10
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады:
оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сын тұрғысынан ойла-
уын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды көздейді.
Оқушыларға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті,
ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана
білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен
қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс
тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды
қамтиды.
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау
Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық
жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді
оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу
қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу
жұмыстары біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны
оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған Бағдарлама осы
еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған оқыту мен оқудың
стратегияларын қарастырады.
Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды,
ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан Бағдарлама сыни бағалау
тәсілдерін де қарастырады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты,
себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған
оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі
дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»
модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі,
балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр
жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге модульдермен,
мысалы, «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен байланысы бар, атап айтқанда
әртүрлі жаста өзін-өзі бағалау үшін жауапкершілікті зерделеу тұрғысынан.
Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шама-
сы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдары да
қарастырылатын болады.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту
барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді
анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен
бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті
өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы
пікірлер баршылық. Осы Бағдарламаның аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды
дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.