысты бүкіл технологиялық процес сатысында өндірістік бақылау және дайын өнім сапасын тексеру.
Сынақ үшін үлгі таңдау (сусымалы материал, бетон араласпасы, үлгілер, арматуралық болат және арматуралық бұйым). Бетон араласпасын және бетонның негізгі қасиетін сынау әдістері. Бетонды және құрылыс конструкцияларын механикалық әсерлі жабдықтар, резонансты, ультрадыбысты, радиометрикалық эдістемелерді қолдану арқылы бұзбай сынау тәсілдері.
Құрама темірбетон зауытында тізбекті бақылау. Бұйымдар мен конструкцияларды сынау процесін автоматтандыру. Өндірістік бақылау құжаты. Темірбетон бұйымдараның сапа деңгейі. Құрама темірбетон зауытында сапаны аттестациялау (2-сағат).
3.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
3.2.1 Шикізаттар мен дайын өнімдер қоймасын есептеу.
3.2.2 Бетон араластыру есептеу.
3.2.3 Арматуралық цехты есептеу.
3.2.4 Алдын ала кернелген арматура параметрін есептеу.
3.2.4 Бетон араласпасын нығыздау мерзімін есептеу.
3.2.5 Өндірістің конвейерлік схемасының технологиялық есебі.
3.2.6 Өндірудің стендті схемасының технологиялық есебі.
3.2.7 Өндірудің агрегатты-ағымды схемасының технологиялық есебі.
3.2.8 Өндірудің кассеталық схемасының технологиялық есебі.
3.2.9 Темірбетон құбырын өндірудің технологиялық есебі.
3.2.10 Тасымалдау жабдықтарын есептеу.
3.2.11 Байланыстырғышты басқа түріне ауыстыру, берілген бетон қасиетін өзгертпеу немесе жақсарту, технологиялық жағдайды есепті шешу.
3.3 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
3.3.1 СӨЖ құрылымы және жалпы мазмұны
Кесте 1 – СӨЖ мазмұны
№ р/с
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру Формасы
|
Бақылау түрі
|
Сағат көлемі
|
1
|
Дәрістерді пысықтау
|
-
|
Сабаққа қатысу
|
20
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларына орындау
|
Жұмыс дәптері
|
Сабаққа қатысу
|
20
|
3
|
Есеп дайындау және тәжірибелік жұмыстарды қорғау
|
Қажетті кестелерді дайындау және басқалар
|
ДС рұқсатнама
|
10
|
4
|
Курстық жобаны дайындау
|
Түсініктеме хат пен сызбаларды дайындау
|
КЖ қорғау
|
25
|
5
|
Курстың қосымша тақырыптарын зерделеу
|
Конспект
|
Қосымша тақырыптарды қорғау
|
35
|
6
|
Бақылау шараларға дайындық
|
-
|
МБ 1, МБ 2-нің нәтижелері
|
10
|
Барлығы:
|
120
|
3.3.2 Студенттерге өздік зерделеу үшін ұсынылатын тақырыптар
Студенттің өзіндік жұмысы дәріс, практика, тәжірибе сабақтарында өтілген тақырыптарды өздігінен тереңдете оқып, меңгеруді қарастырады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарына ұсынылған тақырыптар:
1. Құрама бетон және темірбетон бұйыидары мен конструкцияларына қолданылуына байланысты қойылатын талаптар.
2. Құрама темірбетон өндірісінің қазіргі заманғы өрлеу қарқыны.
3. Құрама бетон және темірбетон бұйымдарын өндірісін жетілдірудегі ғылым мен жаңалықтың ролі.
4. Құрама темірбетон өндірісініде процестерді ұйымдастырудың әртүрлі әдістемедерін енгізудің экономикалық тиімді және қолданылу аясы.
5. Құрама темірбетон зауыттарында басқарудың автоматтанған жүйесін енгізудің ролі.
6. Өндірісті басқаруда ЭЕМ қолдану.
7. Байланыстырғыш заттар мен толтырғыштар қоймасы.
8. Темірбетон зауыттары қоймасында материалдарды қабылдау, сақтау, тасымалдау операциялары.
9. Цемент, толтырғыш, арматуралық болат және химиялық қоспалардың механикаландырылған қоймаларының түрлері.
10. Бетонға арналған шикізаттық материалдарды дайындау.
11. Темірбетон зауыттарында толтырғыштарды байыту және сұрыптау.
12. Әртүрлі бетон араласпаларын араластыру тәсілдері.
13. Араластыру тәртібі.
14. Бетон араласпасының біркелкілігі мен сапасын арттыруда араласпаны автоматты түрде жүргізудің ролі.
15. Бетон араластырғыш қондырғыларда жұмыс істеу барысында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау шаралары.
16. Арматуралау барысында болатты үнемдеу шаралары.
17. Темірбетон бұйымдарын дайындауда металл шығынын азайту.
18. Арматуралық элементтердің сапасын бақылау.
19. Салынатын деталдар және оларды дайындаудың негізгі операциялары.
20. Кернелген арматураны пайдалану барысында техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шаралары.
21. Құрама бетон және темірбетон бұйыидары мен конструкцияларын құятын қалыптарға қойылатын талаптар.
22. Металл емес материалдан жасалған қалыптар: полимер, темірбетон, ағаш және т.б.
23. Күшейткіш қалыптар. Қалыптарды қүтіп, қолдану.
24. Қалыптарға арналған майлар. Майға қойылатын талаптар.
25. Майды дайындау және жағу.
26. Қалыптар мен майлардц қолдану барысындағы еңбекті қорғау шаралары.
27. Бұйымдарды қалыптау барысында бетон араласпасын нығыздаудың түрлі әдістемелерін қолданудың экономикалық тиімділігі.
28. .Бұйымдарды көлденең күйінде қалыптау.
29. Бетон араласпасында тербелісті тарату.
30. Виброштамптау, нығыздау, роликті нығыздағыш.
31. Ортадан тепкіш тәсілмен бетон араласпасын жайластыру және нығыздау.
32. Қалыпқа құйылған араласпаны вакуумдау және вибровакуумдау.
33. Бұйымдарды тік жағдайда қалыптау.
34. Бұйымдарды тік қалыптау әдістемесінің қолданылу аясы; артықшылығы мен кемшіліктері.
35. Кассеталық қондырғыларға бетон араласпасын тасымалдап жеткізу.
36. Кассеталық қондырғылардың айналымын арттыру жолдары.
37. Жылжымалығы жоғары бетон араласпасымен бұйым қалыптағандағы, тығыздау.
38. Төментербелісті, екпінді, екпінді-резонансты, екітербелісті виброалаңдар.
39. Арнайы машиналар мен қондырғыларда бұйымдарды қалыптау.
40. Металл өзекшені дайындау.
41. Құбыр және ұбыр тәріздес бұйымдарды қалыптайтын әртүрлі әдістердің салыстырмалы технико-экономикалық сараптамасы.
42. Тегеурінсіз құбырларды роликті және ості престеу.
43. Тоннелдер мен жер асты коммуникацияларына арналған бетонға қолданылатын материалдарға қойылатын талаптар.
44. Бетон негізіндегі бұйымдардың қатуын тездету – қалыптардың айналымын арттыратын, өндіріс алаңын тиімді қолданудың және құрама темірбетон зауыттарының өнімділігін арттыратын негізгі фактор.
45. Бетонды жылумен өңдеу барысында болатын жылу-мен масса алмасу, қатаю кинетикасы, деформация, ішкі кернеу мен қысым, құрылым құрау мен құрылым бұзылу процестері.
46. Бетонды жылумен өңдеу барысында болатын құрылым бұзылу процестерін төмендету жолдары.
47. Бетонды жылумен өңдеу барысында жылуэнергетикалық қорларды төмендетудің негізгі шаралары.
48. Жұмыс жасаушылар үшін электр қауіпсіздігі шараларын арттыру.
49. Жылу қондырғыларымен жұмыс істеу барысында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі.
50. Дайын бұйымдарды тасымалдайтын ішкі көлігі.
51. Дайын бұйымдарды құрылыс алаңына жинау және тасымалдау.
52. Дайын бұйымдарды әрлеу, жинақтау, жинау барысында орындалатын техника қауіпсіздігі.
53. Зауытта әрленген бұйымдарды сақтау шаралары.
54. ИСО 9001:2000 және менеджмент сапасы стандарттарына сәйкес бетон араласпасы мен темірбетон бұйымдары өндірісінде сапаны бақылауды ұйымдастыру.
55. Өндірістік сапа бақылауын құжаттау.
56. Сапаны басқару жүйесін ұйымдастыру.
57. Құрама темірбетон зауыттарындағы сертификациялау мәселелері.
58. Өндірісте сапаны басқару жүйесін ұйымдастырудың экономикалық мәселелері: материалды және моральді ынталандыру.
3.4 Курстық жоба
1.Бірқабатты сыртқы қабырғалық панельді керамзит бетон немесе басқа түрдегі жасанды кеуекті толтырғыш қолдану, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына. өндіру әдісін техникалық-экономикалық көрсеткішті салыстыру арқылы студент таңдап алады.
2. Конвейерлі әдіспен үшқабатты сырт қабырғалық панельдер өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына. Конвейерлі тізбек түрін студент өзі таңдап алады.
3. Агрегатты – ағымды әдіспен үшқабатты сыртқы қабырғалық панель өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
4. Кассеталық әдіспен ішкі қабырғалық панель өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
5. Кассета-конвейрлік технологиямен ішкі қабырғалық панель өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
6. Автоклавта қатаятын газбетонды сыртқы қабырғалық панельдер өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
7. Автоклавта қатаятын көбіктібетонды сыртқы қабырғалық панельдер өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
8. Автоклавта қатаятын газбетонды майда қабырғалық блоктар өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
9. Автоклавта қатаймаған газбетонды майда қабырғалық блоктар өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
10. Автоклавта қатаймаған көбіктібетонды майда қабырғалық блоктар өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
11. Газсиликальцитті сыртқы қабырғалық панельдер өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
12. Көбікті силикальцитті сыртқы қабырғалық панельдер өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
13. Автоклавта қатаятын газсиликальцитті майда қабырғалық блоктар өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
14. Автоклавта қатаятын көбіксиликальцитті майда қабырғалық блоктар өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
15. Агрегатты-ағымды әдіс бойынша көпқуысты жабын тақтасын өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3.
16. Автоклавсыз қатаятын көбіксиликальцитті майда қабырғалық блоктар өндіру цехі, өнімділігі 10-20 мың м3 жылына.
17.Теміржол үшін темірбетонды шпалдар колеясы 1520 мм өндірі цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
18.Виброгидропрестелген тегеурінді темірбетон құбырын өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
19.Виброгидропрестелген тегеурінді темірбетон құбырын өндіру цехы, өнімділігі 10-20 мың м3 жылына.
20.Ортадан тепкіш әдіспен қалыпталған тегеурінді темірбетон құбырын өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
21.Экструзия технолгиясы бойынша көпқуысты жабын тақтасын өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
22.Көпқуысты жабын тақтасын өндіру цехы, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
23.Темірбетон қадасын өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
24.Стенд технологиясы бойынша темірбетон фермасын өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
25.Стенд технологиясы бойынша темірбетон кран асты бағана өндіру цехі, өнімділігі 20-30 мың м3 жылына.
Ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізгі оқулық
1 Баженов Ю.М., Комар А.Г. Технология бетонных и железобетонных изделий: Учебник для вузов – М.: Стройиздат, 1984. – 672 с.
2 Стефанов Б.В., Русанова Н.Г., Волянский А.А. Технология бетонных и железобетонных изделий. – Киев; Вища школа, 1982. – 406 с.
3 Гершберг О.А. Технология бетонных и железобетонных изделий. – М.: Стройиздат, 1971 – 359 с.
Қосымша әдебиеттер
4 Справочник по производству сборных железобетонных изделий под ред. К.В.Михайлова, А.А.Фоломеева. – М.: Стройиздат, 1982. – 440 с.
5 Сизов В.Н., Киров С.А., Попов Л.Н. Технология бетонных и железобетонных изделий. – М.: Стройиздат, 1972. – 518 с.
6 Батраков В.Г. Повышение долговечности бетона с добавками кремнийорганических полимеров. -–М.: Стройиздат, 1958. – 120 с.
7 Венюа М. Цементы и бетоны в строительстве. Перевод с франц. Под ред. Б.А.Крылова. – М.: 1980. – 445 с.
8 Шинтемиров К.С. Защита арматуры железобетонных конструкций от коррозии. – Алматы, КазГАСА, 1996. – 181 с.
9 Гусев Б.В., Демидов А.Д., Крюков Б.И. и др. Ударно-вибрационная технология уплотнения бетонных смесей. – М.: Стройиздат, 1982. –149
10 Дмитрович А.Д. Тепло- и массоперенос при твердении бетона в паровой среде. – М.: Стройиздат, 1967. – 243 с.
11 Добролюбов Г., Ратинов В.Б., Розенберг Т.И. Прогнозирование долговечности бетона с добавками. – М.: Стройиздат, 1983. – 212 с.
12 Куатбаев К.К. Силикатные бетона из побочных продуктов промышленности. – М.: Стройиздат, 1981. – 248 с.
13 Миронов С.А. Теория и методы зимнего бетонирования. – М.: Стройиздат, 1975. – 700 с.
14 Миронов С.А., Малинина Л.А. Ускорение твердения бетона. Пропаривание бетона в заводских условиях. – М.: Стройиздат, 1961. – 347 с.
15 Физдель И.А. Дефекты в конструкциях и сооружениях и методы устранения. – М.: Стройиздат, 1987. – 335 с.
16 Миронов С.А., Малинский Е.Н. Основы технологии бетона в условиях сухого жаркого климата. – М.: Стройиздат, 1989. – 538 с.
17 Николаев С.В. Сборный железобетон. Выбор технологических решений. – М.: Стройиздат, 1978. – 234 с.
Мамаңдықтың (тардың)
жұмыс бабындағы оқу
жоспарынан үзінді көшірме
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
|
Мамандықтың (тардың) жұмыс бабындағы оқу жоспарынан
үзінді көшірме
050730 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»
Пәннің атауы «Бетон технологиясы 2»
Оқыту нысаны
|
Бақылау формасы
|
Студенттің жұмыс көлемі сағатпен
|
Курстар мен семестрлерге сағаттардың таратылуы
|
Емтихан
|
сынақ
|
Курстық жоба
|
Курстық жұмыс
|
ЕГЖ
|
Бақылау жұмыс
|
Барлығы
|
Дәрістер
|
Тәжірибе
|
Зертхана
|
СӨЖ
|
жалпы
|
аудитор
|
СӨЖ
|
Жалпы орта білім негізінде күндізгі
|
7
|
-
|
7
|
-
|
-
|
-
|
180
|
60
|
120
|
7 семестр
|
30
|
15
|
15 (30)
|
120
|
«Бетон технологиясы 2» пәнін оқу және оқу - әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы
Негізгі және қосымша әдибиеттер тізімі
(атауы, авторы, баспасы, шыққан жылы)
|
Семестр
|
Даналар саны
|
С.Бейсембаев атындағы ҒК
|
Кафедра
|
Қажеттілік
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Негізгі әдебиет
|
1 Баженов Ю.М., Комар А.Г. Технология бетонных и железобетонных изделий: Учебник для вузов – М.: Стройиздат, 1984. – 672 с.
|
|
55
|
|
|
2 Стефанов Б.В., Русанова Н.Г., Волянский А.А. Технология бетонных и железобетонных изделий. – Киев; Вища школа, 1982. – 406 с.
|
|
24
|
|
|
3 Гершберг О.А. Технология бетонных и железобетонных изделий. – М.: Стройиздат, 1971 – 359 с.
|
|
31
|
|
|
Қосымша әдебиет
|
4 Справочник по производству сборных железобетонных изделий под ред. К.В.Михайлова, А.А.Фоломеева. – М.: Стройиздат, 1982. – 440 с.
|
|
20
|
|
|
5 Сизов В.Н., Киров С.А., Попов Л.Н. Технология бетонных и железобетонных изделий. – М.: Стройиздат, 1972. – 518 с.
|
|
52
|
|
|
6 Батраков В.Г. Повышение долговечности бетона с добавками кремнийорганических полимеров. -–М.: Стройиздат, 1958. – 120 с.
|
|
7
|
|
|
7 Венюа М. Цементы и бетоны в строительстве. Перевод с франц. Под ред. Б.А.Крылова. – М.: 1980. – 445 с.
|
|
2
|
|
|
8 Шинтемиров К.С. Защита арматуры железобетонных конструкций от коррозии. – Алматы, КазГАСА, 1996. – 181 с.
|
|
1
|
|
|
9 Гусев Б.В., Демидов А.Д., Крюков Б.И. и др. Ударно-вибрационная технология уплотнения бетонных смесей. – М.: Стройиздат, 1982. –149
|
|
5
|
|
|
10 Дмитрович А.Д. Тепло- и массоперенос при твердении бетона в паровой среде. – М.: Стройиздат, 1967. – 243 с.
|
|
2
|
|
|
Факультет деканы _________________ М.Қ. Күдерин
ӘК төрағасы _______________ В.А. Козионов
КҚжКО кафедрасының меңгерушісі _____________________ Қ.Т. Сақанов
Келісілген: Кітапхана директоры ___________________ С.А. Исамадиева
Достарыңызбен бөлісу: |