Бағдарламасы «Жас ерекшелігі психологиясы»



жүктеу 0,54 Mb.
бет2/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,54 Mb.
#551
түріБағдарламасы
1   2   3

Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы психологиясына жас өспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.


Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процесстері басқаларының бәрінен басым болады деген ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жас өспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жас өспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.

Жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, комплексті зерттеу керек. Бұл әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толыстыру мерізімімен әр кезде үйлесе бермейді. Акселерацияның, дене күшінің жедел даму нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары екі-үш ұрпақ бұрынғыға қарағанда, орта есеппен екі жыл бұрын өседі. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік шақты алғашқы екі кезеңмен байланыстырады.

Акселерацияға байланысты жеткіншектің кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-14,5 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орыны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Көптеген алғашқы қауымдық қоғамдарда жас шағы айырмашылықтары әлеуметтік айырмашылықтарға тікелей үйлеседі; социализацияның негізгі механизімі бір жастағы адамдарды біріктіретін жас шағы топтары болып атбылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы өзіне ғана тән арнайы әлеуметтік функцияларды ғана атқарады. Феодалдық қоғамда социялизация жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде тікелей қосу арқылы жүзеге асырылған. Мектеп оқытудың осы практикалық формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда еңбектің және қоғамдық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты адам жұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады.Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті мерзімі неғұрлым ұзақ болса, шын мәніндегі әлеуметтік кемелділік соғұрлым кеш басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас шағы шектері біршама тиянақсыз болады.

Балаң жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?

Дене күшінің дамуы. Балаң жастық- адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады, жігіттерде 17 мен 18-дің арасы. Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші ерте өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан еке өсіп түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам бір қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінін жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипатындағы

айырмашылықтар мен басқа да әлеуметті - экономикалық факторлар

ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық мерзісдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.



Дамудың әлеуметтік жағдайы. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыдан өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. өмірлік іс-әрекетінің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қана қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмыстық істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастады, бәріде мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға даярлану. өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатынжеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училишелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.



Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектілік операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Әсіресе арнайы қабілеттер шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын салаларына түсуімен

қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызетінің құрылымын кіші жастардағыға қарағанда неғұрлым күрделі де дара сипар береді. Қазіргі бар деректерге қарағанда, ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғарғы класс оқушысының мамандық таңдауға даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік беру керек. Бірақ арнайы қабілеттердің қалыптасуының өзі оқытудың сипаты мен бағытына орасан зор дәрежеде байланысты екенін есте үстау қажет.

Жас өспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз организімі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар тобының ұлғаюы – осының бәрі қосыла келіп жас өспірімдік шақта бағарлаушылық-бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт артырады. Әңгіме өз қасиеттерін тану, жаңа білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға өте-мөте ден қояды да, өзінің мінез-құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген критерилер мен нормалар негізінде құруға тырысады.

Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.

Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз “менін” ұғынуды, үшіншіден , өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік – адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір- бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде боған түсініктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, «менді» ұғыну бала жіктеуесімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. өзінің психикилық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау

жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компонанттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.



Өз денесінің бейнесі. Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылумен өзінің «мені» мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол өзіндік келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жас өспірім шағында да сақталады. өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз пкелбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымдылығын арттырыратын қасиеттер ерекше маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды; екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компонентті. Қалыпты өсудің барлық нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас өспірімдер үшін нағыз «нормалар трагедиясына» айналады.

Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін өзі бағалау. Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқада беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе батылдық, ерік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдіқ-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылын немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады).

Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру. Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі

мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көз-қарасыман қарағанда

қиынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлар, даңғойлық – көзге

түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттінін т.б. сынап көргісі келуден болады.

өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдердің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Кластастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп айтады. Осдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.

Өз «менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық «мен» де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де (өзімнің моральдық принциптерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы «мен» де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан «мендер» де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жас өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім өзн-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балаң жас өспірімдік кезге жалпы алғанда рефлексиялық өсуі, өзіне барынша ден қою тән. мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуына да (жас өспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне «өлшеп көруден» де (егер жеткіншек кейіпкердің қылықтарына ден қойса, жас өспірімдер мотивтер мен толғаныстарға ден қояды), басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.

Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексияның өзін-өзі оқшаулау шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне берілін кету қауіпі бар деп есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептәуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жатсыну жағдайлыры аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айрылу сезімі ретінде, өз «менінің» бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқалар түсінбейтіндей көру және т.с. ретінде уайымдалады.

Алайда бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жас өспірімдік шақтың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанының өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болатын өсу қиыншылықтары. Тұтас алғанда жас өспірімдік - өте бақытты шақ Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жас өспірімде ғана немесе бұған дейінгі дамудын ерекшеліктерімен байланысты (өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатнастың олар үшін неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұрындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, үйымшыл комсомол коллективі жағдайында тәрбиеленген жас өспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігенде психолгиялық оқшаулыну мен рефлексия қарым-қатнасқа кедергі болғанымен қоймай, қарым-қатнастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.

Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланысты. Жас өспірімдік рефлексия, бір жағынан, өзінің «менің» ұғыну («мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыилай аламын?»), ал, екінші жағынан, дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну («менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім үшін мен не істеуге тиіспін?») болмақ. Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар қояды. Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық смұрақтарды жас өспірім адам қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың элементіне айналады. Жас өспірімдік өмірлік жоспарлары көбіне қиялдағы сипатта болатын сияқты бұл өзін-өзі талдау да көбіне қиялдағы сипатта болады. Бірақ өзін-өзі талдаудықажетсінудің өзі дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты. Н.А.Добролюбовтың жас кезіндегі күнделігін оқығанда немесе Л.Н.Толстойдың «Жас өспірімін» өзінің күнделіктерімен салыстырғанда үнемі өзіне-өзі қанағаттанбайтын, өздері алдарынақойған кейде анғал болғанымен, шамадан тыс міндеттерді орындай алмай жүрген авторлардың ішкі драматизіміне жаның ашиды. Алайда бұл өзін-өзі талдаудың тереңдігі адамның күрделігін бейнелейтін, ал өзіне биік талаптар қою – болашақтағы жетістіктердің бір екенін көрмеуге болмайды.

Жас өспірімдік рефлексияның теренділігімен интенсивтілігі көптеген әлеуметтік (әлеуметті тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсияның, экстраверсиның дәрежесі) және өмірбаяндық (семьяда тәрбие алу жағдайлыры, құрдастарымен қарым-қатынас, оқыған кітаптардыңсипаты) факторларға байлынысты, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген. Жас өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, енді екіншілері, керісінше, одан үрейлене қорқады, аз ғана уақыттың өзіне жалғыз қала алмайды, рефлексивтілігінің жетіспеушілігінен өздері ұғына алмайтын өз проблемаларынан қашқақтау үшін қарым-қатынаста болғысы келмей ме екен (әрине, мұны өзі де ұғынбайды) деген күдік туады. Ал, негізгі дені орташа жағдайда болады. Тәрбиеші бұл айырмашылықтарды біліп, ескеріп отыруға тіс.

Өзін-өзі сыйлау және оның функциялары. Жеке адамның көне көп балаң жас өспірімдік шақта қалыптасатын ерекше маңызды белгісі - өзін-өзі сыйлау, яғни қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам ретінде қабылдау не қабылдамаудың дәрежесі.өзін-өзі барынша сыйлау менменсінудің не сын тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәні адам өзін жақсы көреді деген сөз. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төмендегі үнемі көңіл толмаушылықты, өзін жек көруге, өзкүшіне сенбеуді көрсетеді.

Өзін-өзі сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейі жекелей өзін-өзі бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті немесе сәтсіз жағдайлар оны тиісінше арттыруы немесе азаитуы мүмкін. өзін-өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене кезінен бастап-ақ көптеген факторлар – ата-аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т.б. әсер етеді. Жас өспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік қайта қаралады. Жас өспіріидер көбіне көтеріңкі, коллективтегі алатын орынын т.б. асыра бағалайды. Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді (құрдастарын да) мезі қылады, көптеген тартыстар мен

түңілушіліктер туғызады. Жас адам өзінің нақты миүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден кейін барып (әдетте кейінірек, мектептен кеткеннен кейін) біледі.

Жас өспірімнің өзіне деген сенімі қаншалық жағымсыз болғанымен, психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіптірек, мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді. Өзін-өзі сыйлау төмен жас өспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста көбінесеқиыншылық көреді, қайсыбір жалған бет перде жасап алып, айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа роьде көріну қажеттігі ішкі қарбаластықты күшейтеді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Адамның өзін-өзі сыйлау неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап қиналуы соғұрлым көп болады. Өзіне-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның әлеуметтік талаптардың деңгейі біршама төмен болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет атаулыдан тартындырады. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендікте, алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта түседі.

өзін-өзі сыйлаудың төмендігін ұялшақтықпен бір санауға әсте келмейді. Егер мұғалім оқушылардың қайсыбіреуінен өзін сыйлаудың төмендігінің белгілерін аңғарса, жеке адам үшін бұл қауіпті процесті болдырмау үшін жас өспірім өзінің әлеуметтік және азаматтық бағасын анық дәлелдейтіндей жағдай жасауға міндетті түрде ұмтылыс жасау керек. Мұндағы перспективалы жол – комсомол ұйымындағы белсенді қоғамдық қызметке, мәселен өзі жоғары класс оқушысы үшін кіші жолдастарына өзінің бүкіл қажеттігін ұғынуға мүмкіндік жасайды.

Автономияға ұмтылу және әке-шешесімен өзара қарым-қатнас. Жеткіншектің өзі-ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің негізінде өзіне қамқорлық жасағанға ауырсынып, әке-шешесімен қарым-қатнасын теңдік негізінде қайта құруға тырысады. Бұл тенденция жас өспірімдік кезде де жалғасады. Бірақ жететін автономияның нақты дәрежесі мен табиғатықандай? Жас өспірімдердің әлеуметтік психологиясына ғылым ретінде жастар қашан, қай жерде болмасын «бүлік шығарады», «ұрпақтар даудамайын» туғызадыдеп пайымдайтын сыңаржақ теориялар көп зиян тигізеді. Шын мәнінде әкелер мен балалардың өзара қарым-қатнастары әлеуметтік өзгерістердің қарқыны мен сипаты, семьяның құрылымы, тәртіп сақтау сипаты мен тәсілдері т.б. сияқты

әлеуметтік жағдайлардың тұтас бір жиынтығына байланысты. Қалыптасып келе жатқан адамның өз ұмтылыс-талаптарына тежеу болатын тәрбиелердің авторитарлық жүйесі іс жүзінде дау-жанжалдар туғызады, ал демократиялық тәрбиелеуде ондай болмайды. Алайда әке-шешелермен қарым-қатнастың жас өспірім кезінде елеулі түрде қайта құрылатынын көрмейтін ғалымдардікі де дұрыс емес.

Қазіргі психолгия есейген балалардың мінез-құлық автономиясы, эмоциялық автономия, моральдық және құндылық автономиясы болады деп шектеп, балалар автономиясы туралы мәселені нақты тұрғыдан қояды.

Жеткіншектер бәрінен бұрын, әлбетте, белгілі бір шекте, бос уақыт салаларында мінез-құлық автономиясына жектісі келеді.мәселен, қалалардағы мектеп оқушыларының көбі бос уақыттарын мектептен де, үйден де басқа жерде өткізгенді ұнатады.

Эмоциялық автономияның үлкен қиыншылықтары бар. Жас өспірімдерге әке-шешелері балаларында болған өзгерістерді жете бағаламайтындай, олардың толғаныстарын байыптап қарамайтындай болып көрінеді және көбіне бұлары әлбетте дұрыс та. Болмашы бір әдеп сақтамаудың өзінен-ақ жоғары класс оқушысының ішкі жан дүниесі әке-шешелері үшін, егер біржола болмаса да, ұзақ уақытқа жабылуы мүмкін. Егер тәртіп тұрғысынан жеткіншектік жас неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген эмоциялық проблемалар туғызып, балалардың ата-аналарынан психологиялық тұрғыдан жатсынып кетулері жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен өзара қарым-қатнас ерекше күрделенеді. Еліміздегі және шетелдердегі көптеген зерттеулер бұл жаста да шешенің балаға әкеден гөрі жақын болатынын көрсетеді. Алайда әке-шешемен қарым-қатнаста біраз салқындық болып, оларға айтылмайтын сырлардың шығуы әсте де жатсыну емес. Есейген балалардың интимдік әлемін күшейтуге бармай, екі жаққа да сондай қажет эмоциялық жылылық пен өзара түсінісудің сақталу-сақталмауы әке-шешенің сезімталдығы мен әдептілігіне байланысты.

Коллективизм және топ өмірі. Балаң жастық - өзіне-өзі талдау жасайтын шақ қана емес, сонымен бірге нағыз «коллективистік» шақ. Кішкентай жеткіншекке коллективистік өмірге қатысқаны, басқалармен бірге болғаны жетіп жатыр. Жоғарғы класс оқушысы үшін бәріне маңыздысы құрбы-құрдастарының мұны қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі. Коллективтегі статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатады; құрдастары онша бағаламайтын жас өспірімдердің жеке басын өзгертуге тырысуы басқалардан гөрі ана-ғұрлым жиі кездеседі.

Социометриялық зерттеулер кластарда біртіндеп белгілі бір поляризация болатынын көрсетті: бір жағынан, неғұрлым танылғандар, ал, екінші жағынын, таңдау бәрінен аз түсетіндер сараланады. Осының өзінде бұл статус, әсіресе ұнамаушылық барыншы тұрақты болып, көбіне кластан класқа көшіп отырады. Мұның өзі жарыс жағдайын туғызып, көптеген психологиялық проблемалар жасайды. Жағдайы біршама жақсы балаларда да проблемалар туындайды. Кейбіреулері өздерінің беделін жоғары кластарда өздерін ығыр қылып, жеке қасиеттеріне үйлеспейтін болып көрінінетін рольдерге негіздейді. Бірақ жолдастарының күткен үміті «жанбаса» рольді бойың үйреніп қалған танымалдыққа жете аласың ба? Осыдан бұрын жасөспірімдік кезде топтағы өзінің жағдайына көбіне көңіл толмаушылық және өзін-өзі бағалаудың сәйкессіздігі келіп шығады.

Тәрбие жұмысында көшедегі стихиялы топтар мен компаниялардың ықпалын еске алу ерекше маңызды. Кейбір педагогтар оны елемеуге немесе кездейсоқ нәрсе деп санауға бейім. Бұл қауіпті жаңылысу.

Мектеп жеткіншек ұрпақтың бүкіл өмірін қамтымайды. Сондықтан оны жастардың әр түрлі ұйымдарының – саяси, спорт және мәдени-ағарту ұйымдарының қызметі толықтырады. Алайда қарым-қатнастың бұл ұйымдасқан формалары жастарда мектепте қалыптасатын достар компаниясы немесе көшедегі серіктестіктер секілді ресми емес, стихиялы топтарды қажетсінудің орнын түгел баса алмайды. Кластардағы коллективтердей емес, стихиялы топтарда әдетте түрлі жастағы балалар және әлеуметтік құрамы жөнінен көбіне аралас болады. Құрамның әр қилылығы, оған қоса ұйымдасқан коллективтердегі жоғары кластардағы көбіне ығыр қылатын үлкендердің үнемі бағып-қағуының болмауы себепті жас өспірімдер үшін мұндай топтар ерекше тартымды болады. Егер жеткіншектерде стихиялы топтар көбіне мектеп ішіндегі коллективтерді толықтырып, бұлардың екеуінде де лидер болатын балалар бірге болса, жоғары кластарда жағдай өзгереді. Жас өспірімнің көше тобындағы беделі оның мектептегі статусына кері қатнаста және керісінше болады. Бұл қарама-қарсылық елеулі педагогикалық қауіп туғызады. Көшедегі топтарды біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік тұрғыда болады, ал оларда басшы болатындарды жақсы балалар деуге мүлдем келмейді. Мұндай топтар қылмысты топтарға немесе бұзақылар тобына ауысатын жағдайлар кездеседі. Бұл орайда жас өспірімдердің жасқа байланысты конформдылығы өте зиянды роль атқарады. Үлкендерден тәуелсіздік алуға тырысып, жас өспірім құрдастарының қауымынантірек пен қолдау іздейді. Бірақ оның өзі іштей әлі дербес емес, ықпал мен психикалық еліктіруге оңай беріледі. Топқа қатыстылық сезімі, әсіресе, егер бұл қатыстылықты қорғауға тура келетін болса, сол топтың өзі құрылатын құндылықтардың мазмұнынан да маңыздырақ болады «балалардың бәрі (қыздардың бәрі) өстеді» деген секілді дәлел ол үшін кез келген қылықты түсіндіру мен бірге оны ақтайды. Мұның өзінде «бәрі» деген өз тобының мүшелері, не өзі соған еліктейтіндер болып шығады.

Стихиялық топтар мен олардың атрибуттарын (өздеріне тән сөйлеу, менез құлық стилі, эстетикалық атлғамдар, сән) жоюға тырысудан әдетте ештеңе шықпайды. Бұған қоса қарым-қатнастың бұл түрі инициатива мен ерлікке тәрбиелейтін әлеуметтік пайдалы міндет (әрине, бұзақылары айтылмайтыны белгілі) атқаруы да мүмкін.


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау