Бағдарламасы Астана, 2016 ж. 6M071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»



жүктеу 0,87 Mb.
Дата07.12.2017
өлшемі0,87 Mb.
#3509
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
БЕКІТЕМІН

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК физика-техникалық факультетінің деканы


______________ А.Т. Акылбеков
«____» _________ 2016 ж.

6M071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған пән



Бағдарламасы

Астана, 2016 ж.


6M071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

мамандығы бойынша магистратураға түсу үшін емтихан бағдарламасы
Емтихан сұрақтары ҚР МЖБС 5В071900«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының 2011 жылғы модульдік білім беру бағдарламасы негізінде магистратура бөліміне түсу үшін құрылған.
6M071900–«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

мамандығы бойынша магистратура бөліміне түсуге араналған емтихан бағдарламасы мынадай пәндердің типтік оқу бағдарламаларының негізінде құрастырылған:

1.Аналогтық құрылғылардың электроникасы мен схематехникасы

2.Электрлік байланыс теориясы

3.Телетрафик негіздері
Бағдарлама «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының отырысында бекітілді № 8 хаттама 01.04.2016 ж.
Кафедра мeңгерушісі____________ Ш.Ж Сеилов

1.«Аналогтық құрылғылардың электроникасы мен схематехникасы» пәнінің сипаттамасы
Білімді бақылаудың мақсаты: заманауи жартылай өткізгіштікқұралдардың және интегралдықсхемалардың негізгі класстарының сипаттамалары мен параметрлері, жұмыс істеу принциптері және олардың жұмыс режимдері бойынша білімдерін тексеру.

Негізгі бөлімдер:

- электрондық құралдар мен микро-схемаларды классификациялау; электрониканың элементтік базасының жұмыс істеу принциптері; электрондық құралдар мен микро-схемалардың негізгі параметрлері мен ерекшеліктері; электрондық құралдар мен микро-схемалардыдайындаутехнологиясы.

- электрондық құралдар мен микро-схемалардың негізгі сипаттамалары мен параметрлерін анықтау; электрондық құралдар мен микро-схемаларда ең қарапайым электрондық схемаларды құру.

- электрондық құралдар мен микро-схемалардың негізгі сипаттамалары;құралдарды қолданудағы нақты саласына үшін элементтік базаны таңдау.

–заманауи жартылай өткізгіштік, оптикалық-электрондық құралдар мен интегралдық схемалардың физикалық жұмыс істеу принциптері.

- микро-, оптикалық- және наноэлектроника элементтік базасының даму тенденциялары және болашағы.


Сұрақтар


  1. Түзегіш және жоғары жиілікті диодтар. Стабилитрондар. Импульстікдиодтар. Шоттки диоды.

  2. Биполярлық транзисторлар. Екі p-n-өтулері бар құрылымдардың қасиеттері. Транзистордың жұмыс істеу (күшею) принципі және тізбекке қосу схемасы (сұлбасы).

  3. Биполярлық транзисторлардың h-параметрлері, статикалық сипаттамалары.

  4. Өрістік транзисторлар. Өрістік транзисторлардың түрлері, олардың ерекшеліктері. Басқарылатын p-n-өтулері бар өрістік транзисторлар. Тізбекке қосу схемалары (сұлбалары). Статикалық сипаттамалары және параметрлері.

  5. МДЖ-транзисторлар (Металл, Диэлектрик, Жартылай өткізгіш). Қоздырылатын және ішіне қондырылған арнасы бар транзисторлардың құрылымы және жұмыс істеу принципі.

  6. МДЖ-транзисторлардың статикалық сипаттамалары және параметрлері. МДЖ-транзисторлардың комплементарлық жұптары.

  7. Тиристорлар. Тиристорды бірнеше p-n-өтулері бар басқарылатын жартылай өткізгішті құрал ретінде қарастыру. Тиристордың вольт-амперлік сипаттамасы және құралдың статикалық параметрлері.

  8. Жартылай өткізгішті құрылымдардағы оптикалық сәулелену. Жарықтық сәулелендіргіштер. Жарықтық диодтар, сипаттамалары, параметрлері. Жартылай өткізгішті лазерлер.

  9. Фото қабылдағыштар. Фото қабылдағыштардың параметрлері мен сипаттамалары. Фотодиод. Оптикалық жұптар. Параметрлері мен сипаттамалары. Индикаторлар.

  10. Микроэлектроника, интегралдық схемалар (ИС). ИС классификациялау: жартылай өткізгіштік, пленкалы, гибридтік, қатар қолданылатындар. Микроэлектрониканың технологиялық негіздері. Элементтерді изоляциялау.

  11. Интегралдық схемалардың (сұлбалардың) транзисторлары. Көп эмиттерлі транзистор, Шоттки бөгеулері бар транзистор. МДЖ-транзисторлар. Жартылай өткізгішті резисторлар, конденсаторлар.

  12. Логикалық және сызықты интегралдық схемалар (сұлбалар).

  13. Транзисторлық логика. Инжекциялық қоректендірілуі бар схемалар (сұлбалар).

  14. МДЖ-транзисторлар негізіндегі логикалық элементттер.

  15. Логикалық элементттердің параметрлері мен сипаттамалары. Жадтың жартылай өткізгіштік интегралдық схемалары (сұлбалары).

  16. Сызықты интегралдық схемалар (сұлбалар). Операциялық күшейткіштердің дифференциалдық каскадтары.

  17. Жалпы эмиттері (ЖЭ) бар күшейткіш каскадтың схемасы (сұлбасы). Жүктемелік желідегі жұмыс нүктесін таңдау. Жұмыс нүктесін температуралық тәуелсіздендіру.

  18. ЖЭ схемасының (сұлбасының) негізгі параметрлері: ток пен кернеудің күшейткіш коэффициенттері, кіріс және шығыс кедергілері.

  19. ЖЭ бар күшейткіш каскадының амплитудалық-жиіліктік және фазалық-жиіліктік сипаттамалары.

  20. Жалпы коллекторы (ЖК) және жалпы базасы (ЖБ) бар каскадтардың ерекшеліктері.

  21. Кең жолақты (импульстік) күшейткіштердің ерекшеліктері мен схемасы (сұлбасы).

  22. Күшейткіш каскадтарының жоғары жиіліктік (ЖЖ) және төмен жиіліктік (ТЖ) түзетулері.

  23. Кері байланыстың (КБ) жұмыс істеу принциптері, қызметі және түрлері. Қамтамасыз етудің негізгі әдістері.

  24. Күшейткіш қондырғыларының негізгі көрсеткіштеріне және сипаттамаларына кері байланыстың (КБ) әсері.

  25. Кері байланыспен (КБ) қамтылған қондырғылардың орнықтылығы және оны түрлі критерилер арқылы анықтау.

  26. Қуат күшейткіштерінің түрлері: бір тактілі және екі тактілі қуат күшейткіштері. Бір тактілі қуат күшейткішінің схемасы.

  27. Екі тактілі қуат күшейткішінің схемасы.

  28. Жүктемені трансформаторлық және трансформаторлық емес қосылулар.

  29. Дифференциалдық каскадтың ерекше негізгі қасиеттері, әртүрлі фазалық сигналдарды күшейту және синфазалық сигналдарды басу.

  30. Операциялық күшейткіштерді (ОК) классификациялау. Негізгі параметрлері және сипаттамалары. Типтік құрылымдар және ОК каскадтары.

  31. Сигналдарды аналогтық өңдеуге арналған құрылғыларды жасау үшін КБ қолдану. Операциялық күшейткіштердегі (ОК) күшейткіш орнықтылығы.

  32. Операциялық күшейткіштердегі (ОК) инверторлаушы және инверторламайтын күшейткіштер. Операциялық күшейткіштердегі (ОК) инвертор, қайталағыш және айнымалы сигналдың күшейткіші.

  33. Қосылғыштар, дифференциалдаушылар, интегралдаушылар.

  34. Басқарылатын көздерге негізделген кедергілердің конверторларын және инверторларын іске асыру.

  35. Кернеудің аналогтық компараторлары. Кернеудің аналогтық компараторларының сипаттамалары, классификациясы және қолданылуы.

  36. Шмидттің триггері. Генераторлардың түрлері және міндеті.

  37. Генераторларды құрастыру принциптері. Синусоида тәріздес тербелістердің RC-генераторлары.

  38. Синусоида тәріздес тербелістердің RC-генераторлары.

  39. Релаксациялық тербелістердің генераторлары. Авто-тербелістік мультивибратор.

  40. Күтетін мультивибратор. Кернеуі сызықты заңмен өзгеретін генераторлар.


Әдебиеттер тізімі

    1. Опадчий Ю.Ф. и др. Аналоговая и цифровая электроника. – М.: Радио и связь, 2002. – 768 с.

    2. Степаненко И.П. Основы микроэлектроники: Учеб.пособие для вузов. – М.: Лаборатория Базовых Знаний, 2000. – 488 с.

    3. Прянишников В.А. Электроника: Курс лекций. – СПб.: КОРОНА принт, 1998. – 400 с.

    4. Гусев В.Г., Гусев М.Ю. Электроника. – М.: Высш.шк. 1991. – 495 с.

    5. Титце У., Шенк К. Полупроводниковая схемотехника: Справочное руководство – М.: Мир. 1982. – 512 с.

    6. Гершунский Б.С. Основы электроники и микроэлектроники: Учебник для вузов – Киев: Высща школа, 1989. – 424 с.

    7. Коломбет Е.А. Микроэлектронные средства обработки аналоговых сигналов. – М.: Радио и связь, 1991. – 376 с.

    8. Пейтон А.Дж, Волш.В. Аналоговая электроника на операционных усилителях. – М..: Бином, 1994. – 352 с.

    9. Бураханова З.М. Аналоговые функциональные устройства. Алма-Ата, РИК, 1991. – 58 с.

    10. Бураханова З.М., Жунусов З.А., Шанаев У.Т. Схемотехника аналоговых устройств. Метод. указания к лаб. раб. – АИЭС, Алматы, 1999. – 22 с.

    11. Павлов В.Н., Ногин В.Н. Схемотехника аналоговых электронных устройств. – М.: Радио и связь, 1997. – 320 с.

    12. Фолкенберри Л. Применение операционных усилителей и линейных ИС. – М.: Мир, 1985. – 572 с.

    13. Алексенко А.Г. и др. Применение аналоговых ИС. – М.: Радио и Связь, 1980. – 324 с.



ІІ. «Электрлік байланыс теориясы» пәнінің сипаттамасы
Білімді бақылаудың мақсаты:телекоммуникациялық жүйелердегі ақпаратты тарату заңдылықтары туралы, телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді жасау принциптері мен модельдері, негізгі концепциялары, олардың заманауи даму тенденциялары туралы және телекоммуникация саласының стандарттары туралы білімдерін тексеру.

Негізгі бөлімдер:

  • Байланыс желісі, байланысканалдары мен байланыс жүйелері.Каналдардағы ахаулар менбұрмаланулар; хабарлардың, сигналдардың және ахаулардың математикалық модельдері;

  • Сигналдарды құру және түрлендіруәдістері.Сигналдарды жіктеудің негізгі теориялары;

  • Модуляциялау және кодтау. Демодуляциялаужәне декодтау. Кездейсоқ үрдістер (КҮ) және олардың негізгі сипаттамалары. Модуляциялардың түрлері мен ахауларға орнықтылығы;

  • Электр байланыс каналдарының классификациясы. Үздіксіз каналдардың модельдері;

  • Сигналдарды қабылдаудың оптимальді алгоритмдері;

  • Үздіксіз байланыс каналдары үшін Шеннонның кодтау теоремалары. Байланыс каналдары мен байланыс көздерін кодтау.

Сұрақтар


  1. Ақпарат, хабарлар, сигналдар. Хабарлар, олардың шығу көздері және қабылдағыштары. Сигнал – хабарды тасымалдаушы. Хабар және Ақпарат. Хабарлар мен сигналдардың кездейсоқ сипаттамасы. Сигналдардың негізгі параметрлері: ұзақтылығы, спектр енділігі және динамикалық диапазоны.

  2. Телекоммуникациялық жүйелерді тағайындалуы бойынша, әсер ету әдісі және техникалық іске асырылуы бойынша классификациялау. Байланыс жүйесі және байланыс каналы. Байланыс жүйесінің құрылымдық схемасы (сұлбасы).

  3. Дискреттік және үздіксіз каналдар, олардың негізгі сипаттамалары. Ақпаратты жіберуші жүйелерде қолданылатын электрлік-магниттік тербелістердің жиіліктік диапазоны.

  4. Көп каналды жіберуші жүйелер. Байланыс жүйелері туралы түсінік.

  5. Аддитивтік және мультипликативтік ахаулар. Ахауларды физикалық қасиеттері және пайда болу себептері бойынша классификациялау.

  6. Модуляциялаужәне детекторлау. Сызықтық емес тізбектердегі тербелістерді түрлендіру.

  7. Амплитуда бойынша модуляцияланған (АбМ) сигналдардың түзелуі және детекторлануы. Тасымалдаушысы азайтылған АбМ, бір жолақты модуляция (БЖМ).

  8. Модуляторлардың схемалары (сұлбалары). Когеренттік және когеренттік емес детекторлаудың принципі. Детекторлау үшін параметрлік және сызықтық емес элементтерді қолдану.

  9. Бұрыштық модуляция сигналдарының түзелуі және детекторлануы. Детекторланған және кездейсоқ хабарламалардың модельдері үшін жиіліктік және уақыттық аумақтардағы бұрыштық модуляция сигналдарының сипаттамалары мен қасиеттері.

  10. Тар-жолақты және кең-жолақты бұрыштық модуляция, жиіліктік модуляцияланған (ЖМ) және фазалық модуляцияланған (ФМ) спектрлеріндегі сигналдардың айырмашылығы. ЖМ және ФМ сигналдарды түзеу әдістері.

  11. Дискреттік хабарламалармен модуляцияланғансигналдардың түзелуі және детекторлануы. Электрлік байланыс жүйелеріндегі синхронизациялау туралы түсінік және оны қамтамасыз ету принциптері.

  12. Қолайлы емес детекторларды қолдану кезіндегі ахауларға орнықтылығын. Диодтық детектордың АбМ-сигналдарының ахауларға орнықтылығын сараптау, сигнал=ахауларының шығысындағы қатынасы және оның сигналдар модуляциясына мен ахауларына тәуелділігі.

  13. Импульстік тасымалдаушыны модуляциялау және детекторлау. Амплитудалық-импульстік модуляциялау әдістері.

  14. Бірқалыпты және бірқалыпты емес кодтар, түзетуші кодтар. Модуляция – хабарламаны сигналға түрлендіргіш операция.

  15. Дискреттік хабарламаларды жіберуші жүйелерінің құрылымдық схемасы (сұлбасы), модем және кодек.Үздіксіз хабарламаларды жіберу.

  16. Демодуляция және декодталу. Шешуші қондырғы. Демодуляторда сигналды өңдеу әдістері туралы ұғым.

  17. Хабарлардың, сигналдардың және ахаулардың классификациясы. Детерминацияланған және кездейсоқ үрдістер, олардың математикалық модельдері.

  18. Үрдістердің тура және жанама модельдері. Хабарлар мен сигналдарды түрлі метрикалық және топологиялық кеңістіктерде ұсыну.

  19. Жалпыланған Фурье қатары. Сигналдарды спектрлік және уақыттық түрде көрсету.

  20. Котельников теоремасы. УОЛШ базисінде аналогтық сигналды жіктеу.

  21. Цифрлік сигналдарды Хемминг кеңістігінің векторлары ретінде көрсету

  22. Кездейсок үрдістер (КҮ) және олардың негізгі сипаттамалары. Стационарлықжәне стационарлық емесКҮ. СтационарлықКҮ эргодикалық қасиеті. Стационарлық емесүрдістердің ерекшеліктері.

  23. Корреляция функцияларыжәне олардың қаситеттері. ГаусстыңКҮ. Қуат тығыздығының спектрі және оның корреляция функциясымен байланысы.

  24. Спектрі шектелген «ақ» шудың корреляция функциясы. Спектрдің эффективтік ені.

  25. Кездейсоқ сигналдардың детерминацияланған сызықты және сызықты емес жүйелер арқылы өтуі. Кездейсоқ сызықты каналдар және олардың сипаттамалары, сымды және радиоканалдардың ерекшеліктері, сигналдардың кілт тоқтауы.

  26. Флуктуациялық, шоғырланған және импульстік ахаулар, олардың ықтимал сипаттамалары.

  27. Үздіксіз каналдардың модельдері. Ахаусыз идеал канал, аддитивтік Гаусстың шуы бар канал.

  28. Сигналының фазасы анықталмаған канал, кілт тоқталуы бар бір сәулелі канал. Символ аралық интерференциясы және аддитивтік шуы бар канал.

  29. Дискреттік хабарларды жіберу жүйелерінің ахауларға орнықтылығы туралы теориясы. Дискреттік хабарлардың қолайлы демодуляторы (қабылдағышы) туралы мәселені қою.

  30. Аддитивтік «ақ» шуы пайда болғанда бұрмалануы жоқ дискреттік-үздіксіз каналдағы қолайлы қабылдау үрдісі.

  31. Қолайлы қабылдағыштардың (корреляциялық қабылдағыш, келістірілген фильтр) схемаларының (сұлбаларының) және алгоритмдерінің синтезі. Қабылдағыштардағы сигналдарды өңдеудің цифрлік әдістері.

  32. Дискреттік хабарларды қабылдаудың қолайлы емес әдістері.

  33. Дәл белгілі көптік сигналдарды қабылдау кезінде потенциалдық ахауларға орнықтылық. Гаусстың «ақ» шуы кезіндегі сигналдардың екілік жүйесі үшін қабылдаудағы қателік ықтималдылығы.

  34. Сигналдар фазалары және амплитудаларының флуктуациясы кезінде дискреттік хабарларды қабылдау. Ыдыратылған қабылдау үрдісі. Ыдыратылған қабылдау үрдісінің әдістері.

  35. Дискреттік байланыс каналдары үшін Шеннонның кодтау теоремасы.

  36. Сызықтық-тәуелсіз сигналдары бар жіберу жүйелері. Көп-каналды жүйелердің құрылымдық схемалары (сұлбалары).

  37. Көп-каналды байланыс жүйелердің өткізгіштік қабілеттілігі. Каналдың өткізгіштік қабілеттілігіне өз-аралық ахаулардың тигізетін әсері. Көп станциялы рұқсаты бар жіберу жүйесі.

  38. Көпшілікке қызмет ету теориясының негізгі қағидалары. Көп-деңгейлі байланыстың архитектурасы және протоколдары.

  39. Сигналдардың жиіліктік (ЖБК),уақыттық (УБК) және фазалық (ФБК)бөлінулері. ЖБК, УБК, ФБК, топтық сигналдардың қалыптасуының және жіктеуші құрылғыларын құрудың ерекшеліктері.

  40. Пішініне қарай сигналдарды жіктеу. Сызықтық-тәуелсіз сигналдарды жіктеудің құрылымдық схемасы (сұлбасы).


Әдебиеттер тізімі


  1. Теория электрической связи: Учебник для вузов/ Зюко А.Г., Кловский Д.Д., Коржик В.И., Назаров М.В. - М.: Радио и связь, 1999. - 432 с.

  2. Зюко А.Г., Кловский Д.Д., Назаров М.В., Финк Л.М. Теория передачи сигналов. - М.: Радио и связь, 1986.

  3. Кловский Д.Д., Шилкин В.А. Теория электрической связи. Сб. задач и упражнений: Учебное пособие для вузов. - М.: Радио и связь, 1990. - 280 с.

  4. Андреев В.С. Теория нелинейных электрических цепей. - М.: Радио и связь, 1982.

  5. Гоноровский И.С. Радиотехнические цепи и сигналы. - М.: Радио и связь, 1986. - 512 с.

  6. Парамонов Ю.В. Введение в теорию и методы защиты информации: Учебное пособие, МТУСИ. - М.: 1999.

  7. Молчанов В.Н., Наумов Н.М., Санников В.Г. Методы математического представления сообщений, сигналов и помех: Учебное пособие, МТУСИ. - М.: 1998.

  8. «Теория электрической связи» под редакцией профессора Д.Д.Кловского: Учебник для Вузов, «Радио и связь». - М.: 1999.

  9. Баскаков С.И. «Радиотехнические цепи и сигналы», «ВШ». – М.: 2000.

  10. Баскаков С.И. «Радиотехнические цепи и сигналы»: Руководство к решению задач, «ВШ». – М.: 2002.Список рекомендуемой литературы


ІІІ. «Телетрафик негіздері» пәнінің сипаттамасы
Білімді бақылаудың мақсаты: Телекоммуникация жүйелерін құру негіздері мен әдістері туралы, коммутация жүйелері мен байланыс желілерін оңтайлы жобалау мен және оларға сапалы қызмет көрсету тапсырмаларын шешу үшін қажетті хабарламалар ағынына қызмет көрсетудің математикалық модельдерін құрудың негізгі прициптері туралы білім жүйесін меңгеру туралы білімдерін тексеру.
Негізгі бөлімдер:

  • Кездейсоқ шамалардың таралу заңдары;

  • Шақырулар ағыны. Шақырулар ағындарының қасиеттері мен сипаттамалары. Жүктеме сипаттамалары. Жүктеменің негізгі параметрлері жіне үлестірулері.

  • Айқын шығынды толық қатынастағы жүйелерді есептеу. Эрланг бірінші формуласы және Энгсет үлестірулері;

  • Толық қатынастағы жүйелер. Толық қатынастағы емес сұлбаны құру алгоритімі және есептеу әдістері;

  • Екібуынды және көпбуынды жүйелерді есептеу әдістері: Эрланга, О’делла, Пальма – Якобеуса формулалары;

  • Көпзвенолы коммутациялық сұлбалардың өткізу қабілеттілігін есептеу үшін ықтималдылық графтарының әдісі;

  • Мультисервисті байланыс желілері фрагментінің өткізу қабілетін бағалау әдістері.


Сұрақтар


  1. Телетрафик теориясы негізгі міндеттері.

  2. Шақырулар ағыны. Хабарламалар ағынының қарқындылығы және параметрлері. Оларды беру міндеттері.

  3. Шақыру ағындарының қасиеттері. Стационарлық, біртектілік және кейінгі ықпалдылық.

  4. Шақыру ағындарының қасиеттері мен сипаттамалары: детерминделген және кездейсоқ.

  5. Телетрафик теориясының қызметтік тәртібінің негізгі ерекшеліктері.

  6. Кездейсоқ шамалардың үлестіру заңдары.

  7. Бернулли үлестіруі.

  8. Пуассон үлестіруі.

  9. Эрланг үлестіруі.

  10. Қарапайым шақыру ағындары. Қарапайым шақыру ағындарының негізгі сипаттамалары.

  11. Жүктеме оның параметрлері және жүктеме қарқындылығын үлестіру.

  12. Уақыт өзгерісіндегі жүктеме. Ең үлкен жүктеме сағатын (ЕҮЖС) анықтау және Ең үлкен жүктеме кезеңі (ЕҮЖК). ЕҮЖС жүктеменің шоғырлану дәрежесі.

  13. Жүктеме қарқындылығының категориялары.

  14. Кіріс коммутациялық өрісіндегі жүктеме қарқындылығы есептеу.

  15. Жүктемені болжау ерекшелігі.

  16. Коммутациялық жүйесінің өткізу қабілеттілігі. Өткізу қабілеттілігіне әсер ететін факторлар.

  17. Айқын шығындар мен күтуі бар ағындарға қызмет көрсету сапасын бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер.

  18. Айқын шығындары бар қарапайым ағындарға қызмет көрсету кезіндегі бір буынды толық қатынасты коммутациялық жүйелерді есептеу әдістері.

  19. Айқын шығындары бар толық қатынасты шоғырлар үшін Эрланг формуласы.

  20. Айқын шығындары бар толық қатынас жүйелеріндегі примитивтік ағынға қызмет көрсету үшін есептеу әдістері.

  21. Толық қатынастағы жүйе примитивтік ағынға қызмет еткен жағдайда шығындарды есептеу. Энгсет формуласы.

  22. Қызмет көрсету көрсеткіштердің негізгі сапасы.

  23. Қызмет көрсету уақытының экспоненциалды үлестіруі.

  24. Тұрақты қызмет көрсету ұзақтығы.

  25. Қайталанған шақырулар үшін коммутациялық сұлбалардағы бір звенолы қолжетімді қосылуларды есептеу әдістері.

  26. Бір звенолы жартылай қолжетімді қосылуларды есептеу әдістері: Эрланг, О'Делл, Пальма – Якобеус формулалары.

  27. Екізвенолы қолжетімді қосылулардың өткізу қабілеттіліктерін есептеу үшін Якобеус әдісін талда.

  28. Екізвенолы жартылай қолжетімді қосылулардың өткізу қабілеттіліктерін есептеу үшін эффективті қолжетімді әдісін талдау.

  29. Көпзвенолы коммутациялық сұлбалардың өткізу қабілеттілігін есептеу үшін ықтималдылық графтарының әдісі

  30. Желінің айналмалы бағыттарын есептеу әдісі.

  31. Желінің айналмалы бағыттарын құру принципі.

  32. Тура бағыттағы линиялардың оптималды сандарын анықтау.

  33. Қызмет көрсету кезінде қоңырау желілерін (арналар) артық жүктеме санын есептеу әдісі.

  34. Мультисервисті байланыс желілері фрагментінің өткізу қабілетін бағалау әдістері.

  35. Мультисервисті байланыс желілері фрагментінің құрылғыларының құрамы.

  36. Кодтау және сапалы хабарларды тарату.

  37. Абоненттік шлюздердің өткізу қабілетін есептеу.

  38. Транспорттық шлюздердің өткізу қабілетін есептеу.

  39. Шлюз бақылау сигналына хабар беру үшін көлік ресурстарын есептеу.

  40. Коммутаторлардың өткізу қабілетін есептеу.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі




  1. Корнышев Ю.Н., Пшеничников А.П., Харкевич А.Д. Теория телетрафика. -М.: Радио и связь, 1996.

  2. Крылов В.В., Самохвалова С.С. Теория телетрафика и ее приложения : Учебное пособие. –

  3. СПб.: БХВ-Петербург, 2005. – 288с.

  4. Лагутин В.С., Степанов С.Н. Телетрафик мультисервисных сетей связи. - М.: Радио и связь, 2000

  5. Ершов В.А., Кузнецов Н.А. Теоретические основы построения цифровой сети с интеграцией служб. М.: Институт проблем передачи информации РАН, 1995.

  6. Давыдов Г.Б., Рогинский В.Н., Толчан А.Я. Сети электросвязи. – М.: Связь, 1987.

  7. Теория сетей связи / Под ред. В.Н.Рогинского. – М.: Радио и связь, 1981.

  8. Башарин Г.П. Лекции по математической теории телетрафика: Учебное пособие. – М.: РУДН, 2009. – 342с.

  9. Степанов С.Н. Основы телетрафика мультисервисных сетей. – М.: Эко-Трендз, 2010. – 392с.

  10. Семенов Ю.В. Проектирование сетей связи следующего поколения. – СПб.: Наука и Техника, 2005. – 240 с.

  11. Зайончковский Е.А., Пильшщиков А.П. Автоматическая междугородая телефонная связь. – М.: Радио и связь, 1984.

  12. Лазарев В.Г. Основы построения сети интегрального обслуживания. Узкополосные ЦСИО – М.: Радио и связь, 1990.

  13. Пятибратов А.П. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации. – М., 2001.

  14. Норенков И.П. Телекоммуникационные технологии и сети. – М., 2000.

  15. Алексеев Е.Б., Гордиенко В.Н., Крухмалев В.В. и др. Проектирование и техническая эксплуатация цифровых телекоммуникационных систем и сетей. – М.: Горячая линия – Телеком, 2008.

  16. Теория телетрафика и сети связию Методические указания к выполнению расчетно – графических работ /Туманбаева К.Х. – Алматы: АИЭС, 2007.

жүктеу 0,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау