SetTextStyle( Font:word; Direct:word; Size:word )- процедурасы қаріп стилін орнатады.
Мұндағы Font- қаріп коды (нөмірі)
Direct- қаріп бағытын көрсету коды
Size- қаріп өлшемінің коды
DefaultFont қарпі Graph модуліне кіреді және ол жалғыз матрицалық қаріп, яғни оның символдары 8х8 пиксел матрицаларынан құралған. Қалған қаріптер векторлық немесе масштабталатын деп аталады. Олардың артықшылығы бұл қаріптерді үлкейткенде сапасы жоғалмайды. Бұл қаріптердің әрқайсысы chr типті (chr-char- символ) файлдарда сақталады.
Мәтін бағытын ( Direct ) көрсету үшін мынадай тұрақтылар қолданылады:
HorizDir= 0 { солдан оңға қарай}
VertDir= 1 { төменнен жоғары қарай}
Әр қаріптің өлшемін (Size) 10 есе өзгертуге болады. Size параметрінің мәні 0 мен 10 аралығында өзгереді. Егер параметр мәні 0-ге тең болса бірлік өлшем, 10- нан артық болса ондық өлшем орнатылады. Қаріп анық көрінетіндей оның минималь өлшемі 4-ке тең.
Мысал: SetTextStyle(4, 0, 7);
OutTextXY(40, 50, ‘Student’);
Нәтижеде өлшемі 7-ге тең “Student” сөзі горизонталь бағытта, готикалық қаріппен , координатасы (40, 50) нүктеден бастап жазылады.
Мысал90. Бір сөзді Паскаль графикасындағы әр түрлі қаріпті қолданып жазу программасын қарастырайық.
Uses crt, graph;
Var k, n:integer;
f, y: byte; {f- қаріп коды}
begin
k:detect;
Initgraph(k, n, ‘C:\TP\BGI’);
y:=10;
For f:=0 to 10 do begin
SetTextStyle(f, 0, 5);
OutTextXY (10,y , ‘hello’);
y:=y+20; end; end.
Мысал91. Экран бетінде виртуальды пианиноны имитация жасайтын программа.
Экранға пианино пернелері шығады. Пернетақтадан 1- ден 8- ге дейінгі цифрлық пернені шерткенде пианино пернелері басылған тәрізді эффект шығады және сәйкес нота орындалады.
Program Piano;
uses graph,crt;
var k,l,i,s:integer;p:char; label a1;
begin
initgraph(k,l,'c:\Progra~1\Bp\Bgi');
i:=100; {Пианино пернелерін сызу}
while i<=450 do begin
rectangle(i,100,i+50,400);
i:=i+50; end;
a1: p:=readkey; {Әуен орындау}
case p of
'1': begin setfillstyle(1,4); floodfill(105,200,15); sound(262); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(105,200,15); nosound; goto a1;end;
'2': begin setfillstyle(1,4); floodfill(155,200,15); sound(294); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(155,200,15); nosound; goto a1;end;
'3':begin setfillstyle(1,4); floodfill(205,200,15); sound(330); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(205,200,15); nosound; goto a1;end;
'4':begin setfillstyle(1,4); floodfill(255,200,15); sound(349); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(255,200,15); nosound; goto a1; end;
'5':begin setfillstyle(1,4); floodfill(305,200,15); sound(392); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(305,200,15); nosound; goto a1; end;
'6': begin setfillstyle(1,4); floodfill(355,200,15); sound(440); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(355,200,15); nosound; goto a1; end;
'7': begin setfillstyle(1,4); floodfill(405,200,15); sound(494); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(405,200,15); nosound; goto a1; end;
'8': begin setfillstyle(1,4); floodfill(455,200,15); sound(530); delay(20000);
setfillstyle(1,0); floodfill(455,200,15); nosound; goto a1;end;
end;
readln; end.
Достарыңызбен бөлісу: |