Қазыбек би жайлы әңгіме Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты. Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |