Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



жүктеу 11,77 Mb.
Pdf просмотр
бет31/126
Дата01.01.2020
өлшемі11,77 Mb.
#25670
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126

68
Оқу үшін бағалау
Оқу  үшін  бағалау  кезінде  қолданылатын  қадағалау,  интерпретация  және  өлшемдер 
оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын 
қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқу үдерісінің қандай 
кезеңінде екені, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай 
екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы 
бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.
Бағалауды Реформалау Тобы (2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, 
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін 
оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. 
Берілген  анықтаманың  маңызды  элементтерінің  бірі  оқушылардың  деректерді 
қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға 
болмайтындығына  назар  аударылады.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және  өздерін 
бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске 
оқушылар да белсенді қатысуы керек. 
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды 
үйренуі  қажет,  сондықтан  оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы 
алынған  ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті,  қызығушылықты 
және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін 
өте маңызды да, өзекті.
Жиынтық мәліметтерді білім беру құралы ретінде пайдалану
Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «
мәліметтер» 
деп аталады. жинақталған жиынтық мәліметтер мұғалімдердің жұмыс үлгісін сәйкестендіруіне 
және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға ерекше назар 
аударуына  ықпал  етеді.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі  халықаралық 
бағдарлама (PISA) және ЭЫДҰ сияқты халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар 
міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген, қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті 
білім мен икемділік қандай дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. 
Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» жинақтау әдістемесін біліп, келтірілген қорытындыларға 
қайтадан талдау жүргізу қажет.
Сонымен қатар мектептер алдағы нәтижелерге қалай қол жеткізілгенін біліп, одан кейінгі 
іс-әрекеттерін  жоспарлау  үшін  де  «мәлімет»  жинайды.  Осылайша,  жеке  оқушы  деңгейінде 
жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде 
берілетін  кейінгі  деңгейлерді  анықтау  үшін  қолданылады.  Бірақ,  бұдан  кейінгі  кезеңдерде 
оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді 
анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге 
тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері 
байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі 
деңгейге жеткендігін айтса, бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге 
көмектеспейді; бұл үшін баламен бірлесіп ненің нәтижесінде мұндай баға алғандығын және 
бағалау өлшемдерін түсіндіріп, талдау жасаса, бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін 
не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда (сандық түрдегі) жиынтық 
бағалау басты мәселе емес, сондықтан мұғалім оларға негіз болған мәліметтерге (қадағалау 
және  интерпретация)  қайтып  оралады.  Одан  кейін  мұғалім  бұл  мәліметтер  оқушының  оқу 
деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай 
жасау керек екендігі туралы қалыптастырушы қорытынды (ауызша түрде) ұсынады.


69
Бағалау сипатын өзгерту арқылы 
оқуды бағалау оқу үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін. 
алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, оқу үшін 
бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл бағалау қолданылған 
мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда 
сыртқы тестілер одан да бетер проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде бұл балдар 
мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне 
мұғалім 
жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады.
Мұғалімдер үшін маңызы
Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті, яғни бұл ретте: дәрісханада тек емтихан 
өткізуді  ғана  емес,  сонымен  бірге  емтихан  неге  және  кім  үшін  өткізілетінін  білуге  тиісті. 
Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.
1.  Оқудағы  қиындықтарды  анықтау.  Орта  мектептерде  мысалы,  сауаттылық  және 
арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін 
өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
2.  жетістікке  жеткендігін  көрсететін 
кері  байланыс  (оқушылар,  мұғалімдер  мен  ата-
аналарға ұсынылған). Мұндай кері байланыс бейресми түрде ауызша бағалаудан бастап ресми 
жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге 
жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабар беру болып табылады.
3.  Уәж.  Кері  байланыс  көбінесе  уәж  түрінде  көрінеді.  Ынталандыру  ретінде  тестінің 
немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдерді ойларын жинақтап, 
әрекет  етуге  итермелейді.  Мұндай  сыртқы  ынталандыру  оқуға  шабыттанып  кірісуге  түрткі 
болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
4. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер 
олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің 
нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқу немесе 
жұмысқа  орналасу  туралы  шешім  қабылдау  үшін  қолданылады.  Мектеп  шеңберінде  әдетте 
оқушыларды топтар мен сыныптарға бөлуге арналған бағалаудың белгілі бір нысаны болады.
5.  Стандарттарды  бақылау  және  орындау.  Бағалау  нәтижесінде  біліктілік  дәрежесін, 
ал  мемлекеттік  емтихан  нәтижелері  бойынша  –  жоғары  білім  алу  мүмкін  болады,  мысалы, 
«біліктілігі»  бар  тұлғаларда  олардың  тиісті  стандарттарға  сәйкес  екендігіне  негізделген 
кепілдіктер  болуы  қажет.  PISA  (Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі 
халықаралық  бағдарлама)  сияқты  халықаралық  тест  бойынша  алынған  мәліметтер  талдауы 
халықаралық стандарттарға сәйкестікті анықтауға бағытталған, одан басқа стандарттың микро 
және  макро  деңгейдегі  стандарттарына  сәйкестікті  бақылау  үшін  ұлттық  және  жергілікті 
тестілер қолданылады.
6.  Оқыту  бағдарламасының  мазмұнын  және  оқыту  стилін  бақылау.  Көптеген 
мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті 
болып табылады. алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім 
беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш 
күмән туғызбайды.
Оқу үшін бағалаудың маңызы
Кез келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемаларын 
шешудің  маңызды  мәселесіне  айналып  отыр  деген  сұрақ  қоюы  мүмкін,  онысы  орынды  да. 
Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-
аналары  бағалауды  оқыту  және  оқудан  кейін  болатын  нәрсе  ретінде  қарастырады.  Бағалау 
оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды қабылдау үшін біздің түсінігімізді 
едәуір өзгерту қажет болады, ал Оқу үшін бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.


жүктеу 11,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау