Квота белгілеу тәртібі. Уәкілетті органдар жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде жұмыс берушілер өтініштерінің негізінде орталық атқарушы органға жұмыс берушінің алдағы жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша ұсынады.
Мүдделі орталық атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарын орталық атқарушы органға енгізе алады.
Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделі орталық атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін алдағы жылға арналған квота белгілеу туралы нормативтік-құқықтық келісімнің жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізеді.
Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік корғау және еңбек министрлігі тартылатын шетел еңбек күшіне жалпы квота береді, ал оның арнайы есебін жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Сондай-ақ оларға тартылатын шетел жұмыс күшінің қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру жүктелген. Демек, әрбір жергілікті атқарушы орган нақты сол аумақтың еңбек нарығына қажетті мамандарды тартуға ұсынады. Бірақ, іс жүзінде еңбек нарығына кажетті сирек кездесетін мамандық иелері аздық етеді. Дүние жүзіндегі техникалық прогрестің әсерінен жаңа технологиялар шығарылуда. Жаңа технологияларды біздің өндіріске енгізу әрдайым жұмыстың тез, әрі сапалы орындалуына әкеледі. Нарықтық экономикаға көшкен Республикадағы ірі кәсіпкерлерді аталмыш мәселе қызықтырады. Олар өз бизнестерін қарқынды дамыту үшін және нарықта ұсынысқа ие болу үшін осы технологияларды жетік білетін мамандарды ішкі еңбек нарығында іздеуге күш салады. Бірақ, ондай маманды біздің нарығымызда табуға мүмкін емес деп айта аламыз. Сондыктан да, жұмыс берушілер сырттан маман тартуға мәжбүр болады. Тәжірибеде уәкілетті органның лауазымды адамдары жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартудың нысаналығына байланысты көптеген күрделі талаптар қойған. Өз кезегінде жұмыс беруші бұл жағдайдан шығу үшін пара беруге жүгінген.
Соңғы өзгертулерде жоғарыда аталған мәселелер шешімін тапты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №322 каулысына 3-тарау енгізілді. «Квота бөлу» орталық атқарушы органы Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін 15 күн ішінде осы облыстардағы, Астана және Алматы калаларының арасында еңбек нарығындағы ахуалды және өндірісті дамыту және инвестициялау жобаларын, оның ішінде шетелдік капиталды қарастыра отырып іске асыру, сондай-ақ прогресивті шетелдік технологияларды енгізу үшін тиісті облыс, Астана мен Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшіне қажеттілігін ескере отырып, республиканың экономикалық белсенді халкынан пайыздық қатынаста бөледі.
Орталық атқарушы орган бекітілген квотаны облыстарда, Астана мен Алматы калаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады. Атап өтсек, квота бөлу тарауында тек орталық атқарушы орган шешеді деп көрсетілген. Біздің пікірімізше, «уәкілетті органдардың ұсынысымен» деген толықтыру кажет.
Ереженің күші:
шетелдік заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің 1-ші басшы болып қызмет істейтін;
мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 45 күнтізбелік күннен аспайтын іс сапарда жүрген;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың 1-ші басшылары және Қазақстан Республикасының қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрі инвестициялар
жөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан заңды тұлғаларының 1-ші басшылары болып қызмет істейтін;
банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының 1-ші басшылары болып жұмыс істейтін;
дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Қазакстан Республикасында аккредителген консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын;
қайырымдылық және ізгілік көмек көрсету мақсатымен келетін;
Қазакстан Республикасында аккредителген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері болып табылатын;
шетелдік ұйымдарға тиесілі теңіз және өзен кемелері, әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын;
әртістер мен спортшылар болып қызмет істейтін;
жеке кәсіпкерлер болып табылатын;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
босқын мәртебесін немесе Қазақстан Республикасының аумағында саяси баспана алған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
Рұқсатты алған соң, жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін растауға кіріседі. Жұмыс беруші рұқсаты болған кезде шетелдік қызметкерлермен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес, еңбек шарттарын жасасады. Жұмыс беруші рұқсат алған күннен бастап, 3 айдан кешіктірмей тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін қалыптастырады және оларды уәкілетгі органға ұсынады. Сондай-ақ жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін: тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жылын, азаматтығын, тұрақты тұратын елін, баратын елін, мамандығы мен білімін Қазақстан Республикасында қолданылатын орталық атқарушы орган бекітетін жұмысшылар жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына және 0199 «Кәсіптер сыныптаушы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушысына сәйкес кәсіптер мен лауазымдарының атауларын керсете отырып, бес дана жасайды. Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізіміне:
білімі туралы құжаттарының нотариалды расталған аудармалары;
медициналық анықтамалары;
қызметкердің еңбек қызметін жұмыс беруші растайтын құжаттар;
жасалған еңбек шартыны- көшірмесі;
5) рұқсаттың мерзімі аякталғанда шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан тысқары шығуына кепілдік беретін құжаттар коса беріледі.
Уәкілетті орган құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін, олар берілген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші берген тізімдерді растайды. Шетелдік қызметкерлермен еңбек шарты рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда, жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшінің өзгертілген, уәкілетті орган растаған тізімі негізінде сол санат пен біліктілік бойынша тарта алады.
Уәкілетті орган тізімдер расталған күннен бастап, оларды 5 жұмыс күні ішінде орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына ұсынады.
Тізімдерді растау мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:
құжаттарды сәйкес толық және тиесілі ұсынбағанда;
тартылатын шетелдік жұмыс күші талап етілетін санат пен біліктілікке сәйкес болмауы;
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (13.12.97.) 22-бабында көзделген негіздер бойынша;
тартылатын шетелдік жұмыс күші үшін визалық қолдау жұмыс берушіде уәкілетті орган растаған тізімдер қоса берілген рұқсат болған кезде жүзеге асырылады;
жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанда шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасынан тысқары шығуын қамтамасыз етеді.
Аталмыш ережеде жұмыс берушіге рұқсат қандай мерзімге берілетіндігі көрсетілмеген. Бірақ рұқсат мерзімін ұзарту және рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу мәселелері жеке-жеке қарастырылып реттелген. Біздің ұсынысымыз ережеге әрбір санатқа сәйкес рұқсат мерзімін немесе өзгеше тәртіппен рұқсат мерзімін бекітіп, енгізу кажет сиякты.
Рұқсат мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша тиісті облыс, Астана мен Алматы қалалары үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады. Рұқсаттың мерзімін ұзарту 1-ші санат үшін екі рет, екінші санат үшін бір рет жүзеге асырылады. Үшінші және төртінші санаттар үшін рұқсаттын мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды.
Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 20 күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды: өтінішті, рұқсаттың тұпнұсқасын, уәкілетті орган растаған шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін, бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттарының орындалуы туралы ақпаратты, рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесін жібереді.
Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негізінде құжаттар берілген күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде рұқсаттың мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды және жұмыс беруші мен орталық атқарушы органды қабылдаған шешім туралы 5 жұмыс күні ішінде бас тартқан жағдайда себебін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
Рұқсаттың мерзімін ұзарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды:
егер құжаттар толық және тиесілі рәсімделмесе;
бұрын берілген рұқсаттың ерекше шарттары орындалмаса;
бөлінген квотадан асып кетсе.
Уәкілетті орган міндетті түрде себебін көрсете отырып, рұқсаттың қолданылуын 3 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы.
Рұқсатты уәкілетті органдар тоқтата тұрады: жұмыс беруші рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған; шетелдік жұмыс күші рұқсатга көзделген саннан артық тартылған; тартылатын жұмыс күші тізімдерінде көрсетілмеген шетелдік жұмысшылар мен мамандар тартылған жағдайларда жүргізіледі.
Тоқтатыла түрған рұқсаттың қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін калпына келтіріледі, бұл туралы жұмыс берушіге қалпына келтіру туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарланады.
Уәкілетті орган рұқсатты қайтарьш алуды уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата түрған себептер жойылмаған, сондай-ақ үш ай ішінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдері немесе белгіленген есеп беру ұсынылмаған жағдайда жүргізеді.
Қазақстан Республикасына келген шетелдіктер кейіннен заңсыз еңбекші иммигранттарға айналып кетпеуі үшін және жұмыс беруші өзіне жүктелінген арнайы міндеттерді толық, уақытында орындау мақсатында жұмыс беруші рұқсатты алғаннан кейін уәкілетті органға ай сайын шетелдік жұмыс күшін тарту туралы және Ереженің 13-тармағына сәйкес ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат ұсынады. Уәкілетті орган орталық аткарушы органға ай сайын шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыс берушінің рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөнінде орталық аткарушы орган белгілейтін нысан бойынша есеп ұсынуы қажет. Біздің пікірімізше, бақылаудың тәртібін қатаң койған өте пайдалы, себебі катаң бақылау бар жерде біріншіден, тәртіп, екіншіден, міндеттер жетік дәрежеде орындалады. Сондай-ақ, Ереже шарттарының орындалуын бақылауды орталық атқарушы орган мен аумақтық органдары, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. Орталық атқарушы орган бөлінген квотаның өңірлер бойынша сақталуын бақылайды. Уәкілетті орган мен орталық атқарушы органның аумақтық органы жұмыс берушінің рұқсат берудің ерекше шарттарын орындауын және жұмыспен қамту туралы заңнаманың орындалуын бақылайды.
Осы Ережеде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктейді. Жұмыс берушіге тәртіптік, азаматтық және қылмыстық жауапкершіліктер қолданылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 396-бабы (30.01.01) Казақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуға арналған.
Қазақстан Республикасы аумағына уәкілетгі органның тиісті рұқсатынсыз немесе оны алдау жолымен алып өз бетімен келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды (жасырын иммигранттарды) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдауы, сондай-ақ лауазымды адамдардың жасырын иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бір өзге де заңдық (құқық туғызушылық) іс-әрекеттер жасауы - азаматтарға айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 20-ға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – 20-25-ке дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға 300-500-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ, адамның Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуы Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, айлық, есептік керсеткіштің 20-25 дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Көшіп келу ережелерін бұзу.
Көшіп келушінің көшіп келушілерді бақылау бекеті жанындағы уақытша ұстау орнында тұрудан, көшіп келушілерді уақытша орналастыру орталығынан, уақытша болу үшін көші-қон қызметінін аумақтық органы белгілеген орында тұрудан жалтаруы, сол сияқты оның Қазакстан Республикасындағы құқықтық мәртебесін анықтау кезінде сонда тұру ережелерін бұзуы, ескерту жасау немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып немесе онсыз айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32-бабы талап коюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу. Жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны өндіріп алу туралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұлтартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнеткерлік және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптар талап қоюшының тұратын жері бойынша койылуы мүмкін. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларға дау айту жөніндегі талаптар талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша да қойылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу.
Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушінің жұмысқа бірнеше рет қабылдауы, 500-700 АЕК-ке дейінгі мөлшерде не сотталған адамның 5-7 айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табыс мөлшерінде айыппұл салуға не 100-200 сағатқа дейінгі мерзімге коғамдық жұмысқа тартуға жазаланады.
Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетел жұмыс күшін пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзуы 700-900 АЕК-ке дейінгі мөлшерде не сотталған адамның 7 айдан 7 жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға не 140 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға жазаланады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (16.07.97).
148-бап Еңбек туралы заңдарды бұзу.
1. Қызметкерді жеке пиғылмен жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмыста қайта қалпына келтіру туралы шешімін орындамау, сол сияқты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соққан еңбек туралы заңдарды өзге де бұзу – 100-200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның 1 айдан 2-айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысынын мөлшерінде айыппұл салуға не 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
2. Басқару қызметін аткарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемінде және белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідіртуі 300-700 АЕК-ке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның 37 айға дейінгі кезеңдегі жалақысы мөлшерінде айыппұл салынады немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
152-бап. Еңбекті корғау ережелерін бұзу мәселелеріне арналған. Демек, Қазақстан Республикасы заңнамасы жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қатынастарды жан-жақты реттейді және қорғайды. Қазақстан Республикасының Енбекті корғау туралы заңы (22.12.93) мен Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңдарының нормалары жұмысшының құқықтарын қорғайды.
Казакстан Республикасының «Еңбек туралы Заңы» Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейді. 3-бапта: «Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы заңның күші Қазакстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жузеге асыратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады» делінген, яғни жұмыс беруші мемлекеггін заңы келген еңбекшіиммигранттарға таралады.
Мысалы, «Шетел инвестициялары туралы» Заңда (27.12.94) Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін шетел азаматтарының еңбек қатынастары 24-25-баптарымен реттелген.
24-бап. Еңбек қатынастары.
Шетел қатысатын кәсіпорындарда жұмысқа жалдау мен босату, еңбек пен демалыс режимі мәселелерін, еңбекке ақы төлеу, кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу ережелерін қоса алғанда, өндірістік және енбек қатынастары ұжымдық шартпен (келісіммен) де, жеке еңбек шарттарымен де реттеледі.
Ұжымдық шарт (келісім) пен еңбек шарттарының ережелерін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ережелермен салыстырғанда осы кәсіпорын қызметкерлерінің жағдайын нашарлатпауы керек.
Шетел қатысатын кәсіпорындағы кәсіптік одақтардың қызметі Қазакстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады. Демек, lex voluntatis коллизиялық байланым орын алады.
25-бап. Шетелдік қызметкерлерді тарту.
Шетел қатысатын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерінің, оның әкімшілігінің, бақылау кеңесі мүшелерінің құрамына шетелдік азаматтар кіре алады.
Шетел қатысатын кәсіпорындарының шетелдік қызметкерлерінің енбегіне ақы төлеу, оларға демалыс беру, зейнетақымен камтамасыз ету мәселелері олардың әрқайсысымен жасалатын жеке еңбек шарттарында шешілуге тиіс. Осы қызметкерлер ездерінің шетелдік валютамен алатын жалақысын тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін шет мемлекеттерге аудара алады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұрғылықты жері жоқ шетелдік қызметкерлермен еңбек қатынастарына, егер еңбек шартын (келісім-шартын) жасаушы тараптар оны жасасқан кезде немесе бұдан былайғы келісім негізінде еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін реттеп отыратын елдің заңдарын таңдап алмаған болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының императивтік қалыптары қолданылатын мәселелерге шетелдік заңдар қолданылмайды, яғни жалпы lex voluntatis байланымын қолданбағанда, lex loci laboris қосымша байланым ретінде іске қосылады. Соңғы өзгерістерді қарастырсақ заңның атауы өзгертілді «Инвестициялар туралы» Заңда (8.01.03) 4, 25-баптар жойылды және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері ұлттық заңнамаға сәйкес реттеледі.
Шетел жұмыс күшін Қазақстанда тартқанда ерекше кәсіпорындарда білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге ұмтылады. Бұл салаларға машина құрылысы, білім беру, құрылыс салу жатады. Құрылыс салуда әрбір шетел компаниясы немесе ұлттық компаниялар білікті шетел мамандарының санын құрылыс мердігерлікке тартады. 1990 жылдардан бастап Қазақстанның ірі қалаларында құрылыс салу басталды. Құрылысшылар көбінесе Түркия мен Үндістаннан тартылды, ал отанымыздың құрылысшылары бұл жұмыстарға алынбады. Енді соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел мердігерлері орындайтын жұмысы бар келісім-шарттарды жасасқанда жұмысшылардың 70%-дан кем емесі қазақстандықтардан алынуы тиіс деп отыр. Әлбетте, іс жүзінде шетелдіктер келісім-шарттарын орындағысы келмей, жергілікті жұмысшылардың біліктілігінің төменгі дәрежеде екендігін себеп тұтып, өз жұмысшыларын тартады. Лицензияланған жұмыс күші жоғары жалақы алатын жұмысшылар санатына жатады. Мысалы: 1996 жылы Еңбек министрлігі 5,5 мың адамға 467 лицензия берді, оның ішінде 4,2 мың - шетел мемлекеттерінен, 1,3 мың - ТМД мемлекеттерінен. Шетелдік жұмыс күшінің көп бөлігі Үндістан, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Болгариядан келді. Негізгі тобы құрылыста, мұнай-газ өнеркәсіптерінде жұмыс істеді. Импорттаушы мемлекеттердің ішінен Түркия, Қытай бірінші орында тұр.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудің тәртібі Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы №862 қаулысымен бекітілген. Заңды және жеке тұлғалардың шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазакстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін осындай қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болуы тиіс. Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия беруді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік корғау министрлігі (Алматы қаласы бойынша - Алматы қаласының органы) жүргізеді.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған лицензия:
қызмет ауқымы бойынша қолдану мерзімі шектеусіз берілетін бас лицензия болып табылады;
аумақтық сала бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген шетелдік жұмыс күшін әкелуге арналған лицензияға сәйкес Қазакстан Республикасы шетелдік азаматтардың келуіне ашық барлық аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде (Алматы каласынан басқа) қолданылады. Алматы қаласының атқарушы органы берген лицензия Алматы қаласының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылады. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар керек:
белгіленген үлгідегі өтініш;
лицензиаттың қызметтің лицензиялайтын түрімен айналысу құқығына арналған біліктілік талаптарына сай екендігін растайтын құжаттар;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым енгізілгенін растайтын құжат ұсыну қажет. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттармен алады.
Заңды тұлғалардың өтініші бойынша шешім бір ай мерзімнен, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтініш берілген күннен бастап 10 күндік мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.
Лицензия, егер:
қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға аталған субъекті үшін заң актілерімен тыйым салынса;
лицензиялар туралы заңдарына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаса;
кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына алым енгізілмесе;
өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына сай жауап бермесе;
өтініш берушіге қатысты соттың оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынатын шешімі болса берілмейді.
Лицензия беруден бас тарту туралы шешім лицензия беру үшін белгіленетін мерзімде өтініш иесіне жазбаша түрде жіберіледі.
Лицензия иеліктен шығарылмайтын, яғни лицензия басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайтын болып табылады.
Лицензияны кері қайтарып алу:
лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;
сот лицензиатқа қызметтің оның жүзеге асыруға лицензия бар түрімен айналысуға тыйым салған;
л бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын уақытша тоқтатқан себептері жойылмаған жағдайларда сот тәртібімен жүргізіледі.
Лицензиат токтата тұрудың себептерін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты ай мерзімге дейін токтата тұруға құқылы. Лицензияның қолданылуы анықталған жайсыздықтар жойылғаннан кейін лицензиардың шешімі бойынша жаңартылады, ол туралы, лицензиарға жазбаша түрде хабарланады.
Лицензия кері қайтарылып алынған немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайларда кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған алым қайтарылуға жатпайды.
Лицензиаттың лицензияның тоқтатыла тұруына және кері қайтарылуына байланысты барлық мәселелер бойынша лицензиардан жазбаша түрде растау алуға кұқығы бар. Сондай-ақ лицензиат лицензияның берілуі, кері қайтарылып алынуы, қолданылуының тоқтатыла тұруы және жаңартылуы туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне және Ұлттық кауіпсіздік комитетіне ақпарат береді.
Лицензияны жоғалтып алған жағдайда, көшірме лицензия белгілеген шарттарға сәйкес беріледі.
Лицензиялық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктеледі. Лицензия алмастан шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін шетелге шығаруға байланысты қызметке тыйым салынады. Лицензиялық нормалар мен осы тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеліп соғады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты қызметте лицензия алуға үміткер заңды тұлғаға (өтініш берушіге) мынадай біліктілік талаптары қойылады:
Өтініш берушінің штатында жоғары және арнайы заңгерлік білімі бар кем дегенде бір маманның болуы, үй-жайы, компьютерлері және еңбек биржасымен, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық талдау орталығымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жабдықтары болуы.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға байланысты қызметте лицензия алуға үміткер жеке тұлғаға (бұдан әрі өтініш беруші) мынадай біліктілік талаптары койылады:
Халықты жұмыспен қамту саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде енбек және кәсіптік қызметін жүзеге асыруының тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы №862 қаулысымен бекітілген.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (шетелдік азаматтар) жұмыс берушімен жасалған келісім-шарттың (еңбек шартының) негізінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек және кәсіптік қызметті жүзеге асыра алады.
Шетелдік азаматтар, егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы лауазымға тағайындалуы немесе қызметтің осы түрімен айналысуы Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігіне байланысты болса, жекелеген лауазымдарға тағайындалады немесе еңбек қызметтің жекелеген түрімен айналыса алмайды. Шетелдік азаматтардың еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқығы болады және сондай жауаптылықта болады.
Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуінің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс беруші мен шетелдік азамат арасында жасалған келісім-шарттың тараптарымен айқындалады.
Келісім-шарт (еңбек шарты) міндетті түрде жұмыс беруші мен қызметкерлер туралы деректерді, келісім-шарттың нысаны туралы шартты, еңбекақы төлеудің, жұмыс және демалыс уақытының, өмірі мен денсаулығын сақтандырудың, жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырудың шарттарын, тараптардың міндетгемелерді орындауы мен жауаптылығын, еңбек дауларын шешудің тәсілдері туралы, қызметкерді тұрақты тұратын жеріне жұмыс берушінің есебінен қайтару туралы, келісім-шартты қолданудың және оны бұзудың мерзімдері туралы негізгі шарттарды қамтуға тиіс. Келісім-шарттың өзге шарттарын тараптар айкындайды.
Жұмыс берушілер орталық атқарушы органнан белгіленген квоталар шегіңде берілетін шетелдік азаматтарды тартуға рұқсат алуға міндетті.
Орталық атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде мемлекеттің ішкі еңбек нарығын корғау жөніндегі мүдделерін басшылыққа алады.
Егер:
1) бұл адамдар ресми дипломатиялық, консулдық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың құрамына кіретін болса;
бұл адамдар арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын болса;
бұл адамдар Қазақстан Республикасында ресми тіркелген бірлестіктердің діни қайраткерлері болатын болса;
бұл адамдар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері болып табылатын болса және Қазақстан Республикасында тіркелген болса;
бұл адамдар Қазақстан Республикасында тұруына ықтияр хаты болса шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат (еңбек шартының) қолданылу мерзіміне беріледі.
Жұмыс берушілер өздері орналасқан жері бойынша уәкілетті органға шетелдік жұмыс күшін тарту үшін қажетті құжаттармен қоса орталық атқарушы органның атына өтініш беруі тиіс.
Өтінішке тегін, атын, әкесінің атын, туған күні мен жылын, шыққан елін, мамандығы мен білімін, Қазақстан Республикасында қолданылатын қызметтердің, мамандықтардың және жұмыстардың бірыңғай тарифтік анықтамалығына сәйкес шақырылатын қызметтері көрсетіле отырып, жұмыс берушілердің қолы мен мері бар 5 данада әкелінетін, жұмыс күшінің тізімі, жұмыс берушінің жалданушы қызметкерлермен еңбек шартының көшірмесі, халықаралық үлгідегі медициналық анықтама – ВИЧ-ке тексеру анықтама қоса беріледі.
Шетелдік жұмыс күші, тартылған жері бойынша уәкілетті органдар ұсынылған құжаттар негізінде, 2 аптадан аспайтын мерзім ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің мүмкіндігі туралы негізделген қорытынды шығарады және оны осы ұсынылған құжаттармен бірге орталық атқарушы органға жолдайды.
Орталық атқарушы орган жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтінішін 2 аптадан аспайтын мерзімде, ал шағын субъектілер үшін 10 күннің ішінде қарайды. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың мерзімі лицензиар шешім қабылдаған күннен бастап есептеледі.
Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру:
талап етілетін құжаттарды ұсынбаған;
құжаттардың ресімделуінің осы тәртіптің шарттарына сәйкес келмеуі жағдайында жүзеге асырылады.
Орталық атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, Шекара әскерлерінің қолбасшылығына хабарлайды.
Казакстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе келісімдерде жұмыс күшін ауыстырудың өзгеше ережелері белгіленген жағдайда халықаралық шарттын ережелері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |