Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge. Hargreaves, L



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/83
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17089
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83

44
мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge.
Hargreaves, L. and Galton, M., (2002). Transfer from the Primary School: 20 Years On [Бастауыш 
мектептен көшу: 20 жылдан кейін]. London: Routledge
Mercer,  N.,  (1995).  The  guided  construction  of  knowledge:  talk  amongst  teachers  and  learners. 
[Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгімелер]. Clevedon: 
Multilingual Matters.
Mercer, N., (2000). Words and Minds: how we use language to think together. [Сөздер мен сана: 
бірлесіп ойлану үшін тілді қалай қолданамыз?] London: Routledge. Mercer, N., and Hodgkin-
son, S., (2008). Exploring talk in school: inspired by the work of Douglas Barnes. London: Sage.
Mercer, N. and Littleton, K., (2007). Dialogue and the development of thinking. A sociocultural ap-
proach. [Диалог және ойлауды дамыту. Әлеуметтік мәдени тәсіл]. NY: Routledge.
Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University 
Press).
Wragg,  E.  and  Brown,  G.  (2001).  Questioning  in  the  Primary  School.  [Бастауыш  мектептің 
мәселелері]. Routledge Falmer.


45
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді 
талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Мұғалімдер  педагогикалық  білімі 
бар  және  қосымша  оқып,  өз  біліктілігін  арттырушы  субъектілер  болғандықтан,  оларда  бұл 
дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Сын тұрғысынан ой-
лау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты 
педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойла-
уды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 
Бұл модуль шеңберінде біз сонымен қатар әлеуметтік-сындарлы тәсілдерді, оқытуды да-
мыту үшін тиімді бағалауды («Оқу үшін бағалау» модулі) және түрлі жастағы балаларға білім 
берудің  сараланған  тәсілін  қолдануды  («Талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту»  және 
«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модульдері) қарастырамыз.
Сын тұрғысынан ойлау туралы жалпы түсінік
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған 
ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, со-
нымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе 
бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа неме-
се түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық 
әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: 
•  тиісті ақпарат жинауды;
•  дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
•  кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
•  ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс 
анықталмаған  болжамдар  мен  құндылықтарды,  проблемаларды  мойындау  және  оларды 
шешудің  тиімді  құралдарын  табуды,  түрлі  міндеттерді  шешуде  басымдықтарды  белгілеудің 
маңызын түсінуді қамтиды.
Сыныптағы балалар мен жасөспірімдердің сын тұрғысынан ойлауы
Сын  тұрғысынан  ойлауды,  әдетте,  білім  берудің  кейінгі  кезеңдерімен  –  орта  мектептің 
жоғары  сыныптары  мен  жоғары  оқу  орындарында  оқушылармен  байланыстырады.  Алай-
да  сын  тұрғысынан  ойлаудың  негіздерін  кішкентай  балалармен  жұмыс  барысында,  қажетті 
дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы 
ең оңтайлы тәсіл – балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде 
балалардың  қызығушылығын  оятып,  олардың  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын  дамыту 
үшін  қолдануға  болатын,  әлемнің  түрлі  бөліктеріндегі  және  тарихтың  түрлі  кезеңдеріндегі 
тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын  тұрғысынан  ойлау  мәнмәтінді  есепке  ала  отырып,  бақылау  мен  тыңдау  арқылы 
дәлелдер  жинастыру  және  шешім  қабылдау  үшін  талапқа  сай  өлшемдерді  қолдану  сияқты 
дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жа-
сау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, тарих не-
месе географияны оқытуда оқушыларды:
•  суреттер,  фотосуреттер,  естелік  жазбалары  сияқты  дәлелдерді  жинақтау  және 
топтастыруға;
•  негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;


46
•  қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салы-
стыру және талқылауға;
•  анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға 
болады.
Жұмысты талдаудың соңғы кезеңдерінде оқушыларға мұғалімдермен пікірталасқа қатыса 
отырып,  өздерінің  бастапқы  қорытындыларын  талдау  және  қайта  қарау  арқылы  өзінің  оқу 
үдерісін, соның ішінде бағалау, түсіндіру және метатану үдерістерін барынша түсінуге көмек 
көрсеткен дұрыс.
Төменде баланың басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сынып-
та жұмыс істеу кезінде қолданатын дағдылары берілген:
1.  Көру  арқылы  немесе  ауызша  дәлелдерден  алынған  ақпаратпен  танысыңыздар.  Бұл 
тапсырма негізгі дереккөздерден оқу арқылы алынған ақпаратқа да, шолулар мен сау-
алнамадан жинақталған деректерге де, оқулық, энциклопедия немесе web-сайт сияқты 
қосалқы дереккөздерден жиналған ақпаратқа да қолданылуы мүмкін. 
2.  Дәлелдерді зерттеу құрылымын немесе дәлелге негіз етіп алынған, кешірек жасалған 
іс-әрекеттерді айқындайтын негізгі тармақтарды, болжамдарды немесе гипотезаларды 
түсініңіз.
3.  Бұл негізгі құрамдас бөлшектердің, көру арқылы және ауызша алынған дәлелдердің 
қалай біріктірілгенін және бір-бірімен өзара байланысатынын талдаңыз.
4.  Жекелеген суреттердің немесе түрлі жеке пікірлер мен естеліктердің ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын салыстырыңыз және зерттеңіз.
5.  Дәлелдер мен бірқатар тұжырым құру үшін түрлі ақпарат көздерін біріктіре отырып, 
жинақтаңыз.  Сіздің  ойыңызды  қалыптастыратын  және  қолдайтын  түрлі  ақпарат 
көздері арасында байланыс орнатыңыз.
6.  Сіздің зерттеуіңізбен байланысты дәлелдердің заңдылығы мен беріктігін және дәлелдер 
Сіздің болжамдарыңыз бен ойларыңызды қаншалықты қолдайтынын немесе қайшылық 
тудыратынын бағалаңыз.
7.  Зерттеудің негізіне алынған сұрақтардың жауаптарын түсіндіру нәтижесінде алынған 
біліміңізді қолданыңыз.
8.  Жасалған қорытындыларды негіздеп, өзектілігі мен маңыздылығын дәлелдеңіз.
Диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік 
үлгілері – зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалог – мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен 
білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін 
өрістетіп,  зияткерлік  қырларының  дамуына  ықпалын  тигізетінін  көрсетті.  Александердің 
(2001, 2008) Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер 
болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері 
назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен 
қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға 
дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік бере оты-
рып, формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге 
наразылық  білдіреді,  сондықтан  мұғалімдер  білім  мен  зерттеу  үдерістерін  басқармай, 
бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарауы керек.
Балаларды  диалог  пен  дәйектеуге,  пікірталасқа  тарту  белсенді  жүргізілген  жағдайда 
олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеу-
лер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда  өмір сүруге 
қажетті  дағдылармен  және  қасиеттермен  қаруландыру  –  мұғалімдер  үшін  ынталандырушы 
күш  болып  табылады.  Балалар  күннен  күнге  қолжетімділік  артып  келе  жатқан  анағұрлым 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау