Оқу тәжірибесінің құрылымы және мазмұны
Кәсіпорын – негізі қолда бар өндіріс құралдарының көмегімен сәйкес маңыздағы, бағыттағы және ассортименттегі тұтынушыларға қажетті өнім (жұмыс орындау, қызмет көрсету) дайындауға қабілетті кәсіби ұйымдастырылған еңбек ұжымы болып табылатын терең мамандандырылған бірлік.
Кәсіпорынның ішкі ортасы – бұл адамдар, өндіріс құралдары, ақпарат және ақша.
Ішкі орта компоненттерінің өзара әрекеттерінің нәтижесі болып дайын өнім (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) табылады.
Сыртқы орта кәсіпорын жұмысының тиімділігін анықтайды. Сыртқы ортаға негізінен, дайын өнімді тұтынушылар, жеткізушілер, биліктің орталық және жергілікті атқарушы органдары, кәсіпорын маңында тұратын тұрғындар жатады.
Кәсіпорын міндеті:
иесінің мүддесімен;
капитал көлемімен;
кәсіпорын ішіндегі жағдаймен;
сыртқы ортамен анықталады.
Кәсіпорынның міндеттері болып келесілер табылады:
кіріс алу;
тұтынушыларды кәсіпорын өнімдерімен қамтамасыз ету;
кәсіпорын персоналын еңбек ақымен, қалыпты еңбек жағдайымен және кәсіби өсу мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
кәсіпорын маңында тұратын тұрғындар үшін жұмыс орнын құру;
қоршаған ортаны қорғау.
Кәсіпорынның маңызды міндеті болып өндірілген өнімді (жұмыс орындау, қызмет көрсету) тұтынушыларға сату есебінен кіріс алу болып табылады.
Меншік нысанына қарамастан кәсіпорын толық шаруашылық есеп айырысу, өзін өзі ақтау және өзін өзі қаржыландыру жағдайында жұмыс істейді. Ол өз бетімен өнімді тұтынушылармен келісім-шарттар жасасады, соның ішінде мемлекеттік тапсырыстар алады, сондай-ақ қажетті өндірістік ресурстарды жеткізушілермен келісімшарттар жасасады және есеп айырысулар жүргізеді.
Кәсіпорынның негізгі қызметтеріне келесілер жатады:
өнім дайындау;
тұтынушыларға өнімді сату және жеткізу;
өнімге сатудан кейін қызмет көрсету;
кәсіпорындағы өндіріске материалдық-техникалық қызмет көрсету;
кәсіпкерлік;
бюджетке және өзге де қаржылық органдарға салық төлеу, міндетті және ерікті жарналар мен төлемдерді орындау;
қолданыстағы стандарттарды, нормативтерді, мемлекеттік заңдарды қатаң сақтау.
Кәсіпорын қаржы органдарының алдында салықтар мен өзге де төлемдерді өз уақытында аударғаны үшін толық жауапкершілікте болады, барлық шығындар мен жоғалтуларды өзінің жеке кірісімен жабады. Өнімді (қызметті) сатудан түскен түсім есебінен өндірісті ұйымдастыру және дамытуға, сондай-ақ шикізаттар, материалдар сатып алуға, жұмысшы күшіне еңбек ақы төлеуге кеткен шығындарды жабады.
Оқу тәжірибесі келесідей кезеңдерді қарастырады:
кәсіпорындар қызмет етуінің теориялық негізін оқып білу;
аймақ кәсіпорындарына экскурсия;
кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау;
жазбаша есеп және қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |