58
Жады
Қысқа мерзімді жады (жұмыс жадысы)
Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын
алатынын анықтады. Баддели мен Хитчтің (1974) кейінгі жұмыстарында ол
Жұмыс жады-
сы деп аталды. Бұл термин статикалық сақтау емес, динамикалық үдерістер жиынтығын
әлдеқайда нақты сипаттайтындықтан, қазір кеңінен қолданылуда. Біз жұмыс жадысы арқылы
санамызға ақпарат енгіземіз, сондықтан біз онымен жұмыс істей аламыз. Жұмыс жадысының
өзіндік ерекшеліктерінің балалар жадысының даму жолдарын анықтайтын көптеген танымдық
міндеттерді орындау қабілеті үшін маңызы зор.
Ұзақ мерзімді жады
Аткинсон мен Шифриннің ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы
пысықталып, кейінгі зерттеулерде дамытылды. Жалпы қабылданған қолданыстағы модельді
Тулвинг (1895) ұсынды, ол ұзақ мерзімді жады үш айқын компоненттен
: рәсімдік, эпизодтық
және
семантикалық жадыдан тұрады деп есептеген. Ұзақ мерзімді жадының осы үш түрі
қайта жаңғыртудың түрлі тәсілдеріне байланысты және де әртүрлі білімді сақтайды.
Рәсімдік жады
Рәсімдік жады – әрекеттерді қалай орындау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен
тамақ ішу, түйме тағу, секіру, велосипедпен жүру, қарындашпен жазу, доп лақтыру сияқты іс-
қимылдар арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма». Бұл іс-әрекеттерді қалай іске
асыру керектігі туралы білім терең сақталады және оны саналы түрде тілмен жеткізу қиын.
Эпизодтық жады
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын
жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар –
сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді. Бірақ, эпизодтық жады аясында бекітілген және
«таңбалық» естеліктер шектеулі болуына қарамастан, ол адамның ұзақ мерзімді жадысының
маңызды аспектісі болып табылады.
Семантикалық жады
Семантикалық жады – ұзақ мерзімді жадының ең соңғы және теңмәнді емес аспектісі,
себебі біздің дамуымызда және сөйлеуімізде аса жиі көрінетін біздің символдар жасау
қабілетімізге байланысты. Бұл біздің естеліктеріміздің бір бөлігі, онда біз эпизодтарды неме-
се оқиғаларды, біздің белгілі бір тәжірибемізден шығаратын ойларымызды, идеяларымызды,
жалпы
қағидаларды,
қағидаттарды, тұжырымдамаларды есте сақтаймыз.
Сөйлеу
Бихевиористикалық көзқарастарға сәйкес, балалардың тілді үйренуі – күрделі үдеріс,
ол арқылы бала үйренетін әрбір сөз және сөздің әр фрагменті бастапқыда елестету түрінде
көрсетіліп, реттілік ретінде есте сақталады. Бұл үдерісті құптайтындығын ересек жы-
мию арқылы көрсете алады. Бірақ, балалардың сөзді түсінуді және пайдалануды үйрену
жылдамдығы – бұл түсінікке сәйкес келмейді, кез келген жағдайда олар әдетте сөздің мүлдем
жаңа фрагменттерінің тұрақты ағынын дыбыстайды. Ағылшын тілінде балалар айтатын осы
жаңа сөздер мен фразалардың көбі, олар өздері үшін шығарған модельдер мен қағидаларды
дұрыс қолданбау болып табылады. Мысалы, бастауыш мектеп жасындағы балалар кеше біз
дүкенге goed (бардық) және онда бірдеңе buyed (сатып алдық) дейді. Ересектердің осылай
айтқанын балалар естіген жоқ және етістікке «ed» жалғауын қосу арқылы өткен шақты жасау-
ды оларға ешкім үйреткен жоқ. Бұл өздерінің ағылшын тілінде сөйлеу тәжірибесінен шығарған
моделі.