Бағдарламалық құрал терминдері



жүктеу 3,49 Kb.
Pdf просмотр
бет15/18
Дата14.05.2018
өлшемі3,49 Kb.
#12808
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Компьютерді тазалау
Дисплейді тазалау
ЕСКЕРТУ:
Компьютерге зиян келтіруді болдырмау үшін дисплейге
суды, тазалауға арналған сұйықтықтарды немесе химиялық
заттарды қолданбаңыз.
Дақтар мен талшықтарды жою үшін дисплейді жұмсақ, сулы,
талшықтарды қалдырмайтын матамен жүйелі түрде тазалаңыз.
Дисплейге қосымша тазалау қажет болса, алдын ала суланған
антистатикалық майлықтарды немесе дисплейге арналған
антистатикалық тазалағышты пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау
Сенсорлы тақтаның кір жəне май көрсеткінің экранда жылжуына
əкеліп соғуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін сенсорлы тақтаны
дымқыл шүберекпен сүртіңіз жəне компьютерді пайдаланғанда
қолыңызды жиі жуып тұрыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай
немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты
қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне
тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмау үшін пернетақтаны жəне
шаң мен пернелердің астында қалатын басқа да заттарды əрқашан
тазалап отырыңыз. Пернелердің жаны мен астында орналасқан
шаңды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде
соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды
жүктеп алу үшін 
http://www.hp.com/support
 торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу
үшін тіркелу қажет.
Компьютерді тазалау
77


7
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру

Қалпына келтіру

Қалпына келтіру медиасын жасау

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру

Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
Компьютерде ақпаратты қорғауға жəне керек болған кезде қалпына
келтіруге көмектесуге арналған амалдық жүйе жəне HP компаниясы
ұсынатын құралдар бар.
Бұл тарау төмендегі бөлімдер туралы ақпаратты қамтиды:

Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау (Recovery Manager бағдарламалық
құралының мүмкіндігі)

Жүйені қалпына келтіру (қалпына келтіру бөлімінен, қалпына
келтіру дискілерінен немесе қалпына келтіру флэш-жадынан)

Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау

Бағдарламаны немесе драйверді қалпына келтіру
78
Бап 7   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру


Қалпына келтіру
Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы
зауыттық күйіндегі қалпына келтіру үшін, HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын қалпына
келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады
керек болады. НР компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан
кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау үшін осы бағдарламалық құралды бірден
пайдалануды ұсынады.
Егер басқа себептермен жүйені бастапқы қалпына келтіру керек
болса, бұны қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру
флэш-жадын пайдаланбастан, HP қалпына келтіру бөлімі (тек
таңдаулы үлгілерде) арқылы жасауға болады. Қалпына келтіру
дискілерінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін
Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер
қалпына келтіру бөлімі бар болса, Қалпына келтіру дискісі терезедегі
тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ:
HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш диск)
құралы зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды
ғана қалпына келтіреді. Компьютермен берілмеген бағдарламалық
құралды қолмен қалпына келтіру керек.
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі
компьютерде болмаса, жеткізіледі.
Қалпына келтіру медиасын жасау
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда
немесе компьютерді қалпына келтіру бөлімінің құралдарын
пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда,
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре атаныңызға сенімді
болу үшін қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-
жадын жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді немесе флэш дискіні
компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз.
ЕСКЕРІМ:
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына
келтіру дискілерінің тек қана бір жиынын немесе бір қалпына келтіру
флэш дискісін жасауға мүмкіндік береді. Бұл дискілерді немесе
флэш дискіні қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
Қалпына келтіру
79


ЕСКЕРІМ:
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, қалпына келтіру дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз немесе
компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан
сатып алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі
пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты сыртқы құрылғыдағы
USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:

Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL
дискілерін сатып алыңыз. 
ЕСКЕРІМ:
CD-RW, DVD±RW жəне қос қабатты DVD±RW жəне
BD-RE (қайта жазылатын Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу
дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді.

Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне
жалғанған болуы қажет.

Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын
немесе бір қалпына келтіру флэш-жадын жасауға болады.
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір
дискіні оптикалық жинақтағыш дискісіне салмай тұрып
нөмірлеңіз.

Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілері немесе қалпына
келтіру флэш дискісі жасалғанша бағдарламадан шыға аласыз.
Келесі рет Recovery Manager бағдарламасы ашылған кезде сізге
сақтық көшірмені жасау үрдісін жалғастыру ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру
флэш-жадын жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) >
Recovery Manager > Создание накопителя для
восстановления (Қалпына келтіру медиасын жасау)
тармақтарын таңдаңыз.
2.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
80
Бап 7   Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру


жүктеу 3,49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау