Б. Е. Айтжан з.ғ. к., қауымд профессор



жүктеу 71,5 Kb.
Дата07.02.2020
өлшемі71,5 Kb.
#28566

УДК 347.5

Д.Х. Халықова

Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынас

және әлем тілдері университеті,

 Алматы

Ғылыми жетекші: Б.Е. Айтжан

з.ғ.к., қауымд. профессор
D.Kh. Khalykova

Kazakh University of International

Relations and World Languages

named after Abylai Khan,

 Almaty

Scientific supervisor: Б.Е. Aitzhan

PhD, associate professor
Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер



Обязательства возникающие вследствие причинения вреда



The obligations arising owing to infliction of harm
Аңдатпа

Бұл мақалада зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер және оның пайда болу жағдайларын қамтиды.

Кілт сөздер: зиян, деликт, деликтілік жауапкершілік, санкция, міндеттеме, мирасқорлық, себепті байланыс, кінә, индексациялану, моральдық залал
Аннотация

В этой статье рассматриваются обязательства, связанные с ущербом и обстоятельствами его возникновения.

Ключевые слова: вред, деликт, деликтная ответственность, санкции, ответственность, преемственность, причинность, вина, индексирование, моральный ущерб
Аbstract

This article includes obligations arising out of the injury and the conditions of its origin.

Key words: harm, delict, tort liability, sanctions, liability, continuity, causality, guilt, indexing, moral damage


Зиян келтіргені үшін жауаптылық туралы түсінік және оның мәні.

Адам өмірінің кейбір жағдайларда бір тұлғаның екіншісіне зиян келтірілуіне алып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі орын алмайтын бірде бір саласы жоқ.

Ол зиян азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің игіліктері мен құқықтарына басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың алуан түрлі әрекеттерінің салдарынан келтірілуі мүмкін.

Зиян өндіріс саласында, автомобиль және басқа да көлік құралдарының иелеріне қауіпті заттармен, жануарлармен, тауар, жұмыс және қызметтерді сатумен, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.

Субъектілердің жоғарыда келтірілген зиян келтіретін әрекеттері заңсыз болып табылады. Олар сол әрекеттерді жасаған тұлғаға соларды жасағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жүктелуіне алып келетін критерийлерге сәйкес келсе, онда олар азаматтық-құқықтық құқық бұзушылыққа, басқаша айтқанда, деликтке айналады. Бұндай сипатта олар азматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде бағаланады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік ұғымына қысқаша тоқтала кетейік.

Белгілі бір субъектілерге зиян келтіру жағдайларына тиісті назардың аударылмауы әртүрлі құқықтық және басқа да проблемалардың туындауына, бір немесе бірнеше құқық бұзушылық бұдан әрі эскалациялануына алып келеді. Бұл, өз кезегінде, жәбірленуші тарапты озбырлыққа және қарсы құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.

Тұлғалардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін барабар қалпына келтіруге, аталған үрдістердің қауіптілігін едәуір төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқық институты азаматтық-құқықтық жауапкершілік болып табылады.

Сонымен қатар деликтілік жауапкершілік деп аталатын азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі де белсенді түрде қолданылуда. Бұл жауапкершілік субъектілер бір-бірімен шарттық қатынастар арқылы байланысты емес жағдайларда құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жүктеледі.

Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азаматтық құқықтың оқшауланған институты болып табылады. Ол өзінің құрамындағы императивтік нормалардың басымдылығымен ерекшеленеді.

Азаматтық-құқықтық жауакершілік – бұл заңдық жауапкершілік түрлерінің бірі болып табылады. Оған құрамына төмендегілер жататын заңдық жауапкершілік белгілері тән:

1. Мемлекеттік мәжбүрлеумен ажырағысыз байланысы;

2. Нақты негіздің – құқық бұзушылықтың бар болуы;

3. Құқық бұзушының іс-әрекетін мемлекеттік және қоғамдық айыптаушылығымен байланыс.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік субъектілердің әрекеттерінің ерекше азаматтық-құқықтық салдарына орай әрекет ретінде қолданылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басқа заңдық жауапкершіліктерден тағы да бір ерекшелігі ол туралы нормаларда оны іске асырудың ерікті тәртібіне жол беретіндігі болып табылады. Сол себептен азаматтық құқық теориясында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жасалып қойған құқық бұзушылық үшін жауап беру қажеттігі ретінде анықталған.

Зиян келтіргені үшін жауапкершілік саласында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өтеп алу табылады.

Кәмелетке толмағандарға зиян келтірілген жағдайда, егер олар ата-анасының қорғауында болмаса, талап-арызды балаларға арналған тәрбие мекемелері, қорғаншылары мен тәрбиешілері, тікелей қамқорлық және қайырымдылық органдары немесе прокурор береді.

Зиян өз құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын тұлғаларға келтірілген жағдайдағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік мейлінше мүлтіксіз жүзеге асырылуы керек. Бұл үшін заң арқылы жағдай жасалу керек, бұл қажеттілікті мемлекеттің құзыретті органдары және деликтілік құқық нормаларын қолданатын соттар ескеруге тиіс.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің меншікті құқықтық сипаты зиян келтіруден міндеттемелердің құрылымдалуына алып келді. Азаматтық-жауапкершілік тек қана міндеттемелік құқықтық қатынас нысанында іске асырылады. Ол салыстырмалы болып табылады және жауапкершілік субъектісін де, құқықтық ниет иеленушісін де бір мағынал белгілеуге мүмкіндік береді.

ҚР АК 917 бабының 1 тармағына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен келтірілген зиянды, оны келтірілген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – бұл жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне заңсыз әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүлікті және мүліктік емес зиян келтірудің салдарынан тікелей заінамада көрсетілген басқа тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін анықтайтын міндеттеме.



Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттеменің элементтері. Міндеттеменің субъектілері қарыз беруші (жәбірленуші) және борышкер (зиян келтіруші немесе заң бойынша оның орнына жауапты өзге тұлға) болып табылады.

Кез келген тұлғалар, жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бірліктер жәбірленуші болуы мүмкін. Объективті түрде адам өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша қарыз берушілер болып, егер міндеттемелер регрестік болмаса, жеке тұлғалардан басқа субъектілер табылуы мүмкін емес.

Заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан зиян келтірген кез-келген субъектілер борышкерлер болуы мүмкін.

Қалыптасқан жағдайларға, зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттеменің пайда болу себептеріне, міндеттемелердің қатысушыларына қарай онда әмбебап құқықтық мирасқорлық немесе суброгация жүзеге асырылуы мүмкін.

Борышкердің орнына зиянды өтеген тұлға регресстік міндеттеме шеңберінде оған қатысты қарыз берушіге айналады.

Міндеттеменің нысанасы болып ол бойынша тиесілі өтемақы табылады. Міндеттеме нысанасы әдетте сот арқылы нақтыланады.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме бір жақты міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтірушінің келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заң актілерімен, соттың шешімімен, тараптардың келісуімен анықталады немесе міндеттеменің мәнінен туындайды. Жәбірленуші оның алдында зиянды өтеу бойынша міндеттеменің іс жүзінде орындалуын талап ету құқығына ие.

Бірнеше тұлға қатысатын міндеттемелер де туындауы мүмкін. Мүлік екі немесе одан астам тұлғалардың ортақ меншігінде болған жағдайларда жәбірленуші тарапынан бірнеше тұлға қатысады.

Бірлесіп зиян келтіру ретінде зиянның келтірілуі зиянның келтірілуі үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ пиғылымен қамтылған жағдайлар танылады.

ҚР АК 932 бабына сәйкес, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді.



Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелрдің пайда болу жағдайлары.

Зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің жалпы негіздеріне мыналар жатады:

1. Заңсыз әрекет (әрекетсіздік);

2. Зиянның болуы;

3. Тұлғаның әрекеті (әрекетсіздігі) мен орын алған заңсыз нәтиженің арасындағы себепті байланыс;

4. Кінәсі.

Азаматтық құқықта заңсыздық ұғымы көп аспектілі болып табылады. Біріншіден, құқыққа қайшылық тұлғалардың әрекеттерінің қайшыығына, конституциялық құқық, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық және т.б. сияқты әртүрлі құқық салалары нормаларының ережелеріне сүйеніп бағаланады.

Сонымен қатар бірқатар басқа мемлекеттердің заңдарындағыдай, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында бас деликт принципінің әрекет ететіндігін ұмытпау керек.

Зиян – бұл материялдық немесе материялдық емес игіліктердің кемітілуін білдіретін, белгілі бір тұлғаларға сол салдарды белгілі бір көлемде және заңда қарастырылған әдістермен өтеуді талап ету құқығын беретін құқық бұзушылықтың кері нәтижесі.

Азаматтық құқықта зиян мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Өтелуге тиіс (мүліктік) зиян мүліктің (қозғалатын немесе қозғалмайтын, жеке анықтаған немесе тектік белгілермен анықталған) бүлінуін, жойылуын, нақты нұқсан (ҚР АК 9 б. 4 т.) деп атауға болатын шығындарды білдіреді.

Зиян адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, іскерлік беделі, жеке өміріне қол сұқпаушылық, жеке және отбасылық құпия сияқты игіліктерге қатысты пайда болатын жеке мүліктік емес құқықтарды бұзатын заңсыз әрекеттердің, сондай-ақ атына, өзінің бейнесіне, басқа да материалдық емес игіліктеріне құқықтарды бұзудың нәтижесі болуы мүмкін.

Егер құқық бұзушының әрекеттері зиянның туындауы үшін қарапайым жағдайлар тұрғысынан мағынасыз болса, және өзгеше және жат әрекеттердің нәтижесінде зиянның пайда болуына себеп болса, жауапкершілік жүктелмейді.

Азаматтық құқық бұзушылық құрамының соңғы элементі – кінә. Азаматтық кодекстің 359 бабына сәйкес, құық бұзушының міндеттеменің жол бермеу үшін өзіне байланысты шараларды қабылдамауы кінә деп аталады.

Азаматтық құқық бұзушылықтың құрамы тек үш элементтен: заңға қайшы әрекеттерден, зияннан және әрекеттер мен орын алған зиянның арасындағы себепті-салдарлы байланыстан ғана құралатынын айта кету керек.



Кейбір зиян келтіру жағдайлары үшін жауапкершілік.

Кейбір зиян келтіру жағдайлары үшін жауапкершілікті қарастырған кезде біз субъектілік құрамы өзгеше болып туындайтын, тікеле заңмен көзделген негіздер бойынша, кінәсі жоқ болған және басқа да ерекшеліктермен пайда болатын міндеттемелер туралы сөз қозғаймыз.

Зиянды өтеу жүктелуі мүмкін субъектілер болып азаматтармен еңбектік құқықтық қатынастарға кіруі мүмкін кез-келген тұлғалар табылады. Олар барлық мүмкін ұйымдасытру-құқықтық нысандағы кез-келген меншік түріне негізделген заңды тұлғалар болып табылады. Сонымен қатар олар заңды тұлға құрмаған, белгілі бір азаматтармен еңбек шарттарын жасасқан жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін.

Зиян еңбек шартының талаптарымен немесе заң актілерімен жұмыс уақыты ретінде анықталған кез-келген уақытта келтіріледі. Ол үстеме жұмыс жасау кезінде, демалыс және жұмыс күндерде жұмыс істеу кезінде келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда ең бастысы, зиян еңбек міндеттерді орындау шеңберіндегі әрекеттерімен немесе жұмыс берушінің бір реттік тапсырмаларына сүйеніп келтірілген болу керек.

Шаруашылық серіктестер, акционерлік қоғамдар және өндірістік кооперативтер өздерінің қатысушылары серіктестіктің, акционерлік қоғамның немесе кооперативтің кәсіпкерлік, өндірістік немесе өзге де қызметін жүзеге асыруы кезінде соңғылары келтірген зиянды өтейді.

Жауапкершіліктің арнайы негіздерінің бірі жаулап алу, алдын-ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз әрекеттерімен зиян келтіру болып табылады. Аталған органдардың әрекетстерімен ҚР АК 923 бабының 1 тармағында аталған әрекеттердің жасалуының нәтижесінде келтірілген зиян жауап алу, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымды тұлғаларының келтірілген зияндағы кінәсіне қарамастан мемлекет өтейді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылдың 9 шілдесіндегі «Қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заң актілерін қолдану туралы» қаулысының 2 тармағында заңсыз әрекеттерге мыналардың жататындығы көзделген: қылмысты бағалау кезіндеқылмыстық заңнама нормаларын дұрыс қолданбау; қылмыс жасаған деген күдікпен ұсталған адамды немесе жазалау шарасы ретінде өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайларда тұтқындау шарасы қолданылған адамды асырау; қамауға алынбаған адамды соттың шешімі жоқ болса да, сот-психиятриялық немесе сот-медициналық сараптаманы өндіру үшін мәжбүрлеп медициналық мекемеге орналастыру; зорлық-зомбылықты, қатігез немесе адамның қадір-қасиетін кемсітетін әрекеттерді қолдану; процесуалдық әрекеттерді оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығынақауіп төндіретін жағдайларда өткізу; қылмыстық процеске қатысатын адамның қадір-қасиетін кемсітетін шешім қабылдау және әрекет жасау; заңсыз соттау, медициналық шараларды заңсыз пайдалану, тәрбиелік әсер беретін мәжбүрлеу шараларын заңсыз пайдалану және т.б.

Кәмелетке толмағандардың келтірген зияны үшін жауапкершіліктің ерекшеліктерін қарастырайық. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар дербес жауапкершілік субъектілері болып табылмайды. Олар келтірген зиян үшін, егер зиянның олардың кінәсінен келтірілмегені дәлелденбесе, ата-аналары, қамқоршылары жауап береді.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша жауап береді.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін ата-аналары немесе қамқоршылары өтеуге тиіс. Жаңа азаматтық заңнама нормасына сәйкес, балалары келтірген зиян үшін жауапкершілік ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналарға да жүктелуі мүмкін (ҚР АК 927 б.). Мұндай адамдарға жауапкершілік жүктеу үшін екі талап сақталу керек: 1) ата-аналық құқықтар айырылған кезден бастап 3 жылдан астам уақыттың өтуі; 2) баланың зиян келтіруге алып келген әрекеті ата-аналардың бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше жүзеге асырмауының нәтижесі болып табылады.

Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтың спиртті ішімдіктерді немесе есірткі заттарды жөнсіз пайдалануы салдарынан келтірген зиянды зиян келтірушінің өзі жалпы негіздерде өтейді және оның әрекеттері үшін жауапкершілік басқаға жүктелмейді.

Зиян төмендегідей жағдайларда аталған мерзімдер шегінен өтелуге тиіс:

- Егер заң актілерінің талаптары бұзыла отырып жарамдылық мерзімі белгіленбесе;

- Егер сатып алушы жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қажетті іс-әрекеттер туралы және аталған іс-әрекеттерді орындамаған жағдайда мүмкін болатын зардаптар туралы ескертілмесе.



Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян және моральдық зиян үшін жауапкершілік.

Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Бұл арада азаматтың денсаулығына зиян келтірілген және ол қайтыс болған жағдайда келтірілетін мүліктік зиянның сипаты мен құрамы ескеріледі. Осы ерекшілік осындай зиянды өтеу мәселелерін жеке қарастыру қажеттігін тудырады.

Жасы он төртке жетпеген және табысы жоқ кәмелетке толмаған адам жарақат алған немесе денсаулығы өзгедей зақымданған жағдайда зиян үшін жауапты адамдар денсаулықтың зақымдануына байланысты шығындарды өтеуге міндетті.

Жәбірленушінің он төрт жасқа толғаннан кейін, сондай-ақ табысы жоқ он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанғазиян келтірілген жағдайда зиян үшін жауапты адамдар денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындардан басқа, еңбекке ақы төлеудің заң актілерімен белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткішті негізге ала отырып, оның еңбек қабілетін жоғалтуына және еңбек қабілетінің төмендеуіне байланысты зиянды да жәбірленушіге өтеуге міндетті.

Жәбірленуші заң актілеріне сәйкес міндеттемені тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болған жағдайларда, мұндай талап иесі мерзімдік төлемдерді капиталдандыру жолымен қанағаттандырады.

Зиян мыналарға өтеледі: жасы кәмелетке толмағандарға 18 жасқа толғанға дейін; күндізгі оқу орындарында оқып жатқандарға 23 жасқа дейін; 58 жастан асқан әйелдерге және 63 жастан асқан ер адамдарға өмір бойы; мүгедектерге мүгедектік уақытының ішінде; ата-аналарының біріне, зайыбына немесе қайтыс болған адамның балаларын, немерелерін, аға-інілерін, апа-қарындастарын 14 жасқа дейін немесе денсаулығының жағдайы өзгергенге дейін бағып-күтетін басқа отбасы мүшесіне.



Моральдық залал (зиян)жауапкершілік мәселелеріне тоқталайық.

Моральдық зиян деп азаматқа заңсыз әрекеттермен келтірілген дене, адамгершілік қасіретті түсінген.

Азаматтық заңнамада мұндай қасіреттер жәбірленуші басынан кешіретін кемсіту, ашу-ыза, өкініш, дене ауруы, қолайсыз күйі және т.б. ретінде байқалады деп нақтыланған.

Моральдық зиян төмендегі жағдайларда зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтеледі:

1. Зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғар қауіптілік көзі арқылы келтірілсе;

2. Зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының, заңсыз қылмыстық жауапқа тартылауының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды, үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеуі туралы қолхат алуды қолданудың, қамауда ұстау, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың салдарынан келтірсе;

3. Зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;

4. Заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.


Падаланған әдебиеттер
1 Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық (Ерекше бөлім) - 2 том. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

2 Теория государства и права / Под.ред. С.С.Алексеева. – М.: Юрид.лит.

3 Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Жоғары оқу орындарына арналған акад.курс.1-том. – Алматы: Жеті жарғы, 2001.

4 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – А.: 2016



5 Гражданское право и торговое право капиталистических государств: Учебник. Под.ред. проф. Р.П.Нарышкиной, 1986.
жүктеу 71,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау