Бағдарламасы Бағдарламаның Паспорты 3 Кіріспе 5



жүктеу 0,65 Mb.
бет2/12
Дата14.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#19420
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кіріспе

  1. Түйіндеме


«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу дамудың екі бағыты бойынша жүруді білдіреді:



«Қазіргі экономиканы цифрландыру» - нақты сектордағы нақты жобалардан тұратын прагматикалық бастауды қамтамасыз ету, экономиканың қазіргі салаларын, мемлекеттік құрылымдарды цифрландыру және оларды технологиялық қайта жабдықтау жобаларын іске қосу және цифрлық инфрақұрылымды дамыту.

«Болашақтың цифрлық индустриясын құру» - адами капиталды дамыту деңгейін көтеру, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда, цифрлық экожүйені қарқынды дамыту есебінен ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету, елдің цифрлық трансформациялауды іске қосу.

2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама еліміздің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін беруді қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.

Бағдарламаны іске асырудың бес негізгі бағыты:


  1. «Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.

  2. «Цифрлық мемлекетке көшу» - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.

  3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.

  4. «Адами капиталды дамыту» - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.

  5. «Инновациялық экожүйені құру» - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді.

Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама мен 100-ден астам іс-шара қалыптастырылды, оларды іске асырудан түсетін қайтарылымды алдағы жылдардың ішінде айқын көруге болады, сондай-ақ болашақ экономикасының жаңа саласы ретінде цифрлық секторды қалыптастыруға негіз болатын іс-шаралардың негізгі нәтижесін келесі онжылдықтан байқауға болады.

Бағдарламаны іске асыру республикалық бюджет қаражатынан 141 млрд. теңге көлемінде қаржыландыруды тартуды болжайды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 169 млрд. теңге қаражат тартылады деп күтілуде.

Бағдарламаны іске асыру бенефициарлары Қазақстан Республикасының барлық халқы, бизнес және мемлекеттік органдары болады, өйткені ол өмірдің барлық салаларына әсер етеді және мемлекеттің әрбір азаматы мен тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарлама жұмыспен қамту құрылымында елеулі өзгерістерге әкеледі - атап айтқанда, 2022 жылға қарай цифрландыру есебінен 300 жұмыс орны құрылады.

Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі бүгінгі күні кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасау мүмкіндік, бұл елімізді әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін осы Бағдарламада сипатталған бес бағыт бойынша және оған қосымшада аталған іс-шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар қабылдау болжанады. Іс-шаралар тізбесі жаңартылып отырады.



    1. Цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе


Бүгінгі күні Интернет экономикасы дамушы елдерде жылына 25%-ға дейінгі қарқынмен өсіп келеді, бұл ретте экономиканың бірде бір саласы мұндай қарқынға тіпті жақындай да алмайды. Барлық жаһандық деректердің 90%-ы бар-жоғы соңғы екі жылдың ішінде жасалды. Қазірдің өзінде интернетке 35 миллиард құрылғы қосылған және деректермен алмасуды жүзеге асырады, бұл цифр әлемдегі тұрғындардың жалпы санынан бес есе артық. Бірақ, сонымен бірге Үкімет пен корпорация жыл сайын кең таралған жаңа құбылыс - кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл жасауға жарты триллионға жуық АҚШ долларын жұмсайды.

Цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын - болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. Цифрлық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде.

Бұл өзгерістер соңғы жылдары түрлі салаларда қолданылатын көптеген технологиялық инновациялардың енгізілуімен туындады. Өндіріс және қосымша құнды алу тәсілдері түбегейлі өзгеруде, адамдардың білімі мен еңбек дағдыларына жаңа талаптар пайда болуда. Өнеркәсіптік заттар интернеті икемді және ақылды өндірістің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өндірістік салалардың болашағын қалыптастырады, өнімділіктің революциялық өсуін қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект қаржы қызметтері мен медицина сияқты консервативтік салаларда да енгізілуде. 3D басып шығару технологиясы бүгінгі күннің өзінде авиация, логистика, биомедицина және автомобиль өнеркәсібі секілді салалардың трансформациялануына ықпал етеді. Блокчейннің жаһандық ақша жүйесін трансформациялауға барлық алғышарттары бар. Үлкен деректер және байланыстың жаппай қолжетімділігі жаһандық ауқымда қарқынды түрде таратылатын факторлардың бірі болып табылады, олардың негізінде «бірлесіп тұтыну экономикасы» құрылады. «Физикалық активтер болмаған жағдайда бірлесіп тұтыну» сегментінің көшбасшылары капиталдандыру мөлшері бойынша теңгерімінде көптеген миллиард физикалық активтері бар дәстүрлі компаниялардың құнынан асып түседі.

Бұл өзгерістер түбегейлі болып табылады және бұрынғыдай ондаған жылдар бойы емес, санаулы жылдар ішінде, тіпті санаулы айлар ішінде болады. Бірақ бұл тек бастамасы ғана, ал әлем өзгерістердің негізгі бөлігін әлі де бастан кешеді. Өзгерістердің қарқыны өсуде, алайда осы өзгерістердің бір бөлігі болу әлі де кеш емес.

Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етеді. Сонымен қатар әрбір ел цифрлық дамудың басымдықтарын өзі айқындайды. Әлемдегі 15-тен астам мемлекет қазіргі уақытта ұлттық цифрландыру бағдарламаларын іске асыруда. Қытай, Сингапур, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Дания ұлттық экономикаларды цифрландыру бойынша алдыңғы қатардағы елдер болып табылады. Қытай өзінің «интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияны дәстүрлімен біріктіреді, Канада Торонтода АКТ-хабын жасады, Сингапур драйвері АКТ болып табылатын «ақылды экономиканы» қалыптастырады, Оңтүстік Корея «Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды, кәсіпкерлікті дамытуға және АКТ саласындағы жетістіктерді таратуға бағдарланады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруға баса назар аударуда.

Осы елдерде мемлекет бағдарламаны іске қосу мен іске асыруда маңызды рөл атқарады, бұл ретте табысқа жету «цифрлық жекешелендіру» деп аталатын жеке ойыншылардың қатысуына байланысты. Бүгінде біз мемлекеттің экономикалық жүйенің қатысушыларын цифрлық болашаққа саналы түрде итермелеуі сияқты көптеген мысалдарды байқаймыз. Мемлекет басымдықтар ретінде анықталған «тиімсіздіктерді» жабу үшін өзінің «тендерін» жариялайды. Ойыншылар өздерінің «бидтерін», жобаларды ықтимал іске асыруға пилоттық тұжырымдамаларын және тәсілдерді ұсынады. Мемлекет ұсыныстарды бағалап, пилоттық жобалар конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаз, әдетте, тікелей мемлекеттік субсидияларды алмайды, бірақ өз жобасын «толық негізде» іске асыру құқығын алады (осы немесе басқа бағытта, сол немесе басқа салада, сол немесе басқа өңірде). Мемлекет нормативтік база саласында негізгі стейкхолдерлермен (өңірлік билік және т.б.) синхрондауды және кооперациялауды қолдау көрсетуді, сондай-ақ «цифрландырылатын» салаларға ынталандыру жасауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жеңімпаздардың консорциумын таңдауы мүмкін, бұл оны іске асыру кезінде тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді, сонымен бірге 2-3 ойыншы арасындағы бәсекелестікті қолдайды.

Цифрлық жекешелендіру тәсілінің ең жарқын мысалы - Сингапур. Осылайша, 2014 жылы мемлекет Smart Nation тұжырымдамасын әзірлеуді бастамашылық етіп, оны нақтылау және іске асыру үшін бизнес және сарапшылар қауымдастығын ынтымақтасуға шақырды. Smart Nation – мемлекеттің азаматтардың күнделікті өміріне цифрландыруды енгізу арқылы өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі бастамасы. Мемлекет Smart Nation шеңберінде бастамаларды іске асыру үшін бірінші кезектегі міндеттердің бірқатарын шешу үшін бастапқы сұрауды қалыптастырды. Мәселен, бастапқыда айқындалған негізгі бастамалардың бірі «ақылды қаланы» құру үшін ұлттық сенсорлық желіні дамыту болып табылады. Техникалық шешім әзірлеуге мердігер таңдау үшін мемлекет әрбір міндет бойынша тендер ұйымдастырады.

Тендерге қатысу брифингтің талаптарына жауап беретін барлық қатысушылар үшін ашық: осылайша, мемлекет тек ірі бизнеске ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнеске де назар аударады. 2015-2016 жылдары келісімшарттардың жартысынан астамы шағын және орта бизнеспен жасалғанын атап өту қажет.

Мемлекет елімізде нақты технологияларды жедел дамыту есебінен «цифрлық серпілісті» де қамтамасыз ете алады. Мұндай жағдайларда мемлекет инвестицияларға жұмсалатын қаражаттың ұзақ мерзімді қайтарылымына, бәсекелестік жағдайға, трендтерге жүргізілген бағалауға сүйене отырып, қаржыландырудың негізгі, ең перспективті бағыттарын айқындайтын инвестор рөлін қабылдайды, сондай-ақ табыстың білім беру және кадрларды қайта даярлау сияқты іргелі шарттарына қаржы жұмсайды.

Оңтүстік Кореяда басты компаниялар мемлекеттің белсенді ұстанымы кезінде өздері дербес серпінді цифрлық технологияларға инвестиция жасайды. Мәселен, елдегі ең ірі телеком операторларының бірі - SKT - жасанды интеллект технологияларына және «заттар интернетіне» 4 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салуға ниет білдірді. Оператор жаңа технологияларды дамытуда серіктестіктің қажет екенін атап өтеді, сондай-ақ дәл шешімдерді әзірлеу үшін жергілікті стартаптарды тартуды жоспарлайды.

Тағы бір жаһандық тренд – «мемлекеттің өзін-өзі цифрландыруы», яғни мемлекет пен мемлекеттік компаниялардың операцияларын цифрландыру. Өзін-өзі цифрландыру - бұл экономикадағы құндылықтарды құруды, әл-ауқаттың артуын, бизнесте және тұрмыс деңгейінде лайықты орынға ие болуға бағытталған кез-келген мемлекеттің іске асыруы керек міндет.

Мемлекет деңгейінде өзін-өзі цифрландырудың екі негізгі бағыты бар:

- Мемлекеттік басқаруды цифрландыру: цифрлық құжат айналымы, digital by default және digital first қағидаттары, тиімсіз процестерді қайта қарау. Бұл логикада өзін-өзі цифрландыру сервистердің барлық спектрін қамтиды: мемлекеттік құрылымдардың ішкі өзара іс-қимылы - G2G, азаматтармен өзара іс-қимылы - G2C, бизнеспен өзара іс-қимыл - G2B.

- Квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрландыру, әсіресе, мемлекет әлі де бұрынғыдай, экономикадағы жұмыс орындарының көпшілігіне сол немесе басқа нысанда жауап беретін және сол себепті еңбек өнімділігінің өсуі үшін жауап беретін Қазақстан сияқты елдер үшін өзекті болып табылады. Осындай компаниялар үшін көбінесе дәстүрлі бәсекелестік нарықтық механизмдері жұмыс істемейтіндіктен, цифрлық трансформациялауды іске асырумен байланысты өлшенетін ТНК әзірленіп, белгіленеді (индустрия 4.0 технологияларын енгізу және құнды сәйкес құру жаңа өнімнен түсетін түсімнің %, қызметкерлерді оқыту және қайта даярлау).

Мысалы, Дания мемлекеттік органдарды цифрландыруды белсенді ивестициялайды. Қазіргі уақытта әрбір азаматтың және әрбір бизнестің жеке кабинеті бар, ол арқылы нақты уақыт режимінде мемлекеттік органдармен тілдесу жүреді. 2015 жылдан бастап барлық азамат мемлекеттік органдармен тек интернет арқылы тілдесуге міндетті (Данияда үй шаруашылығының 95%-ның интернетке қолжетімділігі бар), әр азамат цифрлық паспортқа (digital ID) ие), ал барлық мемлекеттік органдар мен муниципалитеттер бірыңғай кабинет арқылы барлық ведомствомен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін бірыңғай желімен байланыстырылған. Бизнес коммуникациядан басқа интернет арқылы барлық операцияларды орындауға, үзінділерді алуға, салықтарды төлеуге және есептерді жіберуге мүмкіндігі бар (электрондық түрде құжаттарды жіберу және қабылдау қағаз түрінде жіберген 5 күнмен салыстырғанда 5 минутқа созылады). Мұндай жүйе жыл сайын бюджеттің 10-20%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Осы өзгерістердің барлығы ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік салдарларға ие. Жаһандық ауқымда жедел қарқынмен таралып жатқан «Бірлесіп тұтыну экономикасы» сияқты құбылыс әрбір тұтынушыға тікелей әсер етіп қана қоймай, бірақ жалпы елге жанама әсер етеді. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін шешім болып табылады, ол кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандырып, экономикалық белсенділіктің өсуіне ықпал етеді. Бұл тренд жаңа активтер мен тұтыну заттары жеке шығындарды қысқарту мақсатында бірлесіп пайдаланғаннан кейін одан әрі қарай дамитын болады.

Жұмыспен қамту құрылымы мен нысаны айтарлықтай өзгеретіндігі қазірдің өзінде белгілі. Технологияларды дамыту трансшекаралық қашықтан жұмыспен қамтуды дамытуға ықпал етеді, бұл көші-қон кедергілеріне тап болмайды.


  1. жүктеу 0,65 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау