Бағдарламасы Астана, 2010 ж. Мазмұны


Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру



жүктеу 0,81 Mb.
бет3/5
Дата18.12.2017
өлшемі0,81 Mb.
#5041
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды арттыру

Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін білікті кадрлар болу қажет. Ол үшін педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту жөнінде шаралар қарастырылуда.

2016 жылдан бастап жұмысқа алғаш рет немесе педагог қызметінің үзілісінен кейін қабылданып жатқан педагогтер біліктілігінің деңгейін растау рәсімі енгізілетін болады. Білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау ережесі әзірленеді, ол азаматтардың аталған санаттары үшін тестілеуден өтуді көздейді.

Жоғары орта мектеп үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде білім беру саласындағы магистр дәрежесінің барлығы көтермеленетін болады.

Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагогтің портфолионда өз көрінісін табады.

Педагог кадрларды даярлау сапасын бақылау және ынталандыру үшін барлық өңірлерде тәуелсіз аттестаттау агенттіктері құрылады.

Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу рәсімінен, қызметі туралы есептен білім беру беру процесі мен қоғамдастық қатысушыларының пікіртерімінен тұратын кешенді бағалау негізінде өткізілетін болады.

2016 жылдан бастап математика мұғалімі TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуге (Teacher Education and Development Study in Mathematics) – орта мектептің бастауыш және орта буынының математика мұғалімдерінің кәсіптік білім сапасын бағалауға қатысатын болады.


Білім беру менеджменті
Мақсаты: білім беру саясатының барлық субъектілерінің рөлін күшейту мен олардың өзара әсері

Мақсатты индикатор: білім беру ұйымдарының 90%-ында қамқоршылық кеңестері құрылды

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

білім берудің басқару жүйесін жетілдіру;

білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру.


Білім берудің басқару жүйесін жетілдіру

Еңбек рыногындағы қатаң бәсекелестік білім беру менеджменті жүйесінің ұтқырлығы мен серпінділігін талап етеді.

Білім берудің басқару жүйесі қалың қоғамдастығын — педагогтық және халықтың түрлі жіктерін жоспарлауға және жүзеге асыруға тарту жолымен қарастырылатын болады.

Қоғамдастықтың білім беруді басқарудың түрлі деңгейіне қатысуы білім беруді қолдауға, дамытуға және реформалауға белсене қатысатын қамқоршылық кеңес түрінде жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының қызметінің транспаренттілігін арттыру мақсатында ата-аналардың, жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдардың, ҮҰ-ның қатысуы есебінен қамқоршылық кеңестің рөлі өседі. Қамқоршылық кеңестің негізгі функциясы демеушілік қаражатты және басқа да түсімдерді мақсатты пайдалануға, мұғалімдермен және студенттермен кері байланысты қолдауға, кадрлық шешімдерді қабылдауға қатысуға, стратегиялық жоспарларды бекітуге бақылау жасау.

2020 жылы орта білім беру ұйымдарының 90%-ында қамқоршылық кеңестер құрылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 543 қамқоршылық кеңесі, 12 салалық кеңестер және жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды даярлау бойынша 16 өңірлік кеңестер құрылатын болады.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесі бар білім беру мен денсаулық саласында, ЖОО-да, мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін корпоративтік басқару принциптері енгізілетін болады. Оң нәтиже болған жағдайда, корпоративті басқару принциптеріне 2020 жылы ЖОО-ның 40% енетін болады.

2015 жылдан бастап мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік қазыналық коммуналды кәсіпорындарды, оның ішінде мемлекеттің қатысуымен коммерциялық емес ұйымдар (АҚ, ЖШС, ТУ) түріне ауыстыру қамтамасыз етілетін болады.

2013 жылы мемлекеттік ЖОО ректорларын, барлық аккредиттелген ЖОО-да олардың сайланбалы бөлімінде тағайындаудың тетіктері қайта қаралатын болады.

2011 жылы білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтардан басқарудың жаңа дағдылары мен біліктілікті арттыруды талап ететін нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру жүйесінің, білім беру менеджменті мәселелері жөніндегі орта білім берудің басшылық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты жыл сайын 10%-ға көбейту болжанып отыр.

Ұйымдардың басшылығына қосымша білімі бар немесе менеджмент бойынша біліктілігін арттырудан өткен тұлға тағайындалатын болады.


Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру

Білім беруде сапа менеджменті жүйесінің принциптерінің бірі болып мониторинг нәтижелерін есепке ала отырып, білім беру процесін тұрақты жетілдіру принципі болып табылады.

Ұлттық және өңірлік деңгейдегі білім беру нәтижелері мен әлеуметтік әсерлердің жүйелік мониторингін жүргізу мақсатымен білім беру мониторингінің бірыңғай жүйесін басқарудың ақпараттық базасы және дамыту жолдарын болжамдау түрінде енгізу қажет.

Бұл үшін мыналар:

аудандық деңгейде (ББСБҰ) білім беру сапасын бағалау жүйесін енгізу жалғастырылатын;

алғашқы деректер негізінде білім беру статистикасының бірыңғай базасы құрылатын;

білім беру жүйесінің инфрақұрылымдары білім беру ұйымдарында түрлі қызмет көрсетулерден бас тартатын коммерциялық емес агенттіктерді қоса отырып кеңейтілетін болады.

2013-2014 жылдары ББСБҰ-ға толық ену үшін облыстарда Сапаны бағалау қызметі құрылатын болады. Олар мониторингтік зерттеулерді: жүйелік есеп жолымен білім беру ұйымдарының қызметі үшін жүйелік бақылауға, өңдеу мен талдауға, сонымен қатар, білім беру жүйесі туралы ақпаратты сақтауға, жаңартуға, жинақтау және таратуға, білім беру жүйесін дамыту үрдісіне болжамдау жүргізуге және салалық басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға жүргізетін болады.

Мониторинг нәтижелері бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін білім беру жүйесінің жай-күйі және оны дамыту туралы жыл сайынғы облыстық баяндамаларды әзірлейтін болады.

Мониторингтік зерттеулер тиімділігіне педагогтық және кәсіби қоғамдастықпен, жекелеген мәселелер бойынша талдамалық баяндамаларды пайдаланушы түрлі топтармен жариялау және талқылау жолымен жетуге болады.

2015 жылы қолданыстағы статистикалық деректердің электронды базасы білім беру статистикасының бірыңғай базасына біріктірілетін болады. Деректер базасы алғашқы деректер негізінде (мектеп, колледж, ЖОО, интернат, Орталықтар, Сапаны бағалау қызметі және т.б.) толықтырылатын болады және Министрлікте шоғырландырылады. Сонымен қатар 2020 жылы әкімшілік есептіліктің барлық түрлерін жинақтауды жоюға болады, ашықтылық қамтамасыз етілген.
«e-learning» электронды оқыту
Мақсаты: Білім беру сапасын және басқару тиімділігін арттыру үшін оқу процесін автоматтандыру, педагогтар мен оқушыларды ең жақсы білім беру ресурстарына және технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету

Мақсатты индикатор: Орта білім беру ұйымдарының 90%-ында электронды оқыту жүйесі қолданылады

алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

қажетті нормативтік негізді құру;

педагогтар құзыретіне АКТ-ны қалыптастыру;

қажетті инфрақұрылымды құру;

оқу процесін автоматтандыруды енгізу

Алға қойылған мақсатқа жету оқыту сапасын арттаруға, мектепті басқаруды жетілдіруге, сыртқы ортамен ақпараттық біріктіруге әкеп соқтырады.

Қажетті нормативтік негізді құру

Электронды оқытуды енгізу бір қатар нормативтік құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

2012 жылы толықтырулар:

электронды оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін кадрларды даярлау бөлігінде жоғары, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім берудің жалпы білім беру стандартына (бұдан әрі — МБЖБС), электронды оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің МБЖБС-ға;

мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штатында (лауазымдарды қосу: мектептегі үйлестіруші және жүйелік әкімші)енгізілетін болады;

Бұдан басқа электронды оқыту жүйесінде, жүйені пайдаланушылардың жеке және ұжымдық жұмысының регламентінде, техникалық регламентте (электронды оқыту жүйесін алып жүру және қолдану) пайдаланылатын электронды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенді құру үшін талаптар әзірленетін және бекітілетін болады.


Педагогтар құзыретіне АКТ-ны қалыптастыру

Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін электронды оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет.

Электронды оқыту жүйесін техникалық қолдау «ҰАО» (Ұлттық ақпараттандыру орталығы) АҚ және ҚОББЖТӨО (қалалар мен облыстардың білім басқармалары жанындағы білім берудегі жаңа технологиялардың өңірлік орталығы) жүзеге асырылады. Электронды оқыту жүйесін қолдануды үйлестіру, облБАИ, БЖБАРИ - электронды ресурстар мен контенттер.

2011-2015 жылдарда әрбір педагог білім беруде АКТ-ны қолдану мәселесі бойынша біліктілікті арттырудың апталық курсынан өтеді деп болжануды.


Қажетті инфрақұрылымды құру

Техникалық инфрақұрылымдарды дамыту білім беру ұйымдарын Интернет жүйесіне 4-10 Мбит/сек. өткізу мүмкіндігімен қосу болжануда. 2011 жылы Интернет жүйесіне білім беру ұйымдарының 44-і, 2012 жылы — 1556, 2013 жылы — 1871, 2014 жылы — 1800, 2015 жылы — 1969-ы қосылатын болады.

Кең жолақты қолжетімділікке (КЖҚ-ға) қосылу, электронды білім беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін таңдау облыстық мемлекеттік сатып алуларда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізілетін болады.

Білім беру ұйымдарының 90%-ының қажетті оқу ресурстарымен веб-сайты болады.

Ақпараттық-ресурстық қамтамасыз ету, мектептерді әдістемелік қолдау және жедел қызмет көрсету ҚОББЖТӨО, БАИ және ПРО қамтамасыз етілетін болады.

Негізгі және жоғары орта мектептерде оқытылатын әрбір пән бойынша бір пәнге цифрлы білім беру ресурстарының (ЦБР) 30 бірлігі әзірленетін болады.

Цифрлы білім беру контентпен (қандай да бір ақпараттық ресурс-тақырыпты толықтыру және мазмұндау, кескіндеу, әуен, бейне, дыбыс және т.б.(мысалы: интернет-сайт контенті)) ашық қолжетімділікте орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (барлығы 25800 бірлік). Мұғалімдердің жасалған электронды білім беру ресурстарын дамытуға алу.

Білім беру ұйымдарынаң цифрлы білім беру ресурстарына, оқушылардың on-Line-ға қол жеткізуі қамтамасыз етілетін болады. Оған оқу процесін автоматтандыру енгізілетін болады.


Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу

Оқу процесіне автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады: компьютердің жаңа түрлері, КЖҚ-ға қол жеткізу және т.б.

2011 жылы әкімші, меңгеруші, мұғалім, оқушы, медициналық қызметкер, кітапханашы үшін функционалдар әзірленетін болады.

Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін алып жүреді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспар арқылы электронды дәптерді, сынып журналын, хабарландыру сервистерін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагог қызметін, есептілікті және т.б. оқу ісі жөніндегі меңгеруші жүзеге асырады. Жүйелі әкімші локальды есептеу желісін, ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесі мен дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданылатын компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.

Оқу процесін автоматтандыру кезең-кезеңмен енгізіледі:

1-кезең – 2011-2013 жылдар,

2-кезең – 2014-2016 жылдар.

Жоба 8157 білім беру ұйымын, оның ішінде 6282 ауылдық ұйымды қамтиды:

бірінші кезеңде – 3471 ұйым (Астана қаласы, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары);

екінші кезеңде – қалған облыстар мен Алматы қаласының 4686 ұйымы.


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мақсаты: 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Мақсатты индикатор: 100% бала ұйымдастырылған мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілген.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдардың баламалы желісін дамыту (жекеменшік, отбасылық, ведомстволық, мемлекеттік);

оқу бағдарламаларын жаңарту және оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу;

балалардың мектепке дейінгі ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

ата-аналар үшін консультациялық пункттер ашу;

инклюзивті білім беруді дамытуды қамтамасыз ету

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдардың баламалы желісін дамыту (жекеменшік, отбасылық, ведомстволық, мемлекеттік)

2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың 70 %-ын қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың желісі дамытылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 6104-тен 7957 бірлікке дейін көбейеді. Оның ішінде 2011 ж. – 1132, 2012 ж. – 447, 2013 ж. – 282, 2014 ж. – 217, 2015 ж. – 176 бірлік.

187 жекеменшік балабақша ашылады, оның ішінде: 2011 ж. – 50, 2012 ж. – 40, 2013 ж. – 44, 2014 ж. – 29, 2015 ж. – 24.

Мектепке дейінгі білім қызметінің жекеменшік өнім берушілерін көтермелеу мақсатында меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру көзделген.

Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдары нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен ережелері сақталған жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысын оларда орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөніндегі қызмет көрсетулердің өнім берушілерінің тізбесіне енгізілген.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін конкурстық негізде комиссия қалыптастырады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы жан басына шағып қаржыландыру әдісімен қаржыландырылады.

Бір балаға шағып есептеудегі мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі мен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерді алатын балалар үшін ата-аналар төлемінің барынша мөлшері жыл сайын облыс әкімінің шешімімен белгіленеді.

Өңірлердің ерекшеліктеріне қарай мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі модельдерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Мысалы, оңтүстік өңірлерде – балабақшалар жекеменшік коттедждерде орналасқан, тұрғын үйлерде 5-6 балаға арналған отбасылық балабақшалар жұмыс істейді, олардың жұмысына отбасылардың мүшелері қатысады. Солтүстік өңірлерде – оқушы орындарының ... есебінен жалпы білім беретін мектептердің базасында жұмыс істейтін шағын орталықтар. қалалардағы тұрғын жай кешендерінің төменгі қабаттарында орналасқан шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар. Барлық өңірлерде – «Мектеп-балабақша» кешендері. Мемлекеттік балабақшаларға ірі компаниялардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың жанындағы балабақшалар балама бола алады;

балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында орындар саны 373 мыңнан 662 мыңға дейін артады (қосымша 289 мың балалар орны іске қосылады);

балабақшалардағы топтардың толықтырылуы жас нормаларына сәйкес 27 баладан (жалпы ел бойынша) 15-25 балаға дейін азайтылады (сәбилер тобы – 15, орташа топ – 20, үлкен топ – 25).



Оқу бағдарламаларын жаңарту және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу

2015 жылға қарай МЖБС-тың жетекші білім беру салаларына сәйкес 5 оқу бағдарламасын жаңарту көзделіп отыр: Денсаулық, Коммуникация, Таным, Социум, Шығармашылық.

Оқу бағдарламаларының әрқайсысы үшін оқу-әдістемелік кешендер әзірленетін болады (жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25).
Балалардың мектепке дейінгі ұйымдарын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету

2015 жылға дейін жоғары оқу орындарында, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі білімнің 18 мың педагог қызметкері даярланатын болады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың 6595 педагогын қайта даярлау жүзеге асырылады.
Ата-аналарға арналған консультативтік пункттер ашу

Барлық өңірлерде ҚР БҒМ-ның 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген консультативтік пункттер қызметінің үлгі ережесіне сәйкес үй жағдайларында баланы тәрбиелеуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету жөнінде ата-аналарға арналған 160 консультативтік пункт құрылады: 2011 ж. – 16, 2012 ж. – 32, 2013 ж. – 32, 2014 ж. – 32, 2015 ж. – 48 бірлік.


Инклюзивті білім беруді дамытуды қамтамасыз ету

Барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзеу-педагогикалық қолдау көрсету үшін түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылады. 2015 жылға дейін желі 380-нен 540 бірлікке дейін өседі.



2020 жылға қарай мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылатын балалардың саны барлық мектепке дейінгі жастағы балалардың 70 %-нан 100 %-ға дейін артады. Оның ішінде 2016 ж. 79,5 %, 2017 ж. – 85 %, 2018 ж. – 90 %, 2019 ж. – 95 %, 2020 ж. – 100 %.

Бұл міндет мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесін арттыру есебінен 5,7 % – 2011 ж, 6,1 %-ға дейін – 2015 ж. және 6,5 % – 2020 ж.

Бүгін 249 246 мүмкіндігі шектеулі балалардың 39218-і немесе 15,7 % - мектеп жасына дейінгі балалар. 37 арнаулы балабақшада және 240 арнаулы топтарда мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 10 мыңға жуық бала қамтылған, ол 24,5 %-ды ғана құрайды. Арнаулы түзету мектепке дейінгі ұйымдардың желісін сақтау және оларды арттыру мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында арнаулы балабақшалар ашылады. Арнаулы түзету мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі жалпы санынан 2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы - 2,5 %-ды құрайды. Балабақшалар үлесі олардың жалпы санынан кедергісіз жағдай туғыза отырып 20 %-дан 2011 ж. 30%-ға дейін 2020 ж. артатын болады.

10 оқу бағдарламасы жаңартылатын болады, 30 оқу-әдістемелік кешен әзірленеді, оның ішінде 2016 ж. – 8, 2017 ж.- 8, 2018 ж. – 8, 2019 ж. –8 , 2020 ж.- 8 бірлік;

үй жағдайларында баланы тәрбиелеуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету жөнінде ата-аналарға арналған 340 консультативтік пункт құрылады: 2016 ж. – 48, 2017 ж. – 58, 2018 ж. – 58, 2019 ж. – 58, 2020 ж. – 118 бірлік.
Орта білім беру
Мақсаты: 12 жылдық мектепте интеллектуалды, физикалық және рухани тұрғыдан дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп тұратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қанағаттандыру, елдің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.

Мақсатты индикаторлар:

2015 жылы 1, 5, 11-сыныптар 12 жылдық мектеп бағдарламасы бойынша оқиды.

2020 жылы 12 жылдық мектепке өту жүзеге асырылады.

Оқудағы жетістіктері бойынша ең үздік және нашар оқитындар арасындағы айырмашылық 40,6 %-дан 10,6 %-ға дейін төмендейді.

балалардың 99,9 %-ы 18 жасқа қарай орта білім алады.

Мектептердің 100%-ында «Өзін-өзі тану» тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту бағдарламасы іске асырылуда.

Үш тілде білім беретін мектептер саны, 67-ден 1000-ға дейін артады.

Жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулерде кемінде 40 орын (65-70 елдің арасында), TIMSS кемінде 15 орын (65-70 елдің арасында), PIRLS, TIMSS ADVANCED, ICILS жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

2020 жылға қарай республикада инклюзивті білім беру жүйесі әзірленеді және енгізіледі. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған мектептер үлесі жалпы санынан 10%-дан 70%-ға дейін артады.



2015 жылға қарай алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

орта білімнің мазмұнын жаңарту;

мектептердің инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық жарақтау;

Шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын арттыру;

Қосымша білім беру желісін дамыту және олардың мазмұнын жетілдіру;

Инклюзивті білім беруді жетілдіру;



Мектепте тамақтанудың тиімді менеджментін ұйымдастыру.



Орта білім мазмұнын жаңарту

2012 жылы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің МЖБС жаңартылады, 308 оқу бағдарламасы әзірленеді.

Жалпы орта білімінің МЖБС жоғары білімнің (бакалавриат) МЖБС-не біріктірілетін болады, ал жоғары білімнің жалпы білім беретін пәндері (ЖБП) циклінің жекелеген пәндері «Бейіндік мектеп» бейіндік мектеп бағдарламасына ауыстырылатын болады.

2013 жылы 12 жылдық оқытудың бағдарламасы бойынша 1, 5, 11-сыныптарға арналған 90 оқулық (1-сыныпқа - 8 қаз., 9 орыс; 5-сынып - 13 қаз, 14 орыс; 11-сыныпқа - 23 қаз., 23 орыс) және 232 оқу-әдістемелік кешен (1-сыныпқа - 27 қаз., 28 орыс; 5-сыныпқа - 37 қаз., 38 орыс; 11-сыныпқа - 51 қаз., 51 орыс) әзірленеді.

2014 жылға қарай «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі. 2015 жылдан бастап «Бейіндік мектеп» бағдарламасы бейіндік сыныптары бар жалпы білім беретін ауылдық мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, бейіндік мектептерде, интеллектуалдық мектептерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде іске асырылады.

2015 жылы жалпы білім беретін ұйымдардың барлық оқушылары жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

Өңірлік 16 жоғары оқу орнының базасында «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасын іске асыратын оқу орындары құрылады.

2015 жылы 12 жылдық білім беру моделіне жүйелі түрде мынадай сызба бойынша көшу басталады:


Жылдар

12 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша

11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша

2015-2016

1,5,11

2,3,4,6,7,8,9,11

2016-2017

1,2,5,6,11,12

3,4,7,8,9

2017-2018

1,2,3,5,6,7,11,12

4,8,9

2018-2019

1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

9

2019-2020

1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12




11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11 сыныбына секіріп өту 2015-2016 жылдардан бастап 2019-2020 жылдар арасында жүзеге асырылады.

Орта білім беру жүйесінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесінің 5 балдық және 10 балдық екі бағалау жүйесі қолданылады.

Жаңа бағалаудың 10 балдық жүйесі білім беру нәтижелерін неғұрлым дәл бағалауды қамтамасыз етеді, оның ішінде оқушылардың оқу қызметінің әртүрлі тәсілдерін меңгеруін бағалауды қамтамасыз етеді. Ол орындалған тапсырмалардың сапасын бағалауға емес, ал оқу қызметінің сапасын айқындауға бағытталған. Ол интегральды сипатта болады, алынған білімді бағалау сияқты сондай-ақ меңгерілген дағдылар деңгейін де және айқындалған жеке-тұлғалық сапасын да айқындауды қосады. Оқушының оқу жетістіктерін бағалауға бағытталған, яғни оның өсуін, жаңа дағдылар алғанын белгіліп отырады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі дамитын болады.

Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектепті бітіргеннен кейін өткізіледі.

Бастауыш мектепте ол оқушылардың оқудағы жетістіктеріне мониторинг жүргізу мақсатында таңдаулы түрде өткізіледі.

Негізгі мектепте (9 (10) сыныптан кейін) – оқудың кейінгі траекториясын анықтау мақсатында (бейіндік мектеп немесе колледж, қол жеткізілген нәтижелер деңгейіне қарай).

2015 жылы, 2011 жылдан бастап, білім алушылардың біліктіліктерінің қалыптастырылу деңгейін анықтауға бағдарланған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылады.

Сыртқы емтихандар компьютерлік тестілеу әдісімен жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

Республиканың жоғары оқу орындарына түсу емтихандары оқыту бейіні мен кейінгі оқуға деген қабілетін анықтауды ескеріп тестілеу нысанында өткізіледі.

Қазақ тілін меңгеру деңгейін – Қазтест жүйесі бойынша бағалауды тестілеуді жүргізу технологиясын жетілдіру жоспарлануда.



«Назарбаев Интеллектуалды мектептері» мектептерінің саны 6-дан 20-ға дейін ұлғаяды.

Қазақстан оқушыларының білім сапасын халықаралық зерттеулерге қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15-16 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығын және оқу және жаратылыстану білімі сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану ғылыми білімі сапасын бағалау), PIRLS (оқу деңгейін және сапасын салыстыру, дүниежүзі елдерінің бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді түсінуі), TIMSS ADVANCED (11-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми пәндерін тереңдетіп оқитын сыныптардағы олардың сауаттылығын (физика) бағалау).

Жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі жоғары нәтижелерге кемінде 40 орын (65-70 ел арасында), TIMSS кемінде 15 орын (65-70 ел арасында) қол жеткізуде.

жүктеу 0,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау