ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
36
болды. Қала тұрғындары да, ауыл тұрғындары да
(78,1 %, 75,3 %) зорлық-зомбылықпен күресте
мемлекетті жауапты деп біледі. Ауылдықтардың
57,2 %, қалалықтардың 55,1 % полицияны атап
көрсетті.
H.51. Сіз зорлық-зомбылық
құрбандарын қорғаудағы полиция
жұмысын тиімді деп санайсыз ба?
36 %
26 %
22 %
16 %
Зорлық-зомбылық
құрбандарын
қорғау
жолындағы
полиция
жұмысының
тиімді
екендігіне сауалнамаға қатысушылардың 36 %
сенімсіз болса, 26 % бұл мәселе жөнінде
ойланбаған, 22 % полиция тарапынан дұрыс
жұмыстар жүргізілмейді, 16 % полиция жұмысы
нәтижелі деген пікірде. Ерлердің де (31,8 %),
әйелдердің
де
(39,1
%)
көпшілігі
жәбірленушілерді
қорғаудағы
полицияның
нәтижелі қызметіне сенбейді. Ерлердің 36,9 % бұл
мәселе жөнінде ойланбаған. 60 және одан
жоғары жастағылардың 39,3 %, 31 - 45
жастағылардың 39,5 %, 46 - 59 жастағылардың
36,6 %, 18 - 30 жастағылардың 32,9 %
жәбірленушілерді
қорғаудағы
полиция
қызметінің тиімді екендігіне сенімді емес. Орта
білімді информанттардың 38,7 %, жоғары білімді
информанттардың 34,9 % да полицияның зорлық
көрушілерді қорғау жұмысын нәтижелі деп
санамайды. Этникалық деңгейде алып қарағанда
жауаптар бөлісінен алдыңғы белгілерге ұқсас
суретті көреміз. Ауыл тұрғындарының 41,6 %,
қала тұрғындарының 34,8 % жәбірленушілерді
қорғаудағы полиция қызметінің тиімді екендігіне
сенбейді. 26,1 % қалалықтар, 21,7 % ауылдықтар
бұл мәселе туралы ойланбаған.
Гендерлік
теңдік
стратегиясында
зорлық-
зомбылық проблемасы бойынша ерлер мен
балалар туралы ештеңе айтылмай, тек әйелдерге
қатысты
тұрмыстық
жәбірлеу
ғана
атап
көрсетілген. Бұл жайт қазақстандық ресми
дискурс гендерлік саясат тек бір ғана субъектіге –
әйелге қатысты жүзеге асуға тиіс деп санайды
және сондықтан да оны гендерлік емес, «әйелдік»
саясат деп қарауға болады деген болжам жасауға
ерік береді.
Блок J. Болжамдар
J.52. Сіздің ойыңызша Қазақстанда ерлер
мен әйелдер көбірек тең құқылы
болуы үшін қандай шаралар
қолданылуы керек?
Өкінішке қарай сауалнамаға қатысушылардың
76,1 % Қазақстанда ерлер мен әйелдердің
жағдайын жақсартуға қатысты өзіндік ұсыныстар
жасай алмады. Информанттардың көпшілігі бұл
сұраққа
жауап
бермеді.
Тек
алматылық
тұрғындардың 25,4 % барлық қоғамдық
салаларда ерлер мен әйелдерге тұлғалық
мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін тең
дәрежедегі
әлеуметтік
шарттар
жасаудың
қажеттігін айтты. Мұндай пікірді астаналықтардың
17,8
%,
оралдықтардың
19,8
%
және
павлодарлықтардың 10,3 % қолдайды. Ерлер де
(82,1 %), әйелдер де (72,5 %) Қазақстанда ер мен
әйелдің тең құқылы болуы үшін қандай шаралар
қолдану қажеттігі туралы ештеңе айтпады. Егде
жастағы адамдар тобының 87,4 %, 18 - 30 жас
аралығындағы топтың 80,5 %, 31 - 45 жас
аралығындағы топтың 74,3 %, 46 - 59 жас
аралығындағы топтың 15,9 % аталмыш сауалға
жауаптың өзіндік нұсқасын атай алмады. Жоғары
білімді
информанттар
да,
орта
білімді
информанттар да бұл сұраққа жауап бере
алмады. Орыс ұлты өкілдерінің 78,9 %, қазақ
ұлтының 76,2 %, өзге ұлт өкілдерінің 68,7 % бұл
сауалға жауап берген жоқ. Қалалықтардың 79,1
%, ауылдықтардың 66,3 % бұл сұраққа жауап беру
барысында өз көзқарасын білдірген жоқ.
Сенімсізбін
Ол туралы
ойланған жоқпын
Жоқ
Иә
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
37
J.53. Сіздің ойыңызша ерлер мен
әйелдердің тең құқықтарын жүзеге
асырудағы жауапкершілік кімде?
Респонденттердің 77,5 % Қазақстанда ерлер мен
әйелдердің тең құқықтарын жүзеге асыру
мемлекеттің; 49,7 % азаматтардың өздерінің; 25,6
% бұқаралық ақпарат құралдарының; 18,4 %
үкіметтік емес ұйымдардың; 11 % ерлердің; 8,9 %
әйелдердің міндеті деп санайды. Ерлердің де (78,8
%), әйелдердің де (76,7 %) басым бөлігі гендерлік
құқықтардың
сақталуы
мемлекеттің
жауапкершілігінде деген ойда. 31 - 45 жас
аралығындағылардың 79 %, басқа барлық
жастағы топтардың 76,7 % осы пікірді қолдайды.
Жас мөлшері бойынша информанттар гендерлік
құқықтардың сақталуы үшінгі жауапкершілікті ең
аз деңгейде әйелге жүктейді. Білім деңгейі
бойынша сауалнама нәтижелері жоғары білімді
информанттардың
76,4
%,
орта
білімді
информанттардың 79,2 % мемлекетті жауапты
санайтындығын көрсетті. Барлық этникалық
топтардың өкілдері (80,1 %, 79,6 %, 76,2 %) ерлер
мен әйелдердің тең құқықтарын мемлекет қана
қамтамасыз ете алады деп біледі. Ауыл
тұрғындарының 84,6 %, қала тұрғындарының 75,4
% ондай тең құқықтардың жүзеге асуына қатысты
жауапкершілікті мемлекетке артады. Тек 7,5 %
ауылдықтар,
9,3
%
қалалықтар
ондай
жауапкершілік
әйелдердің
мойнында
деп
есептейді.
Жалпы тұжырым
Қазіргі Қазақстандағы ерлер мен әйелдерге
қатысты саясатты сараптау мәселесіне арналған
социологиялық сауалнама нәтижелері бізге
бірнеше жалпылама тұжырымдар жасап, бірқатар
ұсыныстарды атап көрсетуге ерік береді.
Қазақстанда
гендерлік
теңсіздік
бар-
жоқтығына
қатысты
сұрақ
бойынша
информанттардың
көпшілігі
оның
жоқ
екендігін айтты. Бұл жайт бізге сауалнамаға
қатысқан адамдардың гендерлік теңсіздіктің
не екені, оның өлшемдері қандай, ол қалай
көрініс табады деген мәселе жөнінде білімдері
саяз деген болжам жасауға ерік береді. Ер
адамдардың көпшілігі тіпті бұл проблеманы
әйелдер ойлап тапқан деген ойда. Әйелдердің
жауаптарын саралау олардың жасырын,
бүркемелі теңсіздіктің бар екендігін көбірек
байқайтындықтарын көрсетеді. Қазақстандық
қоғамда
гендерлік
теңсіздік
бар
деп
санайтындардың басым бөлігі үй шаруасы,
бала қарау және егде жастағы туыстарды
бағып-қағуды атап көрсетті. Бұл қазақстандық
еркектердің үй шаруашылығы мен қамқорлық
көрсету ісіне сирек араласатындығы туралы
жалпы пікірдің шындық екенінің дәлелі.
Гендерлік теңсіздік жоқ деп санайтындардан
оның
себептерін
анықтау
барысында
сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігінің
«Бұл менің жеке пікірім» деген жауап
нұсқасын таңдағаны анықталды. Бұдан сол
информант гендерлік кемсітушілікті басынан
кешпеген немесе аталмыш проблемаға ой
жүгіртпеген деген болжам жасауға болады.
Информанттардың айтарлықтай бір бөлігі
«Мұндай жағдай – біздің қоғамымызда тарихи
түрде қалыптасқан салт-дәстүрлеріміз» деген
пікірде. Бұл қалыптасқан жосын солай
болғандықтан оған қарсы ештеңе істеу мүмкін
емес деген ойды білдіреді.
Респонденттердің гендерлік саясатқа қатысты
білімдерінің нәтижелері гендерлік саясатты
білетіндер мен білмейтіндердің үлесі тең