Жоғары білім берудің сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету
Ұлттық аккредиттеу ұйымдары халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің желісіне кіреді (РЕГИСТР).
2013 жылдан бастап Ұлттық аккредиттеу орталығы бәсекелік ортаға беріледі.
ЖОО-на халықаралық және ұлттық аккредиттеуден өтуге ынталандыру жүйесі жасалады.
2020 жылға дейін ЖОО-ның 100% міндетті ұлттық аккредиттеуден өтеді.
Халықаралық және ұлттық аккредиттеуден өткен ЖОО мемлекеттік аттестаттаудан босатылып, өз үлгісіндегі дипломдарын бере алады. ЖОО-ның 14% халықаралық мамандандырылан аккредиттеуден өтеді.
Қазақстандық ЖОО-ның 65% халықаралық стандарттарға сәйкес тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді.
Жетекші ЖОО-на шетелдік оқу кеңесшілері тартылады.
Қазақстанның ЖОО-ы үздік әлемдік университеттер рейтингісінде аталатын болады.
ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының дамуын қамтамасыз ету
ЖОО-ның материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасы жақсартылады. 2013 жылдан бастап, материалдық-техникалық базасы нығайтылған ЖОО-ның үлесі жыл сайын 10% артады.
4 Орталық құрылады: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Білім трансферті орталығы (жоғары ғылымдар мен инновациялар зонасы); Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында Жұмысшы мамандықтар орталығы мен Дәнекерлеу орталығы; Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында тамақ технологиялары жөніндегі шағын-цехы бар тамақ қауіпсіздігі орталығы.
2013 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында Аудармашылар бюросы құрылады.
ЖОО-ның кең жолқаты интернетке 100% қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, университеттік порталдар құрылады (2015 жылға – ЖОО-ның 50%, 2020 жылға – 100%). ЖОО-ның техникалық дайындылығына орай ЖОО-ның Республикалық ЖООаралық электронды кітапханаға қосылуы жүзеге асырылады (2015 ж. -80%, 2020 ж.- 100%).
Оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен оларды басып шығару, оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару қамтамасыз етіледі.
7 жатақхананы салу есебінен (Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың жатақхана орындарымен қамтамасыз етілуі 70%-дан 80 % дейін артады.
ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын дамыту үшін әлеуметтік әріптестердің құралдары тартылатын болады.
Білім және ғылымның ықпалдасуын қатамасыз ету, интеллектуалды меншік өнімдерін коммерциаландыру үшін жағдайлар жасау
Елдің индустриялдық-инновациялық даму бағыттарын іске асыру үшін қызмет етіп отырған ЖОО-ның негізінде:
үш бизнес-инкубатор: 2013 жылы – «Энергетика» бағыты бойынша 1; 2014 жылы – «Мұнай өңдеу және мұнау секторының инфрақұрылымы» бағыты бойынша 1; 2015 жылы – «Химия өнеркәсібі» бағыты бойынша 1;
үш технопарк: 2013 жылы – «Металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру» бағыты бойынша 1; 2014 жылы – «Машинажасау» бағыты бойынша 1; 2015 жылы – «Жеңіл өнеркәсібі» бағыты бойынша 1.
ғылыми ашуларды коммерцияландыру орталықтары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2013 жыл), С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті (2014 жыл), К. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (2015 жыл) ашылады.
2015 жылдан бастап «Назарбаев Университеті» жоғары кәсіпті мамандар мен жас ғалымдарды дайындап шығарады.
2016 жылдан:
10-дар топына кіретін шетелдік ЖОО бірлесе отырып, білім беру бағдарламалары әзірленеді;
жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндірістерді құру үшін экономиканың басым салаларында ғылыми зерттеулер жүргізіледі;
серіктес-университеттермен және шетелдік ғылыми орталықтармен кооперациялану жүзеге асырылады.
VI. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Қазіргі заманауи жағдайларда стратегиялық ресурс адами капитал болып табылатын еңбек өнімділігі экономикалық гүлдену мен бәсекеге қабілеттіліктің ұзақ мерзімді негізіне айналуы тиіс.
Сауатты адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиімді мемлекеттік аппаратты құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Саяси ерік пен мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргізу негізі болып табылады.
Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады: 2011 – 2015 жывлдар мен 2016-2020 жылдар.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеумен, оларды сынақтан өткізумен, сондай-ақ ауқымды қаута құрулар мен сынақтардың басталуымен байланысты жұмыстарды жүргізу көзделген.
Екінші кезеңде (2016 – 2020 жылдар) құрал-жабдықтарды сатып алуды, инвестицияларды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын жаңарту және өзге көршығынды жұмыстар) көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ Бағдарламаның білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларын әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз етуге басымдық беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру қарастырылған.
Әрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылуын және бағдарламалық іс-шаралардың білім беру жүйесінің жай-күйіне әсерін сипаттайтын көрсеткіштерді өзгерту жоспарланған.
Күтілетін нәтижелер:
2015 жылға дейін өтпелі кезең аяқталып, Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы, мазмұны, басқару тетіктері мен қаржыландыру дамыған елдер моделіне сәйкес келетін болады.
Білім беру жүйесінің дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасынан басым шептерге ие болады.
2020 жылға дейін білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейі түрінде нәтиже беретін болады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін мынадай әлеуметтік-экономикалық тиімділіктер қамтамасыз етіледі:
1. Адами капитал сапасы мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігінің артуына байланысты туындаған мемлекет экономикасының тиімділігінің және бәсекеге қабілеттілігінің артуы.
2. Білімдерді жобалау, құру және реконструкциялаудың жаңа ұстанымдарын есепке ала отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Білім берудің ескірген және апатты нысандарын жою. Білім берудің технологиялық және әлеуметтік инфрақұрылымын жаңарту (асханалар мен спортзалдарды, автопарктерді, компьютерлік техниканы және т.б. жаңарту).
3. Бюджет құралдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
4. Білім беру саласының қолжетімділігін, ашықтылығын, сапасын арттыру, корпоративтік басқару ұстанымдарын енгізу.
5. Жаңа қаржы-экономикалық тетіктерін енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын нормативтік-жанбасылық ұстанымдар негізінде, біліктілік арттыру жүйесін ваучерлік негізде қаржыландыру.
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың вариативтік түрлерін енгізу, балалардың мектепке білім алуға деген жоарғы дайындылығын қалыптастыру, олардың ерте позитивтік әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
7. Бейіндік оқыту ұстанымдарына негізделген «Бейіндік мектеп» жоғарғы мектебінің моделін, оның ішінде оқушылардың жеке оқу траекториясын пайдалана отырып құру.
8. Оқушылардың барлық әлемдік білім берудегі ақпараттық ресурстарына оn-line қолжетімділігін қамтамасыз ету.
9. Білім беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу.
10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге арналған мектептік және кәсіптік білім берудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін «инклюзивті» оқыту жүйесін құру.
11. Жаңа фармациядағы мұғалімдердің қажетті санда және тиісті біліктілікте қалыптастыру. Білім беру қызметкерлері еңбегінің экономикалық және әлеуметтік ынталандыру жүйесін, елдегі орташа жалақы деңгейіне шығатын және жұмыс сапасын ынталандыратын оқытушылар жалақысының икемді жүйесін басымды енгізу.
12. Ішкі нарықтағы білім берудің салыстырмалы үлесін арттыру, елдің білім беру жүйесінің білім беру қызметтерін экспорттаудағы көлемі мен құрылымын ұлғайту.
13. Еңбек нарыының сұраныстарына сәйкес келетін, азаматтардың кәсіби, қызмет жолдында және жеке өсуіне ықпал ететін үздіксіз кәсіптік білім берудің икемді жүйесін қалыптастыру.
14.Білім берудегі мемлекеттік-жеке әріптестікті енгізу.
15.Кәсіптік білім беру бағдарламаларының санын, сондай-ақ халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ның санын ұлғайту.
VІI. Қажетті ресурстар
2011–2020 жж. білім беруге жұмсалатын бюджеттік шығындарды кезең-кезеңмен арттыру, 2020 жылға дейін олардың ЖІӨ үлесін дамыған елдердің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.
2000 жылдан бері жұмыскерлердің жалақысы 400% дейін өскеніне қарамастан, олардың деңгейі ең төменгілердің бірі ретінде қалып отыр. Балалар бақшасындаы тәрбиешінің орташа жалақысы 27 250 теңгені, мектеп мұғалімі мен кәсіптік лицейдің өндірістік оқыту ұстасының жалақысы 27 940 теңгені, колледж оқытушысыныкі – 37 2589 теңгені, жоғары оқу орны оқытушысының жалақысы 43 885 теңгені құрайды.
Білім беру саласында еңбек ақы төлеудің педагогикалық қызмет ерекшелігін ескеретін жаңа жүйесі енгізіледі және 2015 жылға дейін педагогтардың орташа жалақысы экономикадағы жалақының орташа деңгейіне жеткізіледі.
Шағын комплектілі ауыл мектептерінің педагогтарын қолдауға арналған шаралар жүйесі көзделуде.
Көзделіп отырған қаржы шығындары (капиталдық және ағымдық)
Қосымша шығындар құрылымында АКТ мен электронды оқулықтарды дамытуға арналған шығындар, педагогтар жалақысын экономикадағы орташа жалақыға жеткізу шығындары басым орын алады. 2015 жылға дейін шамамен 286 млрд. теңге қаржы қажет.
Жоғарғы мектептер мен 3 ауысымдық және апаттық мектептерді жою мақсатында 91 мектеп салу көзделген.
4 жоғары мектептің базасында (Астана, Алматы ққ., Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары) жалпы орта мектепті жанбасылық қаржыландыру жүйесін сынақтан өткізу қарастырылуда, ол өз кезегінде 377 млн.теңгені қажет етеді.
Конкурстық негізде жеке меншік мектептер ішінен немесе ЖОО жанынан жанбасылық қаржыландыру тетіктерін, қаржылық тәуелсіздік, қамқоршылық кеңестерді және т.б. пысықтау үшін пилоттық мектептер іріктеледі.
Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру үшін 3 846 920 млн. теңге қажет етіледі (қосымша шығындар – 457 876 млн. теңге), оның ішінде:
республиканского бюджет құралдарынан – 3 762 641 млн.теңге, оның ішінде қосымша - 419 436 млн.теңге
жергілікті бюджеттерден – 84 2789 млн.теңге, оның ішінде қосымша - 30 955 млн.теңге.
Достарыңызбен бөлісу: |