24
Сұрақнама:
1) Аударманың кешегісі мен бүгінгісін сипаттаңыздар.
2) І.Жансүгіров шығармашылығындағы аударма өнерінің алатын орны
қандай?
3)«І.Жансүгіров
және
шығармашылық
шеберлік»
тақырыбын
талқылаңыздар.
2.4 Жанр және аударма
М.Бекімов аудармасының жалпы қазақ аудармасында алатын орны. Әрбір
ұлы ақын – қашанда мәңгілік және бүкіл адамзаттық құбылыс. Оның өмірінде
бір-ақ мезгіл болады. Ол – туу мезгілі. Уақыттың өзге қатал заңдары оның
алдында дәрменсіз. Сондықтан да ол уақыт өткен сайын белгілі бір кезең мен
жеке халықтың аясынан ұзап, әлемдік биікке самғай көтеріліп, өзінің соны
сипаттарын әр кез және баршаға бірдей аша, ақтара түседі, жаңара, жасара
береді. Ол әр адам үшін де, әр буын үшін де қашанда ерекше жаңалық, жаңа
бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі, шетсіз-шексіз өнер мұхиты, поэзия
мұхиты. Сондықтан да ол әрқашанда қандай қауым мен халықтың да жүрегіне
тікелей жол тауып, оның ең сүйер ұлы, ең сырлас замандасы болып кетеді. Оны
әр ұрпақ өзінше оқиды, одан әркім керегін табады. Өйткені әрбір ұлы ақын
бүкіл адамзаттық жүкті көтереді, оларды мәңгі ескірмес жаңа тұрғыда ғана
шешеді, бейнелейді. Әлемдік поэзияның өрісін кеңейтіп, оған өлшеусіз зор үлес
қосқан, адамзаттың көркемдік ойын батыл ілгері дамытқан Александр
Сергеевич Пушкин осындай ұлы ақын еді.
Жалпы Пушкинтану іліміне азды-көпті қатысы бар еңбектердің дүниеге
ертелі-кеш келіп жатқандары баршылық. Әлі де келмек, себебі, кез-келген
үлкен өнердің болмысына ортақ бір тамаша қасиет бар, ол қасиет, әдетте, сол
өнердің алды-артындағы рухани шүйгіндікпен дараланады. Себебі шын
мәніндегі үлкен өнерді әбден орныға шыңдалған, рухани дәстүр ғана дүниеге
әкелмек. Ал рухани дәстүр дегеніміз ұлттық болмысты бойына терең сіңірсе
ғана мәуелі ағаш сияқты тамырын тереңінен тартып, бұтағын кеңге жаяды.
Нағыз өнердің уақыт пен кеңістік аясындағы өміршеңдігіне осы сияқты рухани
сабақтастық қана айғақ болса керек.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ тіліне Пушкиннің,
Лермонтовтың, Крыловтың бірталай шығармалары аударылды. Бірақ ол
аудармалар заманның жағдайына қарай баспаның, мерзімді баспасөздің
болмауы салдарынан жұртшылық арасында ауызша тарады. Абай
аудармаларының бірқатары уақытында хатқа түсірілмей, баспа бетін көрместен
жоғалып кетті.
Ал хатқа түсіріліп, баспа бетінде жарияланғаны А.С.Пушкиннің «Капитан
қызы» повесінің Молданияз Бекімов жасаған алғашқы нұсқасы. М.Бекімов есімі
зерттеушілер мен оқушы жұртшылыққа 1900-1911 жылдарда ғылыми
басылымдар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен
аударма кітаптары арқылы таныс. А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» повесі
25
М.Бекімов аудармасында 1903 жылы Қазанда Харитоновтар баспаханасында
басылып шыққан.
М.Бекімов еңбегі зерттеулер мен мақалаларда, оқулықтар мен әдебиет
тарихына қатысты еңбектерде әркез лайықты бағаланып келеді.
М.Бекімовтың шығармашылық қызметін төрт салаға бөліп қарауға болады:
Қазақ әдебитеті нұсқаларын жинауы;
Аудармашылығы;
Әдет-ғұрыпты зерттеуі;
Ағартушылық-әдістемелік қызметі.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларынан М.Бекімов жинап-жарияланған
материалдар көптеп кездеседі. Жинаған материалдарының бәрін де орысша
басылымдарда орыс тілінде жарияланған. Демек, М.Бекімов қазақ ауыз
әдебиеті нұсқаларын шебер аударып, орысша басылымдарда жариялап, өзге
халықтарға таныстырушы да. М.Бекімовтың қазақ тіліне аударып, жариялаған
елеулі қызметі – бүгінде өзіміз тілге тиек етіп отырған А.С.Пушкиннің
«Капитан қызы» повесі. Кітап көлемі қырық сегіз бет. Араб әріпінде басылған.
Аударушы кітаптың сыртқы бетіне: «Шығарушы Россияның артық шешен
поэті А.С.Пушкин, перевод еттім М.Бекимов» деп жазған. Кітаптың ішкі бетіне
ол өзінің ұстазына екі тілде (орыс және қазақ) арнау жазған. «Бағыл еттім
переводымды, есімі өшірілмес үшін сүйікті ұстазым Дмитрий Николаевич
Григорьевке», – деген.
М.Бекімов повесті бастан аяқ толық дәл аудармай, көп жерін ықшамдап,
тіпті қысқартып, келте аударған. Мәселен, аударушы түпнұсқадағы мәні үлкен
эпиграфтарды, повестегі тарихи оқиға, өлке, қала, жер, күн райы суреттелетін
тұстарды бірқатар кейіпкерлердің бейнелерін, кірме өлең, әңгімелерді
қысқартып, тіпті, тастап кеткен. Аудармашы Пушкиннің түпнұсқадағы айтайын
деген ойын дұрыс ұқпаған. Орыс жазушысы бұл туындысында шаруалардың
Емельян Пугачев бастаған қозғалысын суреттеуді басты мақсат еткен, тек сол
кездегі патша үкіметінің цензурасынан жасқанып, соның көзін бояу үшін өз
шығармасының атын бұрмалап, «Капитан қызы» деп атаған.
Зерттеуші М.И.Фетисов түрлі ұлттар әдебиетіндегі тығыз байланыс
мәселесін сөз ете келіп, ұлы ақынның қазақ әдебиетіне деген қарым-қатынасын
былайша түйіндейді: «…соответствующие факты представляют большой
историко-литературный
интерес,
поскольку
они
свидетельствуют
о
внимательном и дружеском отношении поэта к истории, социальному
положению, устно-поэтическому творчеству, языку казахского народа, к его
участию в массовом крестьянском движении под руководством Емельяна
Пугачева». Автордың төмендегі мына бір ойы Пушкинтану ілімінің қазақ
даласына кеңінен қалай тарай бастағанынан да хабар береді. «Если при жизни
Пушкин достаточно определенно и ясно высказал чувства дружбы к казахскому
народу, чем и известной мере укреплял русско-казахские общественно-
литературные связи, то во второй половине ХІХ века пушкинское наследие уже
становиться активным фактором в развитии культуры и особенно новой
демократичечкой литературы Казахстана».
Достарыңызбен бөлісу: |