Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Электрэнергетика кафедрасы
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
050718 – Электрэнергетика мамандығының
(мамандандырылуы «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)»
студенттері үшін өндірістік тәжірибе
Павлодар
Мемлекеттік жалпыға міндетті мамандықтың білім стандарты мен типтік оқу жоспары негізінде әзірленген пәннің жұмыс бағдарламасына бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/07
|
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
___________ Пфейфер Н.Э.
200_ж. «___»___________.
|
Құрастырушы: профессор, д.т.н. ______________Захаров И.В.
Электрэнергетики кафедрасы
Жұмыс бағдарлама
050718 – Электрэнергетика мамандығының (мамандандырылуы «Электрмен жабдықтау (салалар бойынша)») студенттері үшін өндірістік тәжірибе
Жұмыс бағдарламасы мемелекеттік жалпыға міндетті мамандық стандарты 2005 ж. 23 желтоқсанындағы №799 ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген ҚР МЖБС негізінде әзірленген 3.08.344-2006, оқу жоспарының типтік білімі негізінде әзірленген және С.Торайғыров ат. ПМУ Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген 200_ж. «__»___________ № _____хаттама
Кафедра отырысында ұсынылған 200_ж. «__»__________ № __хаттама.
Кафедра меңгерушісі_______________ Захаров И.В.
Факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған Энергетика факультеті
200_ж. «__»___________ № ___хаттама
ӘК төрағасы_______________ Кабдуалиева М.М.
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы_____________ Кислов А.П. 200_ж. «__»___________
ЖжәҚБ ҚҰПТАЛДЫ
ЖжӘҚБ бастығы ______________Головерина Л.Т. 200_ж. «__»___________
1 Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмалары Тәжірибенің мақсаты дипломдық жобалауға арналған материалдарды жинау, теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, ұжымда тәрбиелік және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде тәжірибе жинау, соныман бірге «Электрэнергетика» мамандығы бойынша «Электр жабдықтау (сала бойынша)» мамандандырылуымен басқару буын электригінің алғашқы лауазымында өздік жұмысын істеуге тәжірибелік дайындық болып келеді. Тәжірибе тапсырмалары: дипломдық жұмысқа материалдарды жинау үшін шараларды жүргізу; кәсіпорында жоспарлы-құрылымдық жұмыстарды, өндеу тәртібін, техникалық және құрылымдық құжаттардың өтуі мен бекітілуін ұйымдастыруын танып білу; электр жабдықтау жүйелерін жаңғыртудан және жобалаудан қосымша білім алу, сонымен бірге электр жүйелерін пайдалану мен жобалау кезінде ойлап шығару әрекеті және патенттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтарымен танысу; электр жүйелерін пайдалануда және жобалауда инженерлік жұмысты ұйымдастыру және инженерлік психология сұрақтарын оқу; белгіленген мамандық бойынша тек электр жабдықтау жүйелері бар салаларда инженер-электрик лауазымдағы кәсіпшілік, ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын өткізуде тәжірибелік мышақ, білгірлік және білім алу өнеркәсіптің негізгі техникалық процесін; кәсіпорынның техникалық қондырғылардың, күштік электрқондырғылардың электртехникалық жабдықтары және өндірістік желілерін, олардың жұмыс режимдерін, принципиалды электр сұлбаларын; қаланың және облыстың негізгі өндіріс объектілері мен кәсіпорындарында электр жабдықтауда үзіліс зардабынын нәтижесін; электр энергия сапасының көрсеткіштері және оны жақсарту шараларын; негізгі күштік жабдықтың параметрлерінің жұмыс режиміне, электр жабдықтау жүйесінің техника-экономикалық көрсеткіштеріне әсерін; электр жүйелеріндегі қорғаныс, өлшеу, автоматиканың негізгі құрылғыларын, олардың жұмыс істеу принципін; күштік жабдықтардың зақымдалған орнын табу және жоюдың негізгі тәсілдерін, еңбек қорғау негіздерін және ережелерін (ҚТ мен қоршаған ортаны қорғаудың 4 бағаланған тобы көлемінде); электр жүйелеріне қатысты өндірісті ұйымдастыру, жобалау және басқаруды; негізгі техника-экономикалық есептеулердің әдістемелерін; кәсіпкершілікті және шаруашылықты экономикалық әдісімен оқытудың тәртібі мен тәсілі. Студент істей білуі керек: электр жабдықтау жүйесінің келесі ықшамдалуы үшін анализ нәтижелерін қолдану мақсатында негізгі электр жабдықтың режим параметрлерін өлшеу нәтижелерін анализдау; дипломдық жобалау үшін кәсіпорынның немесе оның бөлігінің электр жабдықтау жүйелерінің барлық қажетті мәліметтерін жинау; электр жабдықтау жүйелерін пайдалану және жобалау сұрақтары бойынша инженер-электрикті ауыстыру; электр жабдықтау жүйелерін жетілдіруге бағытталған кейбір ғылыми зерттеулер өткізу. Дипломдық тәжірибені өту нәтижесінде студенттер мышақ алу тиіс: электр жүйелерін жобалау және негізгі жабдықтарды пайдалану бойынша; электр қабылдағыштар мен электр жабдықтардың негізгі түрлері, олардың параметрлері, сипаттамалары, жұмыс режимдері туралы ақпарат жинау; тарату желілерінің, қорғаныс және автоматиканың электр сұлбаларын құрастыру және оқу бойынша; ТҚЕ және ЭТҚ сәйкес электр қондырғыларда жұмыс істеу бойынша. өндірістік кәсіпорындарда электрмен жабдықтау жүйелерін және электр жүйелерін жобалау сұрақтарында есептік техниканы қолдану; өндірістік ұжымды ұйымдастыру бойынша
2 Тәжірибенің мазмұны Тәжірибенің мазмұны келесі тақырыптарды оқуды қамтиды: электр желісі мен жүйелерін құрастыруының негізгі принциптері; кәсіпорынның, технологиялық корпустар, ғимараттар және инженерлік құрылымдар орналасқан қаланың немесе ауданның бас жоспары, олардың сипаттамалары; қорек көздері, олардың жергілікті орналасуы, жұмыс режимі; тұтынушылар тобының электр жүктемелері, желілік қосалқы станцияның, ЦҚС, ТП жүктемелерін және орналасу орнын таңдау; тарату пунктері, төмендеткіш қосалқы станцияларының құрылысы мен сұлбасын өндеу; қысқа тұйықталу токтарын есептеу, электр аппараттарды таңдау; төмендеткіш қосалқы станциялар мен тарату құрылғылары аспаптарын; электр жабдықтау жүйелерінің элементтері мен сұлбаларының нұсқаларын теңестіру және технико-экономикалық анализін жасау; релелік қорғаныстың диспетчерлеуі, автоматтандырылуы; өндірістік корпус пенг инженерлік құрылымдарда электрлік және технологиялық жабдықтардын орналасуын; өндірістік кәсіпорынның электр желілердің және электр жабдықтардың жұмыс режимдерін зерттеу, тәжірибелі зерттеудерді жүргізу; дипломдық жобалау тақырыбы бойынша жеке тапсырма; Еңбек қорғау, қорғаныс шараларын өткізу.
Кафедра белгілеген тәжірибе жетекшісі:
студенттердің тәжірибесіне жетекшілік етеді, олардың тәжірибе бағдарламасын орындалуын қамтамасыз етеді;
тәжірибе басталғанға дейін студенттерді қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді: бағдарламамен, күнделіктермен;
тәжірибеге шығар алдында студенттермен ұйымдық жиналыс өткізеді;
студенттердің тәжірибе объектілерінде тәжірибені өтуді бақылауын, өндіріспен қалыпты еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуін, техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудан инструктажды өткізуді, студенттердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерінің орындалуын қадағалайды
студенттердің тәжірибе күнделіктерін тексереді, олардың жұмыстарына пікір береді, тәжірибенің есептеу нәтижелерін қарастырады, кафедра меңгерушісіне ескертулері мен оны жақсарту бойынша ұсыныстарымен тәжірибе өту туралы жазбаша есептеу нәтижелерін береді;
тәжірибе бойынша сынақ қабылдау жөнінде комиссия жұмыстарына, тәжірибе нәтижесі бойыншастуденттік конференция өткізу мен дайындыққа қатысады.
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісінің міндеттері:
Кәсіпорында студенттердің тәжірибе жетекшілері берілген кәсіпорындағы біліктілігі жоғары маманына жүктеледі.
Кәсіпорын бекітілген бағдарламаға сәйкес тәжірибенің өтуін ұйымдастырады, студнттердің мамандығы бойынша білімдерін алуда техналогия, экономика, кәсіпорын басқару мен жобалар ұйымдастыру, енбекті ғылыми ұйымдастырады,ғылыми-зерттеу және жобалы-құрылымдық жұмысты ұйымдастырады. Студенттерге қолдағы бар әдебиеттермен, техникалық құжаттармен, көбейткіш техникасымен қолдануға мүмкіншілік береді, курстық және дипломдық жобалау үшін материалдарды жинауда көмек көрсетеді. Техника қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша сәйкес құжаттарды толтырумен міндетті инструктаждар өткізеді, студенттердің дәл осы кәсіпорында орнатылған ішкі еңбек тәртібі ережелерін ұстануын қамтамасыз етеді. Қажет жағдайларда, өтеу салады және ол туралы ЖОО-ға хабарлайды.
Тәжірибе өту кезінде студенттермен болған жазатайым оқиғалар үшін барлық жауапкершілікті кәсіпорын өз мойнына артады.
Кәсіпорыннан белгіленген тәжірибе жетекшісі күнделіктердін жүргізілуін, студент-практиканттардың есептерінің дайындалуын қадағалайды, және оларға тәжірибе бағдарламасының және жеке тапсырмалардың орындалуы туралы мәліметтер бар мамандандырылған мінездеме құрастырады. Кәсіпорыннан белгіленген тәжірибе жетекшісінің міндеттері тәжірибе өтудің келісімінде көрсетілген.
Өндірістік тәжірибе өндірістік кәсіпорындарда, электр желі кәсіпорындарда, жобалау және зерттеу ұйымдарда электр жүйелерін өңдеу және жобалау бойынша, құрылымдық-баптау және қалыпқа келтіруді ұйымдастыруда, шығарушы кафедра зертханасында жүргізіледі. Өндірістік тәжірибенің ұзақтығы оқу жоспарымен орнатылады және 8-ші семестірде 7,5 аптаны құрайды. Өндірістік тәжірибе барысында студенттер электр жабдықтау жүйелерді зерттеумен, жобалаумен, баптаумен және пайдаланумен байланысты лауазымда жұмыс атқара алады. Дипломдық тәжірибенің қарқынды өтуі үшін, студенттер кезекпен кем дегенде 2 жұмыс орнында істеуі керек. Тәжірібе өтудің негізгі мерзімен студенттер келешек инженер-электрик бағалануы бойынша ИТР стажер орынында жұмыс істеу керек. Жұмыс орны мен күнтізбелік графигі ЖОО-нан және кәсіпорыннан тәжірибе жетекшілерімен ақылдасып құрастырылады.
Шығарушы кафедра тәжірибенің өтуі ЖОО-нан тәжірибе жетекшісімен құрастырылған жеке график бойынша іске асады.
Студент-практиканттың міндеттері мен құқығы
Студент міндетті:
- тәжірибемен қарастырған бағдарламаның тапсырмаларын толығымен орындалу тиіс;
- студент кәсіпорынның және тәжірибе өтетін бөлімшенің ішкі тәртібінің талаптарына қатаң бағынуы міндетті;
- студент кәсіпорын территориясында және жұмыс орнында техника қауіпсіздіг мен еңбек қорғау ережелерін оқып және сақтау міндетті.
- орындалған жұмыс және оның нәтижесі үшін штаттағы жұмыскерлермен тең жауапты болу;
- ЖОО-мен белгіленген тәжірибе жетекшісіне жазбаша есептеу нәтижесін ұсынуы;
- күн сайын тәжірибе күнделігін жүргізу және тәжірибе бойынша есептеу нәтижесін қорғағанда кәсіпорын белілеген жетекшінің қолы бар күнделікті ұсыну.
Студент құқылы:
- тәжірибе бағдарламасында қарастырылмаған, техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың бұзылуымен байланысты жұмыстарға қатыспауы;
- бос жұмыс орны бар болған кезде тәжірибе кезенінде мамандық бойынша ақысы төленетін жұмысқа қабылдануы.
5 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
Құрамын, құрлымын, баптау технологиясын, электр жабдықтау жүйелерінің әр түрлі элементтерінің функцияларын, электр қондырғыларда әр түрлі жұмыс орындауды зерттеу кезінде міндетті түрде қауіпсіздік техника, техникалық пайдалану және өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау керек. Электр қондырғыларда жұмыс жүргізу үшін тек қана бағаланған қатары және сәйкес рұқсат тобы бар тұлғалар ғана жіберіледі. Жұмысқа тіркелу кезінде студенттер-практиканттар техника қауіпсіздігі, еңбек қорғау, өртке қарсы шаралар және өндірістік санитария бойынша инструктажды өтеді. 6 Жеке тапсырмалар Жеке тапсырмалардың тематикасы әр түрлі және алдымен ол арнайы сұрақтың тематикасына байланысты, ол өз кезегінде НИРС өңдеуінің аяқталуы болып табылады.
Жеке тапсырманың тақырыбы студентке дипломдық жұмыстың жетекшісімен беріледі. Төменде жеке тапсырмалардың үлгілі тізбегі берілген.
1) Электр жабдықтау жүйелерінде кернеу режимдерімен басқару 2) Электр жабдықтау жүйелерінде электр тұтыну режимдерін үлгілеу 3) ЭЕМ қолдануы арқылы электр жабдықтау жүйелерінің структаралық синтезі. 4) Электр жабдықтау жүйелерінде жүктеме түйіндерінің тұрақтылығын анықтау. 5) Реактивті қуаттардың орнын толтыру нұсқасын ықшамдау. 6) Үш фазалы желілерде бір фазалы жүктеменің симметриясы. 7) Өндірістік кәсіпорында электрэнергияның шығындарын қалыптастыру. 8) Электр жабдықтау жүйесінің сенімділігін зерттеу.
Тәжірибе өтудің үлгілі графигі
Күні
|
Жұмыстың атауы
|
Уақыт күнмен
|
| Келу, жұмыс орынға тіркелу, ТҚ бойынша инструктаж өту | 2 |
| Өндірістің құрылымын, ұйымдық және технологиялық картасын оқу | 2 |
| Кәсіпорынның бас жоспарымен, қоректену көзімен, тарату желісінің құрылымымен танысу | 2 |
| Электр жабдықтау сұлбасымен танысу | 2 |
| Төмендеткіш қосалқы станциямен, тарату құрылғыларымен және пунктармен, түрлендіргіш қосалқы станцияларымен, желілік құрылымдармен танысу | 4 |
| Электр жабдықтау жүйесінің техника-экономикалық анализін жүргізу | 2 |
| Диспечерлеу, автоматтау, релелік қорғаныс жүйелерімен танысу | 3 |
| Кәсіпорынның технологиялық жабдықтарымен танысу | 3 |
| Электр сұлбаларын және цех ішіндегі тарату желілерінің құрылымын оқып білу | 2 |
| Электр жабдықтау жүйелерінің электр жүктемелерінің анализі | 2 |
| Электр жабдықтау жүйелер элементтерінің жұмыс режимінің анализі | 2 |
| Электр жабдықтау жүйелері есептеулерінде есептік техниканы қолдану эффективтілігінің анализі | 2 |
| Еңбек қорғау, қоршаған орта, өртке қарсы шараларын өңдеу | 2 |
| Өндірісті ұйымдастыру және экономика сұрақтары | 2 |
| Жобаның арнайы сұрағы | 4 |
| Тәжірибе бойынша есептің безендірілуі және тапсырылуы | 2 |
| Барлығы |
38
|
7 Есеп нәтижесіне қойылатын талаптар Өндірістік тәжірибе бойынша есеп нәтижесі тәжірибе жетекшісімен берілген тапсырмаға сәйкес тәжірибе өту кезінде жиналған барлық мәліметтер болуы керек. Есеп нәтижесінде эскиздер, графиктер, және қажетті таблицалық материалдар болуы керек. Эскиздарда ГОСТ және ЕСКД сұраныстарына сәйкес өлшемдер көрсетілуі керек. Мәтін бөлімдер мен тақырыпшаларға бөліну керек. Таблицалар, эскиздер және сұлбалар мәтінге сәйкес номерленген болуы керек. Есеп нәтижесінің соңында қосымша бет және қолданылған әдебиеттер тізімі болуы тиіс. Есеп А4 форматтағы қағазда безендірілуі, автордың қолы қойылған, тәжірибенің өндірістік жетекшісімен тексеріліп және мөрмен бекітілуі тиіс. Есептің көлемі 10-15 бет. Негізгі бөлімдері және олардың орындалу реті: 1) Мазмұны. 2) Кіріспе. 4) Қорек көзі туралы мәліметтер. 5) Кәсіпорынның бас жоспары. 6) Цех жабдықтарының орындалу жоспары (бөлімше, участкісі). 7) Кәсіпорынның электр жүктемелерінің ақпартізімі. 8) Цехтық қабылдағыштардың электр жүктемелерінің ақпартізімі (бөлімше, участкісі). 9) Мақаланың экономикалық көрсеткіштері.
Әдебиет
Негізгі:
1 Справочник по проектирования электроснабжению линий электропередач и сетей/ Под ред. Большама Я.М., Круповича В.И, Самовера М.Л. – М.: Энергия, 1975.
2 Справочник по электроснабжению и электрооборудованию Т.1/ Под общей ред. А.А.Федорова. – М.: Энергоатомиздат, 1987.
3 Федоров А. А., Старкова Л. Е. Учебное пособие для курсового и дипломного проектирования. – М.: Энергоатомиздат, 1987.
4 Справочник по электроснабжению и электрооборудованию Т.2/ Под общей ред. А.А.Федорова. – М.: Энергоатомиздат, 1987.
5 Правила устройства электроустановок/ Минэнерго СССР. – М.: Энергоатомиздат, 1985.
6 Справочник по электроснабжению промышленных предприятий/ Под общей ред. А. А. Федорова и Г. И. Сербиновского. – М.: Энергия, 1980.
Қосымша:
7 Охрана труда в электроустановках/ Под ред. Князевского Б.А. – М.: Энергоатомиздат, 1983.
8 Синягин Н. Н., Афанасьев Н. А., Новиков С. А. Система планово-предупредительного ремонта оборудования сетей и промышленной энергетики. – М.: Энергоатомиздат,1984.
9 Князевский Б. А., Липкин Б. Ю. Электроснабжение промышленных предприятий. – М.: Высшая школа, 1986.
10 Неклепаев Б. Н., Крючков И.П. Электрическая часть электростанций и подстанций. – М.: Энергоатомиздат, 1989.
11 Справочник по проектированию электроснабжения/ Под ред. Ю. Г Барыбина, Л. Е. Федорова, М. Г. Земинкова, А. Г. Смирнова. – М.: Энергоатомиздат, 1990.
12 Справочная книга для проектирования электрического освещения/ Под ред. Г. М. Кнорринга. - Л.: Энергия, 1976.
Достарыңызбен бөлісу: |