117
Hoyle, E. (1974). Professionality, profesionalism and control in teaching [Мамандық, кәсібилік
және білім берудегі бақылау]. London Educational Review, 3 (2), 42–54.
Katzenmeyer, M., & Moller, G. (2001). Awakening the Sleeping Giant: Helping Teachers Develop as
Leaders (2
nd
ed.) [Ұйқыдағы алыптың оянуы: Мұғалiмдерге көшбасшылықтың сапаларының
дамуына көмек (2-басылым)]. Thousand Oaks, CA: Corwin Press.
Levin, B. (2012) How to change 5000 schools: A practical and positive approach for leading change
at every level [5000 мектепті қалай өзгертуге болады: Әрбір деңгейде өзгеріс енгізушілерге
арналған тәжірибелік және ұтымды тәсіл]. Cambridge, Harvard Education Press.
Lieberman. A., Moore-Johnson, S., Fujita, H., & Starratt, R. (2007). Where Teachers can lead
[Мұғалімдер неге бастай алады]. Developing teacher leadership, the ILERN Materials.
Nottingham: National College for School Leadership.
McBeath, J. (2004). Distributed Leadership in Action: A study of current practice in schools [Іс-
әрекеттегі таратылған көшбасшылық: Мектептердегі ағымдағы тәжірибені зерттеу].
Nottingham: National College for School Leadership.
Ministry of Education. (2007). Improving School Leadership [Мектеп көшбасшылығын жетілдіру].
Finland Country Background Report Publications of the Ministry of Education, 2007, 14
(Accessed August 2012.
OECD Definition and Selection of Key Competencies. [еЫДҰ түйінді құзыреттерді анықтауы
және іріктеуі]. (Paris, France: OECD, May 27, 2005).
Schleicher, A. (Ed.) (2012). Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21st
Century: Lessons from around the World [ХХІ ғасыр үшін мұғалімдерді даярлау және мектеп
көшбасшыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing.
ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Кәсіби қоғамдастық құру жөніндегі қысқаша нұсқаулық
1. Бұқаралық ақпарат құралдары (вебсайттар, жарнамалық аңдатпалар, ақпараттық
бюллетеньдер, хабарландыру тақталары) маңызды рөл атқарады, бірақ олардың көпшілігі,
әсіресе, бастапқы кезеңде диалог орнатуға арналған уақыт пен кеңістікке тәуелді келеді.
Диалогті:
• жергілікті тұрғындар;
• топтарды конференцияларға тарту (оның ішінде бірлескен сапарлар);
• оқыту мақсатындағы сапарды ұйымдастыру;
• түскі семинарлар;
• әріптестермен (әріптестер арасында) мақсатты диалогтар ұйымдастыру/өткізу арқылы
құруға болады.
Бұл орайда біліктілікті арттырудан өту күндерін белгілеу арқылы аталған шараларды
қызметкерлер мен директор арасындағы кездесулер сияқты шаралардың орнына өткізуге
болады.
Басқа ұсыныстар:
• электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату мен электрондық хат алмасуды ынта-
ландыру;
• телефон байланыстары желілік қоғамдастығын құру;
• бейнеконференцияларды кеңінен пайдалану.
егер Сіз жаңа коммуникациялық жүйе құрумен айналысып жүрсеңіз, оны кері байланыс
тізбектері түрінде құруға тырысыңыз. егер жүйеде жауап беру тетігі болса, Сіз хабарламаларды
жақсырақ қарап, оларды бағалап отыруға мүмкіндік аласыз.
118
Кейбір идеялар мен үдерістер өте күрделі болып келеді. Модельдер мен графикалық
кескіндерді жасау арқылы Сізде ақпаратты түсінікті, қолдануға ыңғайлы тұрде ұсынуға,
идеяларды зерделеуге және қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік туады.
2. Тексерістер мен бастапқы іс-шаралардың да пайдасы бар. Олар неден бастау
қажеттігін нақты тұжырымдап, кейін қандай жетістікке жететінімізді айқындауға көмектеседі.
Қандай сәттер маңызды әрі мағыналы екендігін анықтап алып, оларға тексеру жүргізіңіз. Сіз
үшін ненің құнды екенін айқындаңыз.
Басқа ұсыныстар:
• бұқаралық оқу топтары;
• тұрақты түрде өткізілетін таныстырылымдар, ынталандырушы семинарлар;
• зерттеу жүргізу айлары;
• бірлесіп оқу күндері;
• бір-бірінің мектебіне барып таныстырылым өткізу;
• сауалнама нәтижелері бойынша есеп жазу кезінде қолдау көрсету, мысалы, бірлескен
жазбаша семинарлар.
Нәтижелер мен бастапқы деректердің сапасы қоғамдастық ішінде және кәсіби
қоғамдастықтан тыс та сенімділік болып, орнықты дамуда маңызды рөл атқарады. Нәтижелерді
бағалаңыз, бірақ олар бойынша дау туған жағдайда жауап беруге дайын болып, сапасын
бақылау мақсатында бұл мәселеге терең ойланып қараңыз. Ынтымақтастық реттеудің тиімді
стратегиясы болып табылады. Басқарушы топ немесе мектеп директорының тобына арнап
редакциялау рөлін енгізіңіз.
3. Қоғамдастықтар үшін қатысушының пікірі бағаланатын іс-шаралар пайдалы
болмақ.
Әртүрлі топтар құру мақсатында бізге түрлі әдістер арқылы адамдарды біріктіру қажет.
Шағын топтардың көзқарастары, «ақсүйектік әдеттері» қоғамдастықтың сенімділігін тез арада
жоюы мүмкін.
Бастапқы кезеңде қоғамдастықтан шет жүрген, алайда қоғамдастық үшін стратегиялық
тұрғыдан маңызды бола алатын және осы қоғамдастықта болғаннан пайда алуы мүмкін
адамдарды анықтаңыз. Оларды барлық жағдайлар туралы хабардар етіп отырыңыз. Оларды
іс-шаралар мен кездесулерге шақырыңыз.
Оларға қоғамдастық жөніндегі есептерді және басқа нәтижелерді жіберіп отырыңыз.
Қоғамдастыққа жетекшілік етумен қатар, демеушілік көмек қажет. Мектеп директорларына
қоғамдастықтың белсенді мүшелері болуы міндетті емес, бірақ олар осы қоғамдастықты
табысқа жеткізуде шешуші рөл атқарады. Олардың қоғамдастық туралы басынан бастап
бәрін білетіндігіне көз жеткізіңіз. Оларды осы үдеріске тартудың әртүрлі тәсілдерін табыңыз.
Қоғамдастықта орнатқыңыз келетін мінез-құлық моделін құрыңыз. Тәуекелге бел буыңыз.
Сауал жүргізіңіз. Өз жолыңыздағы қиындықтарды алдын ала жойыңыз. Бір-бірлеріңізбен
алғашқы рет жұмыс істеп тұрсаңыздар, ақшалай қаражат туралы және кім немен айналысатыны
туралы диалог жүргізу қиындық туғызады. Бұл мәселелерді әуел бастан анықтап алмасаңыздар,
кейіннен бұның салдарынан бірталай әуре-сарсаң көрулеріңіз әбден мүмкін.
Коучинг – әртүрлі адамдарды бірге қосудың оңтайлы тәсілі. Оқыту мен оқу мәселелеріне
арналған коучинг тұтас бөлімдер мен мектептерді қамтуы мүмкін. Көшбасшылық коучинг
стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді. Бұл қарым-қатынастар тиімді болуы
үшін ерікті болып, қандай да болмасын иерархияның орын алуына жол бермеу керек.
4. Сіз атқара алатын аса маңызды міндеттердің бірі қоғамдастықтың іс-шараларын
өткізу кезінде мектептерге қолдау көрсету болып табылады.
Осыдан кейін ресурстарды бөлу және қоғамдастыққа қатысуға шақыру анағұрлым жеңіл
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |