Бағдарламасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021 жылдарға



жүктеу 255,9 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі255,9 Kb.
#19508
түріБағдарламасы


Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы 

Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамытудың  2017  –  2021  жылдарға 

арналған бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылады. Осы мақалада сіз бағдарламаның барлық 

бағыттары  бойынша  түсіндірмелерді  табасыз,  қатысу  үшін  қайда  жүгінуге  болатыны  және  қандай 

құжаттар топтамасын ол үшін жинау қажет екені туралы білесіз.  

Бағдарлама туралы

 

Нәтижелі  жұмыспен  қaмтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту  бағдарламасының  мақсаты - 

халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.   

Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамытудың 2017  –  2021 

жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері: 

 



Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар 

кадрларды даярлау. 

 

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды 



қысқа мерзімді кәсіптік оқу. 

 



Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. 

 



Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту. 

 



Жұмыссыздарды  және  ӛзін-ӛзі  жұмыспен  қамтыған адамдарды  жұмыспен  қамтамасыз 

етуге жәрдемдесу. 

 

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. 



 

Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру 



Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: 

 



Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді 

кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; 

 

жаппай кәсіпкерлікті дамыту; 



 

халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  және  еңбек  ресурстарының  ұтқырлығы 



арқылы еңбек нарығын дамыту. 

Бағдарламаның қатысушылары 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және ӛзін ӛзі жұмыспен 

қамтушылар болып табылады.  

Бағдарламаның  бірінші  бағыты  азаматтардың  түрлі  санаттарын,  соның  ішінде  мектеп 

түлектерін,  жұмыссыздарды,  жастарды,  ӛзін  ӛзі  жұмыспен  қамтушыларды  және  қысқартылған 

жұмыскерлерді жаппай оқытуды кӛздейді. Бұл бағыт екі компененттен тұрады: 

1)  еңбек  нарығының  қажеттіліктерін  ескере  отырып,  техникалық  және  кәсіптік  білімі  бар 

кадрларды даярлау (оқыту ұзақтылығы  2,5 жылға дейін); 

2) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту (оқыту ұзақтылығы 1 -ден 6 айға дейін). 

Ӛмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы тӛмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 

9-11-сыныптарды  бітірушілер,  оқу  орындарына  түспеген,  жұмыс  іздеп  жүрген  адамдар,  сондай-ақ 

азаматтардың ӛзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып 

табылады 

Қысқа  мерзімді  кәсіптік  оқытудан  ӛтетін  Бағдарлама  қатысушылары  29  жасқа  дейінгі  жастар 

және  халықты  жұмыспен  қамту  орталығында  тіркелгендігіне  қарамастан  жұмыссыздар,  ӛзін  ӛзі 

жұмыспен қамтушылар және қысқартылған жұмыскерлер болып табылады.  

Бірінші бағыттың қатысушылары, бір реттік ыстық тамақпен (ТжКБ), стипендиямен(16 759 тг), 

жол жүру ақысымен мен тұруға арналған  материалдық кӛмекпен  қамтамасыз етіледі. 

Материалдық кӛмек мынадай кӛлемде кӛрсетіледі: 

1)  облыс  шегінде,  бірақ  Бағдарламаға  қатысушылар  тұрақты  тұратын  елді  мекендерінен  тыс 

орналасқан  білім  беру  ұйымдарында  білім  алған  барлық  кезеңде  оқу  орнына  баруға  және  қайтуға 

4 АЕК  мӛлшерінде жол жүруге материалдық кӛмек беріледі; 

2)  Астана,  Алматы  қалаларында,  Атырау  және  Маңғыстау  облыстарында  тұруға  ай  сайын  10 

АЕК мӛлшерінде, қалған облыстарды 5 АЕК мӛлшерінде материалдық кӛмек беріледі. 

Материалдық кӛмек шығыстарды растайтын құжаттар ұсынылмай тӛленеді. 

Оқығысы  келген  үміткерлер  тұрғылықты  мекенжайы  бойынша  Халықты  жұмыспен  қамту 

орталықтарына жүгінеді. 



Бірінші бағыт бойынша қатысу үшін қажетті құжаттар: 

 



қатысуға ӛтініш; 

 



жеке басын куәландыратын құжат; 

 



білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқытудан ӛткенін растаййтын 

құжаттар (куәлік, сертификат), болған жағдайда; 

 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  Министрінің  міндетін  атқарушының  2010 



жылғы  23  қарашадағы  №907  бұйрығымен  бекітілген 086-У  нысан  бойынша  денсаулық 

жағдайы туралы анықтама; 

 

әлеуметтік  кӛмек  кӛрсетілетін  азаматтар  санатын  растайтын  анықтама (болған 



жағдайда); 

 



жолдама. 

Үміткерлер   тікелей  не  «Атамекен»  ӛңірлік  кәсіпкерлер  палатасының  филиалдары/ауыл 

округтарының  және  елді  мекендердің,  қалалар  мен  қалалары  құрамындағы  аудандардың  әкімдері 

арқылы  кәсіпкерлік  қызметке  жәрдемдесу  шаралары  бойынша  консультациялар  және  Бағдарламаға 

қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден ӛту үшін халыққа қызмет 

кӛрсету орталықтарына жүгінеді. 

Кәсіпкерлік  негіздерін  оқыту  курстарынан  ӛткені  туралы  сертификаттары  жоқ  мүдделі 

үміткерлер  кәсіпкерлік  негіздерін  оқыту  курстарына  қатысуға,  ал  сертификаттары  бар 

үміткерлер  МҚҰ/КС/ "АШҚҚҚ" АҚ, МҚҰ/ЕДБ жолданады.. 

Екінші  бағыт  бойынша  мемлекеттік  қолдау  түрлері  «Кәсіпкерлік  бастаманы 

ынталандыру» 

 



жол  жүруге  және  тұруға  материалдық  кӛмек  ұсына  отырып,  кәсіпкерлік  негіздеріне 

тегін оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу. 

 

кредиттерв/микрокредиттер ұсыну. 



Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 

Егер  сіз  жеке  бизнесті  алғашқы  рет  ашатын  болсаңыз,  онда  мемлекет  сізге  кӛмек  ретінде 

кәсіпкерлік  негіздеріне  тегін  оқытуды  жүргізеді («Бастау  бизнес»  жобасы  шеңберінде  немесе 

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде). 

Кәсіпкерлік  негіздеріне оқытуға сондай-ақ, бизнес жоспарды әзірлеуге жәрдемдесу кіреді. 

Кәсіпкерлік  негіздеріне  оқытуды  қамтамасыз  ететін  ұйым  тұрақты  мекенжайынан  тыс 

орналасқан жағдайда, Бағдарламаның қатысушыларына тұруға және жол жүруге материалдық кӛмек 

тӛленеді.  



Кредитті/микрокредитті беру 

Кредит/микрокредит  кепілдік  негізде  ұсынылады  және  тек  ұйым  үшін  немесе  ӛз  ісін  кеңейту 

үшін  беріледі.  Кредит/микрокредиттер  тұтынушылық  мақсатта,  бұрынғы  қарыздарды  ӛтеуге, 

жылжымайтын  мүлікті  сатып  алуға  және  салуға,  жер  учаскелерін  сатып  алуға,  акцизді  ӛнімді 

шығаруға берілмейді.    

Кредитті/микрокредитті беру шарттары 

Бағдарламаның қатысушыларына кредиттерді/микрокредиттерді беру шарттары: 

 

кредит/микрокредит  мерзімі  - 5  жылға  дейін, (мал  шаруашылығы  және  ауыл 



шаруашылық кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін - 7 жылға дейін); 

 



кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы - 8 000 АЕК дейін; 

 



номиналды сыйқы мӛлшерлемесі – жылдық 6% аспайды. 

Кредитті/микрокредитті алу үшін қажетті құжаттар:    

 



ӛтініш



 

жеке басын

  куәландыратын құжаттың кӛшірмесі; 

 



тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (

мекенжай анықтамасы

ауыл әкімінің анықтамасы); 



 

бизнес-жоспар; 



 

қызмет кӛрсетуші банктен шоттың бар болуы туралы анықтамалар; 



 

қаржы  ұйымдарынан  қарыз  берешегі,  соның  ішінде  мерзімі  ӛткен  берешегі  болуы 



туралы анықтамалар (кредиттер болған жағдайда); 


 

қарыз алушының еңбекақысын және/немесе ӛзге табыстарын растайтын құжат; 



 

бағалау туралы есеп; 



 

кепіл беруші және кепілдік қамтамасыз ету бойынша құжаттардың кӛшірмелері; 



 

кәсіпкерлік негіздерін оқытудан ӛткені туралы   (тек жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін). 



Осы  бағыт  азаматтардың  жекелеген  санаттарын  жұмысқа  орналастыруда  атаулы  кӛмек 

кӛрсетуді  күшейтуді,  еңбек  ресурстарының  ұтқырлығын  арттыруды  және  еңбек  нырығының 

инфрақұрылымын дамытуды кӛздейді.    

Осы бағыт бойынша Бағдарлама қатысушыларына мынадай мүмкіндіктер ұсынылады: 

 

деректер қорында бар бос жұмыс орындарға орналастыру; 



 

уақытша жұмыс орындарына орналастыру. 



Әлеуметтік жұмыс орындары 

Жұмыс  орындарын  үлестірген  кезде  осы  жұмыс  орны  12  айдан  кӛп  емес  мерзімге  барлық 

қажетті аударымдарды ескере отырып мемлекет тарапынан ішінара субсидиялауды кӛздейтінін есте 

сақтаңыз. 

Әлеуметтік  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасқан  жұмыссыздардың  жалақысына  берілетін 

ай  сайынғы  субсидия  мӛлшері  экологиялық  үстемеақылар  бойынша  тӛлемдерді  есепке  алмағанда, 

салықтарды,  міндетті  әлеуметтік  аударымдарды  және  пайдаланылмаған  еңбек  демалысына 

ӛтемақыны  ескергенде  жалақының  белгіленген  мӛлшерінің  35  %-ын  құрайды,  бірақ  тиісті  қаржы 

жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең тӛменгі жалақы мӛлшерінен 

аспауға тиіс. 



Жастар практикасы    

Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша 

бастапқы  жұмыс  тәжірибесін  алуы  мақсатында  түлектер  үшін  ұйымдастырылады.  Жастар 

практикасына жіберілген жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен тӛленетін еңбекақысы айына 

25 АЕК құрайды  

Қоғамдық жұмыстар 

Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  жұмыссыздарды  уақытша  жұмыспен  қамтамасыз  ету 

үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік 

даярлығын  талап  етпейді  және  жергілікті  бюджет  қаражаты  және  жұмыс  берушінің  қаражаты 

есебінен олардың ӛтінімі бойынша қаржыландырылады    

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: 

1) жұмыссыздар; 

2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер  және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып 

оқушылары; 

3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар құқылы. 



Әлеуметтік  жұмыс  орындарына,  жастар  пркатикасына,  қоғамдық  жұмыстарға  қатысу 

үшін қажетті құжаттар:  

 



қатысуға ӛтініш; 

 



жеке басын куәландыратын құжаттың кӛшірмесі; 

 



тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (

мекенжай анықтамасы

ауыл әкімінің анықтамасы); 



 

еңбек кітапшасының кӛшірмесі (болған жағдайда); 



 

білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқытудан ӛткенін растаййтын 



құжаттар   (куәлік, сертификат), болған жағдайда; 

 



техникалық,  кәсіптік,  ортадан  кейінгі,  жоғары   және  жоғарыдан  кейінгі  білімін 

растайтын құжаттың кӛшірмесі  (ЖП үшін); 

 

толық  емес  жұмыс  уақыты  не  ұзақтығы  қысқартылған  жұмыс  уақыты  режиміне 



ауыстыру туралы немесе әлеуметтік демалыс беру туралы, немесе жұмыстың мәжбүрлі тоқтап 

қалуы, еңбек ақысы сақталмайтын демалыс туралы жұмыс берушінің акті (жұмыспен ішінара 

қамтылған жалданатын қызметкерлер үшін) (ҚЖ үшін); 

 



оқу орнынан каникулда болуы туралы анықтама (ҚЖ үшін). 


Жұмысқа  орналасуға  ниет  білдірген  үміткерлер  тұрғылықты  мекенжайы  бойынша  Халықты 

жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.  



Еңбек ресуртарының ұтқырлығын арттыру  

Бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру: 

 

жұмыс  күші  кӛп  облыстардан  (бұдан  әрі  –  шығу  ӛңірлері)  жұмыс  күші  тапшы 



облыстарға (бұдан әрі – келу ӛңірлері); 

 



бір  облыс  шегінде  –  мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  тұрғын  үй  бӛлу  және  тұрақты 

жұмыс  орнына  жұмысқа  орналасу  мүмкін  болған  жағдайда  экономикалық  әлеуеті  тӛмен 

ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға жүзеге асырылады. 

Үкімет  ішкі  қоныс  аударушыларды  қабылдайтын  4  ӛңірді (Солтүстік  Қазақстан,  Шығыс 

Қазақстан,  Павлодар,  Қостанай  облыстары)  және  5  қоныс  шығу  ӛңірін  (Алматы,  Жамбыл, 

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) белгіледі. 

Қазақстан  Республикасының  азаматтары,  оралмандар  және  олардың  отбасы  мүшелері  жаңа 

тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады. 



Бағдарламаға  қатысушыларды  мемлекеттік  қолдау   мынадай  субсидиялар  беруді 

қамтиды: 

 



кӛшу  (25  АЕК  -  бір  облыс  шегінде  кӛшуге  арналған  субсидия   немесе  35  АЕК  – 

қоныстану ӛңірлеріне қоныс аударғандарға); 

 

тұрғын  үйді  жалдау  (жалға  алу)  бойынша  шығыстарды  ӛтеуге  субсидия  –  қалалық 



жерге қоныс аударғандар үшін он екі ай бойы ай сайын (15-20 АЕК - ауылдық жерлерге қоныс 

аударушылар үшін  немесе20-30 АЕК - қалалық жерге қоныс аударғандар үшін). 

Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген, шығу ӛңірлерінен қоныс аударуды жоспарлаған  адамдар 

тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді. 



Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар: 

 



қатысуға ӛтініш; 

 



Қазақстан 

Республикасы 

азаматыныңоралманның 

жеке 


басын 

куәландыратын  құжаттың кӛшірмесі; 

 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму  Министрінің  2015 



жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ӛтініш берушінің отбасы 

құрамы туралы мәліметтер; 

 

еңбек кітапшасының (болған жағдайда) кӛшірмесі немесе жұмыс орнынан анықтама; 



 

оралмандар  үшін  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму 



Министрінің  2016  жылғы  15  қаңтардағы  №20  бұйрығымен  бекітілген  нысандар  бойынша 

оралмандарды ӛңірлік қабылдау квотасына енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы комиссия 

шешімінің кӛшірмесі     

 



келісу нәтижелері 

 

 



жүктеу 255,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау