4. Айнымалылар бөлімі
Айнымалыны сипаттау бөлімінің құрылымы төмендегіше болады:
Var айнымалының аты: типтің аты;
(variable-айнымалы). Бірдей типті айнымалылар үтір қойылып жазылады.
Мысал: Var a, b, c: integer;
x,y: real; text1: string;
Операторлар бөлімі
Программаға операторлар бөлімінен басқа бөлімдердің енгізілуі міндетті емес. Олар қажетіне қарай енгізілуі тиіс. Program тақырыбының да жазылуы міндетті емес, ол программаны оқуға ыңғайлы болу үшін жазылады.
Операторлар бөлімі – программаның орындалу бөлімі. Ол Begin қызметші сөзінен басталып end сөзімен аяқталады. End сөзінің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі. Нүкте компиляторға программа мәтінінің аяқталғандығын хабарлайды. Begin (басы), end (соңы) – ашу, жабу жақшаларының ролін атқаратын қызметші сөздер немесе оларды басқаша операторлық жақша деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |