Бағдарламасы бойынша қазақстандағЫ Ұлттық консультациялар 2013 жылғы мамыр қазақстандағы БҰҰ Елдік командасы



жүктеу 1,21 Mb.
Pdf просмотр
бет19/21
Дата31.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#27877
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

 

39

 



 

Жаңа бағдарламаны іске асыру үшін серіктестер  

 

Жаңа  күн  тәртібі  азаматтық  қоғам    ұйымдары  мен  жеке  секторлардың  қатысуымен 



серіктестікті  дамыту  қажеттігін  барынша  атап  өту  керек.  Кешенді  проблемалар  әлеуетті, 

идеяны,    инновацияны,  үйлестіруді  және  тығыз  ынтымақтастықты  көптеп  талап  етеді. 

Азаматтық  қоғам  даму  жобасын  іске  асыруда  қоғамдық  және  жергілікті  деңгейде, 

ақпараттық кампаниялардың әзірлеулері мен басшылық жасауында, қоғамдағы проблемалар 

туралы үкіметті хабардар етуде  аса маңызды рөл ойнауы мүмкін.   

 

Жеке сектордың қатысуы Қазақстанда ұлттық  консультациялар өткізу кезінде өте шектеулі 



болды.  Бұл,  жеке  сектордың  әлеуметтік  дамудағы  ойнайтын  рөлінің  көрсеткіші    болуы 

мүмкін.    Ұлттық    консультацияларға  қатысушылар  «Үкімет  пен  БҰҰ  барлық  мәселелерді 

шешуі  мүмкін  емес  және  бұл  мәселелерді  шешу  үшін  қолданылуы  мүмкін  жеке  аспаптар 

бар» деп көрсетті.  Жеке сектордың рөлі, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық, көліктік байланыс жүйелерін жақсарту  сияқты көптеген т.б. үшін айырықша 

маңызды    болып  табылады.  Ол  сол  сияқты  жұмыс  орындарын  құрады,  бәсекелестікті 

көтеруге және инновацияны дамытуға ықпал етеді.  Кәсіпкерлер ақпараттандырушылық пен 

әлеуметтік жауапкершілік мақсатындағы диалогты  белсендіруге шақырды.  призвали к  



Мақсаттардың мониторингі 

 

Көрсеткіштер  әдістемесі  қиын  сала  болып  табылады    және  көрсеткіштерді  анықтау  және 



деректер  жинаумен  байланысты  көптеген  қиындықтар  бар.    Қазіргі  уақытта  МДМ 

көрсеткіштері  77  елде  қолданылады  және  ел  деңгейінде  олардың  бәрі  бірдей  халықаралық 

әдістемемен  синхрондалмаған.  Көбінесе  егжей-тегжейлі  әдістемелік  нұсқаулар  ағылшын 

тілінен  басқа  тілдерде  болмайды,  бұл  ұлттық  статистикалық  органдардың  жұмысын  өте 

қиындатып жібереді.   

 

Жаңа  күн  тәртібі  прогресті  дәл  бағалау  үшін  сандық  анықтауға  және  нақтылауға  болатын 



негізделген  көрсеткіштерді  қамтуы  тиіс,  бұл  ретте  көрсеткіштер  әдістемелік  басшылықпен 

күшейтілуі  тиіс.  Ауыз  судың  сапасы  және  санитария  сияқты  кейбір  көрсеткіштер  дәл 

өлшеулерді қамтамасыз ету үшін нақты белгіленуі және стандартталуы тиіс.  

 

Көрсеткішерді ұсыну кезінде елдің статистикалық әлеуетін ескеру маңызды және егер қажет 



болса  ғаламдық  күн  тәртібі    елдерге  әдістемені  халықаралық  талаптарға  сәйкес  келтіруге 

көмектесу үшін жасалатын қосымша жұмыстар мен оқытуды ескеруі тиіс. Деректер прогресс 

пен  нәтижелерді  қадағалап  отыруға  мүмкіндік  беретін  ғаламдық  келісімдердің  ең  маңызды 

элементтері  болып  табылады.    Сонымен  бір  уақытта,  қатысушыларда  ұлттық  есеп  пен 

ғаламдық салыстыру үшін пайдаланылатын деректерге деген  жоғары сенім жоқ.  Деректерді 

жинауды  үздіксіз  жақсартып отыру  және  статистикалық  органдардың  әлеуетін  көтеру  үшін 

тетік  жасау  қажет.  Бұл  ғаламдық  деңгейде  де  сол  сияқты  ұлттық  деңгейде  де  қосымша 

қаржылық ресурстарды талап етеді.  

 

Сонымен  бір  уақытта,  өлім-жітім,  қатысушылар  үлесі,  қатысушылық  және  т.б.    сияқты 



дәстүрлі өлшемдерден сапалы көрсеткіштерге ауысу ұсынылады. Әлем дамудың әлеуметтік 

проблемалардың  түпкілікті  себептерін  жою үшін    цифрларға  жете  түсіну  маңызды болатын 

деңгейінде  тұр.    Адамдардың    эмоциялық  көңіл-күйін  қарастыратын  психологиялық 

көрсеткіштер,  бақыт  деңгейі,  өмірге  қанағаттану  әсіресе  осал  топтар  арасында    даму 

саласында  нақты  іс-шаралар  әзірлеуге  көмектеседі.  Мұндағы  негізгі  проблема  өлшеу 



 

40

күрделілігі  мен  халықтың  түрлі  қабаттары  үшін  бақыт  дегеннің  түрлі  мәні  болатындықтан 



мұндай көрсеткіштерді анықтау болып табылады.  

Даму мақсатындағы қаржыландыру және көмектің тиімділігі  

 

Рио+20  конференциясында  қаржыландырудың  жаңа  шеңбері  ұсынылған  болатын,  мұндағы 



БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  тұрақты  даму  стратегиясын  қаржыландыруға  нұсқалар  ұсыну  үшін 

қаржыландыру  сұранымын  бағалау,  қолда  бар  тетіктер  мен  қаржылық  құрылымдардың 

тиімділігінің  үкіметаралық    процесіне  жәрдемдесетін  болады.  Бұл,  елдердің  МДМ  қол                   

жеткізу  үшін  көмек  көрсетуге  арналған  қаржылық  тетіктер  жеткілікті  түрде  шектеулі 

болғандықтан өте  маңызды.  Қаржыландырудың  жаңа  жүйесінің  шеңберінде  кедейлікті  түп-

тамырымен  жою  және  тұрақты  дамуға  инновациялық  тәсілдер  үшін  күш  салу 

басымдықтарын белгілеу қажет. Мемлекеттер-мүшелер мен басқа донорларды көмек көрсету 

архитектурасының  тиімсіздігін  төмендету  үшін  қаржыларын  даму  мақсаттарына  келісілген 

тетіктер арқылы бағыттауға шақыру керек.    

 

Көмектің  тиімділігі,  барлық  серіктестіктердің  көрсететін  көмектерінің  көлемі 



қысқарып  бара  жатқаны  байқалатындықтан,  ал  ел  үкіметтерінің  әлемнің  қаржылық 

дағдарыстан  әлі  оңала  қоймағандықтан  жаңа  күн  тәртібі  үшін  айырықша  маңызды 

болып  табылады.    Жаңа  күн  тәртібі  азғантай  ресурстармен  үлкен  нәтижелерге  қол 

жеткізулері  тиіс  болады.   Қаржыландырудың  анағұрлым  маңызды  элементі  көмектің 

өзін  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  сонымен  қоса  осы  көмекті  пайдаланғаны  үшін 

есептілікті,  соның  ішінде  көмек  мақсатты  аудиторияға  анағұрлым  тиімді  түрде 

жететінін  кепілдендіру  үшін  мониторингтеуді    күшейту  болып  табылады.      Дамуға 

берілетін  көмектің  үлесі    ғылыми  топтардың  арасында  кеңнен  талқыланды,  және 

бүгінде  ақысыз  донорлық  көмек  дамуға  оң  әсер  ететініне  дәлелдер  аз.    Сондықтан, 

2015  ж.  кейін  көмек  көрсету  үшін  бөлінген  қаражат  босқа  жұмсалмау  үшін  даму 

мақсатындағы қаржыландыруға жаңа нысан беру қажет.  Донорлар өз үлестерін қосып 

қана қоймауы тиіс, нақты мақсаттар үшін және қажетті көмекті көрсету үшін аса жақсы 

мүмкіндіктерге  ие    іске  асыру  жөніндегі  серіктесін  белгілеумен  бірге  мұндай  үлес 

тиімді түрде қамтамасыз етілуі керек.  Жаңа ғаламдық күн тәртібі, донорлық көмекті 

тиімсіз  жұмсауға  жол  бермеу  үшін    2015  ж.  дейін  көмек  көрсету  архитектурасының 

тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс.  

 

Сол  сияқты  дамыған  елдер  үшін  ұлттық  табыстың  0,7%  бөлу  бойынша  халықаралық 



міндеттемені  қайта  қарау  қажет  болады.  Бүгінде  тек    5  ел  ғана  бұл  міндетті  орындап  отыр 

және  жақында  Ұлыбритания  Үкіметі  2013  жылдан  бастап  даму  мақсатына    ресми  көмек 

көрсету  үшін  0,7%    бөлуге  уәде  берді.  Қаржыландырудың  жаңа  тәсілдерін,  соның  ішінде 

Оңтүстік-Оңтүстік  ынтымақтастығын  күшейту  жолдарын  зерттеу    қажет.      Бұдан  басқа,              

2015  жылдан  кейінгі  даму  жөніндегі  2012  ж.  қыркүйегінде  Алматыда  өткен  қосалқы 

аймақтық  конференцияның  нәтижелері  бойынша  сол  сияқты  жасыл  экономиканы  дамыту 

мақсатында Жасыл даму қорын құру ұсынылды.    

 

БҰҰ есептілігі 

 

Әлемдегі  кедейлікті  қысқарту  мен  тұрақты  дамуды  ілгерілету  жолындағы  БҰҰ  рөліне 



қатысты шекі анықтық керек. Ұлттық  консультациялар шеңберінде кейде БҰҰ рөліне және 

оның ғаламдық дамуға қосатын үлесіне күдікпен қаралды.  БҰҰ өзінің міндеттерін ғаламдық 

дамуда  белгіленгенге  сәйкес  орындамайды  деп  саналады.    Тұрақты  дамудың  жаңа  күн 

тәртібінде  БҰҰ  рөлін,  мемлекеттердің  және  басқа  халықаралық  қатысушылардың 

міндеттемелерін  анық  жазу  және  тараптардың  өзіне  қабылдаған  міндеттемелеріне 

жауапкершіліктерін қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, мұндай жауапкершіліктерді жүйелі 

түрде күшейтіп отыру және жұртшылықты тиісті түрде хабарландырып отыру қажет.  



жүктеу 1,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау