Бағдарламасы Халықаралық дербес құқығы Заңтану мамандығына 050301 Семей 2012ж Мазмұны



жүктеу 5,2 Mb.
бет26/26
Дата01.02.2018
өлшемі5,2 Mb.
#8324
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Есептер

Есеп: Болгарлық азаматтан алимент өндіріп алу.

Қазақстандық азаматша М. Болгария азаматы Д-мен некеге отырады. Неке Болгарияда тіркеледі. Осы некеден екі бала өмірге келеді. Үлкені Қазакстанда, ал кішісі Болгарияда туылады. Ерлі-зайыптылардың соңғы бірге тұрған тұрғылықты жері Болгария болады. Содан кейін, азаматша М. Қазақстанға келіп, Алматы қалалық сотына Д. деген азаматтан балаларға алимент өндіріп алу туралы талап арыз береді.

Есеп сұрақтары:

  1. Алматы қалалық соты, осы алимент өндіріп алу туралы іс бойынша қай елдің заңын қолдануы керек?

  1. Ол қандай коллизиялық нормага сүйенуі керек?

  1. Мұндай нормалар қай жерде қарастырылган?


Есеп: Теңіз паромындағы кассир.

Ұлыбританияда тіркелген және орналасқан кеме компаниясы осы елде тұратын ағылшындық азаматша Купермен еңбек шартына отырады. Шарт бойынша азаматша ағылшындық порт Шернес және голландық порт Фисонген арасындағы рейсте пароходтың паромында кассир ретінде жұмыс істейді. Шарт Шернесте ағылшын тілінде жасалады және бұл жағдайда ағылшын фунд стерлингімен сыйақы төлеу қарастырылған. Кеме неміс құқығы заңды тұлғасы - коғамымен алынады, неміс туынын астында жүзеді және Гамбургте тіркеледі. Азаматша Купермен жасалған шарт уақытынан бұрын бұзылады. Шартта тоқтату, бұзу туралы ештеңе айтылмайды. Азаматша Купер герман сотына компанияға карсы талап арыз береді.

Есеп сұрақтары:

  1. Шартша қалданылатын құқық туралы ережелер қарастырылган, сондықтан шартты тоқтатуга қатысты қай елдің құқығын қолданамыз?

  2. Бұл жерде еңбек шартына қатысты «жұмыс орны елінің заңы» қолданылуы керек, ал теңіз кемесіне қатысты жұмыс орны елі ретінде не қарастырылуы керек?

  3. Теңіз кемесін «мемлекет аумагының жүзуге болатын бөлігі» ретінде қарастыруга бола ма ?

  4. Паромның аумақтық суды кесіп өтетінін ескере отырып, Нидерланд немесе Англия құқығын жұмыс орнының құқығы ретінде қарастыруга бола ма?

5. Шешім қабылдар кезде паромның ашық теңізді де кесіп өтетінін ескеріңіз. Егер, тиісті мемлекет пен құқықтық қатына олардың тыгыз байланысы қағидасына сүйенсек, бұл жагдайда қандай негізде және қай елдің құқығын қолдануга болады ?
Есеп: Калифорния штатының мұрагерлік кұкығы.

Сан-Францискода (Калифорния штаты) туған АҚШ азаматының мұрасы туралы мәселе Италияда карастырылып жатты. Италия жүйесінің реформасы туралы 1995 жылғы 31 мамырдағы заңында (46-бап) - «өзінің өлу кезінде мұра қалдырушы қай елдің азаматы болса, сол мемлекеттің зандылығы колданылады» делінген. Алайда, 1995 жылғы 31 мамырда кабылданған заңның 18-бабы 1-бөлігіне сәйкес бір елде бірнеше құкық жүйесін қолдану әрекет ететін жағдайларда, осы елдің кұқығы қолданылуы негізгі талап ретінде анықталды. АКШ-та мұрагерлік құқық федералды заңмен емес, штаттардың зандарымен реттеледі. АҚШ-та федералдық коллизиялық нормалар негізінде қолданылуын анықтайтын заңдылықтардың критерийлері белгіленбегендіктен, Италия соты аталған заңның 18-бабының 2-бөлігін негізге алып, қатынастар тығыз байланысқан құқық жүйесін колдануы керек. Калифорнияда козғалатын мүлікке байланысты мұра калған жағдайда Калифорнияның кұкығы кері сілтеме колданбайды, ал қозғалмайтын мүлікке байланысты құқықты мүліктің орналасқан жеріне кері сілтейді.

Есеп сұрақтары

Қазақсшан Республикасы азаматы Италияда қайтыс болған жагдайда Италия соты бұл істі қарастыратын болса қай заңга сілтеме жасау керек ?
Есеп: Болгария азаматынын Түмен қаласындағы жер үйге меншік қүқығы.

Болгарияда тұрып жатқан болгар азаматы Алматыдағы Медеу аудандық сотына жер үйдің бір белігіне меншік кұкығын тану туралы талап койды. Сот 1996 жылы талапты канағаттандырды.

Есепке катысты сұрактар:

1. Болгариямен жасаған халықаралық шарттың қандай ережесіне сүйене отырып, сот мұндай шешім қабылдады? Қазақстан Республикасының қай заңнамасының ережесіне суйене отырып, сот не себептен мұндай шешімге келді? Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын шетелдік тұлганың мулкіне меншік құқыгын шектейтін Қазақстан Республикасының құқыгында ережелер бар ма ?


Есеп: Грузия азаматының өтініші.

Кеңес үкіметінің кезінде Валиева деген азаматша Беладзе деген азаматпен Нальчик қаласында некеге тұрады. Біраз уақыт өткеннен кейін жұбайлар Грузияға көшіп кетті. В. Грузия елінің азаматшасы болып табылады, ал Б. өзінің Қазақстан Республикасының азаматтығын сактап калды. Абхазиядағы шиеленістің кезінде Б. хабар-ошарсыз жоғалып кетті. В. деген азаматша балаларымен Б-ны өлді деп танығанын калады. Б-ның Грузияда мүлкі болған.



Есепке катысты сұрақтар:

Осы секілді сұрақтарды реттейтін К,азақстан Республикасы мен Грузияның арасында жасалған халықаралық шарт бар ма? Қай мемлекеттің мекемесіне жүгінген жөн? Осындай жагдайда қандай заңнама қолдануы тиісті.
Есеп: Неміс оралманының мүлкі.

Ақмола облысында тұрып жатқан, ұлты неміс, Қазақстан Республикасының Рейх деген азаматы тұрақты түрде тұруға Германияға кетті және онда «оралман» мәртебесіне ие болды. Оның Қазақстан Республикасында аудандық жерде үйі, гаражы және жылжитын мүлкі (автокөлік, т.б.) калып койды. Тұрғын үйге деген меншік құқығына байланысты Германияда Рейх пен оның туысқандарының арасында дау пайда болды. Осы талап арыз неміс сотынын қарауына берілді.



Есепке қатысты сұрақтар:

Рейхтың мулікке меншігі сақтала ма, ол біреуге сыйга бере ала ма, сата ала ма, не болмаса мұраға қалдыра ала ма ? Рейхтың мүлікке, меншігіне қатысты қай елдің заңнамасы қолданылады? Ақмола облысындагы тұргын үйге байланысты дауды шешуге қай елдіц құқыгын қолданылады? Неміс соты нені негізге алу керек? Осындай сұрақтарды реттейтін Қазақстан Республикасымен Германияның арасында халықаралық шарт бар ма?
Есеп: Гельфельдің ісі.

1904 жылы қазан айында Орыс үкіметінің өкілі Германия азаматы Гельфельдтен қару-жарақ сатып алады. Гельфельдтің осы мақсатқа сәйкес сатып алынған «Ангольт» кемесімен Гамбургтен порт - Артурға жіберіледі, бірак мүлік Ресейге жіберілмей, Гельфельдтің тапсырысымен Циндоада ұсталады. Оның айтуы бойынша Ресей өкілі одан сатып алынған қару-жараққа ақы төлемеген. Гельфельд пен Ресей үкіметі арасында 3 млн. марка тұратын кару-жарақтарды сату жөнінде жоғарыда көрсетілген сатып алуға қатысты келіссөздер жүргізіледі. Алайда олардың арасында қару-жарақтарды сату жөнінде жүргізілген келіссөздер ешқандай нәтиже бермеген және ешқандай келісім болмаған. Алдымен Ресей үкіметі өзінің мүлкін дипломатиялық жолмен алуды көздеп, кейін өзінің талаптарымен Циндаодағы Германияның консулдық сотына жүгінуге мәжбүр болды.

Гельфельд Ресей үкіметіне қарсы 3 млн. марка көлемінде талап арызын ұсынды. Талап арыз жоғарыда керсетілген қару-жарақ сату туралы жалған мәмілеге негізделген, олардың айтуы бойынша талап арыз затқа байланысты емес. Ресей үкіметі бұл талап арыздың қаралуына қарсы болды.

1906 жылы қарашада өзінің алғашқы шешіміне қарсы талап арызды карауға қарсылығын білдірді, алайда бұл шешім кері қайтарылды. Бұл қарсы талап арыз Германиялық консулдық соттарда бірнеше рет қаралғандықтан, Ресей Үкіметі соттылыққа жатпайды деген арызына қарамастан, Қытайда 1909 жылы карсы талап арызды канағаттандырды.

Ресей үкіметі Гельфельдке 3 млн. марка төлейтін болды. Гельфельд Ресей үкіметінің Берлин банкісінде ірі мелшерде ақша сомалары бар екенін біліп, Берлин сотында осы салымдарына арест салуын және ол жөнінде шешім шығарылуына қол жеткізді (15.02.1909)

Тыйым салу жөнінде бұйрық банкке жіберілді, бірақ соңғысы Гельфельдтің өкіліне ақша төлемеді, себебі шет мемлекеттегі шотқа арест салу мүмкін емес. Шетел мемлекетінің мүлкіне тыйым салуға болмайтындығын дипломатиялық наразылығын-да Ресей өкілеттілігі айтып кеткен.

Сот істін шешілуін тоқтата тұрды және ол іс Пруссияның мамандандырылған сотына жіберілді. Сот шешімін талқылау үшін ғалым заңгерлердің, ол Франция, Швейцария және басқа да мемлекеттердің 14 қорытындысын қолданды. Гельфельдтің ісі бойынша сот (25.07.1910) Ресей үкіметінің банктегі шотына тыйым салуды тағайындамауды шешеді.

Есепке қатысты сұрақтар:

Абсолюттік иммунитеттегі классикалық теорияның мәні неде? Герман сотында иммунитеттің қандай түрлері шешімде қарастырылды ?
Есеп: Жапондык детектив романдар.

А. Марининаның «Стилист» атты әйгілі романның кейіпкері аудармашы Владимир Соловьев «Шығыстық бестселлер» сериясын шығарған баспаның ұсынысы бойынша жапон тілінен мүлдем танымал емес жапон авторының біркатар детективтерін аударады. Жапондар бұл автордың шығармаларын сапасының төмендігінен баспадан шығармаған болатын. Жапондық баспадан шығарушылар бұл шығарманың алғашқы жолдарына карап, оның әдебиет еместігі жөнінде, сондай-ақ оны мектеп оқушыларына арналған шығармаға теңестіріп, және шығарма үшін де бұл жерде грамматикалық қателердің кептігі жөнінде айткан. Алайда, бұл шығармалардың сюжеттері өте қызықты болғандықтан, жапондық автордан оның шытырман сюжеттермен жазылған, бірақ мазмұны жағынан кателері көп шығармаларын сатып алушы қазақстандық баспа табылды, ал Ердос Аманжолов бұл шығармалардың бірқатар сериясын шығарды, өз кезегінде олар қазақстандық оқырмандар арасында үлкен сұранысқа ие болып, баспаға айтарлықтай кіріс әкелді. Оған қоса, оларды орыс тілінен ағылшын тіліне аударған, Англиядан бір баспа табылды.

Казақстанда жапондық автордың кайта өнделген шығармалары лақап атпен шығарылды, ал Англияда және кейіннен басқа да елдерде жапондық жазушының шын атымен шығарылды. Оның үстіне, оның шығармаларының әрқайсысы экрандалған болатын. Нәтижесінде, жазушы әлемге автор болып танылды.

А. Маринина қызықты және талантты түрде суреттеген окиға осы. Ол өзінің романда Авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік конвенцияға және осы саладағы заннамаға сілтеме жасайды.



Есепке қатысты сұрақтар:

Жстонияның қолжазбасында болған және алғашында орыс тілінде басьт шығарылган шығарманы алғашрет баспадан шығару құқығы кімде біріншірет пайда болды? Қазақстанда жапондық автордың шығармаларын лақап атпен шығаруға жол беріле ме? Егер Казақстан, Англия және Жапония Авторлық құқық жөніндегі Дүниежузілік конвенциясының қатысушылары болса, онда бұл шығарма Англияда қорғалуға жата ма ?
Есеп: Лондондағы маршал Жуковты еске алу басылымы

70-жылдардын басында «Новости» атты баспа Агенттігі ағылшын тілінде маршал Г.К. Жуковты еске алу туралы басылымды жарыққа шығарды. Оған Алматы, Лондон қалаларының ғана емес, бүкіл әлемнің оқырмандары қызығушылық білдірді.

Есепке қатысты сұрақтар:

Г.К. Жуковтың кітабы Берн конвенциясымен әрекет етілуге жата ма? Егер жатса, қандай ережелердің негізінде? ҚазССР Берн конвенциясының қатысушысы болды ма? Қай кезден бастап, біздің еліміз Конвенция қатысушыларынан құрылған Берн одағының мүшесіне айналды.
Есеп: Қазақстан азаматы болып табылатын баланы асырап алу.

Қазақстанның азаматшасы Семей каласында тұрып жатқан М-мен некелеседі. Некеге тіркелгеннен кейін, М. Омск каласына көшіп кетеді, алайда Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап калады. 1998 ж. М-ның кәмелетке толмаған жиені өз ата-анасынан жол көлік апатының салдарынан айрылып калады. Ерлі-зайыптылар бұл баланы асырап алу жөнінде шешімге келеді. Бала /жиен/ Семейде тұрады және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.



Есепке қатысты сұрақтар:

Қарастырылып отырған жағдайда, кәмелекте толмаған балаларды асырап алу жәніндегі мәселе қай мемлекеттің мекемесінің құзыретіне кіреді? Қай мемлекеттің заңнамасы қолдануга жатады? Ресеймен Қазақстан Республикасы арасында әрекет ететін қандай халықаралық келісімдер қолданылуы тиіс?
Есеп: АҚШ азаматтарының Айзанатты асырап алуы.

Кдзакстан елінің азаматшасы Д. жоғары білімі бар, мамандығы бойынша мүғалім, жалғыз екі баланы тәрбиелейді. Үшінші қызы Айзанат некесіз дүниеге келді. Кішкентай Айзанатты дағыстандық туысқандары асырап алғанын тану туралы сұрақ шешілгенше, шешесі оны Тараз қаласындағы балалар үйіне уақытша өткізеді, бұл туралы ол өзінің сотқа берген арызында көрсетіп кетеді.

Тараздың қалалық соты 1998 ж. 5 маусымда Айзанаттың АҚІІІ елінің ерлі-зайыптыларымен, шешесінің келісімінсіз асырап алынуы жөнінде шешім шығарады. Ата-ана құқығынан айырылмаған, әрекет қабілеттілігі бар шешесінің тұрғылықты жері бәріне белгілі болды, бірақ анасы өз баласының асырап алынуы жөнінде, тек сот оған қатысты шығарылған шешімді хат арқылы жіберген кезде ғана біледі.



Есепке қатысты сұрақтар:

Шетел азаматтарының баланы асырап алуы жөнінде Қазақстан заңнамасында қандай тәртіп белгіленген? Баланы асырап алу туралы шешім шығаруда сот Қазақстан Республикасының қандай заңнамасының бұзылуына жол берді?
Есеп: Қонақ үй қызметкерін жұмыстан шығарып жіберу.

Шетелдік инвестициялар мекемесіне жататын халықаралық жүйеге кіретін қонақ үйіне Қазақстан Республикасының М. азаматшасы жұмысқа тұрады. Бірнеше уақыт өткен соң, ол бір келген шетелдікпен әкімшіліктің бір қызметкері туралы жағымсыз сөз қозғады. Шетелдік адам журналист болып шығып, М.-ның әңгімесіне сілтеме жасап, Қазақстан Республикасына барған сапары туралы сұхбатында айтты. Бұл туралы қонақ үйдің әкімшілігіне белгілі болған кезде М. өзінің әрекеті арқылы қонақ үйдің дәрежесін түсірді дегенге сілтеме жасап, жұмыстан шығарылды. Онымен жасалған еңбек шарты бұзылды.

М. қолы қойылған енбек шарты формулярында келесідей нәрселер қарастырылған: қонақ үймен жасасқан қызметкер еңбек зандарында көрсетілген жағдайлардан басқа әкімшілік бір жақты да шарт бұзуға құқығы бар, яғни келесідей жағдайлар болғанда: компанияның мүлкін ұрлау, келген қонақтардың және басқаның денсаулығына қауіп төндіру мақсатындағы әрекеттер; жұмыс кезінде ұйықтау; қонақ үйдің ішіндегі ойындар; қонақ үйдің дәрежесін түсіретін әр түрлі әрекеттер.



Есепке қатысты сұрақтар:

Мұндай талаптар Казақстан Республикасының заңдылыгында қарастырылған ба ? Шетелдік инвестициялар мекемесі еңбек шартын бұзу үшін қосымша талаптар қоя ала ма? Қонақ үй әкімшілігінің әрекеттері құқыққа сай болып табыла ма? Осы жағдайда қонақ үйдегі басшының рұқсатынсыз кез келген мәліметті беруге және журналистерге сухбат беруге болмайды деген ереженің болуы маңызды болып табылама?
Есеп: ГФР елі азаматының еңбек қатынастары.

ГФР азаматы Бунц Германияның қосылуына дейін Кеңес үкіметінің жоғары оқу орнында оқып келген. Содан кейін ол Германияға қайтып келіп, С. деген үлкен фирмаға жұмысқа орналасты. Фирма Бунц деген азаматпен еңбек шартын жасасты. Қорытындысында, фирма Бунцты Қазақстан Республикасындағы өкілеттігіне жұмысқа жіберді. Бірнеше жылдан кейін Бунц жұмыстан шығарылды. Ең соңында, ол толығымен басқа неміс фирмасына жататын шетелдік инвестициямен жұмыс істейтін мекемеге жұмысқа орналасты. Бунц герман азаматы болып қала береді.



Есепке қатысты сұрақтар:

Бунцтың С. фирмасымен жасасқан еңбек шарты Қазақстан Республикасындағы жұмыс істеу кезінде әсер ету күші бар ма? Өкілеттік неміс қызметкерімен шарт жасаса ала ма? Шарт жасаған кезде Казақстан Республикасында қолданылатын заңдылықтар қолданыла ма?

Бунцтың еңбек қатынастары Қазақстан Республикасында еңбек ету кезінде қалай реттеледі? Оны жұмысқа жалдау кезінде жұмыс беруші қандай әрекет жасайды? Белгіленген ережелерден қандай бөлімдерін алуға болады?

Кез келген жағдайда қызметкер қандай құжаттар беруге міндетті? Егер еңбек шарты ГФР азаматы мен неміс жұмыс берушісі арасында жасалса, оның жалақысы неміс валютасымен төленуі мүмкін бе?
Есеп: Францияда жарияланған конкурсты тану.

Францияда француз заңнамасының ережелеріне сәйкес, конкурстық өндіріс жарияланды.

Конкурстық өндірістің ашылуына дейін бірнеше күн қалғанда коғам жұмыстарын басқарушы Қазақстан Республикасының несие берушісіне 1 млн. евро көлемінде ақша сомасын төлейді. Оған дейін екі жақ та француз коғамының банкрот болатындығын білген.



Есепке қатысты сұрақтар:

Франциялық конкурстық басқарушы Қазақстан Республикасында бұл соманы қайтару туралы талап қоя ала ма? Егер де қоя алса, бұл үшін не істеуі керек?
Есеп: Қазақстан Республикасында сотқа талап кою.

Израиль азаматшасы Ф. Қазакстан Республикасының Т. деген азаматын ата-аналық құқығынан айыру туралы талап арызбен Казақстанның сотына жүгінеді. Талап арыз Бостандық ауданының сотымен қарастырылып, қанағаттандырылады.



Есепке қатысты сұрақтар:

Сот істі Қазақстан заңнамасының қандай ережелерінің негізінде өз қарауына алды? Қазақстан Респудликасымен Израиль арасында өзара көмек көрсету жөніде ешқандай келісім жоқ.
Арнайы дәрісханалар, кабинеттер және зертханалар тізімі
516 – Сот процестері кабинеті

509 – Дәрісхана
жүктеу 5,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау