ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІ ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ
5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
3 кредит (135 сағат)
Қарағанды 2016
АЛҒЫ СӨЗ
5В074800 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігімен әзірленді.
Типтік оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпы міндетті жоғарғы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындығы №1080 қаулысымен қарастырған және толықтырулар мен өзгертулер 13 мамыр 2016ж. №292 қаулысымен енгізілген.
Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 маусым 2016ж. № 2 хаттамасымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген
ТҮСІНІК ХАТ
"Фармацевтикалық өндірістерді жобалау негіздері және кәсіпорындарды жабдықтау" пәнін оқу химиялық технология саласында, оның ішінде фармацевтика өндірісінде жқмыс істей алатын мамандарды дайындауға бағытталған.
"Жобалау негіздері және кәсіпорындарды жабдықтау" пәні фармацевтика өнеркісбінде жұмыс істейтін инженер-технолог маман үшін қажет білімді талап ететін бірнеше бөлімдерден тұрады. Олардың ішінде маңыздыларына төмендегілер жатады:
өнеркәсіпті және өнеркәсіптік процестерді жобалау;
фармацевтика өндірісінің құрылғыларымен ғимараттарын жобалаудың негізгі принциптері.
фармацевтика өнеркәсібін автоматтандыру;
өнеркәсіпті және өнеркәсіптік процестерді жобалаудың қазіргі заманға сай әдістері.
Бұл пәнді игеруді бастамас бұрын студент төменегідей пәндерді жетік меңгеруі қажет: "Информатика", "Экология", "Инженерлік графика", "Теориялық механика", "Қолданбалы механика", "Химиялық технологиядағы негізгі процестер мен аппараттар", "Жалпы химиялық технология", "Физикалық химия". Сондай-ақ, аталған пәндерден басқа "Жобалау негіздері және кәсіпорындарды жабдықтау" курсымен байланысты келесідей пәндер де қарастырылады: "Дәрі-дәрмектердің және экстракциялық препараттар технологиясының негізі", "Дайын дәрілер түрінің технологиясы және биофармация", "Өнеркәсіптік синтездің жалпы принциптері", "Дәрілік заттарды орау мен салудың автоматары мен машиналары", "Жасанды дәрілік заттардың химиясы және технологиясы", "Фармацевтика өнеркәсібінің экономикасы", " Табиғи дәрілік заттардың химиясы және технологиясы ".
Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырып
|
дәріс
|
лаб
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Алға қойылытын тиімді жоспар және
фармацевтика өндірісін жобалаудың
техникалық-экономикалық негіздемесі.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
2
|
Фармацевтика өндірісінің құрылғы-ларымен ғимараттарын жобалаудың негізгі принциптері.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
3
|
Өнеркәсіптік процестерді ұйымдастырудың
жолдары(біртіндеп, параллельді- біртіндеп)
жәнеоларды әртүрлі өнеркәсіптерде
пайдалану (жекелеген, жаппай, сериялық).
|
1
|
1
|
2
|
2
|
4
|
Фармацевтика өндірісінің негізгі бас
жоспары
|
1
|
1
|
2
|
2
|
5
|
Технологиялық процестің материалдық
және жылулық баланс теңдеуі.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
6
|
Гидравликалық және механикалық есептеулер
|
1
|
1
|
2
|
2
|
7
|
Технологиялық және көліктік
қондырғыларды өнеркәсіп кеңістігінде
өзара орналастыру.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
8
|
Химиялық қондырғыларды қолданудың
ерекшеліктері және оларға әртүрлі зиянды
факторлардың әсері .
|
1
|
1
|
2
|
2
|
9
|
Аппараттар мен қондырғыларды дайындау үшін қолданылатын материалдар.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
10
|
Автоматтандырылған басқару және реттеу
жүйелері.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
11
|
Автоматтандырылған жүйелерді
жобалау процесі барысында қолдану.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
12
|
Автоматты жобалау және реттеу
жүйелерінің экономикалық тиімділігі.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
13
|
Массалмасу процесінің қондырғылары
және олардың құрылысы.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
14
|
Фармацевтика кәсіпорындарын дамыту
және жетілдіру мүмкіндіктері.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
15
|
Құрылыстық және санитарлық нормтивтер.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
|
Жалпы
|
15
|
15
|
30
|
30
|
Пәннің мазмұны
Кіріспе
Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге өнеркәсіпті жобалау және жабдықтау негіздері бойынша жалпы білім мен оларды іске асыра білу жолдарын үйрету болып табылады. «Жобалау негіздері және кәсіпорындарды жабдықтау» пәнін оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей талаптарға жауап беруі қажет:
білу қажет өнеркәсіпті салу барысвндағы және салуға дайындау барысында қолданылатын негізгі нормативті-техникалық құжаттардың құрылымын; ойлап табу мәселелерінің әдістерін бәлу; ғимарат ішіндігі қондырғыларды өзара орналастыра білу және цехішілік коммуникацияларды орналастыру;
істей алуы қажет, нормативті-техникалық құжаттарды пайдалана отырып, цехтың жалпы құрылымын және ондағы көліктік ағындарды жобалай білу;
үйрену қажет жобалаушы маманның негізгі функционалды міндеттерін меңгеруі қажет, қажетті құжаттарды толтыра білу.
Пәннің құрылымдық-логикалық сұлбасы. Пәнаралық байланыс. Негізгі терминдер және анықтамалар. Фармацевтика өнеркәсібін жобалаудың негізі.
Сапалы жобалау кез келген өнеркәсіп орнының болашақтағы нәтижелі жұмыс істеуінің кепілі.
Химиялық аппараттардағы, кептіру, сорбциялық және экстракциялық аппараттардағы жылудың берілу және шығарылу жолдарын игеру.
Автоматтандандырылған жобалау және реттеу жүйелерін өнеркәсіптік өндіріс орындарын жобалау барысында пайдалану. Өнеркәсіпті технологиялық, техникалық және конструкторлық тұрғыдан дайындау үшін қажет уақыттық және қаржылық шығындар.
Сонымен, «Жобалау негіздері және кәсіпорындарды жабдықтау» пәні 1 семестр бойы оқылады да, соңында емтихан тапсыру арқылы аяқталады.
Негізгі бөлім
Алдын-ала жобалау мүмкіндіктері.
Жобалау мәліметтерін қолдану. Өнеркәсіптің техникалық-экономикалық негіздемесі. Өнеркәсіпті құру үшін қажет алаңды таңдап алу және келістіру. Жобалау үшін негіздеме.
Фармацевтика өнеркәсібін жобалаудың ерекшеліктері. Жобалау құжаттарын дайындау. Экологиялық болжау. Технологиялық процесс- өнеркәсіптік жобалаудың негізі.
Өнеркәсіптік процестерді ұйымдастыру әдістері (реттік, параллельді, параллельді-реттік) және оларды әртүрлі өнеркәсіп орындарында қолдану (жекелеген, сериялық, жаппай). Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Бұл әдістерді экономикалық тиімділік тұрғысыан өнеркәсіптің әртүрлеріне қолдана білу.
Бас жоспар — өнеркәсіптік кешен жобасының негізгі бөлігі. Өнеркәсіптік түйін. Өнеркәсіпті жоспарлау, салу, жобалау сұрақтарын кешенді шешу.
Технологиялық процестің материалдық баланс теңдеуі. Массалық баланстың жалпы теңдеуі. Қондырғылардың негізгі өлшемдерін анықтау. Процестің энергетикалық және материалдық балансын жасау. Периодты жұмыс істейтін реакторды есептеу. Гидравликалық кедергіні есептеу. Механикалық есептеу.
Технологиялық және транспорттық қондырғыларды өндіріс орнында дұрыс орналастыра білу. Әртүрлі қондырғылардың өзара қарым-қатынасы. Өнеркәсіптік желдендіру.
Технологиялық және транспорттық қондырғылардың зиянды әсерлер (шаңдану, жоғары ылғалдылық, вибрация) тұрғысынан өзара қарым-қатынасы және осы зиянды факторлармен күресу жолдары (өзара тиәмдә орналастыру, вибрацияны сөндіру т.б.)
Кең температуралар, қысымдар диапазонымен және уытты ортаның әсерімен сипатталатын химиялық қондырғыларды қолданудың ерекшеліктері. Фармацевтика өндірісі қондырғыларын дайындайтын материалдарға қойылатын талаптар.
Жобалау барысындағы автоматты жобалау және реттеу жүйелерінің міндеті және оларды қолдану және оларға қойылатын қазіргі заманға сай талаптар. Автоматты жобалау және реттеу жүйелерінің экономикалық тиімділігі.
Массаалмасу процестерінің негізгі қондырғылары: ректификациялық, адсорбциялық, абсорбциялық мұнаралар. Олардың құрылысы және негізгі өлшемдері.
Фармацевтика өндірісін дамытудың мүмкіндіктері.
Бұл саладағы негізгі жетістіктер (техникалық және технологиялық жаңалықтар) және әрі қарай дамыту жолдары.
Фармацевтика өндірісіне қатысты құрылыстық және санитарлық нормативтер. Оларды жобалау барысында ескеру. Қажетті құжаттарды дайындау.
Семинар сабақтарының тақырыптары
1. Фармацевтика өндірісін жобалаудың техникалық-экономикалық негіздемесі.
2. Фармацевтика өндірісін жобалаудың принциптері
3. Негізгі және қосымша қондырғылардың технологиялық есептемесі.
4. Технологиялық процестің материалдық балансы
5. Негізгі қондырғының жылулық есептемесі
6. Гидравликалық есептеулер
7. Механикалық есептеулер
8. Автоматтандыру жүйелерінің міндеті және оларды жобалау барысында пайдалану
9. Технологиялық көліктің ролі және оны өндіріс орнында орналастыру
10. Конструкциялық материалдарды таңдап алу алу үшін қажет негізгі парметрлер және оның негізгі элементтерін есептеу
11. Өнеркәсіп орныныда қолданылатын автоматтардың түрлері
12. Реакторды таңдап алуға әсер ететін химиялық факторлар
13. Химиялық реакторлардың түрлері
14. Өнеркәсіптік қондырғылардың ерекшеліктері және жіктемесі.
15. Фармацевтика өнеркәсібінің санитарлық-техникалы нормативтері.
Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
Автоматтандыру арқылы жобалау дамуының тарихы.
Жобалау барысында процесті автоматтандыру үшін ЭЕМ қолдану.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жобалау құжаттарын дайындау.
Технологиялық процесс өнеркәсіптік жобалаудың негізі.
Өнеркәсіптік ғимараттардың түрлері.
Химия өнеркәсіп орындарының қосымша ғимараттары.
Кәсіпорындардың қоймалары.
Химия өнеркәсібін жобалаудың негізгі сатылары және қондырғылары.
Инженер-химик маманды дайындау барысындағы жобалау жұмысы.
Жоғарылегирленген болаттан дайындалған аппараттардың конструкциялық ерекшеліктері.
Эмальданған аппараттардың конструкциялық ерекшеліктері.
Түсті металдардан дайындалған аппаратар және олардың ерекшеліктері.
Пластмассадан дайындалған аппаратар және олардың ерекшеліктері..
Химия зауыттарының қосымша қондырғылары.
Қатты материалдарға арналған көліктер.
Өнеркәсіптік орындарды жобалау үшін қажет алғашқы берілген мәліметтер.
Сұйықтықтар мен газдарды тасымалдау үшін қажет қондырғылар.
Жобалау-сметалау құжаттары.
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.
Өнімді шығару және кәсіпорынды салу экономикасы.
Ұсынылатын әдебиет
Негізгі әдебиет
Косинцев В.И., Михайличенко А.И., Основы проектирования химических производств. М.:ИКЦ «Академкнига», 2005г.- 332с.
Дыпнерский Ю.И. Основные процессы и аппараты химической технологии. М.:ВШ., 1991. – 408с.
Альперт Л.З. Основы проектирования химических установок. – М.:ВШ., 1976. –272с.
Беркман Б.Е. Основы технологического проектирования. М.: Химия, 1970. –320с.
Бесков С.Д. Технохимические расчеты. М.:Химия, 1966. –288с.
Брайнес Я.М. введение в теорию и расчеты химических и нефтехимических реакторов. –2-е изд., перераб. и доп. М.:Химия, 1976. – 232с.
7. Бесчастнов М.В. Взрывоопасность и противоаварийная защита химико-технологических процессов.— М.: Химия, 1983. — 472с.
8. Егоров М.Е. Основы проектирования машиностроительных заводов. — М.: Высшая школа, 1969. — 628с.
9. Зверьков Б,В. Расчет и конструирование трубопроводов: Справочное пособие. -Л.: Машиностроение, 1979. — 246с.
10. Иванов Г.Н. Основы проектирования и оборудование предприятий органического синтеза: Учеб. пособие. — Томск: Изд-воТПУ. 1991.- 112с.
11. Иванов Г.Н., Лопатинскии В.П. Основные методы расчета промышленных реакторов: Учеб. пособие. — Томск: Изд-во ТПИ. 1985.-69с.
12. Иоффе И.Л. Проектирование процессов и аппаратов химической технологии: Учебник для техникумов. — Л.: Химия, 1991. — 352с.
13. Канторович З.Б. Основы расчета химических машин и аппаратов. — М.: Машиностроение, 1960. — 744с.
14. Кафаров В.В. Принципы создания безотходных химических производств. — М.: Химия, 1982. — 268 с.
15. КрамерсХ., Вестертерп К. Химические реакторы. Расчет и управление ими/ Пер с англ.; Под ред. Г.М. Панченкова. — М.: Химия. 1967.-264с.
Қосымша әдебиет
16. Бергхаузер Т., Шлив П. Системы автоматического проектирования AutoCad: Справочник. – М.:Радио и связь, 1989. –256с.
17. Брайнес ЯМ. Введение в теорию и расчеты химических и нефтехимических реакторов. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Химия, 1976.-232 с.
18. Валы и оси. Конструирование и расчет/ Сервисен С.В., Гро-ман М.Б., Когаев В.П., Шнейдерович P.M. — М.: Машиностроение, 1979.-320 с.
19. Викторов М.М, Методы вычисления физико-химических величин и прикладные расчеты. — Л.: Химия, 1977. — 360с.
20. Кузнецов И.£.. Троицкая Т.М. Защита воздушного бассейна от загрязнения вредными веществами химических предприятий. — М.: Химия, 1979.-340с.
Авторлар: С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Фармацевт-технолог» модулінің жетекшісі фарм.ғ.д., доцент Сакипова З.Б., фарм.ғ.д., доцент Кожанова К.К., оқытушы Кадырбаева Г.М.
Достарыңызбен бөлісу: |