55
40 тапсырма
1. Қазіргі кездегі компьютерлі аударма бағдарламалар және олардың
ерекшеліктері жайлы реферат дайындаңыз.
2. Аударма сайттары жайлы өзіңіздің жобаңызды дайындап, қорғаңыз.
3. Аудармашыға арналған ресурстық сайттардың презентациясын жасаңыз.
Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:
Ұсынылған әдебиетті оқыңыз. Өзіңіздің аудару үрдісінде қолданып жүрген
ақпаратты технологиялар мен жинағыштарды қолданудың тәжірибесімен
бөлісіңіз. Интернетте аударма сайттары жайлы ақпарат табыңыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары
1 тақырып бойынша
1. Аударма өнері тіл білімінің қай
салаларына жатады:
A) Мәдениеттану
B) Әдебиеттану
C) Көркем аударма
D) Аудармашы психологиясы
E) Аудармашының сөйлеу мәдениеті
2. Аударма теориясының бірінші
теоретиктері кімдер:
A) Аудармашылардың өздері
B) Әскери барлаушылар
C) Американдық тыңшылар
D) Праганың тіл ұжымының өкілдері
E) Ағылшын тілінің оқушылары
3. Қай пән жекеше және арнайы
аударма
теориясының
негіздерін
қалыптастырады:
A) Арнайы аударма теориясы
B) Жекеше аударма теориясы
C) Аударманың дара теориясы
D) Жалпы аударма теориясы
E) Өзіндік аударма теориясы
4.Аударма ... қамтамасыз етеді.
A) Үш тілде сөйлейтін адамдардың
қарым-қатынасын
B) Адамдардың жай қарым-қатынасын
C)
Әр
түрлі
тілде
сөйлейтін
адамдардың қарым-қатынасын
D) Әр түрлі мәдениет өкілдерінің
қарым-қатынасын
E) Түрлі құрылықтарда мекендеген
адамдардың қарым-қатынасын
5. Аудармашы жұмысының нәтижесіне
... жатады.
A) Аударма мәтіні
B) Аударма үрдісі
C) Аударма нәтижесі
D) Өзгертулер
E) Мәтін түпнұсқасының анализі
6.Аударма үрдісінің бастапқысы ... :
A) Түпнұсқа бірліктері
B) Мәтін аудармасының бірліктері
C) Белгілі бір сөздердің мағынасы
D) Аударма баламалары
E) Түпнұсқаның сөйлемдері
7. Көркем аударма функционалды
аударма түрі болып ... жүйесіне
жатады.
A) Стилистикалық
B) Лексика-семантикалық
C) Коммуникативтік
D) Психолингвистикалық
E) Жанрлы-стилистикалық
8.Көркем аударма дегеніміз ... :
A) Шығарманың эстетикалық әсерін
сақтау
B) Көркем шығарманы аудару
C) Мәтінді көркем тілмен аудару
D) Автордың шығармашылық стилін
көрсету