Бағдарламасы әлеуметтік жұмыстағЫ Ғылыми зерттеудің Әдіснамасы



жүктеу 131,15 Kb.
Дата14.01.2018
өлшемі131,15 Kb.
#7512
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес


ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАСЫ

6D090500- Әлеуметтік жұмыс

3 несие (135 сағ)


Қарағанды 2016



АЛҒЫ СӨЗ


  1. 5D090500 – Әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу-әдістемелік бірлестігімен әзірленді.

  2. Типтік оқу бағдарламасы Мемлекеттік жалпы міндетті жоғарғы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 тамыз 2012ж. №1080 қаулысымен қарастырған және толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, бекітілгенен 13 мамыр 2016ж. №292

  3. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30 маусым 2016ж. № 2 хаттамасымен Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.


ТҮСІНІК ХАТ

«Әлеуметтік жұмыстың ғылыми зерттеу әдіснамасы» курсы оқыту пәні бойынша міндетті компонет тұрғысынан және 6D090500- «Әлеуметтік жұмыс» мамандығына арналған мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына сай құрастырылған.

Әлеуметтiк жұмыстағы ғылыми зерттеудiң мәселесi оның теориялық білімімен шектелу және кәсіби нақтылы қоғамдық шарттардың шеңберiнде қажеттілігінен туындайды. Аталған курста әлеуметтік жұмыстың әртүрлі әлеуметтік топтармен жұмыс жүргізу, әлеуметтік қызмет көрсетудегі қажетті байланыс пен құбылыстардың, әлеуметтік қоғамдық дамудың ілгерлену үрдісінің тиімділігін, ғылыми зерттеу жұмыс әдісінің жиынтықтарын көрсете отырып, оның теориялық және әдіснамалық негіздерін айқындай алған.

Курсты зерттеу барысында докторант білуі керек:

- ғылыми зерттеу әдіснамасының категориялары мен ұғымдары, қағидалары мен заңдылықтары; әлеуметтік жұмыс түрлері мен деңгейлері, танымдық ерекшеліктері, болжау, жобалау және модельдеу;

- әлеуметтік жұмыстың өзекті мәселелері және социологиялық талдау жасау негіздері;

- әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың әртүрлі нұсқасы;

игеруі керек:

- әлеуметтік жұмыстың теориялық тұжырымдамасын тереңдік пен шығармашылықпен қабылдау, қазіргі әлеуметтік қызметтің теориялық және әдіснамалық ғылыми потенцалды жағдайын талдау;

- әлеуметтік жұмыстың жергілікті мекендік, аймақтық, аудандық нақтылы зерттеу бағдарламаларының стратегияларын қарап, өңдеп шығару;

- Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жұмыс практикасы мен теориясының даму тенденцияларын негізге ала отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын өзбетінше өткізу;

- кәсіби білімді тереңдете оқу және әлеуметтік жұмыс саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттерін шешу;

- әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша қазіргі әдістер негізінде қабылдап алуды ұйымдастыру, ғылыми ақпараттарды сақтау мен сұрыптау;

дағдылары:

- әлеуметтік жұмыстың мониторингтік зерттеулері;

- ғылыми зерттеу әдістерінің қажеттілерін таңдау, нақты зерттеудiң есептерiне сүйене отырып, қазiргi және жаңа әдiстер және инновациялық технологиялардың өңдеуiнiң;

- ғылыми нақты жұмыстардан алынған талдау мен алынған нәтижелерді сұрыптау;

- ақпараттық технологияларды қолдана отырып, библиографиялық енгізу.

Алдында оқытылған «Философия ғылымы мен тарихы», «Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеудің әдістемесі мен ұйымдастырылуы» пәндері бойынша алған білімдері, аталаған пәнді игеруге мүмкіндік туғызады.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР




Тақырып атаулары

1

Ғылыми таным әдіснамасы зерттеу пәні ретінде

2

Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми-зерттеу әдіснамасы.

3

Әлеуметтік ғылымдардың зерттеу этикасының мәселелері.

4

Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық зерттеулер

5

Ғылыми зерттеу жұмысындағы психодиагностика

6

Әлеуметтік жұмыс теориясының зерттеу құрылымы.

7

Әлеуметтік жұмыс теориясының зерттеу типтері.

8

Әлеуметтік жұмыс теориясының әдіснамалық анализдері


ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

«Әлеуметтік жұмыстың ғылыми-зерттеу әдіснамасы» курсы ғылыми-зерттеу жұмысы іргелі білім берудің, әлеуметтік жұмыстағы қарқынды даму үрдісінің теориялық тұжырымдамасы мен әдіснамасын игеру, ондағы ғылыми бағыттардың жолдары мен құралдары арқылы, прогрессивті идеяларды қолдау және нақтылы нысан көлемінде жасалатын инновациялық технологияларды зерттеу арқылы, оның мардымды ғылыми мәртебесін айқындау.

Курстың зерттеу мақсаты – әлеуметтік жұмыс бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудегі өзіндік ерекшеліктерін ұйымдастыру, ғылыми іздену әдіснамасы жөніндегі ауқымды пікірлерді қолдау және докторанттың әдіснамалық мәдени деңгейін көтеру.

Міндеттері:

- әлеуметтік жұмыс саласындағы ғылыми таным әдіснамасы туралы көзқарас пікірін кеңейту мен тереңдету, және ғылыми іздену жұмыстарын жүргізумен қатар өзіндік ерекшеліктерін ұйымдастыру;

- ҚР халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ғылыми ізденістегі заманауи стратегиялары мен тұжырымдамалармен жұмыс жүргізу;

- халықтың әртүрлі топтары мен әлеуметтік жұмыстағы ғылыми жұмыстардың ерекшеліктерін ашу;

- өзінің таңдап алған зерттеу жұмысы бойынша алған ғылыми болжамдарды өңдеу және практикалық-бағдарлық негізінде тұжырымдық бағдарламалық ұсыну;

- докторанттың ғылыми-зерттеу іс барысындағы нәтижесінде алған білім мен іскерлігін практикалық іс жүзінде қолдана білуі.

Пәнді зерттеудің нысанасы әлеуметтік қызметтің ғылыми зерттеу жұмысының әдісі мен әдіснамасы болып табылады.

Пәннің зерттеу әдісі: дәрістік әдіс (интерактивті, мәселелік дәріс және т.б.), іс ойындарының әдісі, «милық-ойлау жарылысы» әдісі, эвристикалық сұрақ әдісі, инверсиялық әдіс, рефлексия, проблемалық ойды жеткізу әдісі, кейстер әдісі, рөлдік ойындар, терминологиялық жаттықтырулар, байқау, эксперимент, ғылыми-іздену әдісі және т.б.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ғылыми таным әдіснамасы зерттеу пәні ретінде.

Ғылым әлеуметтік инситут ретінде. Қазақстандағы ғылым дамуының қазіргі жағдайы. Қазақстан Республикасының ғылыми қызметтің құқылық негіздері. Ғылым және ғылыми әдіс. Құрылымдық –функционалдық талдаудың ғылыми таным әдісі. Әдіснамалық қағидалар зерттеуіне сипаттама. Ғылыми ойлау жүйесінің ерекшеліктері. Гносеологиялық даму үрдісіндегі ғылыми болжамның рөлі. Зерттеу нәтижелерін игеру ғылыми әдіснамалық талаптың бірі ретінде. Әлеуметтік зерттеудің қолданбалы ерекшеліктері.



Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми – зерттеудің әдіснамасы.

Әлеуметтік жұмыстың басқа ғылымдар арасындағы орны. Практика мен практикалық қамту тәжірибесі әлеуметтік жұмыстың теориялық маңызды міндеті ретінде. Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеудің мәселелік жолдары. Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу әдісінің меншігі жөніндегі пікірталас. Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми- зерттеудің позитивті және феноменологиялық парадигмасы. Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу типтерінің номотетиялық және идеографиялық тұрғыдан талап қоюдың негізі ретінде.


Әлеуметтік жұмыстағы зерттеудің этикалық мәселелері.

Ғылымның жалпы этикалық аспектілері. Тұлғалармен жүргізудегі зерттеудің этикалық қағидалары. Оқымыстылардың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Зерттеу нәтижесінде алған қорытындылардың шынайлығы мен этикалық ұстамдылығы. Әлеуметтік зерттеу барысындағы этикалық дилеммдердің шешілу жолдары.


Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық зерттеулер.

Әлеуметтік зерттеудің стратегиялық негіздері. Әлеуметтік жұмыс пен социологияның байланысы мен өзіндік қатынасы. Әлеуметтік жұмыстың теориялық білімін игеру, социологияның әдіснамалық мүмкіндіктерін қолдану қажетті элемент ретінде. Әлеуметтік жұмыс пен социологияның өзіндік арабайланысты қолдану әлеуметтік мәселелердің шешімі бола алады. Социологиялық зерттеу бағдарламасы, түрлері. Социологиялық үрдістегі зерттеудің құрылымы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы социологиялық зерттеудің ұйымдастырушылық ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмысты зерттеудің тиімділігі. Әлеуметтік шынайлықты зерттеудегі қолданыс негіздері. Әлеуметтік қызметкердің зерттеу жүргізудегі қажетті әдістері.



Ғылыми зерттеудегі психодиагностика.

Психодиагностика арнайы психологиялық әдіс ретінде. Психодиагностикалық құрадарды топтастыру. Психодиагностикалық өлшемдердің негізі корреляциялық қолданыс. Халықтың аз қамтылған топтарымен психодиагностикалық зерттеу жүргізу. Тестің орындалуына тест өткізу орының әсері. Психодиагностикалық әдістердің компьютеризациясы.


Әлеуметтік жұмыс теориясының зерттеу құрылымы.

Суреттеу мен түсіндіру зерттеу стратегиясы ретінде. Ғылыми тіл ерекшеліктері. Әлеуметтік жұмыс теориясындағы, социологиядағы, психологиядағы өлшем мәселесі. Өлшем шкаласының типтері. Ғылыми зерттеудегі анализ және синтез. Себеп-салдар қатынасы оның шешу жолдары мен зерттелуі. Ғылыми түсініктің мәселелері мен функциялары.


Әлеуметтік жұмыс теориясының зерттеу типтері.

Эмперикалық зерттеу типтеріне сипаттама. Зерттеу жолдарының өткізудегі ерекшеліктері. Эксперимент зерттеу типтерінің ерекше түрі ретінде. Әлеуметтік зерттеулердегі сыртқы валидностік экспериментінің мәселелері. Бағдарлама тиімділіктерінің бағалау мәселелері. Таңдау түріндегі зертеудің мәселелері. Әр түрлі жағдайларды зерттеу әлеуметтік жұмыстың негізі ретінде.


Әлеуметтік жұмыс теориясының талдау қорытындыларының әдіснамасы.

Әлеуметтік ғылым нәтижелерінің алынған қорытындыларды қолдану әдістеріне шолу. Әлеуметтік жұмыс зерттеу жұмысындағы интерпретациялық мәселелер, оларды пайдаланудағы сандық және сапалық қолданыстар. Статисикалық көрсеткіштер мен графикалық көрсетілген нәтижелердің әдістері. Көпжақты статистикалық талдау. Қазіргі техникалық құралдарды қолдану статистикалық сұрыптау жұмыстарына арналған.


СЕМИНАР САҒАТТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАҚЫРЫПТАРЫ


  1. Қолданбалы әлеуметтік зерттеуің ерекшеліктері.

  2. Әлеуметтік ғылымдағы зерттеу пәнінің күрделілігі.

  3. Ғылыми білімдегі дифференциация және специализация.

  4. Ғылым мен гуманизм.

  5. Этикалық дилеммы әлеуметтік зерттеу және оның шешу жолдары.

  6. Ғылым функциясын суреттеу және түсіндіру.

  7. Себепті-зерттеу қатынасы оның зерттелуі жолдары.

8. Әр түрлі жағдайларды зерттеу әлеуметтік жұмыстың негізі ретінде

  1. Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу әдісінің интегративті сипаты.

  2. Халықтың әртүрлі категорияларымен сауалнама жүргізудегі ерекшеліктері.

  3. Телефондық интервью: ұтымды және ұтымсыз жақтары.

  4. Зерттеудің әртүрлігін қолданылуы

  5. Құжаттарды талдаудағы әдістің даму теориясы.

  6. тестология идеясы мен қағидасы.

  7. Жеке тұлғалыққа сұрақ қою мен оның қолдану әдісі. .

  8. Корреляциялық талдау, оның қолдану саласы.

  9. Сапалық ақпаратпен жұмыс жүргізу.

  10. Ғылыми жұмысты толықтыру мен безендірудегі негізгі талаптар.


ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:

  1. Андреенков В.Г., Сотникова Г.Н. Телефонный

опрос //Методы сбора информации в социологических ис-следованиях. Кн. 1 /Отв. ред. В.Г. Андреенков, О.М. Маслова. – М.: Наука, 1990.

  1. Белановский С.А. Глубокое интервью: Учебное пособие. – М., 2001.

  2. Бернлер Г., Юнссон Л. Теория социально-психологической работы. - М., 1992.

  3. Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований. - М., 1998.

  4. Готлиб А. С. Введение в социологическое исследование: качественный и количественный подходы: методология, исследовательские практики: учеб. пособие. – М.: Флинта: МПСИ,2005. – 384с.

  5. Егоров В.В., Скибицкий Э.Г Организация и технология научного исследования. - Новосибирск: ОАО «Новосибирское книжное издательство», 2006.

  6. Загвязинский В.И., Атаханов М.Н. Методология и методы психолого-педагогического исследования. - М.: Изд. центр "Академия", 2005.

  7. Калинин С.И. Компьютерная обработка данных для психологов. - СПб., 2002.

  8. Кертаева Г.М., Боталова О.Б. Организация психолого-педагогических научных исследований. Учебное пособие. - Павлодар, 2008.

  9. Кузин Ф.А. Кандидатская диссертация. Методика написания, правила оформления и процедура защиты: Практ. пособие для аспирантов и соискателей ученой степени. 2-е изд. - М.: «Ось-89», 1998. - 208 с.

  10. Кузнецов И. Н. Технологии социологического исследования: учебно-методич. пособие. – М.: ИКЦ «МарТ»; Ростов н/Д: Издательский центр «МарТ», 2005. – 144с.

  11. Медведева Г.П. Этика социальной работы. - М., 1999.

  12. Новикова С.С. Методика составления социологической анкеты. -М.,1993.

  13. Новикова С.С., Соловьев А.В. Социологические и психологические методы исследований в социальной работе. - М., 2006.

  14. Новиков А.М. Как работать над диссертацией. - М.: Изд-во ИПК и ПРНО МО, 1996.

  15. Ноос И.Н. Введение в технологию психодиагностики. - М., 2003.

  16. Ноэль Э. Массовые опросы: введение в методику демоскопии / Пер. с нем. М.И. Зайцевой, Л.Н. Крючковой; Общ. ред., вступ. и закл. ст. Н.С. Мансурова. 2-е изд. М.: Изд-во «Ава-Экстра», 1993.

  17. Математические методы в социальных науках: Сб. ст.: Сокр. пер. с англ. / Под ред. Н.Лазарсфельда, Н.Генри; Общ.ред. и послесл. Г.В.Осипова, Э.П.Андреева. - М.: Прогресс, 1973. - 349 с.

  18. Методы сбора, обработки и анализа социальной информации: Лекции по курсу «Методика социол. исслед.» / А.В.Седов, Т.Н.Кротова, В.Я.Шмаков. - Л.: Высш. проф. шк. культуры, 1984. - 80 с.

  19. Молчанов В.И. Системный анализ социологической информации - М.: Наука, 1981. - 141 с.

  20. Моховиков А.Н. Телефонное консультирование. – М., 2001. – 494 с.

  21. Пинкус А., Минахан А. Практика социальной работы (форма и методы): Пер. с англ. / - М.: Союз, 1993. - 223 с.

  22. Рузавин Г.И. Методология научного исследования. - М., 1999.

  23. Рузавин Г.И. Научная теория: Логико-методологический анализ. - М.: Мысль, 1978. - 244 с.

  24. Татарова Г.Г. Методология анализа данных в социологии (введение). - М., 1998.

  25. Теория и методология социальной работы. Учебное пособие для вузов. / Под ред. С.И.Григорьева. – М., 1999.

  26. Толстова Ю.Н. Измерение в социологии: курс лекций. - М.,1998.

  27. Фокин Ю.Г. Психодидактика высшей школы. - М., 2000.

  28. Цыба В.Т. Математико-статистические основы социологических исследований. - М.: Финансы и статистика, 1981. - 253 с.

  29. Энциклопедия социальной работы. Т. 1-3. - М., 1993-1994.

  30. Ядов В. А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности/ В. А. Ядов. — 3-е изд., испр. — Москва: Омега-Л, 2007.



Дополнительная:


  1. Анастази А. Урбина С. Психологическое тестирование. - СПб.: Питер, 2003.

  2. Бурлачук Л.Ф. Морозов С.М. Словарь-справочник по психодиагностике. - М.: Питер, 2001.

  3. Калинин С.Ю. Библиографический аппарат научной работы // Библиография. - 1993. - N2. - С. 36-45.

  4. Кемпбел Д. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладных исследованиях. - СПб.: Социально-психологический центр, 1996.

  5. Корнилова Т.В. Введение в психологический эксперимент: Учебник. - М.: Изд-во МГУ, 2001.

  6. Корнилова Т.В. и др. Методы исследования в психологии: квазиэкспери­мент. Учебное пособие. - М., 1998.

  7. Никифоров А.Л. Философия науки: история и методология (учебное посо­бие). - М., 1998.

  8. Новиков Д.А. Статистические методы в педагогических исследованиях (типовые случаи). - М.: МЗ - Пресс, 2004.

  9. Носс И.Н. Психодиагностика. Тест, психометрия, эксперимент (информационно-методический конспект материалов к практическим занятиям по психодиагностике и экспериментальной психологии). - М.: «КСП+», 1999.

  10. Образцов П.И. Методы и методология психолого-педагогического исследования. - СПб.: Питер, 2004.

  11. Типология и классификация в социологических

исследованиях. - М.: Наука, 1978. - 381с.

  1. Хачуров А.А. Социальный эксперимент: логико-

методологические и социальный проблемы. - Р/н/Д., 1989.

Авторлары: п.ғ.д, профессор С.Т.Каргин, соц.ғ.д, профессор Абдрайымова С.Г., соц.ғ.к., доцент Абдрашева Б.Ж. п.ғ.к, доцент Кендирбекова Ж.Х., фс.ғ.д, профессор Карипбаев Б.И.




жүктеу 131,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау