«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған
осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы
ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 060005 Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 94-А, анықтама телефондары (7122) 30-36-76, факс 45-15-67 электрондық мекен-жайы: ekagazgalieva@taxatyrau.mgd.kz, ekagazgalieva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманына, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыстағы мерзіміне 20.10.2019 ж. дейін ) С-R-4 санаты, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: есепте тұрған салық төлеушілермен салық заңдылықтарының сақталуын бақылау, салық міндеттемесі орындалмаған жағдайда салық төлеушілердің банктік есеп шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтату, салық заңдылығымен белгіленген салық есептілігіне жасалған камералдық бақылау қорытындысы бойынша хабарламаларды салық төлеушілерге белгіленген мерзімде табыс ету.
2. «Жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманына, (С-R-4 санаты), 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 105 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жергілікті салықтар бойынша салықтың толықтай және уақытылы түсуін бақылау және салық төлеушілерден түскен арыз, шағым, хаттардың уақытында орындалуын қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын есептеу және өз мерзімінде хабараламаларды ұсынуды жүзеге асыру, бекітілген учаскеге сәйкес жергілікті салықтар бойынша түсімдерге талдау жасау, азаматтардың үй-жайларының салықтық есепте тұрғандығын тексеру мақсатында бақылау жүргізу, әкімшілік айыппұлды САЭБ АЖ-і бағдарламасына дұрыс және уақытылы енгізу.
С-R-4 санаты бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (экономикалық, құқықтық).
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды ekagazgalieva@taxatyrau.mgd.kz, ekagazgalieva@kgd.gov.kz электрондық почта не «E-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандиттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандиттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссисының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандиттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандиттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына
2 - қосымшасы
________________________
________________________
________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына
орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін:
Қоса берілген құжаттар:_____________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________
________________________________________________________________
__________ ___________________________________
(қолы) (А.Т.Ә.(болған жағдайда))
«____»____________ 20_____ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |