6D080900 Жеміс-көкөніс шаруашылығы мамандығы бойынша PhD докторантураға түсу емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ
1 ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1 Бастапқы құжаттарды рәсімдеу
Жорналдар мен жұмыс дәптерлерді жүргізілген бақылаулар, есепке алу мен талдаулардың эксперименттік мәліметтерін енгізу үшін дайындау. Оларды стандартты кестелерге жазу. Жорналдың мазмұны, кестелерді номірлеу, негізгі бөлімдерге бөлу.
Бастапқы құжаттарды (егістік жорналы, жұмыс дәптері, жабдықтарды, бақылау күнделіктерін есепке алу жорналы және басқалар) рәсімдеу.
1.2. Экспериметті жоспарлау
Зерттеудің актуалды бағытын таңдау, жаңалығы, таңдалған зерттеулердің табиғи-климаттық жағдайына байланысты теориялық және практикалық маңыздылығы мен құндылығы. Тәжірибе жүргізілетін танапқа қойылатын талаптар: топырақтың физикалық, механикалық, агрохимиялық көрсеткіштері. Тәжірибе нұсқалары, бір ғана айырмашылық принципін сақтау, уақытта және кеңістікте тәжірибе қоюдың ерекшеліктері, нұсқаларды стандартты және рендомезирлі орналастыру. Бір-, екі-, және көпфакторлы тәжірибелерді орналастыру ерекшеліктері. Агротехникалық, сорт зерттеу және агрохимия бойынша тәжірибелерді жоспарлау ерекшеліктері. Рекогносцирлі, егістіктегі, жылыжайдаңы және лаборатоиядағы тәжірибелерді жоспарлау. Тәжірибе қайталамы, оның реттігіне қойылатын талаптар.
Жеміс, көкөніс, жидек, бақша дақылдары және жүзіммен жүргізетін тәжірибелердің нұсқаларын таңдау. Жеміс, көкөніс, жидек, бақша дақылдары және жүзіммен жүргізетін фенологиялық, биометриялық, физиологиялық бақылаулардың әдістемесімен танысу. Жеміс-көкөніс және жүзім өнімдерінің сапа көрсеткіштерін анықтау.
Жеміс, көкөніс, жидек, бақша дақылдары және жүзіммен жүргізетін тәжірибелер нұсқаларының орналастыру сұлбасын құру.
1.3. Есепке алу және бақылау
Метеорологиялық бақылау және климаттық көрсеткіштерді талдау. Жабық топырақта орналасқан тәжірибелерді қойғанда миркоклиматты жасау, есепке алу және қолдау. Жеміс, көкөніс, жидек, бақша дақылдары және жүзіммен жүргізілетін фенологиялық, биометриялық, физиологиялық бақылаулар, биохимиялық талдаулар мен есепке алудың ерекшеліктері. Әртүрлі суару түрлерінде дақылдардың су пайдалану қабілеттігін есептеу. Есептегіш және лабораториялық жабдықтарға қойылатын талаптар және олардыі жағдайын бақылау.
Жапырақ тақташасының ауданын анықтайтын тәжірибелерде әртүрлі әдістерді қолдану. Су режимі көрсеткіштерін анықтау. Тәжірибеде өнімділікті анықтау ерекшеліктері.
1.4 Әдебиет көздерімен жұмыс жасау
Кітапханалық қордан интернетті, ғылыми және ғылыми-техникалық мақалаларды, сонымен қатар патентті кітапханалардағы отандық және шетелдік басылулардың фундаменталды және периодикалық, оның ішінде шет тілде жазылған шығармаларын, пайдалана отырып, таңдау. Арнайы терминология. Бастапқы өңдеу және әдебиет көздеріне талдау жасау. Қолданылған әдебиет тізімін библиографиялық қалыптастыру. Әдебиетке шолу бойынша тақырыптық қорыынды жасау.
Қолданылған әдебиеттер тізімін библиографиялық рәсімдеу.
1.5 Эксиперименттік мәліметтерді талдау
Эксперименттік мәліметтерді статистикалық өңдеудің мәні. Экспериметттік жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштері және олардың ерекшеліктері. Дисперсиялық талдаудың мәні және мағызы. Әдістің негізі, Жеміс, жидек, көкөніс жүзім және бақша шаруашылығындағы бірфакторлы тәжірибе. Жеміс, жидек, көкөніс жүзім және бақша шаруашылығындағы көпфакторлы тәжірибе. Тізбектік корреляция және регрссия. Сапалық белгілердің корреляциясы. Бір-, екі-, және көпфакторлы тәжірибелердегі мәліметтерге дисперсиялық талдау жасау. Бір-, екі-, және көпфакторлы тәжірибелердегі мәліметтерге корреляциялық талдау жасау.
Алынған нәтижелердің талдауы нәтижесінде ең кіші орташа айырмашылық мағынасының көрсеткіштері. Эксперименттік жұмыстың қорытындысының ғылыми негіздеу. Өндіріске ұсыныстар.
2 ЖЕМІС, КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫ МЕН ЖҮЗІМНІҢ ГЕНОҚОРЫ
2.1 Жеміс және жүзім дақылдарын сұрыптау жұмыстары және шығу тегі мен қал жағдайы
Мәдени жеміс дақылдары мен олардың жабайы тұқымдастары және олардың таралуы мен пайдалануы. Жеміс өсімдіктерін мәдениеттендірудің географиялық және флоралық облыстары. Жеміс өсімдіктері мен жүзім сорттарын шығаратын дүниежүзілік және Қазақстандық алдыңғы қатарлы селекциялық орталықтар.
Қазақстанның жабайы өсетін жеміс өсімдіктері. Қазақстанның таулы аудандары өсімдік жамылғысындағы жабайы алманың орны.
Жабайы алманың түр аралық полиморфизмі және биологиялық ерекшеліктері. Жабайы жеміс өсімдіктерін селекцияда және өндірісте пайдалану. ҚРҰҒА академигі А.Ж Жанғалиевпен іріктеліп алынған алма мен өріктің сорттары-клондары.
2.2 Сорт – жеміс, жүзім шаруашылықтары саласындағы негізгі нысан ретінде
Сорт, жеміс шаруашылығы саласын қарқындатудағы базалық фактор. Өсімдіктерді жетілдірудің генетикалық негіздері. Сорттарға қойылатын қазіргі уақыттағы талаптар, нарықтық және бәсекелесе алатын сорттар. Жеміс дақылдары мен жүзімнің жаңа сорттарын бағалау тәсілдері.
Жеміс шаруашылығындағы сорттардың жаңа типтері – спурлар, бағана тәрізділер, олардың морфологиялық және агробиологиялық сипаттамалары. Жеміс дақылдары мен жүзімнің ауруға, аязға кешенді тұрақты, имунды сорттары және олардың генетикалық негіздері, ертежемістілігі, өнімділігі мен өнім сапасы.
2.3 Гендік қор – оны пайдалану және сақтау
Генетикалық қорларды сақтаудың негізгі тәсілдері. Далалық жағдайларда генқорларын сақтау. Жеміс дақылдары мен жүзім сорттарын биотехнология көмегімен сақтау. Генқорларын сақтауда жаңа технологияларды пайдалану. Сұйық азоттағы төменгі температурада гермоплазмаларды ұзақ сақтау.
2.4 Ашық танапқа арналған көкөніс дақылдарының гендік қоры
Көкөніс дақылдарының маңызы, пайдалануы, таралуы және олардың ботаникалық сипаттамалары және биологиялық ерекшеліктері. Ашық танапта көкөністерді индустриалдық технологиямен өсіріп-өндіру және өнімдерін жинау. Ашық танаптағы көкөніс дақылдары. Көшетсіз өсірілетін көкөніс дақылдары. Көкөністердің тұқым шаруашылығы. Ашық танапқа арналған көкөніс дақылдарының сорттары.
2.5 Қорғалған топырақтағы көкөніс дақылдарының гендік қоры
Негізгі көкөніс дақылдарының маңызы, пайдалануы, таралуы, қорғалған топырақтарға арналған көкөніс дақылдарының сорттары. Жылыжайларға арналған негізгі көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру технологиясы. Қорғалған топырақтардың құрылыстарында қызанақты, қиярды, тәтті бұрышты, баялдыны және т.б. дақылдырды өсіріп-өндіру технологиясы. Жылыжайдағы сорттардың тұқым шаруашылығы және олардың ерешеліктері.
Ас сәбізінің гендік қоры. Ақжелкен, балдыркөк және ботташықтың гендік қоры. Ас қызылшасының гендік қоры. Тарна, шалқан және шомырдың гендік қоры. Шалғамның гендік қоры.
Пияз бен сарымсақ сорттарын оқып үйрену.
Гүлді және брокколи капустасының сорттарын оқып үйрену.
Пекин, брюссель, савойя және кольраби капусталарының сорттарын оқып үйрену.
Ақжелкен мен ботташық сорттарын оқып үйрену. Жасыл жапырақтың сорттарын оқып үйрену. Қымыздық пен рауғаш сорттарын оқып үйрену. Саумалдық пен аскөк сорттарын оқып үйрену. Шомыр мен балдыркөк сорттарын оқып үйрену. Ас бұршақ сорттарын оқып үйрену. Үрме бұршақ және орыс бұршақ сорттарын оқып үйрену.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Аяпов К.Ж., Мажитова Р.С. Жүзім шаруашылығы. Алматы. 2001.
2. Аяпов К.Ж., Кампитова Г.А., Мажитова Р.С. Жеміс шаруашылығы. Алматы: ЖШС «Сөздік-словарь» 2005 – 320 п.
3. Жуковский П.М. Культурные растения и их сородичи – Ленинград, Колос. – 1964 – 791 с.
4. Дженик. Дж. Основы садоводства. – Москва, Колос 1975 – 543 с.
5. Дженик Д., Мур Д. Селекция плодовых растений, - Москва, Колос, - 1981, - 760 с.
6. Джангалиев А.Д. Дикая яблоня Казахстана. – Алма-Ата, Наука, - 1977 –
283 с.
7. Марков В.М. Овощеводство. – М.: Колос, 1974.
8. Юсупов М.З., Петров Е.П. Овощеводство. – Алма-Ата, 1989.
9. Руководство по апробации овощных культур и кормовых корнеплодов (под ред Д.Д. Брежнева). – М.: Колос, 1982.
10. Сорта сельскохозяйственных культур по республике Казахстан рекомендованные к использованию. – Алматы, 2004-2011.
11. Смирнов К.В., Малтабар Л.М., Раджабов А.К., Матузок Н.В. Виноградарство, - Москва, МСХА, 1998.
12. Морозова Г. С. Виноградарство с основами ампелографии (практический курс). - М.: Агропромиздат, 1987.
13. Пономарчук В.П., Технеряднова Р.Т., Богданова В.С., Бачевский Я.Т., Маденов Э.Д. - Виноград Казахстана, Алма-Ата: Кайнар, 1976.
14. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. – М.: Колос, 1985.
15. Щепетков Н.Г., Волошин Б.М. Овощеводство Северного Казахстана. – Алма-Ата: Кайнар, 1982.
Достарыңызбен бөлісу: |