Бағдарламасы «Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»


Селекцияның негізгі генетикалық өлшемдері



жүктеу 0,81 Mb.
бет2/5
Дата15.05.2018
өлшемі0,81 Mb.
#13904
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Селекцияның негізгі генетикалық өлшемдері


Малдың селекциялық белгілерінің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын зерттеудің биометриялық негіздері. Белгілердің тұқым қуалау, қайталау, байланыс /корреляция, регрессия/ коэффициенттері және оларды малды бағалау, сұрыптау үшін пайдалану. Шаруашылыққа пайдалы сандық, сапалық және шекті белгілердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығының ерекшеліктері. Сұрыптау қарқындылығы, селекциялық дифференциал (SD) және селекция нәтижесі (SE). Белгілер арасындағы байланыс көрсеткіштері. Белгілердің өзгергіштігіне әсер етуші әртүрлі /генотип, паратип/ жағдайлар /факторлар/ және олардың әсер күштерін дисперсиялық талдау әдістері. Сұрыптаудың және селекция нәтижесін болжаудың жаңа әдістері.

Мал тұқымы туралы ілім

Мал тұқымы туралы түсінік. Мал тұқымдарын шығарудың қазіргі жағдайы. Мал тұқымдары -үй жануарлары эволюциясының негізгі нәтижесі және мал шаруашылығының негізгі өндіріс құралдары. Мал тұқымдары туралы ілімнің генетикалық - селекциялық негіздері. Мал тұқымының негізгі ерекшеліктері. Мал тұқымының таралуы.

Мал тұқымының құрылымы /аймақтық тип, аталық із, аналық ұя/. Тұқым ішіндегі асыл тұқымды және өндірістік топтары. Мал тұқымын жақсарту жолдары мен тәсілдері. Мал тұқымының қалыптасуына және өзгергіштігіне әсер етуші жағдайлар. Мал тұқымын қалыптастыруда табиғи-экономикалық жағдайлар- жаңа мал тұқымы қалыптасуының негізгі қозғаушы күші. Мал тұқымдарын жерсіндіру. Мал тұқымының азғындауы, оны болдырмау жолдары. Мал тұқымдарын шыққан тегіне, өнім бағыттына, олардың қалыптасуына жұмсалған адам еңбегінің саны мен сапасына қарай жіктеу. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы, ТМД және басқа шет елдерде жаңа мал тұқымдарын шығару бағыттары. Малдың азайып бара жатқан, аборигенді, жергілікті, сирек тұқымдарының гендік қорын сақтау, оларды қолда бар тұқымдарды жетілдіру және жаңа тұқымдар шығару үшін пайдалану мәселелері.

Мал өсіру әдістері

Таза тұқым өсіру. Ұғымдардың анықтамасы. Мал өсіру әдістерін жіктеу. Таза тұқым өсіру, оның мақсаты мен міндеттері, қолданылу шарттары. Таза тұқым өсірудің селекциялық-генетикалық ерекшеліктері, оның маңызы және нәтижелілігіне әсер етуші жағдайлар. Таза тұқым өсіру арқылы мал тұқымын жақсарту жолдары. Қан жаңартудың маңызы. Таза тұқым өсіру барасында мал тұқымын асылдандыру жұмысын ұйымдастыру. Тұқым сынау, тұқымдарды аудандастыру. Мал тұқымы кеңестері және олардың міндеттері. Тұқыммал зауыттары, тұқыммал шаруашылықтары мен фермалары және олардың өзара арақатынасы. Тұқым мал шаруашылықтары мен өндірістік шаруашылықтардағы мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының түрлері мен әдістері. Әртүрлі шаруашылықтардағы мал тұқымдарын асылдандыру тәжірибелері, олармен бөлісу.

Туыстарды шағылыстыру /инбридинг/. Ұғымдардың анықтамасы. Мәселенің қысқаша тарихы мен инбридингтің биологиялық ерекшеліктері. Инбридинг және аутбридинг және олардың айырмашылығы. Инбридингті зоотехникалық тәсіл ретінде селекцияда пайдалану. Инбридинг дәрежесін анықтау және жіктеу әдістері. Инбридинг дәрежесін Шапоруж-Пуш тәсілімен анықтау. Райт пен Кисловский ұсынған гомозиготалық пен генетикалық ұқсастықтың арту коэффиценттерін анықтау теңдіктері.

Инбридинг – аса құнды малдың тұқым қаулаушылық қасиетін ұрпақтан- ұрпаққа сақтап қалудың, нәсілдік тұрақтылықты күшейтудің, рецессивтік /жасырын/ гендерді анықтаудың негізгі құралы. Инбридингті пайдалану арқылы шешілетін селекциялық мәселелер.Инбридингті пайдалану шарттары. Ортақ ата-бабаларға тән аса жоғары тұқымдық құндылық. Инбридинг арқылы алынған малды азықтандыру және бағып күту жағдайларының маңызы. Кездейсоқ, жүйесіз инбридингтің зияндылығы және оны болдырмау шаралары. Инбредтік депрессия- инбридинг нәтижесі. Инбредтік депрессия себептері. Инбридингтің зиянды жақтарынан арылу жолдары. Инбридингтің әр түрлі түліктерге тигізетін әсері және оны қолдану ерекшеліктері.Аталық із және аналық ұя бойынша селекция жүргізу. Аталық із бойынша селекция жүргізудің мақсаты. Аталық із бойынша мал өсіру ілімі мен тәжірибесінің қысқаша тарихы.

Аталық ізге тән ерекшеліктер. Аталық із бойынша мал өсіру мен селекциялау кезеңдері. Аталық із басшысы мен ізбасарлары. Аталық із тармақтары және олардың маңызы. Аталық ізбен жүргізілетін селекциялық сұрыптау мен жұп таңдаулар. Аталық із бойынша өсіруде қолданылатын туыстас және туыстас емес шағылыстырулар, инбридинг бағыттылығы мен дәрежесі. Әр түрлі аталық із өкілдерін шағылыстыру /кросс/ және олардың маңызы, артықшылықтары мен кемшіліктері. Аталық іздер үйлесімділігі және оны селекцияда пайдалану.Бағытталған /арнайы/ аталық іздердің маңызы және олардың өкілдерін селекцияда айқас шағылыстыру /кросс/ жүйесінде пайдалану. Аналық ұя, онымен жұмыс істеу тәртібі. Аналық ұялар мен аталық іздер үйлесімділігі. Аталық іздер мен аналық ұялар бойынша мал өсіру және селекциялау – тұқымның ұтымды құрылымын жасау құралы. Аталық іздер бойынша мал өсірудің қолдан жасанды ұрықтандыру мен өндірістік технология жағдайында пайдалану ерекшеліктері.

Будандастыру. Будандастырудың мәні мен биологиялық ерекшеліктері. Будандастырудың мал селекциясы мен мал тұқымын асылдандыру жұмысындағы міндеттері. Будандастыру нәтижелігін арттыруда мал тұқымдарын таңдау және шаруашылық жағдайын жақсартудың маңызы. Будандастыру әдістемесі және будандардың қандық үлесін анықтау.

Сіңіре /өзгерте/ будандастыру. Сіңіре будандастырудың селекциялық - генетикалық ерекшеліктері мен практикалық міндеттері. Сіңіре будандастырудың нәтижелілігіне әсер етуші жағдайлар. Қолдан ұрықтандыру әдісін кең пайдалану жағдайында сіңіре будандастырудың нәтижелілігі.

Қан араластыра /кіріспе/ будандастыру. Қан араластыра будандастырудың селекциялық-генетикалық ерекшеліктері мен міндеттері. Қан аралыстыра будандастырудың сәтті шығуына қажет жағдайлар. Қан араластыра будандастыру үшін мал тұқымдарын таңдау, оның маңызы.

Зауыттық/жаңа тұқым шығара/ будандастыру, оның мақсаты, міндеттері және селекциялық-генетикалық ерекшеліктері. Алға қойған міндеттерін шешудің әдістерін анықтау. М.Ф. Ивановтың жаңа тұқым шығару әдістері. Болашақ тұқымның стандартын құру. Будандастыруға қажетті бастапқы мал тұқымдарын таңдау. Жаңа тұқым шығару жолында нәтижелілікті қамтамасыз ететін жағдайлар. Инбридингтің зауыттық будандастырудағы маңызы. Зауыттық будандастыру кезеңдері. Зауыттық будандастырудың әр кезеңіндегі селекциялық ерекшеліктері. Малдың кейбір түрлерін зауыттық будандастыру ерекшеліктері. Жаңа тұқымды бекіту /апробация/ - ең жоғары селекциялық жетістік.

Өндірістік будандастыру. Оның мақсаты мен міндеттері. Өндірістік будандастырудың етті мал шаруашылығындағы маңызы. Гетерозисті пайдалану. Мал шаруашылығының жеке салаларында өндірістік будандастыру әдісін қолдану. Өндірістік будандастыру түрлері. Өнеркәсіптік негізде ет өндіру үшін өндірістік будандастыру әдісін қолдану, оның экономикалық тиімділігі.

Кезек будандастыру. Кезек будандастырудың өндірістік мақсаттары мен селекциялық- генетикалық ерекшеліктері. Бірнеше ұрпақта гетерозисті пайдалану. Мал шаруашылығының жеке салаларында екі, үш және одан көп тұқым қатынасатын кезек будандастыру әдістерін пайдалану. Гетерозис селекциясы. Ұғымдар анықтамасы. Мәселенің тарихы. Гетерозистің биологиялық мәні. Гетерозистің пайда болуы туралы ғылыми гипотезалар, болжамдар. Гетерозисті алдын ала болжау мәселесі. Гетерозис түрлері, гетерозис тудыруға қажет жағдайлар. Гетерозисті мал шаруашылығында пайдалану. Түраралық және тұқымаралық будандастыруларда пайда болатын гетерозис. Тұқым ішіндегі гетерозис. Тұқым ішіндегі аталық іздер арасындағы және тұқым аралық ’’гибридтеу’’.Инбредтік аталық іздер мен топкроссингтерді пайдалану. Инбредтік аталық іздер аралық ’’гибридтер’’ алу. Аталық іздер үйлесімділігін анықтайтын реципрокты селекция.



Мал шаруашылығындағы гибридтеу. Ұғымдар анықтамасы. Гибридтеу түрлері мен тарихы. Шалғай гибридтеу әдістерін қолдану. Жануарларды гибридтеу арқылы шешілетін зоотехникалық -селекциялық мәселелер. Шағылыса алмау, оның себептері, болдырмау жолдары. Гибридтер бедеулігі және оны шешу жолдары.

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау