Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқушылардың пікірін назарға алу



жүктеу 4,34 Mb.
Pdf просмотр
бет16/83
Дата14.11.2018
өлшемі4,34 Mb.
#19923
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83

38
Оқушылардың пікірін назарға алу
Жуық арада Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен оқу тура-
лы пікірлеріне ерекше назар аударылды. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге баса назар 
аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен 
пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген 
оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Rudduck et al, 2004).
«Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кем-
бридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол 
жобаның мақсаттары:
•  оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру;
•  оқушыдан  кеңес  алудың  әдіс-тәсілдері  бойынша  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық 
әзірлеу;
•  мектептерде  ашық  және  қауіпсіз  диалог  құрудың  проблемалары  мен  мүмкіндіктерін 
анықтау болатын.
Осы  жоба  бойынша  оқушылармен  мектеп  өміріне  байланысты  көптеген  мәселелер, 
соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша сұхбат 
жүргізілді.  Сонымен  қатар  олардан  ата-аналарға  арналған  іс-шараларды  өткізу  сияқты 
жылдық жоспарлаумен байланысты проблемаларға, оқушылардың оқуына көмектесетін не-
месе  кедергі  жасайтын  жағдайларды  анықтауға  қатысты  сұрақтар  қойылды.  Зерттеулер 
оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу 
туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне 
түсінік беру «олардың жұмысы емес» деп санады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті 
педагогикалық  проблемалар  мен  бос  сөзділікті  жіктей  қарастыра  отырып,  нені  өзгерткілері 
келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.
Оқушылармен  пікірлесу  –  басшылықтың  дәстүрлі  қарым-қатынасынан  өзгеше  және 
оқушылар  мен  мұғалімдер  арасында  ыңғайсыз  жағдай  тудыруы  мүмкін  күрделі  үдеріс. 
Оқушылармен  әңгімелесу  барысында  ешқандай  алалауға  жол  берілмеу  маңызды,  әсіресе, 
«үндемейтін»  және  «жеке-дара»  оқушылардың  барлығының  да  пікірлері  ескерілуге  тиіс. 
Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға 
қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.
«Оқушы үні» жобасы аяқталған  соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама 
жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:
•  оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;
•  мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
•  мұғалімдерге  деген  эмоционалдық  жағымды  қатынас  туындауын  дамытуға  ықпал 
ететіндігі расталды.
Жобаға  қатысқан  мұғалімдер  оқушылардың  жауапкершілігі  мен  сындарлылығына  таң 
қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар: 
•  өзгелердің  өздерін  құрметтейтіндігін,  оларды  тыңдап,  пікірлерімен  санасатындығын 
сезінді;
•  мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;
•  өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;
•  бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;
•  оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;
•  мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.
Оқушылармен  білім  мәселелері  бойынша  пікірлесу  олардың  өзін-өзі  реттеуін  дамыту-
ына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен ашық 
пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол ту-
ралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға 
болады. 


39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Bingham, S. & Whitebread, D., (2008). ‘Teachers supporting children’s self-regulation in conflict sit-
uations within an early years setting’. [Ерте жастағы шиеленісті жағдайларда оқушылардың 
өзін-өзі реттеуін мұғалімдердің қолдауы]. in Papatheodorou, T. & Moyles, J. (eds).
Bronson M., (2000). Self-regulation in early childhood: Nature and Nurture. [Ерте жастағы өзін-өзі 
басқару: табиғат және тәрбие]. New York London: Guilford Press.
Bruner J., (1996). The Culture of Education. [Білім беру мәдениеті]. (Cambridge, MA, Harvard 
University Press).
Flavell,  J.H.,  (1976).  Metacognitive  aspects  of  problem  solving.  [Проблеманы  шешудің 
метакогнитивті аспектілері]. in: Resnick, L.B. (Ed) The Nature of Intelligence (Hillsdale, NJ, 
Erlbaum).
Flavell,  J.H.,  Green,  F.L.,  and  Flavell,  E.R.,  (1995).  Young  children’s  knowledge  about  thinking. 
Monographs of the Society for Research in Child Developmen. [Кішкентай балалардың ойлау 
туралы білімі]. 60 (1, Serial No,243) Forrest-Pressley, D.L., MacKinnon, G.E. & Waller, T.G. 
(eds) (1985) Metacognition, Cognition & Human Performance, New York: Academic Press.
Lave, J., (1988). Cognition in Practice. [Тәжірибе арқылы тану]. Cambridge University Press.
Lave, J., & Wenger, E., (1991). Situated learning: Legitimate peripheral participation. [Жағдаяттық 
оқыту: Заңды перифериялық қатысу]. New York, Cambridge University Press.
Learning Together in the Early Years: Exploring Relational Pedagogy. [Ерте жастағы бірлескен 
оқу: реляциялық педагогиканы зерделеу] London: Routledge.
Nunes, T; Schliemann, A. D. & Carraher, D. W. (1993). Street Mathematics and School Mathematics. 
[Көше математикасы және мектеп математикасы]. Cambridge University Press.
Perry, N.E., VandeKamp, K.J. O., Mercer, L.K. & Nordby, C.J., (2002). Investigating Teacher-Stu-
dent  Interactions  that  Foster  Self-Regulated  Learning.  [Өздігінен  басқарылатын  оқытудың 
дамуына ықпал ететін мұғалім-оқушы өзара іс-қимылдарын зерттеу]. Educational Psychol-
ogist, 37, 1, 5–15.
Rudduck, J. and Flutter, J. (2004) How to Improve your School: Giving Pupils a Voice  [Сіздің мектепті 
қалай жақсартуға болады: оқушыларға ойларын айтуға мүмкіндік беру]. Continuum Press.
Schunk, D. & Zimmerman, B., (Eds.). (1994). Self-regulation of learning and performance: Issues 
and educational applications. [Оқуды және үлгерімін өздігінен реттеу; мәселелер және білім 
беруде қолдану]. Hillsdale, NJ: Erlbaum.
Tharp, R.G. & Gallimore, R., (1988). Rousing minds to life. [Сананы ояту]. Cambridge University 
Press.
Vygotsky, L.S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. (Cambridge, MA, Harvard University 
Press).
Whitebread  D.,  (2000).  Organising  activities  to  help  children  remember  and  understand.  [Өзара 
түсінісу  мен  түсінісуде  балаларға  көмек  көрсетуге  арналған  қызметті  ұйымдастыру].  in 
Whitebread D (ed) The Psychology of Teaching and Learning in the Primary School London 
Routledge.
Сыныптағы диалогтің маңызы
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мер-
сер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арт-
тырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Аталған 
авторлардың  зерттеулерінде  ересектермен  интербелсенді  қарым-қатынас  пен  достарымен 
бірігіп  жүргізілген  жұмыстың  балалардың  оқуына  және  танымдық  дамуына  әсер  ететіндігі 
айтылған.


жүктеу 4,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау