Бағдарламалу технологиясы


КЛАСС ӘДІСТЕРІ 7.1 Класс әдістері мен деректер туралы мағлұмат



жүктеу 1,63 Mb.
бет38/73
Дата03.02.2022
өлшемі1,63 Mb.
#35497
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Ба?дарламалу технологиясы

7 КЛАСС ӘДІСТЕРІ

7.1 Класс әдістері мен деректер туралы мағлұмат

Оқулықтың бірінші бөлімінде C# тілі бағдарламалаудың объекті-бағытталған тілі екенін және барлық әрекеттерді (бағдарламалардың кодтары) Program класының Main әдісіне жазу керектігін біз ескертіп өткенбіз.

Класс дегеніміз – бір құрылымда деректер мен деректерді өңдеу әдістерін біріктіретін жаңа тип түрі.

Класс деректері ретінде кластың тұрақтылары мен айнымалылары бола алады. Класта деректерді жариялаған кезде әдетте оған қол жеткізу спецификаторлары көрсетіледі, мысалы, private int a;.

Класс деректерін жариялаудың жалпы пішімі:

[ спецификаторлар ] [ const ] типі атауы

[= бастапқы_мәні].

Деректерге өзгермейтін мәндерді сақтау үшін арналған класс тұрақтылары мен класс өрістері жатады (класс айнымалыларының типтері мен атаулары).

Егер деректер алдында public спецификаторы қолданылса, онда олар «бағдарламаға» ашық болады, біз әрқашан public спецификаторын қолданамыз.

Объекті-бағытталған бағдарламалу технологиясында класс деректері әдетте «бағдарлама үшін жабылады» - private спецификаторы қолданылады және қалыпты жағдайда деректер мен әдістер үшін private спецификаторы қолданылады.

Класс әдістері дегеніміз – осы класпен жұмыс жасауға арналған, атауларға ие код үзіндісі.

Әдістер класта қолдануға болатын әрекеттер жиынтығын анықтайды (олар кластың тәртібін анықтайды).

Әдіс бір рет сипатталады, ал әртүрлі деректер үшін қанша керекті болса, сонша рет шақыртуға болады.

Класс әдістерінің жалпы жазылу пішімі мынандай түрде болады:

[ спецификаторлар ] әдіс типі әдіс атауы ( [ параметрлер ] )

{әдіс денесі}

Мысалы:

static void Main(string[] args)

{ }

Ең жиі кездесетін спецификаторлар: private, public және static.



private спецификаторымен жарияланған кластың кез келген әдістері осы кластың әдістерінде ғана қолжетімді болады.

public спецификаторы арқылы әдіс бағдарламаның кез келген жерінде қолжетімді болады.

static спецификаторы әдісті класс объектісін дайындамай-ақ, оны «класс деңгейінде» қолдануға болатындығын сипаттайды. Бұл өте маңызды, өйткені осы пәнде біз статикалық әдістерді жиі қолданамыз.

Әдіс типі кез келген бағдарламада анықталған типте немесе C# тілінің стандарты типінде немесе void - типсіз түрде беріле алады. Мысалы:

int kol(int a) { … }

public double sym(out float r) { … }

public void poisk(ref float s) { … }

public int funkcij(int a,out int b,params int[] c){ … }

Егер әдіс типі берілсе (void-тан бөлек), онда әдіс денесінде соңғы оператор ретінде әдіс жұмысының нәтижесін қайтаратын return операторы болуы керек. Сонымен қатар әдісті айнымалыға меншіктеу керек немесе C# тілінің операторларында өрнек сияқты қолдану керек. Әдетте осындай әдістерді функция деп атайды.

Егер әдістің алдында void типі жазылса, онда әдіс өзінің жұмысын return операторы арқылы қайтармауы керек (осы жағдайда return операторы әдістің денесінде болмайды). Әдетте осы әдіс процедура деп аталады, оны айнымалыға меншіктеу керек немесе жеке ішкі бағдарлама - процедура түрінде жазуға болады (дөңгелек жақшаларында параметрлері бар әдіс атауы).

Әдіс атауы – бағдарламашы анықтайтын идентификатор. Әдіс атауының мағынасы болғаны дұрыс, мысалы, sym, max, poisk және т.б.

Әдіс параметрлері (формалды параметрлер) бағдарлама мен әдіс арасында деректермен алмасу үшін арналған. Әдіс параметрлері әдетте керекті алгоритмді орындайтын «күйге келтіру» құралы деп аталады.

С# тілінде әдістердің келесі параметрлері бар:

– мәндерді анықтайтын параметрлер (мәндік параметрлер, яғни әдіс қабылдайтын кіріс параметрлер);

– шығыстық параметрлер (out қызметтік сөзімен белгіленеді);

– сілтемелік параметрлер (ref қызметтік сөзімен белгіленеді);

– массивті параметр (params қызметтік сөзімен белгіленеді).

Мәндерді анықтайтын параметрлерде қызметтік сөз қолданылмайды.

Класс әдістерінің параметрлері үтірлер арқылы бөлінеді. Әдісте массив параметрі біреу және параметрлер тізімінде соңғы болуы керек.

Егер әдісте мәндерді анықтайтын параметрлер жарияланса, онда бұл әдістің кейбір айнымалылардың көшірмелерін өз құзырына алғандығын көрсетеді. Әдіс осы көшірмелердің мәнін өзгерте алады, бірақ олардың түпнұсқасы (бағдарламада) өзгермеген қалыпта қалады. Әдістің жұмысы аяқталғаннан кейін мәндерді анықтайтын параметрлер компьютер жадысынан жойылады.

Әдістің шығыстық параметрлері бағдарламаға нәтижелерді жеткізу үшін арналған. Әдістің денесіндегі шығыстық параметрлерге кейбір мәндер меншіктелуі тиіс, әйтпесе бағдарлама компиляциясы кезінде қате кеткен туралы хабар шығады.

Егер әдісте сілтемелік параметрлер жарияланған болса, онда әдіс сәйкес айнымалылардың адресін өз құзырына алады және оларды өз алгоритмі бойынша қолдана алады (жаңа мәндерді жаза және оқи алады).

Әдістегі жарияланған массивті параметрі нақты айнымалылардың кез келген санымен жұмыс жасауға арналған. Сонымен қатар params қызметтік сөзінен кейін тұрған формалды параметр кез келген өлшемді деректер массивімен сәйкестікке келтіріледі.

Сонымен, әдіске өзінің параметрлері арқылы керекті мәліметтерді (мәндерді анықтайтын параметрлер және сілтемелік параметрлер) алуына немесе өз жұмысының нәтижелерін қайтаруына болады (шығыстық параметрлер және сілтемелік параметрлер).

Әдіс денесінде кейбір алгоритмді орындайтын бағдарлама кодының үзіндісі бар. Бұл ретте әдіс формалды параметрлермен бірге әрекеттер үлгісі ретінде қолданылады. Бағдарламада формалды параметрлердің орнына нақты айнымалылар қолданылуы керек – нақты параметрлер мен әдістің әрекеттер үлгісі нақты айнымалылар үшін қолданылады.

Бағдарламада әдістің формалды параметрлермен бірге жұмыс жасауы мүмкін емес.




жүктеу 1,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау