«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-о-4 санаты үшін



жүктеу 105,45 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі105,45 Kb.
#14951
түріКонкурс




«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы

ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4 санаты үшін: Жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,В-5,С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық кызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;



6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 932

148 242


«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Кызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі, 2, 202 кабинет, анықтама телефондары: 8(7242) 23-38-09, электрондық мекенжайы: m.shuanov@minfin.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.


  1. Кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, (индекс 06-1 ), 1-бірлік. (2019 жылдың 11 қазанына дейін бала күтімі бойынша демалыстағы негізгі қызметшінің міндетін уақытша атқару үшін)

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын, және өз функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; Бөлімге уәкілеттік органдардан келген тапсырмалардың, департамент басшысының бұйрықтары мен өкімдерінің уақытылы орындалуын, департамент кадрлар жөніндегі, бухгалтерлік есеп-қисап бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; Департаменттің қаржы жоспарын нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жасалуын қадағалайды, қаржы жоспары көлемінде бөлінген қаражаттар бойынша шығыс операциялардың заңдылыққа сәйкес жүргізілуіне және құжаттардың дұрыс рәсімделуіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың пайдалану орнында белгіленген тәртіп бойынша сақталуына бақылау жасайды; аттестациялық, конкурстық, тәртіптік, даулы мәселелер бойынша комиссияларының өткізілуін ұйымдастырады; Департаменттің тұрақты мәжілістерін, жиналыстарын және бекітілген техникалық оқу жоспарына сәйкес сабақтардың өткізілуін ұйымдастырады; жоғары басқарушы органдарға департаменттің кадр құрамы жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы тапсыруын қадағалайды; Мемлекеттік қызметкерлерін оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастырады; «Е-Минфин» біріктірілген автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстардын жүргізілуін қамтамасыз етеді; Табельді есепті, енбек демалысына шығу кестесін жасауын және орындауын ұйымдастырады, департамент қызметкерлері арасында еңбек ережелері мен жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; Комитеттің Ережесіне сәйкес департаменттің регламентін жасайды, оған өзгерістерді енгізеді; Департаменттің тиісті үлгідегі іс номенклатурасын жасайды; Департаментте, бөлімдерде мемлекеттік тілде іс жүргізуді қадағалайды; Департаментке түскен кіріс, шығыс құжаттарының уақтылы,сапалы жүргізілуін қамтамасыз етеді; Өз құзыреті шегінде департаменттің басқа бөлімдермен жұмыс жасайды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының бұзылуына жол берген департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты материалдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментін хабардар ете отырып, құзіреті бойынша тез арада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті-Әдеп жөніндегі кеңесіне немесе құқық қорғау органдарына жолдануын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бекітілген ережесіне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық мамандықтары бойынша.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі-Қағида) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесубасталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Кызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі, №2, №202 кабинетте қабылданады. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн конкурс комиссиясы ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарайды. Конкурс комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде олардың тиiстi «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады. Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Екі және одан көп бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидат бір әңгімелесуден өтеді.

Әңгімелесу барысында оған әр үміттенген бос лауазым үшін сұрақтар қойылады, және оған қатысты жүргізілетін бағалаудың нәтижелері әр үміттенген бос лауазым бойынша бөлек бағалау парақтары толтырылады.

Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді. Конкурс комиссиясының техникалық жазба құралдарын қолданылғаны туралы конкурс комиссиясының қорытынды отырыс хаттамасында белгі жасалады. Әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдар конкурс аяқталған сәттен үш айдан кем емес мерзім бойы персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) сақталады. Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады. Бос лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар тең көлемде қойылады. Үміткерлермен әңгімелесу өтетін орны «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Кызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі, 120008, Қызылорда қаласы, Жалаңтөс Бахадүр көшесі, №2.

Үміткерлермен әңгімелесу өтетін күні, құжаттарды қабылдау мерзімі өткен соң конкурстық комиссиясымен бекітіледі.

Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды берген құжаттары, өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелерi негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Қағиданың 13-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Кызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің

конкурстық комиссиясы

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу

конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және

орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


Мекен жайы және байланыс телефоны

__________________________________________________________________


________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 105,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау