12
АДАМДАРДЫҢ ҚАЛАЙ ОҚИТЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛІМ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕР
Бұл тарауда адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған.
Бірінші бөлімде жаңа теориялық әзірлемелер қарастырылып, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері
түрлі тәсілдер арқылы оқыту тәжірибесімен байланыстыра қарастырылған, бұл мұғалімдерге
соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу дегеніміз не?
Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін
анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады
(негізгі міндет –
«көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының
пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай
алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
1-3-тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл
сыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын іс-
әрекеті болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген оқу үдерісінің бастапқы үш тұжырымдамасы бір
кезеңдерде білім немесе ақпарат алу үшін «
дүкенге барғанға» ұқсайтындай болып көрінеді.
Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш сана-
тынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5-тұжырымдамалар анағұрлым
күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте
оқу деген ұғымның аясы оқушының
ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» не-
месе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек
беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас Бағдарламада іске асыры-
латын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін қалайды.
Оқу – кешенді үдеріс. Бірнеше минут мына мәселелер төңірегінде ойланып көріңіз.
Өзіңіз үйренген бір нәрсе жөнінде мұқият ойланыңыз: бұл білім, білік, тәжірибелік
дағды немесе қағидат болуы мүмкін.
1. Сіз бұны қалай білдіңіз (қалай үйрендіңіз)?
– Сіз не істедіңіз? Немесе: қандай жағдай орын алды?
2. Бұған тағы кімдер және қалай үлес қосты?
3. Оқу нәтижесінде қандай өзгеріс туралы білдіңіз?
– Оның Сіз үшін мәні қандай болды?
4. Сіз үшін алынған білім нәтижесі қандай болды?
5. Сіздің бұны үйренгеніңізді өзгелер неден байқайды? Олар үшін нәтиже қалай
көрінбек?
Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және әр адамда әртүрлі жүретін үдеріс екенін көрсетеді.
Бұдан түйетін ой – бұл саладан бейхабар адамдарға
өзгелердің қалай білім алатынын нақты
білу ауыр екені. Алайда
оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау