(1.6.1.2)
Бұл теңдіктерді векторлық түрде жазуға болады:
(1.6.1.3)
Қозғалыстағы дененің абсолюттік жылдамдығы салыстырмалы жылдамдық пен тасымалданушы жылдамдық -дің векторлық қосындысына тең болады. (1.6.2) теңдеулерінен уақыт бойынша туынды алынған жағдайда:
(1.6.1.4)
немесе векторлық түрде жазылуы:
(1.6.1.5)
Абсолюттік үдеу салыстырмалы үдеуге тең болады.
Егер жүйе инерциялы жүйеге қатысты біркалыпты түзу сызыкты қозғалатын болса, онда бұл жүйенің өзі де инерциялы болады.
Инерциялы жүйе деп Ньютонның заңдары орындалатын жүйелерді айтады.
Ендеше дененің үдеуі әртүрлі инерциялы жүйелерде бірдей болады. Яғни денеге әсер етуші күштер әртүрлі инерциялы жүйелерде бірдей болады.
Инерциялы жүйенің ішінде жасалған механикалық, тәжірибелер арқылы жүйе тыныштық қалпын сақтайтындығын немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жасайтындығын анықтауға болмайды. Мұны салыстырмалылықтың механикалық принципі деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |