Билингвальды компонент:
бақбақ – одуванчик.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Бір-біріне жылы
лебіздерін білдіреді.
Педагог жұмбақ жасырады.
Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ.
Балалар тұр қаптап. Ол не? (Бақбақ)
Сөздік жұмыс:
бақбақ.
Билингвальды компонент:
бақбақ – одуванчик.
Таза ауаға шыққанда бақбақ гүлін тергендерін естеріне түсіріп, әңгімелету. Көктем
мезгілі туралы иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып табиғаттағы өзгерістерді
айтқызады, бақбақ гүлінің өзіндік ерекшеліктері жайлы түсіндіреді.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Бақбақ гүлінің түсі, пішіні қандай?
Жапырақтың түсі қандай?
Бақбақ жайлы өлең шумақтарын тыңдауды ұсынады.
Аппақ, аппақ бақ-бақтар,
Тура киіз ақ үйлер.
Төнеді кеп жан-жақтан,
Тамашалап сәбилер.
Достарыңызбен бөлісу: |