Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


АДАМДАРДЫҢ ҚАЛАЙ ОҚИТЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛІМ



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет5/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

12
АДАМДАРДЫҢ ҚАЛАЙ ОҚИТЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ БІЛІМ 
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕР
Бұл тарауда адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой-пікірлер ұсынылған. 
Бірінші бөлімде жаңа теориялық әзірлемелер қарастырылып, екінші бөлімде зерттеу нәтижелері 
түрлі тәсілдер арқылы оқыту тәжірибесімен байланыстыра қарастырылған, бұл мұғалімдерге 
соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіне пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу дегеніміз не?
Оқу  ұғымының  мазмұны  қол  жеткен  нәтижелер  немесе  пайдалы  тәжірибе  тұрғысынан 
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін 
анықтауға мүмкіндік берді:
1.  Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады 
(негізгі міндет – «көп білу»).
2.  Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді 
ақпарат.
3.  Оқу  ақпарат  жинақтау  ретінде.  Нәтиже  –  есте  сақталып,  қажет  болған  жағдайда 
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4.  Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының 
пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай 
алуы.
5.  Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді 
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
1-3-тұжырымдамалар оқушыға қатысты оқуды сыртқы фактор ретінде қарастырады. Бұл 
сыныпта  болып  жататын  немесе  мұғалімдердің  оқушыларға  қатысты  жүзеге  асыратын  іс-
әрекеті болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген оқу үдерісінің бастапқы үш тұжырымдамасы бір 
кезеңдерде білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге барғанға» ұқсайтындай болып көрінеді. 
Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген нәтиженің бастапқы үш сана-
тынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4 және 5-тұжырымдамалар анағұрлым 
күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының 
ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» не-
месе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек 
беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас Бағдарламада іске асыры-
латын оқытудың жаңа тәсілдерінің негізін қалайды.
Оқу – кешенді үдеріс. Бірнеше минут мына мәселелер төңірегінде ойланып көріңіз.
Өзіңіз үйренген бір нәрсе жөнінде мұқият ойланыңыз: бұл білім, білік, тәжірибелік 
дағды немесе қағидат болуы мүмкін.
1. Сіз бұны қалай білдіңіз (қалай үйрендіңіз)?
– Сіз не істедіңіз? Немесе: қандай жағдай орын алды?
2. Бұған тағы кімдер және қалай үлес қосты?
3. Оқу нәтижесінде қандай өзгеріс туралы білдіңіз?
– Оның Сіз үшін мәні қандай болды?
4. Сіз үшін алынған білім нәтижесі қандай болды?
5.  Сіздің  бұны  үйренгеніңізді  өзгелер  неден  байқайды?  Олар  үшін  нәтиже  қалай 
көрінбек?
Бұл жаттығу оқудың өте күрделі және әр адамда әртүрлі жүретін үдеріс екенін көрсетеді. 
Бұдан түйетін ой – бұл саладан бейхабар адамдарға өзгелердің қалай білім алатынын нақты 
білу ауыр екені. Алайда оқу үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын, ойлау үдерісін, есте сақтау 


13
және қабылдауын бақылау барысында зерттелген. Соңғы уақыттағы зерттеулер жеке тұлғаны 
тұтастай қарастыра отырып, субъектілер өздерін оқушы ретінде қалай сезінетінін және оқу 
үдерісінде бір-бірімен өзара қандай қарым-қатынаста болатынын зерделеді.
Қорытындысында,  соңғы  жылдардағы  зерттеулерде  оқу  адамның  білім  алудағы 
нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан 
кешкен  тәжірибе,  әлеуметтік  қарым-қатынастар,  құндылықтар,  амал-тәсілдер  мен 
ұстанымдарының кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды 
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы ны-
санды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушы, 
аффекттік теоретиктер және когнитивті психологтар. Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін 
«тауға көтерілу» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай 
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері 
тобы  қосылған  деген  болжам  жасауға  болады  (2-сурет).  Біз  ғылыми  қордың  мұраларын 
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи 
идеялармен танысамыз.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну
Әлеуметтік 
психология
Когнитивті 
психология
Нейроғылым
Аффекттік 
теориялар
2-сурет. Адамдардың қалай оқитынын түсінуге бағытталған психологиялық 
«экспедициялардың» негізгі бағыттары


14
Бұл «теориялық экспедицияның» өн бойында ең ұзақ болған топ – когнитивті теоретиктер. 
Бұл теорияның өкілдері – когнитивті психологтер белгілі бір материалды қабылдауға қатысты 
адамдардың  санасында  болып  жатқан  үдеріс  мәселелерін  зерттейді.  Танымдық  үдерістерді 
(есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтауға арналған қазіргі заманғы және 
ертеде жарияланған зерттеу әдебиеттері жеткілікті. Қазіргі заманғы неврологиялық әдістерді 
пайдалануға  және  жеке  тұлғаның  жалпы  оқуына  қатысты  мәселелерге  баса  назар  аударыла 
бастауына  байланысты,  осы  теориялардың  кейбіреулерінің  дамып,  өрістеуіне  жол  ашылды. 
Осы тарауда танымдық теориядағы өзгерістер есте сақтау және зияткерлікке қатысты соңғы 
зерттеулер тұрғысынан қаралған.
Пиаже теориясына жүгіну
1960  жылдары  когнитивті  психология  әлемінде  ойлауды  дамыту  теориясы  тұрғысынан 
Жан Пиаженің ғылыми идеялары басымдыққа ие болды. Сол кезең үшін бақылау мен экспери-
мент жүргізудің тиімді әдістерін жасаған Пиаже мүлдем өзгермейтін және әмбебап кезеңдерде 
жүзеге  асырылатын  жалпы  танымдық  операциялардың  кешенді  даму  көрінісін  нанымды 
дәлелдеп шықты.
Пиаже  кеңістік,  уақыт  және  сандық  аспектілерді  қамтитын  дамудың  жалпы  кезеңдерін 
анықтады. Алайда, қырық жылдан кейін қазіргі заман психологтары әрбір аспектіге өзіндік ере-
желер мен жүзеге асыру операциялары тән екенін анықтап, жалпы сатылар мен құрылымдар 
болатынына күмән тудырды.
Пиаже  зияткерлікті  барлық  жеке  тұлғаларда  бірдей  дамитын  бірыңғай  жалпы  қабілет 
деп есептеген. Қырық жылдан кейін ғалымдар адамдар ерекше түрде жұмыс істейтін және 
өзара  қарым-қатынаста  бола  алатын  көптеген  салыстырмалы  түрде  тәуелсіз  «зияткерлік 
қабілеттерге» ие деген пікірге келді.
Пиажені  жеке  айырмашылықтар  қызықтырмаған,  ол  «эпистемиялық  субъектіні»  зерт-
теген.  Бұл  саладағы  көптеген  соңғы  зерттеулер  жеке  ерекшеліктерге  шоғырланған,  мұның 
өзінде айрықша таланттар мен кемшіліктер, қабілеттердің өзіндік құрылымына және шектеулі 
мүмкіндіктердің өзіне тән айырмашылықтарына аса мән берілген.
Пиаже жаңа туған нәрестелердің «ана сүтімен қоректену», айналадағыны аңдау сияқты 
шектеулі биологиялық қабілеттермен бірге, оқудың – ассимиляция және бейімделу деп атаған 
басты екі үдерістеріне ие екені туралы да болжаған. Қазіргі психологтар адам біраз туа біткен 
қасиеттерге немесе жеңіл түрде айқындалатын танымдық қабілеттерге ие және Пиаже осы туа 
біткен  танымдық  құрылымның  маңыздылығын  жете  бағаламаған  деген  қорытындыға  келіп 
отыр.
Пиаже  танымдық  дамуды  өсіп  келе  жатқан  баланың  физикалық  немесе  азын-аулақ 
дәрежеде әлеуметтік дүниемен өз бетінше эксперимент жасауы деп қабылдап, тарихи және 
мәдени  факторлардың  маңыздылығын  ескермеген.  Қазіргі  теорияларға  сүйенсек,  даму  ерте 
кезеңдерден-ақ басталады, бұл жағдайда әлеуметтік ортаның дамуға әсері елеулі болмақ.
Сонымен бірге Пиаже біртұтас танымдық тетіктердің, моториканың көріністері ретінде тіл 
және басқа да графикалық, музыкалық бейнелер сияқты таңбалардың жүйесін қарастырған. 
Гарднердің зияттың қырлары туралы соңғы уақыттағы зерттеулері әр жүйенің өзіне тән шығу 
тегі  болатындығын  және  олардың  мәдени,  уақыттық  мәнмәтіндер  жүйесінде  қолданылуы 
елеулі ықпал ететінін болжайды.
Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияттың қырлары
Зияткерлікті ақыл-ой қабілеттерінің тестілерімен өлшенетін құбылыс ретінде қарастыратын 
ғалымдар мен зерттеушілер үшін зиятқа қатысты жаңа ой-пікірлер әрдайым проблема болаты-
ны шындық. Әртүрлі қабілеттер арасындағы өзара байланысқа негізделген зерттеу жүргізіп, 


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау